2 ДӘріс дәрісті тыңдап, жазуға әдістемелік нұсқаулар


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар



бет8/22
Дата26.03.2023
өлшемі387 Kb.
#471117
түріНұсқаулар
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22
карым катынас психологиясы

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1. Этиканың құрылымы ?
2. Этика және мораль түсініктерінің арақатынасы.
3. Қарым-қатынастағы адамгершілік сипаттарды атаңыз.
Әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер:

  1. Морозов А.В. Управленческая психология. – Москва, 2008.

  2. Немов Р.С. Психология.Т.1.-Москва, 2003.

  3. Горянина В.А. Психология общения. Москва, 2007.

  4. Панфилова А.П. Тренинг педагогического общения. – Москва, 2008.

  5. Бороздина Г.В. Психология делового общения. – М., 2001.

  6. Кузин Ф.А. Культура делового общения. М., 2000.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Федосихина Е.А. Кашник О.И. Звягинцев В.В. Психотехнология и этика делового общения. Н., 1998.

  2. Миникес А.В. Деловое общение. М, 1994.

  3. Социальная психология и этика делового общения. Учебное пособие под ред. Лавриненко В.Л. –М., 1995.

  4. Внедиктова В.И. О деловой этике и этикете. –М., 1994.

  5. Андреева Г.М. Социальная психология. – М.,1996.

  6. Абрамова Г.С. Введение в психологическую психологию. М.,1997.

Тақырып 8. Тұлғааралық қарым – қатынас этикеті және технологиясы
Жоспар:
Қатынас этикеті. Тұлғааралық қатынастағы іскерлік қарым – қатынас этикетінің психологиялық және педагогикалық технологиясы. Психологиялық-педагогикалық және этикалық талаптар және ережелер. Субординация түсінігі.
Психология ғылымындағы негізгі ұғымдардың біреуі – қарым-қатынас. Қарым-қатынассыз жеке адамды түсіну, оның дамып-жетілуін талдау мүмкін емес. Қарым-қатынас түрлері мен формалары бойынша әр алуан. Тура, жанама, тікелей, біреу арқылы (тікелей емес). Алғашқысы тікелей қарым-қатынас, соның негізінде тікелей емес қарым-қатынас пайда болады. Тікелей емес қарым-қатынас – жазбаша түрдегі немесе техникалық құралдарды пайдалану негізіндегі толық емес психологиялық контакт. Адамзат тәжірибесін игеруде жазудың, кітаптың, басқа әр түрлі техникалық құралдардың пайда болуы тікелей емес қарым-қатынас жасаудың жүйесін күрделендірді. Қарым-қатынас ары қарай жеке адамаралық және көпшіліктік қарым-қатынас болып бөлінеді.Жеке адамаралық қарым-қатынас – топтарда, жұптарда жеке дара ерекшеліктерін білу, қайғы-қуанышына ортақтасу, түсіну, бірігіп іс-әрекет ету негіздерінде қалыптасатын түрі. Көпшіліктік қарым-қатынас – көпше түрдегі таныс емес адамдардың және көпшіліктік мәлімет құралдары арқылы қарым-қатынас жасау, осындай қатынастың үріне өнер, эстетикалық –қарым-қатынастарды да жатқызады. Қарым-қатынаста адамдар өзін көрсетеді, өзі үшін және басқалар үшін психологиялық қасиетерін аша түседі. Сонымен бірге ол қасиеттері қарым-қатынаста қалыптасады да, адамдармен қарым-қатынаста адамның адамзаттық тәжірибені игеруі, қалыптасқан мораль, құндылықтар, білім мен іс-әрекет түрлерін игеруі , жеке адам және дара адам түрінде қалыптасуы іске асырылады. Яғни қарым-қатынас адамның психологиялық дамуының маңызды факторы. Жалпы алғанда қарым-қатынасты былай анықтауға болады: адамның бүкіл өмірі барысында психикалық процестері мен мінез-құлқы қалыптасатын жан-жақты шындық.
Бала мен ересектің қарым-қатынасы білім, іскерлік, дағдыны берудің жай қосындысы емес, өзара әсерлесу нәтижесінде өзара баю мен өзгерудің күрделі процесі. Бала өзіне берілетін басқаның тәжірибесін белсенді түрде ой елегінен өткізіп, өңдеп пайдаланады. Қарым-қатынастың үшінші функциясы ретінде «бекітетін, қолдаушы» деген функциясын атауға болады.басқаша айтқанда, басқа адаммен қарым-қатынаста адам өзін-өзі танып-біліп, өзіне-өзі сенімге ие болады. Адам өзін-өзі бағалау үшін басқаның мақұлдауын қажет етеді. У.Джеймстің айтуынша: «Адам үшін қоғамда өз бетімен назардан тыс қалу және басқалардың оны мүлдем байқамауы – ең зор жаза». Көптеген псизотерапевттік жүйелерде адамның мұндай жағдайы «қолданылмаған . бекітілмеген» деген ұғым арқылы беріледі, және де «Сенікі жөн емес», «Сен жамансың» деп мойындамауға қарағанда (бұл жағдайда теріс болса да бекітудің белгілі үлесі бар), бекітілмеу «Сен бұл жерде жоқсың», «Сен тірі адам емессің» дегенді көрсетеді.
Адамдар өміріндегі әр түрлі дәстүрлер – амандасу, түрліше көңіл аудару рәсімдері «бекітілу терапиясы» деп саналады. Қарым-қатынастың төртінші функциясы жеке адамаралық қатынастарды ұйымдастыру және қолдау болып табылады. Басқа адамдарға деген эмоциялық көзқарастар – «сүйкімді — сүйкімсіз», «ұнайды- ұнамайды» деген терминдермен белгіленеді.Әрине, эмоциялық қарым-қатынас адам өміріндегі жалғыз қатынастың түрі емес, бірақ олар адамның барлық қарым-қатынас жүйесінде көрінеді, көбінесе іскерлік немесе тіпті рөлдік қатынасына да өз әсерін тигізеді. Келесі , бесінші функциясы «жеке адам ішілік функциясы». Бұл жағдайда адамның өз-өзімен қарым-қатынас жасауын (ішкі немесе сыртқы сөйлеу арқылы- диалог типінде) адамның ойлауының әдісі түрінде қарастыруға болады. Осыған байланысты Л.С.Выготскйй былай деген: «…адам өзімен зі болғанда да қарым-қатынас функциясын сақтайды».
Әлеуметтік психология, адамдардың түрлі әлеуметтік топтарға кіріктірілуіне байланысты, олардың мінез-құлқы мен іс-әрекетінің заңдылықтарын зерттейтін болса, онда, алдымен жеке адамаралық қарым-қатынас және адамдардың бір-біріне өзара әсерін ғылыми тұрғыда талдау қажеттілігінің туындауы заңды құбылыс. Бұл процестер қалай өтеді, олардың формалары, құрылымы қандай, адамдар арасындағы қарым-қатынаста алатын орны қандай?
Қоғамдық қарым-қатынасқа қарағанда жеке адамаралық қарым-қатынастың табиғаты бөлекше, оның өзіндік ерекшелігі – эмоциялық негізінің болуы. Адамдар бір-бірімен қарым-қатынасқа түскенде, оның бір-біріне деген әртүрлі көзқарастары сезімдер негізінде қалыптасады. Психология ғылымы жеке тұлғаның эмоциялық көріністерінің үш түрін немесе үш деңгейін бөліп қарастырады: аффектілер, эмоциялар мен сезімдер.
Жеке адамаралық қарым-қатынасты зерттеуде американ психологы Дж. Морено ұсынған социометрия әдісі кең қолданылады. Социометрия негізінде нақты іс-ірекет кезіндегі шағын топтың қарым-қатынасын (жақтыру, жақтырмау) анықтауға болады. Дегенмен, топты толық зерттеу үшін тек социометрия әдісі жеткіліксіз болып табылады.
Кеңестік психологияда қарым-қатынасты бір жағынан, іс-ірекеттің бір түрі , екіншіден, іс-әрекеттің өзіндік көрінісі деген ұғымда қолдану басым.Қарым-қатынастың іс-әрекетке кіріктірілуі оған қатысышылардың әрекеттерін «үйлестіріп» немесе «үйлестірмей» іске асырады. Мұндай үйлетірушілік қарым-қатынастың ерекше әсер етушілік функциясымен байланысты.
Қарым-қатынастың құрылымы күрделі болғандықтан, шартты түрде талдау мақсатымен, көбінесе оның бір-бірімен тығыз байланысты үш жағын қарастырады: коммуникативті, интерактивті, перцептивті. Қарым-қатынастың коммуникативті жағы (тар мағынада) – қарым-қатынасқа түсішушілердің бір-бірімен мәлімет алмасуы. Интерактивті жағы –қарым-қатынасқа түсушілердің өзара әрекетесуін ұйымдастыру, яғни білім, идеялар және әрекеттермен алмасу (әрекеттестік) . Бірлескен әрекеттің ұйымдастырылуы. Перцептивті жағы – қарым-қатынасқа үсушілердің бір-бірін қабылдауы, тануы (түсінуі) , соның негізінде өзара түсіністіктің пайда болып қалыптасуы.
Сонымен қатар, жеке адамаралық қарым-қатынас: императивті, манипулятивті және диалог болып бөлінеді. Императивті қарым-қатынас – авторитарлы, директивті (өктем) түрде қарым-қатынасқа түсушіге жасалынатын әсер. Бұл жағдайда қарым-қатынас партнері - әсер етілетін объект, «пассивті» обхект болып есептелінеді. Көптеген іс-әрекетте, мәселен, әскери өмірде, кейбір шытырман, қиы-қыстау жағдайларда осындай қарым-қатынас қажет.Мұндай қарым-қатынастың орынсыз , этикаға сыймайтын кездері де болады. өте жақыфн адамдар арасында, тәрбиелік, педагогикалық, т.б. қарым-қатынастарда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет