Петров Григорий Финляндия ақ лала гүлдер мекені



Pdf көрінісі
бет1/15
Дата02.01.2022
өлшемі0.56 Mb.
#452350
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
inbound7245658799138671841



 

Петров Григорий

Финляндия - ақ лала гүлдер

мекені

 

Қазақ тіліне тəржімалаған:



Əлия Ибрагимова

 

 



        «Ақ лала гүлдер өлкесі» кітабы – Финляндияның мəдени, рухани 

тоқырауды  жеңіп,  мемлекет  ретінде  жаңа  мəдениет  сатысына 

көтерілуінің  хикаясы.  Бұл  кітап  өз  мемлекетінің  даму  жолында 

табандылықпен күресуге бел буған ұлт үшін осы жолда қандай бағыт 

ұстану  керектігін  көрсететін  бағдаршам  іспеттес.  Осы  тұрғыдан 

алғанда,  бұл  кітап  –  күллі  түркі  жұртының  жастары  үшін  батыс 

өлкелерінің  өткені  мен  бүгініне  жақыннан  үңілуге  мүмкіндік  беретін 

таптырмас туынды.

        Еңбек барша оқырман қауымға арналады.

 

 



 

 

 



 

 

Білімді дамыту мен зерттеу ассоциациясы, 2017



 

АЛҒЫ СӨЗ

 

        Неге біз бұл кітаптың аудармасын Қазақстанда шығарамыз деп 



шештік?  Неліктен  біз  бұл  салада  қызмет  істеп  келеміз?  Неліктен 


мыңдаған  ұстаздар  күнде  тұрып  мектепке,  оқу  орталықтарына, 

жоғарғы оқу орындарына барады?

        Абай өзінің қара сөздерінде отансүйгіштікке қатысты жеңіл əрі 

ауқымды  анықтама  берді.  Отансүйгіштік  Абай  атамыздың  ойынша  – 

Отанға қызмет еткен адам, ал Отан дегеніміз – ең əуелі халық.

        Біз білім саласында қызмет істеп келеміз жəне де бізді халықтың 

жақсы  өмір  сүру  жолында  жігер  қайратының  қаншалықты  мықты 

екенін көруге болатын мысалдар шабыттандырады.

        Біздің халық, біздің отандастарымыз оқуға, сапалы білім алуға, өз

өмір  салтын  жақсартуға  талпынады,  бірақ  бұл  талпыныс  тек  өзінің

отбасы,  өзінің  қоршаған  ортасы,  өзінің  жетістігі  мен  ғана  шектеліп

қалады.


        Бұл кітап ой-өрісіңізді, игілікке деген құштарлығыңызды кеңейте

түседі.  «Ақ  лала  гүлдер  өлкесі»  кітабы  білімді  азаматтардың

жақсылыққа деген құштарлығы, бүкіл халықтың жақсылықта болуына

жұмсалғанын суреттейді. Мінеки енді қазіргі таңда, 200 жылдан кейін

Финляндия – білім саласында ең озық елдердің қатарында.

        Бізде өз тарапымыздан, мақтан тұтатындай, айқын əрі жетістікке 

толы болашағымызды құру үшін, өз елімізді сүйіп, өз балаларымызды 

жақсы  көріп  жəне  де  əрқайсымыз  өз  тарапымыздан  күш  салысуға 

міндеттіміз.

        Бұл кітап – шабыттану, қызықты əрі пайдалы ой – пікірлерге толы 

талап,  тілек.  Біз  бұл  кітапты,  білім  бер  мен  ағарту,  Абай  атамыз 

айтқандай  расында  да  «жүректің  шамшырағы»  екеніне  сенетін 

пікірлестерімізбен бөліспекшіміз.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет