Ф-ОБ-001/033
Қазақ тіліндегі фузия құбылысы
Мазмұны
Кіріспе......................................................................................2
-
Жұмыстың жалпы сипаттамасы
І Тарау. Қазақ тіліндегі фузия құбылысы..........................4
І.1. Қазақ тіліндегі фузия құбылысының зерттелуі.........5
І.2. Фузия құбылысының кездесетін орындары...............9
І.2.1. Фонетикадағы фузия құбылысы...............................19
І.2.2. Морфологиядағы фузия құбылысы..........................26
ІІ Тарау. Қазақ тіліндегі фузия
құбылысы және сөзжасам ................................................... 30
ІІ. 1. Есім сөздердегі фузия құбылысы................................36
ІІ. 2. Етістіктердегі фузия құбылысы..................................43
Қорытынды...............................................................................48
Пайдаланылған әдебиеттер....................................................49
Кіріспе
Диплом жұмысының жалпы сипаттамасы. Қазақ тіл білімінде сіңісу, жылысу, ығысу өзінаша түзілген сөздердің өзара сіңісу жайы жан-жақты түсіндіріледі.
Диплом жұмысының өзектілігі. Тіл білімінде сіңісу құбылысына байланысты еңбектер бар болғанымен, олар жүйеленбегендіктен, классификациялық жіктелісі жасалмағандықтан жаңадан зерттеу жұмыстарын жүргізу қажеттігін туындатты. Ғылыми жұртшылық сіңісу құбылыстарынан хабардар болғанымен, олар жеке дара ізденіс нысанына айналмаған болатын. Өзара тығыз байланысты осы фонетикалық құбылыстар тақырыбымыздың өзектілігін белгіледі. Түркі тілдеріне ортақ теориялық мәселелерді сөз еткен А.Н.Кононов, А.М.Щербак, Э.В.Севортян сияқты ғалымдардың еңбектері жұмысқа әдістемелік негіз етіп алынды.
Диплом жұмысының зерттеу нысаны. Ауызекі сөйлеу тілінде, түсіндірме сөздіктерде, көне мұраларда, көркем әдебиетте баспасөз материалдарында ұшырасатын сіңісу құбылыстарының әсеріне ұшыраған сөздер мен қосымшалар.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің негізгі мақсаты-сөз құрамындағы, сөз жігіндегі сіңісу құбылыстарының әсерінен пайда болған фонетикалық өзгерістерді, морфологиялық түзілістерді, лексика-семантикалық даму процестерін анықтау. Осыған байланысты зерттеу жұмысында төмендегідей міндеттерді шешу көзделді:
-
қазақ тіліндегі бірен-саран ғалымдардың еңбегінде ғана аталып жүрген фузия, сіңісу сөздер ұғымына толығырақ, кеңірек түсінік беру;
-
сіңісу құбылысын жан-жақты түсіндіру, түбір мен түбірдің, түбір мен қосымшаның, сөз тіркестерінің өзара ажырамастай болып кірігп кету, дыбыстық өзгерістерге ұшырау себептерін нақты дәлелдермен түсіндіру;
-
тіліміздегі сіңіскен сөздердің топтастыру принциптерін анықтау;
-
сіңісу құбылысының фузия деп аталу себептерін анықтау;
-
Сіңісу құбылысының қыр-сырын ашудың ғылым үшін маңызы зор екендігін дәлелдеу;
Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы. Қазақ тіліндегі сіңісу құбылыстары бұрын-соңды зерттеулерде сөз бола тұрса да әр құбылыстың өзіне тән ерекшеліктері жеке дара талданып, фонетикалық, лексикалық, грамматикалық өзгерістері арнайы қарастырылмаған болатын.
-
зерттеу жұмысымызда сіңісу құбылысының нәтижесінде сөздер қалай, қандай жағдайда қалай өзара кірігіп кетті, олар қандай дыбыстық өзгерістерге ұшырады деген сұрақтарға жауап қайтарылады;
-
түркологияда бірінші рет өзара сіңіскен тілдік бірліктердің классификациялық жіктелісі жасалды;
Диплом жұмысының теориялық және практикалық маңызы. Дипломда сөз болып отырған мәселелердің жалпы фонетика мен морфологияның ғана емес, тарихи грамматиканың да еншісіне жататындығы ақиқат. Тіл білімінде сіңісу құбылыстарының зерттелуі, олардың өздеріне сырттай ұқсас құбылыстардан ажыратылуы, семантикалық, лексикалық мәселелері тілдік, этимологиялық тұрғыдан қарастырылуы осы мәселенің болашақтағы зерттелу бағдарына жәрдемін тигізеді. Тіліміздегі жылысу құбылысы мен сіңісу құбылысының айырмашылығын, өзіне тән белгілерін айыра танып білу, зерттеулердің нәтижелерін этимологиялық сөздіктер құрастырғанда, қазіргі қазақ тілінің лексикология, тарихи грамматика, сөзжасам курсы бойынша аудиториялық сабақтарда, арнайы курстарды оқытуда пайдалануға болады.
Диплом жұмысының зерттеу әдістері. Зерттеу барысында ғылыми сипаттама әдісі, салыстырмалы әдіс, тарихи-салыстырмалы әдіс, компоненттік талдау әдісі, құрылымдық-семантикалық әдісі қолданылды. Сөздердің түпкі тамыры, шығу тегін айқындау барысында талдаудың диахронды, әрі синхронды принциптеріне сүйендік. Тіліміздегі сіңісу процестері өте күрделі. Соған сәйкес біз олардың тұлғалық табиғатын тануда ретроспективті бағыттағы морфемалық және дыбыстық талдап-тарату тәсілдерін де кеңінен пайдаландық.
Диплом жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І тарау
Қазақ тіліндегі фузия құбылысы
Қазақ тіл білімінде фузия құбылысы «сіңісу құбылысы» деп аталады. Фузия терминіне О.С.Ахманованың «Лингвистика терминдерінің сөздігінде» мынадай анықтама берілген «Фузия-(от латинского слово-сплавление) морфологически обуслвленное формальное взаимопроникновение контактирующих морфем, при котором проведение морфологических границ» [Ахманова А.1994, 204]. Тілдің морфологиялық даму заңдылықтары жайлы сөз болғанда, грамматикалық тұлғалардың дамуындағы кейбір факторды аттап өтуге болмайды. Богородицкий оларға қарапайымдану (опрощение) морфологиялық ығысу, аналогия және халықтық этимология, дифференсация, сөз мағынасының өзгеруі тәрізді құбылыстарды жатқызады. Түп төркіні тұрғысынан тіліміздегі бірсыпыра сөздер бірнеше түбірлерге, түбір мен әр түрлі қосымшаларға бөлінуі мүмкін. Бірақ күнделікті қолданыста ол сөздердің әрқайсысы-беретін мағынасы тұрғысынан бөліп-жаруға келмейтін бір ғана түбір [М.Томанов.1988,264]. Мысалы, қазіргі тілімізде бар ашудас, айқабақ, ақ табан, ала өкпе, бізқұйрық, бірқазан, елкезер, жамбас, көлбақа, құрқұлақ, сегізкөз, Жанұзақ, Тоқсанбай тәрізді кісі аттарын қолданғанда, олардың құрамына және о бастағы мән-мағынасына қарап жатпаймыз. Біз бұл сөздерді осы мағынасында түсінеміз де, осы тұлғасында айтамыз. Сол сияқты қазіргі тілімізде түбір есебінде қалыптасқан сөздерден де байқауға болады. Мысалы, соққы, мұңлық, немене, сыртқары, әрі, бері, сөздерін де біз түбір мен қосымшаға бөліп қараймыз. Осы қалпында тұтас түсінеміз. Өйткені, осы сөздер құрамындағы –қы, -қары, -лық, -рі қазіргі тілде сөз жасайтын актив аффикстері емес. Қалай болғанда да, бұларды қазіргі –шы, -лы тәрізді сөз жасайтын аффикстер сияқты қабылдаймыз. Түбір мен қосымшаның өзара жымдасып кетуі кейде бастапқы түбірдің өзінің дербес мағынасын жоғалтып, ескіруінен болуы мүмкін.
Бұны анықтау үшін түбірдің бастапқы сипатын басқа сөздермен салыстыру керек немесе, қосымшаның құрамы арқылы анықталады. Мына мысалдарға назар аударайық: ілгері, айт, кет, жоры, алда, байла, арт, сан, т.б. Осы сияқты сөздер түбір мен қосымшаның жымдасып кетуінен пайда болған.
Оны тек салыстыру арқылы ғана байқауға болады. Айталық, айт сөзін онымен мағыналас айқай, айқын сөздерімен салыстырсақ, ортақ түбір ай екеніне көзіміз жетеді. Ал т-түбірмен кірігіп кеткен қосымша болып шығады. Сол сияқты айқай, айқын сөздерінің құрамындағы –қай, -қын, -да қосымшалар екенін көреміз. Кет сөзінің құранды екенін, кел, кері, кейін сөздерімен салыстыру арқылы анықтауға болады. Алғашқы сөздің соңындағы –т біздің ойымызша, айт сөзінің құрамындағы т-мен бірдей. Бұл екеуі де етіс қосымшасы болу керек. Байырғы түбір өз дербестігін жоғалтқаннан кейін барып, етіс қоысмшалары жалғасып, жымдасып кеткен. Қазіргі тілімізде байырғы түбір деп қаралатын толып жатқан бір буынды сөздердің морфологиялық қарапайымдану процесінің нәтижесінде барып қалыптасқан. А.Н.Кононов мұны фузия, яғни жымдасу, Рамстедт «сращение» деп атайды.
Морфологиялық жымдасу, фузия тек түбір мен қосымшаның бірігіп, бөле-жаруға келмейтін ұғымға ие болуына ғана әсер етіп қоймаса керек. Бір фонемадан ғана тұратын алғашқы қосымшалардың фузияның нәтижесінде өзара жымдасып, бірігіп кетуінің салдарынан осы күнгі бір буынды аффикстер қалыптасса керек. А.Н.Кононов осындай топқа мына аффикстерді жатқызады:
-
ғылтым-ғы+л+ты+м
-
сымақ-сы+ма+қ
-
мтыл-м+ты+л
-
дық-д+ық [Кононов 1960,446].
Егер осы пікірді негізге алсақ, қазақ тіліндегі ботақан, ақшал, қарамық, базарлық, сарғалдақ сөздерінің құрамындағы –қан, -шыл, -лық, -ғалдақ аффикстерін құранды бірнеше аффикстің жымдасуынан пайда болуынан, әр түрлі аффикстердің бір-біріне қабаттасып, бірігуі түбірге тікелей жалғанған аффикс мағынасының солғындап, дербес қолданудан шығудан қалуына, кейде соңғы компоненттің күңгірттенуіне байланысты болса керек. Айталық, ботақан сөзінің құрамындағы –қ өз дербесітігін жоғалтқаннан кейін барып ан (әлде н,а жалғастырушы дауысты дыбыс) жалғануы мүмкін. Солай екендігін кішкентай сөзінің құрамымен салыстыру арқылы көреміз.
Кіш+ке+н++тай. Ескі түркі тілінде соңғы сөздің кішіг (соңғы 2 қосымша) түрінде айтылғаны белгілі. Ал қарамық сөзінің құрамындағы –мық аффиксін құранды деуге себеп-қарам сөзінің жеке қолдануы. Бірақ ол зат атауы ретінде тек қарамық түрінде айтылып, түбірі өз мағынасын сақтаған, оған тікелей жалғанған қосымша да (-м) солай, бірақ соңғы аффикстің дербестігі жоқ. Сөйтіп, фузия – түркі тілдерінің, оның бірі қазақ тілінің морфологиялық құрылысына үлкен із қалдырған процестің бірі. Сіңісу арқылы жеке түбірлер, түбір мен қосымшалар бір-бірімен жымдасып, ажыратып болмастай күйге жеткен. Көп ретте фузияға ұшыраған тілдік элементтер өзінің о бастағы дербестігін жоғалтқанымен, жеке алғанда актив қолданылуы мүмкін.
Қазіргі қазақ тілінде сіңісу нәтижесінде қалыптасқан сөздер көп. Олардың қыр-сырын ашу ұзақ ізденуді талап етеді. Қандай морфологиялық форма қандай жағдайда қай формамен кірігіп адам танымастай өзгеріске ұшырап кетті, олардың солай сіңісуіне қандай-қандай сыртқы факторлар немесе ішкі себептер әсер етті деген сұрақтарға жауап қайтару болашақ ізденушілердің міндеті деп білеміз.
І.1. Қазақ тіліндегі фузия құбылысының зерттелуі.
Бұл тарауда сіңісу құбылысының өзіндік ерекшеліктеріне талдау жасала отырып, түбір мен жалғаудың, түбір мен жұрнақтың, түбір мен түбірдің, сөз тіркестерінің өзы В.А.Богородицкийдің «Введение в татарское языкознание в связи с другими тюрксикими языками» (1953), А.Н.Кононовтың «О фузии в тюрсксих языках» атты мақаласында, қазақ ғалымдары К.Ахановтың «Тіл біліміне кіріспе» (1993), Ә.Т.Қайдаровтың «Структура односложных корней и основ в казахском языке» (1986), Қ.Жұбановтың «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер» (1999), А.Ысқақовтың «Қазіргі қазақ тілі» (1991), М.Томановтың «Қазақ тілінің тарихи грамматикасы» (1988), Б.Сағындықұлының «Қазақ тілі лексикасы дамуының этимологиялық негіздері» (2005), Б.Қ.Қалиевтің «Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың редукциясы» (1984), Н.Оралбайдың «Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі» (1984), А.Салқынбайдың «Қазақ тілінің сөзжасамы» (2003) еңбектерінде әр қырынан қарастырылған.
Осы жоғарыдағы авторлардың еңбектерінде айтылған тұжырымдарға сәйкес тіліміздегі сіңіскен сөздер «Өзара сіңіскен жұрнақтар», «Түбірге сіңіскен жұрнақтар», «Түбірге сіңіскен жалғаулар», «Сіңіскен тіркестер» деп топтарға бөлінді. Сіңісу құбылысының нәтижесінде құрамындағы бөлшектері бір-біріне сіңісе келіп, бұл күнде мүшеленбейтін дәрежеге жетеді. Жекелеген кейбір дыбыстардың түсіріліп айтылуы, буынның түсіріліп айтылуы, қатаңдардың ұяңдануы немесе өзге дыбыстарға ауысуы сияқты өзгерістер сіңісу құбылысын редукция құбылысымен байланысты қараған жөн. Ғалым Б.Қ.Қалиев «Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың редукциясы» еңбегінде: «Тіл біліміндегі редукция құбылысының мәні мынада: қандай да болмасын белгілі бір дыбыс сөздегі фонетикалық жағдайна байланысты өзінің әдеттегі дыбысталу айқындылығын жойып, саны жағынан да сапасы жағынан да әлсірейді. Кейде негізгі қасиеттерін мүлдем жоғалтып алып, «нольге айналады» немесе басқа бір дыбысқа ауысып кетеді»,-дейді [Қалиев,1984,116]. Сіңіскен сөздердің ішкі мағыналық жағы, сыртқы дыбысталу жағы да әрдайым өзгеріске ұшырап ықшамдала айтылады.
Қазіргі тілімізде әр алуан сөздер бірімен-бірі бірігіп жаңа мағына беретін дербес лексикалық категорияға айналған. Олардың компоненттері, көбіне бастапқы формасын өзгертіп, ортаңғы не соңғы бір буынын, кейде одан да көп буындарын жоғалтқан. Ғалым К.Аханов «Тіл біліміне кіріспе» еңбегінде: «Сөз құрамындағы морфемалардың мағыналары жойылып, олардың бір-біріне кірінгіп кетуіне, соның нәтижесінде сөз жігінің әбден күңгірттеніп, морфемаларға мүшеленбеуіне әкелетін морфологиялық процесс сіңісу құбылысы деп аталады»,-дейді[Аханов,1993,446]. Сіңісу құбылысының нәтижесінде түбір мен жалғау, түбір мен жұрнақ, түбір мен түбір, сөз тіркестері сіңіседі. Түбір мен қосымшаның өзара кірігуін ғалым М.Томанов бастапқы түбір сөздің өзінің дербес мағынасын жоғалтып, ескіруінен болатындығымен түсіндіреді [Томанов,1988,94]. Септік жалғауларының түбірмен кірігіп кетуін профессор Н.Оралбай «Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі» еңбегінде айтып өтеді [Оралбай,1988,38)]. Тарихи сөзжасам мәселесін зерттеуші ғалым А.Салқынбай «Қазақ септік жалғауларының орта түркілік ескерткіштерде үстеулік сипатта орныққандығын пайымдайды [Салқынбай,2003,199].
Академик Ә.Т.Қайдаров тіліміздегі бір буынды түбір негіздердің құрылысына талдау жасай келе, бүгінде өлі түбірлердің тілде қосымшалармен кіріккен күйде ғана кездесетіндігін айтады [Қайдаров,1986,28]. Сіңісу процесінің нәтижесінде сөз құрамындағы морфемалар өзара әбден кірігіп кетеді де, олардың қандай морфемадан құралғаны бірден аңғарылмайды. Сонымен қазақ тіліндегі сіңіскен сөздердің табиғаты лингвистикалық, этимологиялық талдауларды қажет етеді.
І. 2. Фузия құбылысының кездесетін орындар
Өзара сіңіскен жұрнақтар.
1) –шылық (-шілік) жұрнағы. Бұл жұрнақ кейбір сөздерде құрамындағы компоненттері (-шы-лық, ші-лік) жеке-жеке бөліне алатын дара (жалаң) жұрнақтар есебінде жұмсалса, кейбір сөздерде бөліне алмайтын бір күрделі жұрнақ ретінде қолданылады [Ысқақов,1991,150)]. Мысалы, егіншілік, малшылық, оқушылық, зарығушылық деген сияқтылардың –шылық, (-шілік) формасын іштей жеке-жеке бөлуге болады. Ал адамшылық, кемшілік, тіршілік, баршылық, кәріпшілік, айшылық дегендердегі –шылық формасын бөлуге болмайды. –шылық жұрнағы арқылы мынандай сөздер жасалады: адамшылық, жұртшылық, басшылық, кедейлік, сенушілік, жүдеушілік, тарығушылық, қиыншылық, таршылық, артықшылық, тіргілік, кеңшілік, құрғақшылық. А.Н.Кононов өзбек тілінде бұл қосымшаның есімдерден зат есімдер тудыруда өнімділігін [Кононов,1960,76], А.М.Щербак оның көне өзбек тілінде де өнімді болғанын [Щербак,1962,122], Н.А.Баскаков қарақалпақ тілінде ол арқылы туған бірқатар сөзді көрсеткен [Баскаков,1951,182]. Ә.Нұрмағамбетовтың пікірінше отаншылық, малдаршылық сияқты сөздер Түркменстандағы қазақ говорына түрікмен тілінен тікелей ауысқан [Нұрмағанбетов,1974,107-108 б]. Екінші, бірқатар сөздің –шылық жұрнағымен айтылуын ауызекі-диалектілік сипаты бар жергілікті тұрғындар тілінің стиль жағынан нормаланбауынан деп түсіндіруге болады. Мысалы: маманшылық, мұғалімшілік, білмесшілік, батыршылық, жетпесшілік т.б. жұрнағын бөлуге келмейтінін көреміз. Берілген жұрнақ қазіргі қазақ тілінде сіңіскен жұрнақтардың қатарында қаралады. Яғни бұл жұрнақтарды өзара сіңісіп кеткен жұрнақ деп түсінген жөн.
2) –нқы (-нкі), -нқы (-іңкі) жұрнағы. Бұл жұрнақ негізінен етістіктерге жалғанып, олардың сол сөздердің негізгі лексикалық мағыналарымен байланысты туынды сын есімдер жасайды. Мысалы, жатыңқы, салбыраңқы, шығыңқы, көтеріңкі, басыңқы, қамығыңқы, шашыраңқы, кебіңкі, бытыраңқы [Ысқақов,1991,177]. Аталған мысалдарда –нқы (-нкі), -нқы (-іңкі) жұрнақтарын бөліп талдауға болмайды. Бұл жұрнақтар өзара кірігіп кеткен. –нқы (-нкі), -нқы (-іңкі) жұрнағы туралы А.Айғабылов есім сөздерден сын есім тудыратын жұрнақ екенін айтады [Айғабылов,1995,85].
3) –нды (-інді), -ынды (-інді) жұрнағы. Ғалым А.Ысқақов –нды (-інді), -ынды (-інді) қосымшаларын –ын және –ды формаларынан құралған құранды жұрнақ деп түсіндіреді [Ысқақов,1991,155]. Бұл жұрнақ негізінен сабақты етістікке жалғанып белгілі бір іс-процестің нәтижесін білдіретін я заттық ұғамдардың атын жасайды. Мысалы, жуынды, шайынды, сыпырынды, үгінді, сарқынды, ерітінді, қорытынды. Сонымен қоса аталған жұрнақтар сын есім тудыру жағынан да өнімді екені белгілі. Аталған жұрнақтар етістіктерге жалғанып, белгілі бір іс-әрекеттің нәтижесінен туған сындық ұғымның атауын білдіреді. Мысалы, асыранды, құранды, серпінді, түйінді, туынды, жаттанды, жырынды, ағынды, шұбырынды, жасырынды, т.б. Берілген мысалдарда
- нды, -ынды, -інді жұрнақтары бөлшектенбейді. Берілген жұрнақ туралы орыс ғалымы Э.В.Севортян «Аффиксы именного словообразование в азербайджанском языке» еңбегінде былай дейді: «Салыстырулар көрсеткендей азербайжан, түрік, татар тілдерінен басқа тілдердің көпшілігінде -ынды жұрнағы кездеседі. Тілдердің қатарында бұл жұрнақтың беретін мағыналары белгілі дәрежеде екендігі айқын. Бұл жұрнақ түрікмен, қазақ, қырғыз, тува тілдерінде қолданылады. –ынды, інді туынды жұрнағының нәтиже белгілерін білдіруі сын есімдік немесе атрибуттық ерекшеліктері болып табылады, ал басқаша айтсақ, берілген жұрнақтар перфетивті мағынаға ие болады» [Севортян,1962,292].
4) –қылықты (-ғылықты), -кілікті (-гілікті) жұрнақтары. Бұл жұрнақ-қы, -лық, -ты компоненттерінен құралған. Бұл қосымша кейбір салт және сабақты етістіктерге және мекен атауын білдіретін кейбір зат есімдерге жалғанып, қосылатын сөзінің мағынасына байланысты туынды сын есімдер жасайды. Мысалы, жеткілікті, тұрғылықты, тыңғылықты [Ысқақов,1991,181]. Жоғарыда келтірілген мысалдарда –қылықты, -ғылықты жұрнағын құранды жұрнақ, сіңіскен аффикс деп түсіндіреміз.
5) -мпаз (-ымпаз), -імпаз жұрнағы. Берілген жұрнақ –ым және паз (м-паз) компоненттерінен құралған. Бұл форма сезімпаз, білімпаз, жағымпаз сияқты сөздерге бөлшектеуге ажыратуға келмейді. Сонымен қоса, өзі жалғанатын етістіктерден сол аталған іс-әрекетке икемі барлықты, бейім екендікті, оңтайлықты білдіретін сын есімдер жасайды. Мысалы, жағымпаз, жанасымпаз, жүзімпаз, малтымпаз. Келтірілген мысалдардан –ымпаз, -імпаз жұрнақтарын бөлшектеуге келмейтінін көруге болады.
Э.В.Севортян «Аффиксы именного словообразование в азербайджанском языке» еңбегінде былай дейді: «Бұл жұрнақтың беретін мағынасы –ымтыл жұрнағының мағынасына ұқсас. Туынды –ымпаз жұрнағы басқа тілдерде де осы мағынаны білдіреді. Азербайжан тілінде –ымпаз жұрнағы арқылы мынандай сөздер жасалады: ағымпаз «беловатый» ағ «белый», ачымпаз «горковатый», от ачы «горький», сарымпаз «желтоватый» от сары «желтый», гырмызымпаз «красноватый» от гырмызы «красный». Берілген сын есімдер (ағымпаз сөзінен басқа) түрік тілінде де кезедеседі» [Севортян,1962,275].
6) –ыңқыра, -іңкіре, -ыңқыра,(-іңкіре,) жұрнағы. Бұл жұрнақ өзі жалғанған етістік негізінің лексикалық мағынасына амалдың (істің) үдей түсуін аңғартатын реңк қосады. Мысалы: ал-ыңқыра, барыңқыра, көріңкіре, оқыңқыра, түсініңкіре, байқаңқыра, өсіңкіре, беріңкіре. Берілген мысалдардан –ыңқыра, -іңкіре жұрнақтарын бөлшектеуге болмайтынын көреміз.
«Өзара сіңіскен жұрнақтар» деп аталатын тараушадан сіңісу құбылысының әсерінен құранды жұрнақтардың әр басқа элементтерге бөлін«Қазақ говорларының диалектілік сөз тудыру» атты еңбегінде былай деп жазады: «Н.А.Баскаков бұл жұрнақтың тегін көне түркілік гьыкъ/гик жұрнағымен байланыстырады, ал ол гъакъ/гек жұрнағымен тектес [Баскаков,1951,402]. М.Хабичев –къа-/-ке, къы/ки жұрнақтарын бірге алып қарайды [Хабичев,1971,53-69]. Қазақ тілінің фактілері түпкі негізгі бір болғанымен, бұлардың қазір дербестігін байқатады; ер бұқа, бұғы. Көптеген зерттеушілер бұл жұрнақты етістіктен есім тудырушы жұрнақтардың қатарына жатқызады [Баскаков,1951,405-406]. Тілімізде түбірге –қы, -кі, -ғы, -гі жұрнағы сіңісіп кеткен сөздер: алғы, ауызғы, батқы, соққы, сойқы, қайқы, қалтқы, қатырғы, таңқы, ұйытқы, шайқы, шалғы, шапқы, әлгі, тозыңқы, жұмысқы, жонғы, жоралғы, ұңғы, ұрғы, торалғы, жоралғы, кедергі.
Алғы. Алдыңғы ретте. Жарқын мақсат жолында, Алғы сапта келеміз. (Смаханұлы). Алғы сөзі-а) шығарманы бастамас бұрын соның ішкі сырын нақтылап ашатын тұжырымды қысқа түсінік; ә) жиылыс ашар алдындағы сөйленетін тастама пікір. Алғы шөп соғыс майданының алдыңғы жағы [Қазақ тілінің сөздігі,33].
Алғы сөзіндегі –ғы жұрнағы түбірге сіңісіп кеткен. өйткені, бұл сөзді ал-түбірі, -ғы-жұрнақ деп бөлмейміз. Алғы күйінде айтамыз. Бұл сөздің түбірі-ал, яғни етістік мағынасында жұмсалып тұр, бір нәрсені алу, ал алғы деген сөздің мағынасы қазіргі тілімізде түбірмен бірге айтылады.
Жұмысқы. Іш мерез, арам, пасық. Жымысқы күлкі (ұры адам) [Қазақ тілінің сөздігі,262]. Жұмысқы сөзі қазіргі тілдік қолданыста түбір сөз ретінде жұмсалады.
-а, -е жұрнағы – көне қосымшаның бірі. Әуел баста есім сөзді етістікке айналдыратын өнімді қосымша болғанымен, бірте-бірте самарқауланып, тек бұрынғы кезде жалғанған сөздердің аясында ғана қалып қойған. Мысалы: ат-а, ас-а, дем-е, жи(ы)на, с-е, от-а, ор(ы)н-а, ой(ы)н-а, өрт-е, тіл-е, нық-а, тіс-е, сын-а, мін-е, үст-е, салдыра-а, сылдыр-а, тең-е, т.т. осылардың ішінен ата, үсте, деме, тіле, нықа, (нықта, нығызда), түзе (түзу, түзік) дегендердің түпкі есім негіздерінің мағыналары бірте-бірте көмескіленіп, кейбіреулерінікі тіпті ұмытылып, байырғы естістіктердің сипатына көшіп бара жатқаны байқалады [Ысқақов,1991,234]. Түбірге –а, -е жұрнақтары сіңісіп кеткен сөздердің бір тобы: жүлге, бопса, кежеге, кексе, көпене, топса.
Жүлде. Жарыста озғандарға берілетін бәйге, сыйлық, приз. Қажымұқан атындағы жүлде тағайындалды. Жүлде алды–топтан озып, бәйге алды [Қазақ тілінің сөздігі,255]. Жүлде сөзінің түбірі-жүлд. Бұл тілімізде өлі түбір деп қаралады. Сондықтан да қазіргі тілімізде мұндай сөздер түбір мен қосымшаға бөлінбей, тұтас түбір сөз ретінде қолданылады.
Бопса. Қоқан-лоқы, байбалам, құр, сес. Бопсадан қорыққан жоқ. Көне. Әскерді аттанысқа шақыратын керней [Қазақ тілінің сөздігі,105]. Берілген сөздің түбірі тілімізде бопс деп қолданылмайды. Бұл сөздің түбірі болғандықтан, қазіргі тілдік қолданысымызда түбір мен қосымшаға ажыратылмай, тұтас сөз ретінде қлданылып жүр.
Қазіргі тілімізде зорға деген түбірі –зор, ға-барыс жалғауы немесе үстеу тудыратын қосымша деп талданбайды. Зор сөзі: ірі, нән, үлкен, дәу, мықты, күшті мағыналарын білдіреді. Ал енді зорға сөзі әрең, зордың күшімен деген мағынада жұмсалады.
Қазіргі тілімізде –да, -де, -та, -те жалғауының түбірге сіңісіп кеткендері мыналар: алда, әлгінде, кезде, жылда, жөнінде, қорда, баяғыда, күнде, үсте, мұнда, сонда, мұндайда, қалайда, анда-мұнда, беріде.
Әлгінде. Жаңа бір әзірде жап-жаңа. Мен әлгінде ғана келдім [Қазақ тілінің сөздігі,67]. Әлгінде ғана бір ауылға түсіп, аш -өзекке қымыз ішіп аттанған ек,-деді Қайрақбай (С.Мұқанов). Әлгінде ғана көктемнің кәусар жаңбыры жауып өткен екен, сирень гүлдеріне тамшы ілініп, ашылған күн сәулесімен жақұттай жарқырап, мың құбыла ойнап тұр (Ш.Мұртаза). Әлгінде сөзі үстеудің сұрағына жауап береді. –де жалғауы бұл жерде мекендік ұғымды білдірмейді.
Кезде. Көзбен өлшеу, метрлеу. Матаны кездеді, жер танабын кездеді [Қазақ тілінің сөздігі,295]. Сол кезде есік алдының адамдары сиреп, артта Найзабек көріне қалды. Бір кезде бойымды шамаласам, басым айналып, жүрегім өрекпіп барады (С.Мұқанов). Берілген сөйлемдерде –де қосымшасы табыс септігінің бөлінбейтіндей болып бірігіп кеткен көнелеген сөздері жатады. Мысалы, шалқасынан, жүресінен, етпетінен, төтеден, келтесінен, шетінен, лажсыздан, тосыннан, кенеттен, қатеден, т.б.
Шалқасынан. Адамның көкке (төбеге) қарап, арқамен жатқан қалпы. Төсекте шалқасынан жатыр. Айқара ашу. Есікті шалқадан ашты, шашын шалқасынан қайырған. Шалқасынан түсті-оғаш мінез көрсетіп, шарт кетті [Қазақ тілінің сөздігі ,717]. Шалқасынан жатқан кісінің бұрын шоқша сақалы жоғары қарай шаншылып селтие қалыпты (Ш.Мұртаза). берілген сөйлемдерде шалқасынан сөзін түбір мен шығыс септік жалғауы деп қарауға болмайды. Тілімізде шалқасы деп қолданыламйды. Сондықтан да –нан жалғауы түбірмен бірге айтылады.
Жүресінен. Жүресінен отыру-екі тізені бүгіп, тізерлеп отыру [Қазақ тілінің сөздігі,256]. Тілдік қолданыста жүресінен сөзінің түбірін жүресі деп қолданбаймыз. Сол себепті –нен жалғауы түбірге кірігіп кеткен.
Ғалым Ә.Төлеуов осыған байланысты: «Кейбір сөз таптарына тән белгі өздерінің объектілік қызметінен алшақтап, жалғанған сөздерінің айырылмайтын бөлшегі болып қалыптасады. Ондай қалыптасқан, орныққан морфемаларды тіл ғылымында көнелеген формалар деп атайды»,-дейді [Төлеуов,1974,42].
Тіл білімінде көмектес септік іс-амалдың құралы мен тәсілін, мекені мен мезгілін, ортақтасу мен бірлесу, астасу, ұштасу сияқты жай-күй қатынастарын және басқа әр алуан мағыналарды білдіреді. Көмектес септігінің түбірге сіңісіп кеткен сөздеріне қалпымен, жайымен, түйдегімен сөздері жатады.
Жайымен. Алаңсыз, қаннен-қаперсіз, жайбарақат. Байсалды түрде, салмақты қалпында баяу. Төрде тұрған Сұлтанмахмұт жайымен жауап берді (Әбішев). Берілген сөйлемде жайымен сөзі көмектес септік мағынасын емес, үстеу қызметін атқарып тұр. Ретімен сөзі тәртіппен, бірінен соң бірі, қатар-қатарымен деген ұғымды білдіреді. Мысалы, Жұртты төрден төмен қарай рет-ретімен орындықтарға орналастырды (Мекебаев). Жоғарыда талдағанымыздай, ретімен сөзіндегі –мен көмектес септігі түбірден бөлінбейді, яғни тұтас түбір сөз болып қолданылады.
Сіңіскен тіркестер.
Тілімізде кейбір сөз тіркестерінің мағыналық жағы күңгірттеніп қазірде бір бүтін түбір күйінде айтыладытндары кездеседі.
Қазіргі тілімізде сіңіскен сөздерді проф. А.Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі» еңбегінде кіріккен сөздер дейді [Ысқақов,1991,104]. Ғалым А.Ысқақов кіріккен сөздердің қалыптасуы тілдің дыбыстық жүйесіндегі әр қилы заңдарға байланысты екендігін айтады. Кіріккен сөздердің ішінде бас-басына мағыналары бар дербес сөздерден біріккендері де (бел-беу, бәй-шешек, сахар-асы, сегіз-он т.б.), дербес сөздермен көмекші сөздерден біріккендері бар. Бірақ осы кіріккен сөздердің ішінде салаласа құрылған тіркестерден гөрі (қолғанат, ағайын, көнетоз, шамшырақ, көнтерлі т.б.) сабақтаса құралған тіркестерден туғандары (бәйшешешек, қонағасы, қарлығаш т.б.) әлдеқайда көп кездеседі [Ысқақов,1991,105]. Кіріккен сөздің тууына, біріншіден, әуелгі жай тіркестің құрамындағы компоненттердің мағыналарының жоғалуы, екіншіден олардың формасының өзгеруі себеп болады. Мысалы, белбеу деген сөздің екінші сыңары бастапқы өз мағынасын біржолата жоғалта келе, кейін ол сөз өзінің әуелгі формасынан да айырылған [Ысқақов,1991,105]. Сіңіскен сөз тіркестерін зерттеу жұмысымызда «Сіңіскен түйдекті сөз тіркестері», «Өзара сіңіскен түбірлер», «Сіңіскен тіркестер « деп қарасытарымз. Сіңіскен түйдекті сөз тіркестеріне содан, бүйтіп, нетіп, әкел, бүгін, биыл, сөйде, неғып, апар деген сөздерді жатқызуға болады.
Нетіп- не істеп деген етістіктің қысқарған түрі. Мысалы: -Оу, айналайын Едеке, сен әлгі нетіп, менің басымды қатырма, нетіп. өлсе-өлді, нетіп... Менің сені алмастыра қоятын адамым жоқ. өліктің жанында нетіп, отырмын дегенің не, Едеке! Сен жанында отырғаннан өлген адам қайта тірілмейді ғой, деп ойлаймын нетіп (Ш.Айтматов). Берілген сөйлем көркем шығарма тілінде түбір сөз ретінде қолданылып тұр.
Өзара сіңіскен түбірлерге қарлығаш, ағайын, абысын сияқты сөздерді жатқызуға болады.
Қарлығаш сөзі қара ала құс деген тіркесінің кірігуі арқылы жасалған. Көне түркі тілінде бұл тіркес қарлығач болып дыбысталған. Ғ, л дыбыстары өзара ауысқан.
-
қанаттары ұзын айыр құйрықты, кішкене ала құс.
-
ауысп. Белгілі бір жаңалықтың, істің алғашқы бастаушысы.
Көркемөнер көгіне алғаш қанат қаққан топ қарлығаштың бірі-Елубай Өмірзақов (Бадыров). Қарлығаш қанатының ұшындай үп-үшкір боп, самайға қарай тартылған қас жүрекке шабар жендеттің жебесіндей (М.Әуезов).
Қара ала құс тіркесі мынандай өзгерістерге түскен : Элизия заңы бойынша а дыбысы түсіп қалған да, қ-ғ дыбысына, с-ш дыбысына ауысқан.
Ағайын. Ағайынмен бар, сырлас, Тегін тамақ татырмас (Жамбыл). Ал биыл ағайын өзі білмесе, балам өліп еді деп, енді жатқа телміргендей көлік сұрап жүруді лайық көрмеді. Бертінде сол Жамантайдың балас Көжекбай өзінің Құлжабай деген кедей ағайынымн жерге таласты (М.Әуезов). Бұл сөз аға және іні деген жеке сөздерден құралған. Қазірде аға-іні деген қос сөз қазақ тілінде жеке қолданылады. Кейбір түркі тілдерінде (ұйғыр, татар, башқұрт, өзбек) бұл сөз осы толық түрінде қолданылып жүрсе, қазақ, қырғыз және қарақалпақ тілдерінде фонетикалық заңға бағынып, аға мен іні сөздері кірігіп, ағайын болып өзгеріп кеткен. О баста аға-іні «жасы үлкен мен кіші ағайындар» деген мағынаны білдірсе, кейін жалпы туған-туысқан мағынасында жұмсалатын болған [Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі,20].
Сіңіскен сөз тіркестеріне мына сөздер мысал бола алады:
Айдын. Қаланың оңтүстігінде түбінен теңге көрінерліктей айдын көлі бар (Қ.Исабаев). Қараған айдын көктің жүзіне көп, мұнда да сұлулық бар өзіне ерек (С.Мәуленов). ХҮІІІ ғасырда өмір сүрген филолог Мехди-хан бірсыпыра түркі тілдерінде қолданылып жүрген айдын сөзі туралы мынадай этимологиялық талдаулар жасайтын көрінеді. Оны біз А.Щербактың жазғандарынан білеміз: айдын (айлы түн)› ай+түн. Шынында да айдын сөзі осы күнгі көптеген түркі тілдерінде айтылады: азербайжан (айдын), ұйғыр (айдың, айдын, айдун) т.б. Осы тілдердің сөздіктері бойынша, айдын сөзінің орыс тіліндегі аудармасы былай беріледі: ойлы түн, ай сәулесі, ай сәулесі түсіп, жарқырап жатқан нәрсе. Сонда бұл сөз ай+түн › айтүн › айдын болып қалыптасқанға ұқсайды. (ұйғыр тіліндегі айдун формасын салыстырыңыз) Түбір сөздегі т (түн) дыбысының д-ға айналуы оны қоршап тұрған дыбыстардың (й мен ын) әсерінен болса керек, ал ү дыбысының ы-ға ауысуы, біріншіден алғашқы компоненттегі а дыбысының жуандығына қарай үндесу болса, екіншіден ерін үндестігінің соңғы буынында әлсізденуінен болар деп топшылаймыз. Басқа түркі тілдеріндегі айдын сөзінің өзара мағынасын салыстырғанда, мынадай сияқты:
-
түнгі ай мен оның сәулесі;
-
ай сәулесінің су бетіне түсіп, шағылысқан жарығымен жарқырап (шағылысып) жатқан нәрсе;
-
беті ашық, мөлдір не айқын нәрсе;
-
белгілі бір ұғымдағы көлем. Қазіргі қазақ тілінде айдын сөзінің тек 2,3 және 4-мағыналары ғана қолданылатын тәрізді [Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі,24].
Апырай. Апырай, сенің осы бір бойыңа адам жуытпағансып сөйлейтінің қалмайды? (С.Сейфуллин). Л.Буданова: «Или апырмай вм (ай+пірім+ай) о старец мой, о, покровитель, о Боже мой (выражение изумления)»-дейді [Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі,40]. Бұл сөзді а+пыр(пір)+ым(ім)+ай деп төртке бөлшектеуге болады. Осындағы а-одағай сөз, пыр//піп-пір тұту дегендегі пір-иран тілдерінен енген «діни общинаның бастығы, магтардың әулиесі» деген мағынада қолданылатын сөз. Апырмай сөзіне жалғанып тұрған ым/ім аффиксі (апырмай болып тәуелдік жалғаусыз айтылатын түрі де бар)-тәуелдік жалғау, ай-одағай төркінді шылау. Сөз басындағы жуан айтылып тұрған шылаудың ықпалымен пір сөзі мен ім жұрнағы пыр, ым болып жуан айтылып кеткен (бұл сөз кейде япірімай болып жіңішке түрінде де айтылады).
Көкпар. Көкпарда аттан жығылған, жарылып басы, қол сынған (Ж.Молдағалиев). Қазақ тіліндегі көкпар сөзі екі сөзден құралған: көк+бөрі. Бөрі сөзі көпшілік түркі тілдерінде «қасқыр» деген ұғымда жұмсалады. Бұл сөз алтай тілінде боу; тува тілінде бөру; ноғай, татар, башқұрт, ұйғыр тілдерінде бьори, бүре, борө болып айтылады. Бурят-моңғол тілінде буруу деп бұзауды және әр түрлі тағы аңның (аю, барс, т.б.) малдың (бұғының) жылға толмаған төлін айтады. Көк көзі басқа түркі тілдеріндегідей қазақ тілінде де «заттың түсі, аспан, жас балауса шөп, жаңа шыққан жесім-желең , өрімдей жас» деген мағыналарда қолданылады. Бөрі сөзіне қосылып көк сөзі «мықты, азулы, нағыз көкжал қасқыр» деген ұғымды білдіреді. Тува тілінде көк жал қасқырды көк бору дейді. Қазақ тілінде бөрі сөзін қасқыр сөзі азды-көпті әдеби тілден ығыстырғанға ұқсайды. Бірақ бөрі сөзі тілімізден қолданылудан шықпаған, жалпыға бірдей түсінікті. Сөйтіп, көкпар сөзі көк және бөрі деген екі сөзден құралған. Бастапқы б дыбысының қатаңдап п-ға айналуына бірінші сөздегі қатаң к дыбысы әсер еткен. Екпін алдындағы түсуімен байланысты і дыбысы түсіп қалған. Алғашқыда қасқыр соғумен байланысты шыққан көкпар сөзі кейін келе ұлт ойынының түріне айналып, қасқыр (бөре) емес, көкпарға тартатын лақ, ешкі, қозы сияқты асыранды малдардың төлі болған [Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі,105].
І.2.1. Фонетикадағы фузия құбылысы.
Біздің байқауымызша, үнемдеу құбылысы тілдің бүкіл жүйесін-фонетиканы да, лексиканы да, морфологияны да, синтаксисті де қамтиды. Алайда бұл заңдылық тіл білімінде әр түрлі терминдермен аталып жүр. Мысалы, ол фонетикада элизия, апокопа, гаплология деп аталса, лексикада метонимия, морфологияда-сіңісу, кірікке сөздер, синтаксисте эллипсис, толымсыз сөйлемдер деп аталады. Түптеп келгенде, үнемдеу процесінде пайда болатын соңғы нәтиже – белгілі бір дыбыстың, буынның, сөздің, тіпті сөйлемнің қысқартылып, ықшамдалып айтылуы. Біздіңше, бытырап жүрген терминдердің барлығының басын қосып үнемдеу заңы деп атаған дұрыс. Мұның өзі бір жағынан үндесу, ұқсату заңымен лингвистикалық үндесім табады. Екінші жағынан, өте ықшам. Енді үнемдеу заңының біртұтастығын байқату үшін оның тілдің әр саласындағы көріністеріне жеке-жеке тоқталалық.
Белгілі ғалым К.Аханов өзінің «Тіл білімінің негіздері» атты кібында былай деп жазады: «Кейбір фонетикалық жағдайда дыбыстардың мүлдем түсіп қалуы элизия деп аталады. Дауыстылардың элизиясы (түсіп қалуы) сөздің тіркесінің құрамындағы сөздердің аралығындағы, сондай-ақ біріккен сөздердің құрамында да кездесуі мүмкін. Мысалы, торы ат айтылуы- торат, алты ай айтылуы-алтай, келе алмады айтылуы келалмады, қайын аға айтылуы қайнаға т.б. (Аханов, 1978,255). Келтірілген мысалдарда ы, е, а дыбыстары айтылуда түсіп қалған. Алайда бұл дыбыстар дауысты дыбыстардан басталатын сөздермен тіркескенде түспейді. Яғни бұл-уақытша өзгеріс: дыбыстардың түсіп қалуы, яки түспеуі қолданылу позициясына байланысты анықталады. Қазіргі тілдердің тұрғысынан қарағанда әрдайым осылай. Ал тарихи тұрғыдан қарағанда, кейбір дыбыстар әр түрлі себептермен элизияға ұшырайды да, бірте-бірте мүлде айтылмайтын жағдайға келеді, тұрақтанған тілдік құбылысқа айналады. Мысалы, диалектілерде ұшырайтын егер сөзі әдеби тілде ер (көлікке салт мінгенде тоқымның үстінен салатын арнаулы жабдық. Тарихи ескерткіштердің лексикасында кездесетін йегрен сөзі қазіргі қазақ тілінде-жирен қызғылт сары-көбіне жылқы малына байланысты айтылады. Бұл сөздерден г дыбысының түсіп қалуы-уақытша құбылысы емес, этимологиялық талдау барысында анықталатын тарихи құбылыс.
Элизияның бір түрі-апокопа. Мұнда сөздің соңындағы дыбыстар түсіп қалып ықшамдалады. Мысалы, «сары» сөзінің алғашқы формасы «сарығ» екені тілшілер қауымына белгілі. Тілдің даму барысында қазақ тілінде аталған сөздің соңындағы ғ дыбысы айтылмайтын болған. «Ұлық болсаң, кішік бол» деген мақалдағы «ұлық» сөзінің «ұлы» болып, «кішік» сөзінің «кіші» болып өзгеруі де апокопаның нәтижесі.
Сөз басындағы дыбыстардың түсіріліп айтылуы жергілікті говорларда да байқалады. Мысалы, «еш нәрсе қамады» деген тіркесте «қалмады» сөзінің л дыбысы түсіп қалған. Мұндай құбылысы негізінен оңтүстік шығыс говорларында ұшырасады. Сондай-ақ әдеби тілімізде жарыса қолданылатын «тарқау-тарау» сөздерін бір-бірімен салыстырсақ, қ дыбысының тұрақсыздығын байқар едік.
Сөйлеуші дыбыстау органдарына күш түсірілмеуі салдарынан дыбыстарды ғана емес, буындарды да түсіріп айтады. Бұл факті әсіресе ауызекі тілімізде елеулі орын алады. Мысалы, «болып-боп», «қалып-қап», «келіп-кеп», «барамын-барам», «көремін-көрем» т.б.
Сөйтіп, мысалдардан көрінетіндей, элизияға немесе апокопаға ұшыраған дыбыстар кейде уақытша түсіріліп айтылса, кейде толық сыңары мен толық емес сыңары жарыса қолданылады. Белгілі бір дыбыстың немесе буынның мүлдем түсіп қалып, тұрақталып орнығуы, сөз жоқ, қысқарып ықшамдалудың жемісі. Қатарласып келген екі буынның біреуінің түсіріліп айтылуы (мысалы, қайсысы-қайсы) тіл білімінде «гаплология» деп аталады.
Үнемдеу-ежелгі дәуірден келе жатқан тілдік құбылыс. Дыбыстардың, буындардың бірте-бірте түсуі сөздің формасын адам танығысыз дәрежеде өзгертіп жібереді. Үнемдеу заңы тарихи жазба ескерткіштерде де, оның диалектілерінде де өзінің ізін қалдырған. Сол ізге түсіп, түбірлердің, қосымшалардың ең алғашқы күйі қандай болғанын болжамдауға болады. Ең алдымен тілдік фактілерге назар аударалық. Орхан-енисей ескерткіштерінде, «Қутадғу билиг», «Дивану луғат-ит турк», «Мухаббат наме», «Гулстан бит-турки», «Хусрау уа Ширин» әдеби нұсқаларында мына төмендегідей дыбыс қысқарулары жиі ұшырайды.
қ,к,ғ,г дыбыстарының түсірілуі. Көне түркі жазба ескерткіштерінен бұл дауыссыздардың сөз басында түсіріліп айтылуы байқала бермейді. Сөз ортасында, сөз соңында бірде түсіріліп, бірде түсірілмей қолданылуы нәтижесінде жарысып жүрген варианттар баршылық. Мысалы:
сөз ортасында: чомғуқ-чомуқ; кергак-керак, қазғуқ-қазуқ, қағадаш-қадаш, қапғақ-қапақ, қағатыр-қатыр, қулқақ-қулғақ-қулақ, қуртға-қурта, йалбырғақ-йапырғақ, тамғақ-тамақ т.б.
ҮІ-ХІҮ ғасыр аралығындағы ескерткіштерде қ,к,ғ,г дауыссыздарының сөз құрамында бірде сақталып, бірде сақталмағанын байқасақ, кейінгі кезеңде бұл процесс тездеген, гуттурал дыбыстар көп жағдайда мүлде айтылмайтын болған. Көне нұсқалардағы тілдік фактілер қазақ тілімен салыстырылғанда бұл өзгерістердің сипаты айқындала түседі: буғра-бура, буғдай-бидай, күргәк-күрек, оғры-ұры, оғуз-уыз, тоғра-тура, тумағу-тұмау, игнә-ине, қағун-қауын, қуғу-қу, тарғақ-тарақ, қулғақ-құлақ, қуруғсақ-құрсақ, қуруғсақ-құрсақ т.б. Уақыт өте келе адам организмінің табиғи өзгеруі, тіл арты дауыстылары мен дауыссыздарының тіл адына қарай жылжуы гуттурал дыбыстарды ығыстырды, бұл процесс келешекте де жалғаса береді.
қ,к,ғ,г дыбыстары сөз соңында, сөз ортасына қарағанда, көбірек түсіріліп айтылған. Бұл құбылыс ХІІ-ХІҮ ғасырларда түркі тілдерінде мықтап орын тепкенге ұқсайды. Қазіргі тілдерде сан жағынан әлдеқайда артқан.
Н,ң дыбыстарының түсірілуі. Ежелгі дәуірде түркі тілдерінде бұл дыбыстар сөз басында қолданылмаған. Сондықтан н мен ң сөз ортасында , сөз соңында ғана элизияға ұшыраған. Сөз ортасында да н мен ң түсе бермейді. Жұрнақ, жалғау қосылғанда ғана кейбір түбірлерден бұл дыбыстардың түсіп қалатыны байқалады: қандаш-қадаш, туйнақ-туйақ, анлар-олар, т.б.
Өлі жұрнақ. Көптеген жұрнақтардың түбірін табу қиын. Анықтап зерттесе ғана түбірін ажыратуға болады. Мысалы, сын есімнің жұрнақтары тег-тег-тек-ата тегі. Оны салыстыра қарастырса, -тағ,-дағ түріне апаруға болмас еді. Сондай-ақ , басында бір сөзден, яғни бір түбір тұлғадан жұрнаққа ауысқанда олардың түрі көбейеді. Етістік бір түбірден жұрнаққа ауысқан түбір екеу екені бірден көрінбейді. Айталық, қас+қыр деп бөріні атаса, малға шабады-мыс деген ұғымнан шаққанын білеміз. Мұның екі түбірі де айқын. Ұш-қыр дегенде, жаңағы қыр жұрнағына толық үйлестік бар екені көрінеді. Дұрысы олай емес, мұның екі компоненті де өзгерген ұс (ас) және қар. Ұш-құстың ұшуы емес пе? Сол ұшудан алынған, ол-рас. Бірақ ұш түбірінің көнесі ұс, арғы тегі-ас, -қар жұрнағы жоғарыда айтылған қар, қарай, қару, ар.
Сөз тудырғыш жұрнақтар негізгі екі арнадан шыққанын айта кету керек. Біреуі басқа сөздердің шылауына ере жүре мағынасын жоғалтып түрленген. Бұлардың жұрнаққа айналу жолдары негізінен сыбайлас. Ал, жұрнақтың өзгеруі сан қилы. Сондықтан тақыр тақ+йер (тақ+дер) тақыр жер ме? Болмаса, тақ+қыр ма? Осы сияқты жалаң түбірлер мен қатар есім сөздер етістік түбірден жұрнақ арқылы жасалатынын айта келіп, М.Қашқари бұрын ешкім айтып көрмеген, қолданылмаған жаңа қағида шығарды. Жұрнақ арқылы сөз жасаудың жаңа жолын тапты. Сөйтіп ол жоғарыда саналған он екі (шынында 22) варианттарын қоса, онан да көп жұрнақты жеке-жеке көрсетті. Енді сол жұрнақтарды қарастырайық.
М.Қашқаридың диванындағы өлі жұрнақтар. Бұған бүкіл дауысты дыбыс жұрнақтары айтылуымен бірге, олардың қатысы бар жұрнақтар арқылы етістік түбірден жаңа сөз жасайтын аффикстер түгел кіреді. Мысалы, білге-білгір сөздерінің түбірі біл-деген етістік дейді. Олай болса, түбір-біл болады да, жұрнағы –ге, мұны арабша –ға деп жазады да, -ға –ның а дыбысын өлі деп санаған. Шырыч-ға, түбірі-шыр дөңгелек кесе, шыны), татыр+ға, түбірі –тат (таза, тақыр), чег+р+ке, шек-шегіртке. Мұнда +ға, -қа, -ке жұрнақ екені бізге аян, бірақ М.Қашқари диуанындағы реестр сөздерді алфавит тәртібіне құрмай, дыбыс санына, әріп санына, сөз таптарына құрған. М.Қашқари етістік түбіріне қосылған сөз тудырғыш жұрнақтың соңғы дауысты дыбысын жұрнақ белгісі еткен. –ке, -ге жұрнақтарының е дауыстысына мысал ету үшін диуанда үк түбірінен үке деген сөзді беріпті. өзбек тіліндегі ака, қазақ тіліндегі еке (Би+еке, Тас+еке) осы үке –ден шыққанға ұқсайды. Мұның арғы тегі ақа (аға). Егер осы сөздің соңындағы а жұрнақ болса, оның түбірі өк, өг (ой) ақыл мағынасында қолданған деген пікір туады. Бірақ осындағы мысалға қарағанда, М.Қашқари диуанында тек қана дауыстыға біткен –ма, ме ба, бе, па, пе , қа, ға, ке, ге, кі, гі, лы, лі деген жұрнақтарды әліп жұрнағы деп белгілеген.
Етістік түбірінен жұрнақтары арқылы жасалған сөздерді топтастыруы ашық қалып отырады. Қылынышланма (қыл+ын+ыш+ла+н+ма) деген сөздің морфемаларын жіктесек: қыл-түбір етістік, -ын –ырықсыз етіс, -ыш қимыл атауының жұрнағы, -ла етістіктің бұйрық рай жұрнағы, -н ырықсыз етіс, -ма етістіктен есім жасайтын жұрнақ. Сөйтіп, бір түбірге қат-қабат жалғанған бес жұрнақ бар екен. Бұл алуандас сөздер диуанда баршылық. Мысалы: юм+ыр+т+ға үш жұрнақты болса да, М.Қашқаридың түсінігінше, өлі жұрнақ тобына кіреді. М.Қашқари дәуірінде осылай топтастыру дұрыс десек: қарын+ча а жұрнағы тобына жатады да, қарын+чак қ жұрнағы тобына жатады. Сөйтіп бір жұрнақ екі топқа жарылады. Мұның қолайсыздығы міне осында. Осының өзіне де былай болуы оңайға соқпаған. Сондықтан да ол :-Осы сөздік түбіме жетті (өмірімнің ақырына жеткізді),-деп, қынжылған. өлі жұрнақ тобындағы жұрнақтардың жайы міне осындай. Есте болатын жай, жұрнақтың тегін іздегенде, ешбір жұрнақ жалаң дауыстыдан жасалған емес.
Т жұрнағы. Етістік түбірден есім жасайтын –т жұрнағы туралы бар болғаны качт (қаш) –қач+ды, кідз-кідзт (қазақша-киіт қою) мұның түбірі –қи қиг.
М.Қашқари диуанында бұл жұрнақ арқылы жаңа сөз жасалуда –ат, ет, ыт, іт, т тұлғалары түгел қамтылған. Мысалы: тіг, тігіт, тігу етістігінен, чығ-шығыт (шығу), түб (түп)-түбіт, сығ (сық)-сығыт (сықпа, сығынды), құр-құрт, көч-көчет, у-уыт, өл-өліт (өлітші-өлтіруші) тағы басқалары іт дыбысына аяқталатын жұрнақтар, бірақ бұлардан кейін келетін қосымшалар өте көп. Ондайлар М.Қашқари диуанында жиі ұшырайды. Мысалы, ұлтланды, үгітілмек, өл-өлтілмек (өлтіріспек) деген қоысмшалар қосыла береді.
Ч жұрнағы. Етістік түбірге –ч –жұрнағы қосылу арқылы жасалғандар. Мысалы: көм+ач, немесе көм+аш. Калач тайпа аты-қал+аш, бұл сөздердің түбірі –көм, қал етістігі. Өт етістігінен өт+ін болып, одан әрі ч жұрнағын қосу нәтижесінде өтініч, өк+ін+ч, ау+ын+ч, ем+ін+ч тағы басқа туынды сөздер жасалған. Тексте: ол анар өкініч қылды делінген. Бұл ч жұрнағы мен ш жұрнағының жігін айыра білу керек. Оларды бөлудің негізгі үш жолы бар. Біріншіден, ч мен ш біріне-бірі –жақын дыбыстар болса да, бірі –аффрикат, екіншісі жалаң. Екіншіден, М.Қашқари сөздігіндегі сан есімдердің реттік түрі ч дыбыстары арқылы айтылған. Мысалы, онынчы-онынч. Үшіншіден, көне түркі тілдерінде бұл жұрнақтың ш түрі басым болып отырады. Басқа түркі тілдерімен салыстырғанда, азырақ қолданылатын қазақ тілінің өзінде де ч –ні кейбір жерлерде, әсіресе, албан, суандар (шал дегенді чал, шақ дегенді чак, шөл дегенді чөл, шым дегенді чам деп сөйлеу тілінде) әсіресе анлауытта жиі қолданылатыны бар. әдбеи тілге әсер ете алмаса да, бұл фактіні бекер дей алмаса керек. өйткені әдеби тілдегі ш-ның қолданылуында қандай заңдылық болса, бұл ч-ның айтылуында да сондай заңдылық әрі оның тарау шегі бар.
Ш жұрнағы. Сөз жасауда ш-ең өнімді жұрнақтың бірі. Ш жұрнағына мысал етіп: біл-біліш, ұр-ұрыш, тұқ-тұқыш сөздері көрсетілген. әрине ш/с дыбыстары түркі тілдерде ауыса беретінін, ал бір тілдің өзінде ш/с жұрнақтары есімнен гөрі етістіктің етіс формасына тым бейім екенін ескерген жөн. Мысалға күрес, ұрыс, шығыс, мініс дегендерді алсақ, есім сөздерге жақын, сол үшін оларды көптеген авторлар есім деген. Солай-ақ болсын. Бірақ, оның өзінде, яғни Махмуд Қашқари заманынан бері тоғыз ғасыр өтсе де, ортақ етістіктен ажырап кете алмауы бар емес пе? Неге бұлай?
Мысалы, ұр етістігінен ұр+ыс есімі жасалған екен. Мұның екі мағынасы бар: бірі: -соғыс, таяқпен ұрыс, екіншісі ұрыс, ұрысты, сөзбен ұрысады. Аз да болса, дыбыстық жарықшақ кіре бастаған. Алдыңғысы-бір құрал алып ұрысу, соғысу, сол баяғы күйін сақтаса, соңғысын –сөзбен ұрысады маған-деп, жұрнақтағы қысаң ы – дыбысы түсіріліп айтылу нәтижесінде іргесін аулақтата бастаған. өйткені, тіл-тілдің бәрі де омонимнен аулақ болғысы келгенде дыбыстық, тұлғалық дифференцияны қолданады. Ортақ етіс жасағысы келсе, ұрысады болады. Сөйтіп бірі –ұрыс, екіншісі-ұрс болып бөліне бастаған екен. Осылай бола тұрса да, ортақ етістен ажырап кетті дей алмаймыз. Өйткені бұлардың көпшілігі обьект, субъектісін дараламай, екі, онан да көп болуын талап етеді. Мысалы, күрес –кіммен, немен деген сұрауды ойымызға салады. Шығыс, неден деген орын туралы ұғымнан ажырамайды. Ойнап қырға шығысты дегенде , екі батыр бір төбеге шықса да, екеуі екі төбеге шықса да мейлі, екі жақта біріне-бірі қарсы шықса да бәрібір- екеуінің әрекетін ұластыруға дәнекер –осындағы ыс жұрнағы. Қорытып айтқанда, бұл жұрнақ есімде де, етістікте де қалайда аралас қатыстықты білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |