ШЕТЕЛ ТІЛІНЕН ИНТЕРАКТИВТІ ОҚЫТУ
Аңдатпа
Интерактивное обучение по иностранному языку может создавать атмосферу, в которой обучающийся чувствует себя комфортно и свободно; стимулировать интересы обучаемого, развивать желание практически использовать иностранный язык, а так же потребность учиться, делая тем самым реальным достижением успеха в овладении предметом.
Кілт сөздері: интерактивті режим, мәдениетаралық қарым-қатынас, психологиялық қиындық, ақпараттық мәдениет.
Қоғам дамуындағы ақпараттар кеңістігінің кеңеюі және ақпараттық технологиялардың орасан зор қарқынмен дамуы жеке тұлғаның ерекше ақпараттық мәдениетінің қалыптасуын қажет етіп отыр. Өмір сүру барысында интерактивті оқыту үшін жаңаша ойлауды қамтамасыз ету қажеттілігі туындайды. Ақпараттық қоғамда өмір сүріп жатқан қазіргі заман оқушысы үшін компьютер оның өмірінің ажырағысыз бөлігіне айналуға тиісті. Соңғы жылдары ақпараттық технологиялардың шарықтап дамуы және оның оқу үдерісінде қарқынды пайдаланылуы білім беру жүйесіне де бірқатар өзгерістер алып келді. Білім беру жүйесінің ақпараттану жағдайында оқу үдерісінің тиімділігін едәуір жетілдіруге мүмкіндік беретін жаңа ақпараттық технологияларды ағылшын тілін оқытуда пайдалану белсенді және табысты қолданылып жүр [1].
Қазақстан өз дамуында жаңа серпілістер жасауды қажет етеді, әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына енуі үшін білім саласында да үлкен реформалар жүргізілуі тиіс. Бұл жөнінде Елбасы өзінің Қазақстан халқына кезекті Жолдауында: «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттілігіне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет» деп ерекше атап көрсетті [2, 98]. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының білім туралы тұжырымдамасы ойлы, өнерлі, білімді тұлғаны қалыптастыруға бағытталған және қазіргі білім жүйесі оқушылардың танымдық белсенділігін дамытатын оқытудың дәстүрлі емес, белсенді түрін және әдістерін оқу процессіне енгізу бағытында құрылуы тиіс.
Білімді қалыптастыру амалының негізгі мақсаты мұғалімдер алған білімін оқушылардың дамуына және олардың түрлі жаңалықтарды енгізуге, бүкіл өмір бойына алатын біліміне қолдану дағдысын қалыптастыруға бағытталады. Ағылшын тілін оқыту үдерісінде интерактивті оқытуды ұйымдастыру оқушылардың жаңа тілдік материалды меңгеруі кезіндегі оқу-танымдық әрекетін белсендіруге, пәнге қызығушылығын арттыруға мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар, ұсынылып отырған материалға жоғары деңгейдегі көрнекілік ретінде пайдалануға мүмкіндік береді, оқыту үдерісіне алуан түрлі жаттығуларды енгізу мүмкіндігін кеңейтеді, үздіксіз қарым-қатынас барысында оқу үдерісінің жандануын қамтамасыз ете алады, міне осының барлығы оқушылардың оқытылатын материалға жағымды қарым-қатынасының қалыптасуына мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде ғалымдар оқыту процесінде дидактикалық мақсатты шешуде оқытудың белсенді формаларына бет бұруда оқытушының білім алушылармен педагогикалық қатынасты ұйымдастыра алу қабілеті бүгінгі таңдағы шетел тілін оқыту процесінің тиімділігін арттырады, сондай-ақ ол білім алушының жеке тұлға ретінде ерекшелігін ашуға және оның шетел тілін мәдениетаралық қарым-қатынас құралы ретінде меңгеруіне бағытталады. Аталған мәселені шешу үшін педагогтар мен әдіскерлер оқыту процесінде оқытудың белсенді формаларын қолдану керектігіне тоқталды.
Осыған орай білім алушылардың белсенді жұмысын қамтамасыз ету үшін оқушылардың бір мәселені бірігіп шешуде белсенді, танымдық шығармашылық әрекетін қамтамасыз ететін интерактивті тәсілге баса назар аударылуда. Шетел тілінен интерактивті оқыту барысында төмендегідей талаптарға сай келеді:
- ақпаратты терең игереді, өйткені оны ой елегіне өткізеді;
- оқушы өзін-өзі еркін және ыңғайлы сезінетін өрісті қалыптастырады, тілді оқып үйрену ниетін арттырады;
- оқушының жеке тұлғасына тікелей әсер етіп, танымдық, шығармашылық қабілетін оятады;
- топпен бірігіп жасалатын жұмысты түрлі формада (жұптық, топтық, ұжымдық) өткізуді қамтамасыз етеді;
- ойлауды белсендіреді;
- ынтымақтастықпен әрекет етуге үйретеді;
- тыңдау дағдысын қалыптастырып, өзгені тыңдай алады.
Білім алушыларға оқу орындарында ақпараттық білім бере отырып, олардың қазіргі ақпараттық технологияларды өз қажеттіліктеріне пайдалана алуға қатысты біліктілік, дағдылық, ақпараттық сауаттылықтарын қалыптастыру өте маңызды. Білім беру саясатының өзекті мәселелері-оқыту сапасын жақсарту, оқытудың әдістері мен ұйымдастыру түрлерін өзгерту, педагогикалық ғылымдарды ұйымдастыруды жетілдіру, алдыңғы қатарлы оқу тәжірибелерінің озық үлгілерін қолдану, әрбір қоғам мүшесінің ақпараттық мәдениеттілігі мен сауаттылығын арттыру аса маңызды. Ағылшын тілін оқыту үдерісінде ақпараттық білім беру технологиясын қолдану оқу сапасының деңгейін арттырары сөзсіз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. ҚР 2015 жылға дейінгі білім саласын дамыту тұжырымдамасы: теория мен тәжірибеге қатысты мәселелері, 30 наурыз, Алматы, 2014.
2. Назарбев Н.Ә. «Қазақстан – 2030» Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы, Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. Алматы: Білім, 2013, 176 бет.
3. Қалиева М. Білім беру технологиялары және оларды оқу-тәрбие үрдісіне енгізу жолдары. Алматы, 2002.
4. Бұзаубасова К.Ж. Жаңа педагогикалық технологиялар. Алматы, 2003.
Достарыңызбен бөлісу: |