2 - Дәріс. Кәсіпкерлік қызметтің негізгі түрлері мен нысандары
Дәріс мақсаты: Кәсіпкерлік қызметтің негізгі түрлері мен нысандарын ажыратып түсіндіру
Кез келген кәсіпкерлік іс-әрекеті белгілі бір кәсіпорындардың ұйымдық форма шекарасында жүзеге асады. Форманы таңдау кәсіпкерлердің жеке қызығушылықтар мен мамандығына байланысты болады, бірақ көбінесе объективті жағдайлармен анықталады:
іс-әрекет саласы;
қаражаттың көлемімен;
белгілі бір кәсіпорын артықшылығы;
нарық жағдайымен.
Кәсіпкерлік алуан түрлі және кешенді ұғым. Мысалы, кәсіпкерлік атқаратын жұмысына байланысты өндірістік, коммерциялық, кеңес беру, қаржылық және т.б. болып бөлінеді. Бұлар бірігіп немесе өз алдына әрекет етуі мүмкін. Олардың әрқайсысының өзіне тән даму ерекшеліктері бар.
Өндiрiстiк кәсiпкерлiк – кәсіпкерліктің жетекші түрі ретінде тауарлар мен өнімдерді өндіруді жүзеге асыратын, қызметтер көрсетіліп, белгілі-бір құндылықтар жасалатн кәсіпкерлік түрі. Оған негiзiнен материалдық, рухани және интеллектуалдық өндiрiс құрайтын iскерлiк қызметтiң түрi жатады. Бұл iскерлiктiң қоғамдық тұрғыдан алғанда ең қажеттi, өте салмақты, күрделi, сондықтан да бiршама ауыр түрi. Өндiрiстiк бизнес — бұл, негiзiнен алғанда, өнеркәсiптiк және ауыл шаруашылық өнiмдерiн шығару. Ең кең мағынада өндiрiстiк бизнес — бұл тұтынушыларға қажеттi, ақшаға сатуға келетiн келесi басқа тауарға айырбастау ниетi бар кез келген пайдалы өнiмдi шығару. Өндiрiстiк бизнесмен — бұл кейiннен сатып алушыларға, тұтынушыларға өткiзiлетiн өнiм, тауар, жұмыс, ақпарат, рухани игiлiктекрдi өндiру процесiн ұйымдастыру және iске асырумен айналысатын iскер.
Коммерциялық кәсiпкерлiк — нарыққа өту кезеңімен, тауарлар мен қызмет көрсетулерді сату және сатып алу операцияларымен сипатталатын кәсіпкерлік түрі, пайда және табыс алуға бағытталған сауда-делдалдық, сауда-дайындық жұмыстарының жиынтығы. Коммерция өзiнiң бастапқы мағынасында сауда ұғымын бiлдiредi, ал коммерсант — сауда, тауар айырбастау, тауар — ақша операцияларымен айналысатын саудалық iскер, бизнесмен. Коммерциялық бизнес өндiрiстiк бизнеспен тiкелей байланысты. Өйткенi, өндiрiлген тауарды ақшаға өткiзу немесе басқа тауарларға айырбастау керек. Дәл осы саудалық iскерлiк тауарға деген сұранымды анықтап қандайда болсын өнiмнiң түрiн өндiрудi көбейтуге немесе керiсiнше шектеуге әсер етедi.
Коммерциялық кәсіпкерліктің обьектісі капитал болғанда қржылық кәсіпкерлік қызметі туындайды. Қаржылық кәсіпкерлік – коммерциялық кәсіпкерліктің ерекше түрі. Ол саудалық бизнеске әлдеқайда жақын тұрған iскерлiк болып табылады. Өйткенi оның негiзiнде сатып алу сату жатады, бiрақ мұнда ақша, валюта бағалы қағаздар сияқты ерекше тауарлар айналымға түседi.
Кеңес беруші кәсіпкерлік түрін жүргізу формалары сан алуан. Олардың ішінде кең тарағаны – бір мәрте ауызша кеңес беру, ең жиі кездесетіні – консалтингтік жобалар. Бұл кәсіпкерлік түрі басқа кәсіпкерлік түрлеріне қарағанда өте табысты болып табылады.
Кәсіпорын формасы – кәсіпорын бойынша серіктестер арасындағы ішкі қарым-қатынасты және сол кәсіпорынның басқа кәсіпорындарымен және мемлекеттік органдармен қарым-қатынастыанықтайтын нормалар жүйесі болып табылады. Кәсіпкерліктің келесі түрлері бар:
жеке;
ұжымдық;
корпоративті.
Кәсіпкерліктің жеке формасы жеке ынталандырылған кәсіпкерлік түрі болып табылады. Жалпы алғанда жеке кәсіпкерліктің өндірістік секторда алатын үлесі шамалы болады.
Кәсіпкерліктің ұжымдық формасы ХХ ғасырдың аяғында шағын және ірі бизнеске басымдылық танытты. Мемлекеттік заңдар айырмашылығына қарамастан, дүниежүзінде келесідей ұжымдық формалар белгілі болды:
шаруашылық серіктестік;
шаруашылық қоғам;
акционерлік қоғам;
қауымдастық, одақ.
Шаруашылықтың сетіктестіктердің төрт түрі бар: толық, коммандиттік, жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер.
Толық серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда қатысу-шылары (жеке түлғалар) серіктестіктің міндеттемелері бойынша (серіктестік үшін қүқықтық салдарды тудыратын эрекеттерді жасай отырып істерді жүргізеді) өзіне тиесілі барлық мүлкімен ортақ жауапкершілікте болатын серіктестік толық серіктестік деп танылады. Сондықтан азамат бір ғана толық серіктестіктің қатысушысы бола алады және ол үшін жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшері белгіленген. Толық серіктестіктің өзгелерден айырмашылығы серіктердің толық жеке жауапкершілігімен байланысты.
Сенім (коммандиттік) серіктестігі серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзінің бүкіл мүлкімем (толық серіктерімен) косымша жауап беретін бір немесе одан да коп қагы-сушылармен қатар, серіктестіктін (салымшылардын) мүлкіне өздері салған салымдардың жнынтығымен шекпелетін бір немесе одан көп катысушыларды да енгізетін және серіктестіктің кәсіпкерлік кызметті жүзеге асыруға қатыспайтын серіктестік болып танылады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік — бір немесе бірнеше адам құрған, жарғьшық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлеске бөлінген серіктестік жауапкершілігі шектеулі серіктестік. Серіктестікке қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты залалдарға өздерінің қосқан салымда-рының құны шегінде тәуекел етеді.
Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік — қатысушылары оның міндеттемелері, жарғылық капиталына қосқан салымдары, ал олардың кемшілігі бар жерде — ездеріне қосымша тиісті мүліктері көлемінде, өздерінің салған еселі салымдары бойынша жауап береді. ҚЖС ерекшелігі — мүлкі жетіспей қалған немесе банкротқа ушыраган жағдайда қатысушылардың бірінің жауапкершілігін өзге қатысушылардың арасында үлестірін беру болып табылады.
Өндірістік кооперативтер – ортақ өндірістік немесе басқа да шаруашылықтық іс-әрекет үшін мүшелік негізде құрылатын тұлғалардың бірігуі.
Акционерлік қоғам – қаражатты капиталға біріктіру, акцияны шығару арқылы пайда болатын кәсіпорын формасы, яғни өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлға. Акционерлік қоғамның акционерлері заң актілерінде көзделген басқа жағдайларда оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және өзіне тиесілі акциялар құнының шегінде қоғамның қызметіне байланысты шығындар тәуекелін көтереді.
Корпорация деп бiр заңды болып бiрлесiп, кәсiпкерлiк қызмет жасау үшiн қосылған адамдар жиынтығын атайды. Корпорация меншiгiне құқықтар акцияларға сәйкес бөлшектерге бөлiнедi. Сондықтан корпорацияның иелерi акция ұстаушы, ал корпорацияның өзi – акционерлiк қоғам деп аталады. Корпорацияның табыстарына корпорация салығы салынады.
Концерн — тығыз өндірістік әріптестік құру мақсатында персоналдық немес басқа да шарттырдың болуымен сипатталатын жүйе арқылы бірнеше кәсіпорынды біріктіретін дербес кәсіпорын. Демек, концернді интеграцияланған құрылым, шектелген дербестігі бар кәсіпорындар бірлестігі, ірі өндірістік корпорациялар және қаржы-несиелік менеджменттің барлық компоненттерін қолдануға негізделеген.
Концернді басқаруды құқықтық қамтамасыз ету құрылым қағидасынан шығады: аналық компания – еншілес (тәуелді) фималар – аналық компаниядан ресми тәуелсіз және концерн қатысушыларымен келісім-шарттық міндеттемелері бар компаниялар. Сондай-ақ концерн ретінде бірлескен ұйымдар тобы, яғни кәсіпкерлік келісім-шартқа қатысушы жақтар бола алады.
Холдингдік компания – басқа компаниялардың акцияларының бақылау пакетін иемденетін және оларға қатысты бақылау функциясын жүзеге асыратын акционерлік қоғам немесе ЖШС формасында құрылған заңды тұлға. Холдингтің концерннен айырмашылығы – бірлестікке қажетті келісім шарттардың болмауы.
Холдингтің мынадай түрлері бар: таза, аралас, субхолдинг, пирамидалық және қаржылық холдинг.
Картель – коммерциялық іс-әрекетті көздейтін, яғни орнатылған квоталар, тауарлардың құны, өткізу шарттардың көмегімен өткізуді бақылау мақсатымен бір саладағы кәсіпорынның бірігуі немесе біртекті өнімді өндіретін тәуелсіз кәсіпорындардың белгілі-бір нарыққа үстемдік орнату мақсатында ұйымдастырылған бірлестік.
Синдикат – оның мүшелерінің өнімін бір өткізу органы арқылы өткізуді көздейтін, акционерлік қоғам немесе ЖШС формасында құрылатын картельдік келісімнің бір түрі. Оған қатысушылар өзінің құқықтық және коммерциялық еркіндігін, кей жағдайда, синдикаттың немесе акционерлік қоғамның өткізу катонрасымен тығыз байланысты өзінің жеке өткізу желісін де сақтап қалады.
Концорциум – белгілі-бір уақыт аралығына арнайы белгіленген мәселелерді шешу үшін құрылатын кәсіпорындық уақыттық бірлестік.олар кез-келген бағыныштылық және кез-келген меншік формасындағы кәсіпорныдарды біріктіреді.
Ассоциация – ғылыми, жобалық, конструкторлық, құрылыстық және т.с.с. әдетте шектелген, кейде тек номиналды ғана міндеттемесі бар, өнеркәсіптік кәсіпорынның ерікті түріндегі бірлестігі(одағы).
Кәсiпкерлiк фирманың көлемiне сәйкес шағын, орта және iрi кәсiпкерлiк болып бөлiнедi.
Шағын кәсіпкерліктің субъектілеріне заңды тұлғасы құрылмаған жеке тұлғалар және жұмыскерлердің жылдық орташа саны 50 адамнан аспайтын, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, жыл ішінде активтерінің жалпы құны 60000 еселік айлық көрсеткіштен аспайтын заңды тұлғалар жатады.
Орта кәсіпкерліктің субъектілеріне заңды тұлға құрылмаған жеке тұлғалар және жұмыскерлердің жылдық орташа саны 250 адамға дейінгі, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, жыл ішіндегі активтердің жалпы құны 325000 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын заңды тұлғалар жатады.
Ірі кәсіпкерліктің субъектілеріне жұмыскерлердің жылдық орташа саны 250 адамнан асатын, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, жыл ішіндегі активтердің жалпы құны 325000 еселік айлық есептік көрсеткіштен асатын заңды тұлғалар жатады.
Осы заманда экономикасы дамыған елдерде шағын кәсiпкерлiк ұлттық шаруашылықтың ең iрi секторын құрайды. Шағын бизнесте барлық жұмысбастылардың жартысынан көбi қызмет етедi.
Нарықтық экономикадағы кәсiпкерлiктiң маңызына келетін болсақ, кәсiпкерлiк нарық қатынастарын ұдайы iске қосып отыратын орта. Экономиканың өтпелi кезеңiндегi кәсiпкерлiк ең алдымен рыноктың тауармен толығуына және жаңа жұмыс орындарының құрылуына мүмкiндiк бередi. Жалпы алғанда, кәсiпкерлiк экономикада нақты белсендi, бәсекелес ортаны ғана қалыптастырып қоймайды, сонымен қатар, мемлекеттiң экономикалық дамуында оның тұрақталығының индикаторы есептi қоғамда орта тапты жасақтайды. Кәсiпкерлiктiң әлеуметтiк мiндетiне:
Халықты жұмыспен қамту және жұмыссыздық мәселесiн шешу;
Тұрмыс деңгейiн жоғары болуын қамтамасыз ету;
Адамның өмiрге тың сенiммен қарауының мүмкiндiктерiн арттыру;
Ал кәсiпкерлiктiң экономикалық мiндеттерiне келесiлердi жатқызуға болады:
Рыноктық қатынастарды дамыту;
Шектеулi ресурстарды тиiмдi пайдалану;
Экономиканың бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру;
Жаңа жұмыс орындарын ашу;
Рыноктағы сұранысты қамтамасыз ету;
Экономикалық активтi халықты барынша ынталандыру;
Инвестицияларды тиiмдi салаларға тарту;
Инновациялық жаңалықтарды ашып оны өндiрiске енгiзу;
Кластерлiк жүйенiң дамуы;
Лизингтiк қатынастардың дамуы;
Өнiмдердiң сапалылығының жоғары болуы;
Тұрақты экономикалық өсудi қамтамасыз етiп, ЖIӨ-нiң негiзгi бөлiгiн құрайды.
Соңғы он төрт-он бес жыл бойы республиканың әлеуметтік-экономилық саясаттың маңызды басымдылықтарының бірі кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту болып табылатыны — кәсіпкерліктің ел экономикасының маңызды элементі екенін дәлелдейді. Нарықтық шаруашылықтың қазіргі заманғы жүйесі ірі, орта және шағын кәсіпкерліктің тиімді үйлесімді болуын талап етеді. Бұл – ХХ ғасырдың екінші жартысындағы дамыған елдердің экономикасының маңызды ерекшелігі – кәсіпорындардың пайдасына ірі құрылымдық алға жылжу, бұл бәсекеге қабілеттілікпен, сұранысқа жылдам үн қатумен және ғылыми-техникалық алға басуды тездетумен, кадрларды орынды пайдалану, ақша қаражаттарының аз жұмсалуымен және т.б. байланысты.
ӘДЕБИЕТТЕР:
Куратко Д.Ф. Кәсіпкерлік: теория, процесс, практика. 10-басылым. Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018 жыл – 480 бет
А.М. Есиркепова / Кәсіпкерлік: Оқу құралы. – Қарағанды: «Ақнұр баспасы». – 2017. – 268 бет.
А.Н.Токсанова Основы предпринимательской деятельности. – Астана, 2007. – 480с.
А.А. Нұрғалиева, Б. С. Корабаев Кәсіпкерлік. оқу құралы / Алматы : Экономика, 2016. - 275, [1] б.
Гарман, Томас. Жеке қаражат (Қазақстанға бейімделген нұсқа) : [Мәтін] = Personal Finanse: оқулық / Т. Е. Гарман, Р. Форг ; [ред. алқа Қ. Е. Көшербаев және т. б. ; ауд.: Р. Исаева және т. б.]. - 13-бас. - Нұр-Сұлтан : "Ұлттық аударма бюросы" ҚҚ, 2020. - 631, [1] б. - (Рухани жаңғыру).
Краткий курс лекций по дисциплине "Аутсорсинг как технология развития инновационного бизнеса": [учеб.] / КазНУ им. аль-Фараби, Высш. шк. экономики и бизнеса; [сост. З. Б. Ахметова]. - Алматы : КазНУ им. аль-Фараби. ВШЭиБ: УЛ , 2017. - 59 с.
Қытаймен бизнес, тілашар, ВСТ сөздігі / [құраст.: Б. Жантеев, Ф. Орынбасар]. - Шымкент : Әлем, 2020. - 332, [4] б.
Хилл, Чарльз. Халықаралық бизнес: жаһандық нарықтағы бәсеке = International Business: Competing in the Global Marketplace : [Мәтін] : оқулық / Ч. Хилл, Т. Халт ; [ауд.: А. Алманова және т.б. ; жауапты шығ. А. Оспанбай]. - 12-бас. - Астана : "Ұлттық аударма бюросы" ҚҚ, 2019. - 693 б.
Чаффей, Дэйв. Сандық бизнес және электрондық коммерцияны басқару: стратегиясы, қолданысы мен практикасы : оқулық / [ауд. Г. Қ. Бекқожанова] ; ҚР Білім және ғылым м-гі. - 6-бас. - Алматы : Дәуір, 2017. - 516 б.
Рыспекова, Мадина Оразовна.Основы предпринимательства: учеб. пособие / М.О.Рыспекова; ЕНУ им. Л. Н. Гумилева. - Алматы: ТехноЭрудит, 2019. - 231, [1] с.
Шағын бизнестегі менеджмент: кәсіп бастау және венчурді дамыту = Small Business Management: оқулық / Ж. Лонгенекер; [ред. алқа Қ. Е. Көшербаев және т.б.; ауд.: А. Қуанышбекова, Д. Б. Мәзен]. - 18-бас. - Нұр-Сұлтан : "Ұлттық аударма бюросы" ҚҚ, 2020. - 703, [1] б.
Касьяненко, Татьяна Геннадьевна. Оценка стоимости бизнеса: учеб. для акад. бакалавриата / Т. Г. Касьяненко, Г. А. Маховикова ; Санкт-Петерб. гос. инж.-экон. ун-т. - 2-е изд., перераб. и доп. - М.: Юрайт, 2019. - 370 с.
Портнягин, Дмитрий. Трансформатор 2: Как развить скорость в бизнесе и не сгореть / Д. Портнягин. - М.: Эксмо, 2019. - 300, [1] с.
Феллс, Рэй. Нәтижелі келіссөз алғышарттар мен амалдар = Effective Negotiation from Research to Results: оқу құралы / Р. Феллс ; [ред. алқа Қ. Е. Көшербаев және т.б.; ауд.: Қ. Ахметова, А. Оспанбаева]. - 4-бас. - Нұр-Сұлтан: "Ұлттық аударма бюросы" ҚҚ, 2020. - 358, [2] б. - (Рухани жаңғыру).
Вопросы усиления защиты прав предпринимателей и их законных интересов: монография / Академия правоохранительных органов при генеральной прокуратуре РК, Межведомственный науч.- исслед. ин-т; [под общ. ред. Г. К. Шушикова]. - Косшы: [б. и.], 2020. - 300 с.
Бренды Казахстана. Нефть и газ : в 3 т. / Саутс-Ойл нефтегазовая компания; [сост. Р. Мухаметалина]. - Нур-Султан: Kazakhstan-Export-Import.com, 2019.
Бренды Казахстана: в 3 т. / [сост. Р. Мухаметалина]. - Нур-Султан: Kazakhstan-Export-Import.com, 2020.
Достарыңызбен бөлісу: |