2. Кеңес әскерлерін Ауғанстанға кіргізу үшін қиын шешім



бет1/5
Дата23.02.2016
өлшемі432.5 Kb.
#9707
  1   2   3   4   5
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.О. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

тақырыбы: КЕҢЕС – АУҒАН СОҒЫСЫ ”.
ОРЫНДАҒАН: Г. Акимова «Тарих, құқық және экономика негіздері»

мамандығының, IV – курс студенті
ҒЫЛЫМИ ЖЕТЕКШІСІ:

т.ғ.к., Абдухаимов Е.Ф.


ҚОРҒАУҒА ЖІБЕРІЛДІ:

КАФЕДРА МЕҢГЕРУШІСІ

т.ғ.к., доцент________________ШАБАНОВ Е.И.

ШЫМКЕНТ 2006 жыл



КЕҢЕС – АУҒАН СОҒЫСЫ
ЖОСПАР
Кіріспе …………………………………………………………………..……….
I-тарау.

Сәуір төңкерісі

1. 1978 жыл. Сәуір төңкерісі

2. Кеңес әскерлерін Ауғанстанға кіргізу үшін қиын шешім

3. Б.Кармаевдің Ауғанстан үкімет басына келуі

4. КСРО әскерлері Ауғанстанға енді

II -тарау.

КСРО әскерлерінің Ауғанстаннан шығуы

  1. Моджахедтер

  2. КСРО әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының I – кезеңі

  3. Женева келімісі біржақты орындалуда

  4. КСРО әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының II- кезеңі



Қорытынды ……………………………………………………………..…..….

Библиографиялық көрсеткіштер тізімі

Әдебиеттер

КІРІСПЕ


20 жылдан аса уақыт бұрын КСРО Қарулы әскери күші Ауғанстаннан шығарылды. “Ауған соғысы” жөнінде өте көп мақалалар жазылды. Кеңес Одағы тарағаннан кейін бұл соғыс жөнінде шындыққа жақын деректер Ресей баспаларында көп басылғанымен, ақиқат әлі де көпшілік құлағына жеткен емес. Бұл соғыстың жарық түсірілмеген жерлері әлі көп. Көп сұраққа әлі жауап жоқ. “Ауған соғысы” жөнінде бірін бірі жоққа шығаратын деректер де өте көп. Авторлар біріне бірі жарыса бұл соғысты біресе ақтап біресе даттап жатады.

КСРО тарағанға дейінгі басылымдар көбіне бір жақты болып, ауған қасіретіндегі шындық бүркемеленіп, көбіне КСРО позициясы жақталып жазылған деректер көп болды. КСРО тарағаннан кейін де кейбір мәліметтер халыққа ащы шындығымен жете бастағанда, халық қайсысына сенерін білмей қалды. М.Горбачев тұсында демократияға сенген академик А.Сахаровқа ұқсаған батыл тұлғалар бұл соғыс жөнінде бет пердені ашып, кінәлілерді халыққа танытқысы келді. Бірақ кеңестік насихат әбден мойын сұнған, оған қатты сеніп, оның әрбір әрекетін тек қана дұрыс деп түсініп келеген КСРО халқы оларды түсінбеді.

Л.И.Брежнев өлгеннен кейін шындыққа жақын жазылған мақалалар оқиға шын баға беруге тырысты. 1990 жылы Мәсекуде басылым көрген. Ф.Бурлацкийдің “Вожди и советники” деген кітабында автор “ауған соғысына қатысы бар КСРО басшыларының іс әрекеттерін баяндайды. Кітаптың КСРО заланында жазылғанын ескерсек бұл кітаптағы деректер де автордың өз көзқарастарына негізделіп, Ю.Андропов, генерал Н.Огарков т.б. сияқты кейбір жоғары лауазымды басшылар жөніндегі пікірлеріне шығатын сену күмәнді.

1990 жылы Мәскеуден шығатын “Армия” әскери журналының бірнеше сандарында “ауған мәселелері” жөнінде деректі повестер жарық көріп, халыққа “ ауған соғысының” кейбір эпизоттары мәлім болды. Өкінішке орай ол жылдары да нақты шындықты айтуға бола бермейтін кез болатын. Осы журналда “үздік еңбек” деп танылып, КСРО қорғаныс Министрінің сыйлығына еге болған А.А.Ляховскийдің “На афганской выжаненный земле” деген мақаласы жарық көрді. Автор мақаласын ресми деректермен толықтырып, шындықты бейнелегенімен, ол деректер өте аз және көпшілікке мәлім жайттар болды. Тек қана арада бірнеше жыл өткеннен кейін автор бұл мақаласын толықтырып жеке кітап етіп бастыра алды.

Генерал – майор А.А. Ляховский тарихшы немесе журналист емес, кәсіби әскери қызметкер. Ол Ауғанстандағы соғысқа тікелей қатынасып, соғыс суреттерін өз көзімен көрген адам А.А.Ляховсикй ұзақ жылдың КСРО қарулы күшінің Бас штабында қызметте болып. КСРО әскерінің Ауғанстандағы өткізген жылдарында ондағы КСРО оперативтік соғыс әскери тобының бастығы Армия генералы В.И.Варенниковтың көмекшісі болып қызмет атқарды. В.И.Варенников өз кезегінде сол кездегі әскери – соғыс күшінің Бас қолбасшысы Д.Наджибулланың әскери кеңесшісі болған. Осы деректен А.А.Ляховский Ауғанстандағы соғыстың көптеген қараңғы ноқталарына жарық түсіріп, көпшілікке бұл соғыс жөнінде сенімді көрініс бере алды.

Соңғы уақыттарыда “ауған оқиғасының” куәсі болған басқа да бірнеше адамдар ауған шындығының бетін ашуда. Мысалы кезінде Ауғанстан премьер министрі болған Х.Аминнің, Ауғанстан Сыртқы Істер Министрі болған Ш.М.Дустардың кеңесшісі болып қызмет атқарған кеңес дипломаты В.С.Садрончуктың 1996 жылдан бастап “Азия и Африка” журналының беттерінде ұзын уақыт “Афганстан при Б.Кармоле и Наджибулле” деген деректі мақаласы басылды.

Бұлардан басқа аталмыш журнал беттерінде В.Москоленко (“Остановить кровопраштие”), В. Коргун (“Б.Кормоль”) В.Беляков (“Афганский бумеранг”), Р.Сикаев (“Поштический облик афганской диаспоры”) т.б. авторлардың мақалары шықты.

Жалпы “ауған соғысы” жөніндегі мақалалар өкінішке орай авторлары орыстар болып, Ресей басылымдарында жарық көріп, қазақ авторлары мен басылымыдары өте сирек кездеседі.

Қазақ авторларының ішінде 1996 жылдан бері нақты деректерді пайдаланып “ауған соғысына” ептеп жарық түсіріп жүрген, анда-санда “Егемен Қазақстан” газеттерінде аз көлемде ғана басылып тұратын Болат Майлан деген қазақ авторы “ауған соғысына” жалпы тоқталмай, соғысқа кеңес әскерлері қатарында қатынасқан азғантай (салыстырмалы түрде) қазақ жауынгерлерінің сол соғыс кезіндегі, одан кейінгі тағдырларымен шектеледі. Б.Сайлан әзірше ізденіспен ғана шектеліп, әлі өз еңбегін тарихи кітап етіп бастырған емес. Сол себепті қазақ авторының еңбегі жасалған диплом жұмысына қолдануға жеткіліксіз болып, жұмыс негізіне көбіне Ресей авторларының еңбектері пайдаланылды.



I-тарау
Сәуір төңкерісі
1978 жыл. Сәуір төңкерісі
1978 жыл, 27-сәуірде (ауған жылнамасында 1357 жыл, 7 – сәуір) Ауғанстанда бір топ офицерлердің басшылығымен сол кездегі мемлекет басындағы М.Дауд шах режимі құлады1. Бұл әрекет әлем жұртшылығына – төңкеріс деп жарияланды. Төңкерісті жасағандар маркстік – лениндік ұрандармен қаруланған Ауғанстан халық демократиялық партиясы (АХДП) мүшелері негізінен әскерлерден құралған азғантай топ, бұрын тәжірибесі болмағанына қарамастан, жәй халықтың көмегінсіз тек қана өз мүмкіндіктерін, қызмет бабын пайдалану арқылы ғана өз мақсаттарын іске асыра алды.

1973 жылы Ауғанстанның бұрынғы патшасы Захир Шахты тақтан тайдырып, үкімет басына келген М.Дауд2 АҚШ пен де, КСРО мен де бірдей саяси қатынаста болды. М.Дауд туралы саяси әлемде «америкалық темекісін кеңестік сіріңкесімен тұтатқан адам» деген сөз тарады. Сыртқы саясатты М.Дауд Батыс пен Шығыстан бірдей ұпай жинауды көздеді. Ішкі саясатта ол өзін үкімет басына әкелген күштерге уәде еткен әлеуметтік реформаларды жүргізудің орнына, халық күткен демократиядан бас тартып, керісінше демократиялық козғалыстарды басып тастауға әрекет етті. Партия қайраткерлерін қудалау басталды3.

АХДП басшылары әсіресе Б.Кармольдің идеясы бойынша Дауд үкіметің құлату әрекеттерін пландай бастады. План бойынша шешуші көтеріліс 1978 жылдың шілде айына белгіленді. Алайда осы жылдың 17-сәуірінде АХДП «Парчан» фракциясының жетекші идеологі саналған А.Хайбардың Дауд үкіметі тарапынан өлтірілуі бұл планның мезгілінен бұрын іске асуына жағдай туғызды4.

А.Хайбардың өлімі АХДП – ның ашу – ызасын туғызды. АХДП басшысы «Хальк» фракциясының өкімі Н.М.Тараки және АХДП Орталық комитеті басшысы Б.Кармаль бастаған 15 мыңнан аса адам АҚШ елшілігі алдында «АҚШ Дауд режимінің қолдаушысы» деген ашулы айыптаулар айтып шеру өткізді.

А.Хайбар жерленгеннен кейін Кабулде демократиялық күштерге қарсы репрессия басталды. 24-сәуір күні Кабулдегі АҚШ елшісі Д.Эллиот пен М.Дауд арасында жасырын кездесі өтіп, АҚШ елшісі Даудке солшыл күштерді қатаң жазалау керектігін ескертті5. АХДП басшылары Н.М.Тараки, Б.Кармаль, Х.Амин, Д.Пандишери, А.Сафи т.б. «конститутцияны бұзды» деген айыппен тездетіп тұтқынға алуды талап етті.

26-сәуірде аталмыш адамдар Х.Аминен басқасы түгел тұтқынға алынды. Н.М.Таракидің және басқадлардың түрмеге түскенін білген Х.Амин Кабул мунициполитетінде қызмет етуші М.Факир және Ауғанстан Әуе әскери күштеріндегі офицер С.М.Гулабзой арқылы көтеріліс планы тараптастарына жеткізді.

Сол күні (26-сәуір)6 Ауғанстандағы барлық әскери бөлімдерде коммунистердің басып тасталғаны тойланды. Ауғанстан Қорғаныс министрі М.Х.Расули мерекелік той дастарханына қоса көңілді мерекелік бағдарлама ұйымдастыруға бұйрық берді. Осы жағдайды пайдаланған АХДП мүшелері көтеріліске дайындыққа кірісті.

План бойынша АХДП мүшелері 4-танкистер бригадасының штаб бастығы М.Рафи, батальон командирі М.А.Ватанжар және Ш.Маздурьяр т.б. басталған танкілері оқ жауды.

Кабульдің әрбір түпкірінде, әуе - әскери күштері арасында АХДП – ның ұйымдастырумен ұрыстар болды. Президент сарайы алынды. М.Дауд өзінің жақындарымен қоса өлтірілді7.

Өкімет басына АХДП келді8. Кабул халқы және басқа Ауғанстан уалаяттары АХДП- ның өкімет басына келуін жайбарақаттықпен қабылдады. Бұған бір жағынан олардың саяси сауатсыздығы, екінші жағынан оқиғаны тек қана М.Даудты биліктен тайдыру процессі деп қана бағалауы себеп болды. Қалай болғанда жалпы халықтың тыныштық әрекеті АХДП ға жақтастық емес, оқиғаны дұрыс түсінбеушілігінен туған құбылыс болды.

1978 жылы 27-сәуірдегі Кабульдегі төңкеріс әскерлер тарапынан да жағымды қабылданды. «Хальк» және «Парчон» фракцияларының ауған Армиясы ішіндегі ұйымдары М.Даудке жақтас аға офицерлерді қарусыздандырды8.

М.Дауд режимінің оңай құлатылғаны АХДП – ның басшыларына жеңіс эйфориясын, өздеріне деген сенімділік сезімін туғызды. Популистік ұрандар көбейді. Көптеген іске асылуы мүмкін емес проектілер жарияланды. Жалған уәделер насихатталды.

Жаңа режим басына келген Н.М.Тараки үкіметі өзінің мемлекеттік саяси істерінде негізінен КСРО-ға арқа сүйеді9. Өз кезегінде КСРО Ауғанстанға көмегін өте көлемді мөлшерде белгіледі. Олардың ішіндегі ең негізгісі әскери көмек болды.

Ауғанстандағы сәуір төңкерісі «ислам және демократия принциптерін» қорғау үшін жасалды деп жарияланғанымен, іс жүзінде АХДП өкімет басына келісімен ақ рухани – діни өкілдердің үстіне қатты бақылау орнатылды. Діни басшылар, халық, ру, тайпа ақсақалдарын режимге қарсы деген жаламен репрессиялау басталды.

1978 жылы шілдеде «демократиялық және антифеодальдық іс-әрекеттерге» қарсы алғашқы әскери қарсылық басталды10. Бадахшан, Башан, Кундар, Пактия, Нангархар уалаяттарында жергілікті помещтиктік-феодальдық топ басшылықтарын елеулі мақсаты айқын алғашқы қарсылықтарды өрістетті.

КСРО аналистиктері Ауғанстандағы сәуір әскери төңкерісін армия мен ұсақ буржуазияның азғантай тобының көтеріліс нәтижесінен болған әскери өзгерісі деп қарағанымен, ауғанстан өкімет басына солшыл ниеттегі АХДП-ның келуіне қуанғандарын жасыра алмады11.

Батыс эксперттері М.Даудтың құлауын өздерінің нақты дәлелдері болмаса да КСРО – ның арнайы құпия қызметі (спецслужба) қолымен істелді деген пікірді қолдады. Бұған дәлел ретінде төңкерістің алғашқы күндерінде Б.Кармальдің үнді журналистеріне айтқан «Ресей бұл жерде төңкеріс болуын қалады» деген сөзі себеп болды12.

Ауғанстанда АХДП режимінің басталуынан бастаған КСРО өз көмегін жан жақты күшейтті13.

АХДП – ның үкімет басына келген алғашқы күнінен бастап, бұл партияның бір мемлекетті басқарып әкететіндей тәжірибесі де, арнайы білім деңгейіде де жоқ екені белгілі болды.

Ауғанстандағы жаңа өкімет халықпен, діни адамдармен, әртүрлі ру, тайпа көсемдерімен тіл табыса алмады. Ал бұл екі фактор халыққа әсер етуші негізгі күш болатын.

КСРО мемлекетінің берін жатқан өлшеусіз көмегіне әбден сүйенген АХДП басшылығы өздерінің мақсаттарын халыққа еріксіз таңып, Ауғанстандағы жаңа режимді тоталитарлық, авторитарлық режим жүйесіне бұрын бара жатты. Бұл режим халықты қорқытып, үркітіп, күштеп билеуге тырысты.

Ауғанстан демократиялық Республикасы (АДР) Төңкеріс кеңесінің алғашқы указдарына сәйкес үкімет және сот ұйымдары белгіленіп, жаңа губернаторлар, корпус және дивизия командирлері тағайындалды. Бұрынғы үштүрлі мемлекет байрағы біртүсті, Кеңес Одағының мемлекеттік байрағындай, қызыл болып, Ауғанстан мемлекеттік гербі жасалды14.

АДР мемлекет басшысы және премьер министрі болып Н.М.Тараки, оның орынбасары болып Б.Кармали сайланды. Премьер министрдің бірінші орынбасары және АДР сыртқы істер Министрі (СIM) болып -Х.Амин, Байланыс министрі болып – майор М.А.Ватанжар, подполковник А.Кадыр – Қорғаныс министрі, майор М.Рафи - Әлеуметтік қызмет министрі болып тағайындалды15.

1978 жылы мамыр айында АДР жаңа өкіметі КСРО мен әскери келісім шартқа отырды16. Алғашқы келісімде олардың саны 400 адам көлемінде болғаны мен, кейіннен сансыз есе көбейді.

Кеңес Одағынан жіберілген кеңесшілер корпусы «дағдарыс» кезеңінің тәртібіне сәйкес тек қана СОКП басшыларының есіткісі келетін жағдайды ғана баяндап, іс жүзінде ауған жағына ақыл-кеңес беру жұмысшысын емес, АДР өкімет және партия басшыларының тікелей міндеттерін өздері атқарды. АХДП – ның барлық түрі СОКП – ның копиясына айналып бара жатты.

1978 жылы 30- қараша «Жер туралы» Төңкеріс Кеңесінің указы шықты. Алайда жер реформасы халық күткен нәтиже әкелген жоқ17.

1978 жылы қазақ айында АДР өкіметінің әйелдер үшін арнаулы декреті шықты18. Әйелдер ер адамдармен тең құқылы деп жарияланды. Қалыңмал жойылды, жастай үйленуге тыйым салынды. Сауатсыздықпен күрес негізінде әйелдер күштеп сауат ашу курстеріне тартылды. Алайда бұндай әрекеттер сауатсыз, қараңғы ауған халқытарапынан олардың жеке өмір заңына қол сұғушылық деп танылды, қарсылықтарын туғызды.

АДР режимі исламның суннит шиит екі ағымының суннитін жақтап шииттер (исмаиидтер) қуғынға ұшырады. Шриттердің беделді азаматтары діни өкілдері, ақындары, талантты адамдары өлтірілді.

Діни басшыларға, молдаларға қарсы жаңа режимнің репрессиялық қадамы олардың қкіметке қарсы күштерді ислам туы астына біріктіріп, АХДП ға қарсы күреске итермелеулеріне себеп болды.

Іштегі оппозицияға қарсы жазалаушылық саясат басқындар санын көбейтті. Туыстары мен балаларының амандығын ойлаған адамдар, бүкіл отбасы, кейде бүкіл қыстақ түгел мемлекетті тастап кетіп жатты. Тек қана 1978 жылы Пакистанға 110 мың адам кетті, ал 1979 жылы олардың саны 750 мыңнан асты19.


Ауғанстандағы сәуір төңкерісінің пайда болуына себеп болған негізгі қозғаушы кұш - АХДП 1965 жылы 1- қаңтарда құрылды.20 Оның құрамына жазушы Н.М.Тараки, министрлікте жоғары қызметте істеуші чиновниктер Б.Кармаль, Ш.М.Дост, офицерлер М.А. Хайбар, М.Т.Бадахмин т.б. кірді. АХДП құрылуына СОКП тікелей жәрдем етті. Партияның алғашқы құрылтай съезі Н.М.Таракидің үйінде жасырын түрде өтіп, АХДП орталық комитеті (ОК) сайланды, оның құрамы, мақсаты, міндеті белгіленді. Партияның бас хатшысы болып Н.М.Тараки, АХДП ОК хатшысы болып, Б.Кармаль сайланды. АХДП ОК мүшелігіне 7 адам Н.М.Тараки, Б.Кармаль, С.М. Кештманд, С.М. Зерай, Ғ.Д.Пашери, М.Т. Бадахши, Ш.Шахпур кірді. АХДП баспа орталық ұйымы – «Хальк» газеті шығарылды. 1966 жылы АХДП бағдарламасы осы газетте жарияланды21.

АХДП құрылғаннан бастап оның басшылары Нур Мохаимад Тараки мен Бабрак Кармаль арасында басшылыққа талас әрекеттер пайда болды. Н.М.Тараки оқыған сауатты адам болғанымен, қарапайым, көшпелі халық өкімі болғандықтан, төменгі топ өкімі саналды, ал Б.Кармаль парламент депутаты, кезінде патша тұқымдары ханзадалармен, М.Дауд т.б. жақын қатынаста болған, ауқатты, зиялы отбасынан шыққан, буржуазия өкілі болғандықтан жоғары топ өкілі саналып, бұл екі басшылық партия келешегіне, саясатына көзақарастары әртүрлі болды. Мысалы Б.Кармаль партия іс-әрекетін ашық түрде істер, халықтың сауатын, білімін, мәдениетін, саяси деңгейін көтеру үшін ат салысуды көздеді. Листовкалар, төңкеріс мәтініндегі әдебиеттер атартуға қарсы болды. Негізіен көбірек шеру, минингілер ұйымдастырып, онда партия лидерлері халықтың көзін ашып, сөз сөйлеп, халықты соңына ертіп алулары керек еді. Н.М.Тараки керісінше, түгелдей жасырын күрес жолын ұстап, партияны коммунистік деп жариялап, керек болған жағдайда орталық комитет эмиграцияда жасап ір әрекет етуін қалады. Себебі патшалық монархияға қаралауға әкелді деп түсінді.

Партияға жаңа мүшелер қабылдау кезінде Б.Кармаль олардың топтық түріне қарамай, олардың ниетіне, іс әрекетін бағалауды жөн көрсе, Н.М.Тараки партияға жоғары топ өкілдерінің алынбауын қалады22.

1966 жылдың кезінже Б.Кармаль мен Н.М.Тараки арасының келіспеуі негізінде АХДП екі фракцияға бөлінді23. Б.Кармаль бастаған топ «Парчон» (Байрақ) аталып оған АХДП ОК мүшелерінен Ғ.Д.Панджери, Ш.Шахпур, С.А.Кетманд қосылды. Н.М.Тараки бастаған топ «Хальк» (Халық) аталып, оған АХДП ОК қалған мүшелері қосылды.

«Парчан» басқа да билікке таласушы саяси күштермен үтымды келісім жасай отырып тезірек билікке жетуге ұмтылды. «Хальк» өз кезегінде бұндай келісімдерден бас тартып, бітіспес төңкерістік социализмге бет бұрды24.

«Парчалистер» негізінен ауқатты отбасынан шыққан, зиялы, оқыған адамдардан құралды. Олардың басшысы Б.Кармальдің әкесі армия генералы болған адам «Парчамистердің басым көпшлігі пуштун» ұлтынан болғанымен, олардың қатарында басқа да ұлт өкілдері болды. Олардығ көпшілігі қала тұрғындары болып, көбі Батысша, АҚШ, ФРГ мемлекеттерінде оқып білім алғандар болды. Кабульде, КСРО да білім алғандары да көп болды. «Парчалистер» ұстанды іс әрекетті қолдады. Олар өздерін теориялық түрде нағыз дайындалған төңкерісшілер деп санады.

«Хальктер» – негізінен пуштундар болып, көбіне кедей отбасынан шыққан, жартылай пролетариат өкілдері саналған ұсақ қызметкерлер, саудагерлер, көшпелілер, диқандар, қолөнершілер, әскерлер т.б. тобы болды.25 «Парчанистерге» қарағанда бұлар төмен отбасылардың қатарында болды. Бұлар көбіне салшылдықты, экстремизмдің қолдады. Бұлар да өздерінің нағыз төңкерісшілер санап, «парчанистерді буржуазия мддесін қолдаушылар деп түсінді.

АХДП – ның бөлінуі онжылдан аса уақытқа созылды. Бұл құбылыс Ауғанстанның демократиялық қозғалысына кері әсерін тигізді26.

СОКП ОК Н.М.Таракиді жақтады. 1970 жылдары КСРО да Н.М.Таракидің «Жаңа өмір» атты кітабы басылып «Ауғанстанға жөнелтілді»27.

1973 жылы 17- маусымда Ауғанстанда монархия құлатылу процесіне АХДП ның екі фракциясы да өз үлестерін қосты28.

Халькист – коммунистер офицерлер А.Кадыр, А.Ватанжар, С.Гулабзой, және парчанистердің де көптеген белгілі қайраткерлерін ұтымды пайдалана білген М.Дауд монархияны таратып, өзін Ауғанстан республикасының президенті деп жариялады29.

1973 жылғы өкіметтің орталық комитетіне парчанистерден 3 адам, халькистерден 1 адам мүше болып сайланды.

Ауғанстан Республикасының президенті қызметіне кіріскен бойда М.Дауд АХДП басшыларына өз өкіметінің әлеуметтік реформа жүргізетініне, модернизация бағдарламасын жасайтынына, Кеңес Одағымен тығыз байланыста болатынына сеніммен уәде берді30. Алайда М.Даудқа парчамистердің ұсынған жолдары мен көзқарастары, ауған қоғамын қайта құру жөніндегі пікірлері мүлде жат болды. Сондықтан ол бұндай пікірдегі адамдардан тезірек құтылуға асықты. М.Дауд өте айлакерлік тәсілдермен өзінің парчанистік бұрынғы одақтастарын басқа жұмыстарға ауыстырып 1976 жылы өз айналасын түгел тазартты31. Ал өзінің өкімет басына келуіне тікелей көмектескен офицерлер ешқандай елеусіз қалды. Кейінірек М.Даудтың бұл әрекеті өзіне өте қымбатқа түсті32.

М.Дауд өкімет Шығыс пен де, Батыс пен де бірдей саясат ұстауға тырысты. Ол коллективті қауіпсіздік жөнінде Кеңестік планды қолдай отырып, кеңес –ауған арасындағы қалыпты арақатынасты қысқартуға тырысып, АҚШ, Ирак, Пакистан, Индия, Египет, Сауд Аравия т.б. мемлекеттермен арақатынасын кшейте бастады.

Оның ұстаған саясаты жөнінде «Дауд американдық темекісін Кеңес оттығымен тұтатып алғанына өте бақытты» деген сөз айтылды.

Ірі, көлемді экономикалық проектірлерді (темір жол құрылысы, уран кендерін зертеу т.б.) іске асыруға Ауғанстанның қаржы күші жетіспеді. Бұндай қаржы М.Даудқа берілді, оның қарсысына одан солшыл күшті жою талап етілді33. Көп ұзамай М.Дауд демократиялық күштерді басып тастау үшін әрекетке кірісті. Белгілі партия қайраркерлерін аңду, қудалау, кейбір баспаханаларды жауып тастау басталып, АХДП ішінде арандатушылар әрекет ете бастады.

Бұл кезде халькистердің саны парчанистерден үш есе көбейді. Олар әсіресе армия қатарында өте белсенді жұмыс істеді. Бұл жұмысты Хафизулла Амин басқарды.

1975 жылы тамыз айында биліктен (өкіметтегі биліктен) әбден күдер үзген парчанистер халькистермен бірігуге салмақты қадам жасады.34 АХДП фракцияның екі жағы да бір- біріне қарсы дұшпандық әрекеттерін тоқтатып, бірлесіп қимылдау үшін жағдай туғызуға келісті. Алайда бұл әрекет тек қана декларация күйінде қалды.

Сәуір төңкерісінен кейін АХДП басшылығы ішіндегі алауыздық қайтадан жаңа кұшпен жаңғырды. Бұл жолғы алауыздыққа себеп жеке басшылар анбицияларынан басқа өткен оқиғаларға баға бергендегі пікір алшақтығы, билікке, келешек өмірде қолданатын саяси тактикаларға деген кеілспеушілік әрекеттері болды. Сөз жүзінде жікшілдікке қарсы бола отырып, іс жүзінже тек қана хальктердің мүддесін қорғауды ойлаған Н.М.Тараки және Х.Амин АХДП ОК саяси бюрокрасын ерекше постановлениесіне қабылдауына қол жеткізді, яғни бұл құжат бойынша қандай да бір фракциялық іс-әрекеттерге үзілді-кесілді тыйым салынды35.

1978 жылдың орталарынан бастап Хафизулла Амин, Н.М.Таракидің жеке басына табынушылық әрекеттеріне кірісті. Ауғанстан халқына Н.М.Тараки «халық атасы», «халық үшін туылған тұлға» деп қолпашталып, халық ішінде Н.М.Таракидің жеке басының қасиеттерін дәріптеу пайда болды. Н.Таракидің суреттері жұлдызшалар, медаль сипаттас түіреуіштер, газеттер, көше диуалдары беттерінде, сувинерлер түрінде т.б. өте көп шығарылды. Барлық жиналыстарда, ойын-сауық жерлерінде кейінде 5-6 бас хатшы-шын халық перзенті» Н.М.Таракийдің үлкейтілген суреттері тұрды. Оның туылған үйі музейге айналды. Өзінің бақытсыздығына орай Н.М.Тараки осының бәрін (өзі сенді, біртіндеп мемлекет ісінен алыстап абар жатты. Іс жүзінде мемлекет билігі Х.Аминнің қолында болып, ол оны тотальді зорлық мақсатына қарай бұрды36.

Мемлекет ішінде парчанистерге, басқа да алуан қоғамының халық қабатына қарсы репрессия жүргізілді. Х.Амин позициясында болмағандардың бәріне төңкеріс тек қана өлім, азап, зорлық, қанды зұлымдық әкелді.

АХДП- ның ішіндегі жікшілдік армия ішіне де өте кері әсерін тигізді. Тараки – Амин жағына қарсылар қуғынға ұшырады. Көптеген генералдар мен офицерлер армиядан қуылды, репрессияланды.

1978 жылғы маусымды Б.Кармаль өзінің мемлекет басындағы қызметінен қуылды. Б.Кармаль Чехославкаия мемлекетіне енші болып кетуге «келіміс берді». Көп ұзамай басқа да «парчан» басшылары қызметтерімен қоштасты. Н.А.Нур – Вашитингтонға, А.Вакиль – Лондонға, Анахита Ратезад – Белгардқа, М.Барьялай – Пакистанға, М.Наджит – Тегеранға елші болып тағайындалды. Кабулде қалған М.Рафи т.б. парчанилистерің соңынан бақылау орнатылды.

Жүргізілген тазалау шараларының нәтижесінде партия мен үкімет ұжымдарында, армияда басшылық орындарын халькист пуштундар егеледі37.



1979 жылғы АДР жоғары ұжымы құрамы

Үкімет ұжымы

Бәрі

«Хальк»

«Парчан»
АХДП ОК саяси бюросы

7

7

-

АХДП ОК

36

30

6

Төңкеріс кеңесі

45

39

6

өкімет

17

14

3

Бәрі

105

90

15



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет