1
|
№ 1 дәріс. Электроникаға кіріспе. Электрониканың дамуы.
Электроника негізінен зарядты бөлшектердің ағынын шығарып алу және олардың электр және магнит өрістерінің әсеріне байланысты электрондық аспаптардағы қозғалысын зерттейтін ғылымның бір саласы. Қазіргі түсінік бойынша электроника дегеніміз электрвакуумдық, иондық, шала өткізгіштік және кванттық (лазер) аспаптар мен құрылғылардың құрылымының техникалық және технологиялық ерешеліктерімен, жұмыстау принциптерімен шұғылданатын ғылым мен техниканың бір саласы.
Электрониканы өз ішінен шұғылданатын ғылым мен техниканың қандай саласына қолданатына қарай (өндірістік, техникалық, медициналық, кибернетикалық және т.б.), қандай электроникалық аспаптармен құрылғыларға негізделгеніне сәйкес (электрвакуумдық, иондық, шала өткізгіштік және т.б.), қарастыратын теориялық проблемаларына (электрондық ақпараттың сипатынына қарай оптикалық, сандық немесе дискреттік, аналогтық, т.б.) байланысты бір неше салаларға бөліп қарастыруға да болады. Электрониканың қолдану аясында, болашақ даму деңгейінде шек жоқ. Ол күн сайын аса үлкен қарқынмен дамуда. Осы үстіміздегі ғасырдың электроникасы болып саналатын наноэлектрониканың да ғылым мен техникаға берері, келешегі әлі де алда.
Осы заманғы қолданбалы электрониканы негізінен электроникалық аспаптары мен құрылғыларының физикалық негізіне қарай бес салаға бөлуге болады. Олар:
|