Бекіту сұрақтары:
1)Қазақстанның экономика тарихының қандай деректемелерін білесіз?.
2)Қазақстанның экономика тарихының тарихнамасна қысқаша шолу беріңіз?
-
№3-4 лекция Қазақстан тас ғасырында: экономикалық аспект.
Негізгі ұғымдар: Табиғи орта, ауа райы, мәдениет, өңдеу тәсілі, нуклеус, Маханджарлық, Атбасарлық мәдениеттер, неолиттік төңкеріс, ботай мәдениеті, жануарлардың доместикациясы.
Жоспар:
1.Ерте гоминидтердің полеогеографиялық өмірсүру жағдайы.
2. Палеолиттегі еңбек құралдары мен оларды жасау тәсілдері.
3.Мезолиттегі жер өңдеу мен мал шаруашылығы элементтері. Аңшылық, балық аулау шаруашылықтары.
4. Неолиттік революция – адамзаттың экономикалық ұмтылысы.
5. Тас индустриясының дамуы және энеолит кезеңіндегі мыс құралдардың пайда болуы.
Лекция
1.Ерте гоминидтердің палеографиялық өмірсүру жағдайы.
Қазiргi Қазақстан жерiн ежелгi адамзат баласы бұдан 1 млн-дай жыл бұрын мекен еткен. Оны Қаратау, Маңғыстау өңiрлерiнен табылған тұрақтардан алынған материалдар дәлелдейдi. Қазақстан жерiндегi ерте палеолиттiк (эоплейстоценнен бастап б.з.б. 150 — 130 мыңжылдықтарға дейiн) ескерткiштер Қаратау, Сарыарқа, Мұғалжар, Маңғыстау, Ертiс алабынан табылған. Орта палеолитке (мустье) жататын (б.з.б. 150 — 130 мыңжылдықтардан б.з.б. 35 — 30 мыңжылдықтарға дейiн) ескерткiштер де бұл өңiрлерде көп. Кейiнгi палеолит (б.з.б. 30 — 35 мыңжылдықтардан б.з.б. 12 — 10 мыңжылдықтарға дейiн) дәуiрiнде адамзат жерiмiздiң барша аймақтарына тараған. Республика аумағындағы тас дәуiрi әртүрлi ендiктердегi әлемдiк дамудың (олдувей мәдениетi, ашель мәдениетi, мустье мәдениетi, т.б.) барлық заңдылықтарын сақтаған. Ежелгi тас құралдары Қаратау қыратының оңт.-батысындағы Арыстанды өз. алқабының төм. төрттiк дәуiрiне қатысты ең биiк сөресiн құрайтын, тұтасып қатып қалған конгломераттар қабатынан табылған.
2.Палеолиттегі еңбек құралдары мен оларды жасау тәсілдері.
Қаратау сiлемдерiндегi ашель кезеңiнiң тұрақтары көп. Ең көрнектiлерi Бөрiқазған мен Тәңiрқазғаннан табылған бұйымдар төрт топқа: бiр жақты, екi жақты шапқыш құралдар; зiл мен сындырғыштар; домалақ iрi бұжыр тастар топтарына жатады. Мұндай шапқыш құралдар Оңт.-Шығыс Азия мен Африканың шелль-ашель кезеңiндегi бұйымдарға өте ұқсас. Түркiстан қ. маңындағы Қошқорған, Шоқтас ескерткiштерiнен табылған тас құралдардың жас мөлш. б.з.б. 500 мыңжылдықтан әрi асады. Ашель кезеңiнiң ескерткiштерi Орт. Қазақстаннан (Құдайкөл, Жаманайбат, Обалысан, т.б.), Шығ. Қазақстаннан (Қозыбай), Маңғыстаудан (Шақпақата, т.б.), Мұғалжар тауларынан (Жалпақ, Мұғалжар, т.б.) да табылған. Екi жақты шапқыш (бифас) құрал, әсiресе, соңғы аталған өңiрдегi бiрнеше орындардан зерттелдi.
Мустье кезеңiне жататын тұрақтардың ең маңыздылары Қаратаудан (Уәлиханов атындағы тұрақ, Шақпақ, т.б.), одан соң Бат. Қазақстаннан (Шақпақата, Құмақапа, Аққыр, т.б.), Сарыарқадан (Бұрма, Семiзбұғы 2-10, Аққошқар, т.б.), Шығ. Қазақстаннан (Бөдене-1, т.б.), Жетiсудан (Ақтоғай, т.б.) табылған. Кейiнгi палеолит жұрттарында бұрынғысынша, ұсақ малта тастардан жасалған шапқыш құралдар, салмақты қырғыштар, үш бұрышты қалақшалар көп, олар дөңгелек тұрпатты өзектастардан омырылып алынған. Омыру техникасы жетiлдiрiлген, көп қырлы призма пiшiндес өзектастар да табыла бастады. Соғып түзету техникасы кең қолданылған, ол жүзi жұқа құралдар — найза, сүңгi ұштарын жасауға мүмкiндiк берген. Бұл кезеңде палеогеогр. жағдай қолайсыздау болғанымен, Қаратау жотасынан (Уәлиханов атынд. тұрақтың жоғ. мәдени қабаттары, Ащысай, Ұшықтас, т.б.), Шығ. Қазақстандағы Ертiс өз-нен (Қанай, Свинчатка, Пещера, Шүлбi, т.б.), Сарысу өз. өңiрi мен Солт. Балқаш өңiрiнен (Семiзбұғы, Тораңғы, Баршын, Батпақ, т.б.) табылған тас бұйымдар осы кезең туралы мейлiнше толық мағлұмат бередi.
3.Мезолиттегі жер өндеу мен мал шаруашылығы элементтері. Аңшылық, балық аулау шаруашылықтары.Палеолиттен мезолитке (б.з.б. 12 — 10 — 5 мыңжылдықтар) өткен кезеңдерде қазiргi кездегiге жуық табиғи келбет орнықты. Садақ пен жебенiң ойлап табылуы аңшылық кәсiпке үлкен мүмкiндiктер туғызды. Бұл дәуiр ескерткiштерi Қазақстанда аз зерттелген. Оңт. Қазақстанда (Маятас, Жаңашiлiк-1-3, т.б.), Орт. Қазақстанда (Қарағанды-15, Әкiмбек, т.б.), Солт. Қазақстанда (Мичурин, Боголюбов-2, Явленко-2, Атбасар, т.б.), Торғай ойпаты аудандарында (Дүзбай-6, т.б.), Қостанай қ. маңында (Дачная, Евгеньевка, т.б.) орналасқан тұрақтар адамдардың шаруашылығынан, дүниетанымынан мол мағлұмат бередi. Неолит (б.з.б. 5 — 3 мыңжылдықтар) дәуiрiнде адамдар өнiм өндiруге бет бұра бастады. Микролиттiк (жебе ұштары, саптамалы құрал жүздерi) және макролиттiк мәдениет (тас балта, қашау, кетпен, дән уатқыш, келi, пышақ, қырғыш, т.б.) дами түстi. Тас өңдеу (тегiстеу, аралау, бұрғылау), сүйектен, мүйiзден, ағаштан бұйым жасау жетiлдi. Қыш ыдыстар жасала бастады. Мекендерiне байланысты неолит, энеолит қоныстарының бұлақтық, өзендiк, көлдiк, үңгiрлiк деп топталатын 600 орны анықталды.
Қоныс орындары Қаратау алқабынан (Қараүңгiр, Арыс, Дермене, Тасқотан, т.б.), Арал маңынан (Жалпақ, Ақеспе, т.б.), Сарыарқадан (Жезқазған, Сарыбұлақ, Қарағанды кешендерi, т.б.), Шығ. Қазақстаннан (Соцчигиз, т.б.) табылды. Ақмола обл. Атбасар ауд-ндағы Атбасар мәдениетi (б.з.б. 7 мыңжылдықтың соңы — 6 мыңжылдық басы) жергiлiктi мезолит тайпаларының материалдық негiзiнде қалыптасқан. Мұнда 200-ге тарта тұрақ табылған.
4.Неолиттік ревалюция-адамзаттың экономикалық ұмтылысы. Торғай ойпатында неолит дәуiрiне жататын Маханжар мәдениетiнiң тұрақтары ашылған. Сондай-ақ, бұл заман ескерткiштерi Ертiс алабында (Усть-Нарым, Пеньки, Железинка моласы) да көп. Неолит дәуiрiнде дәстүрлi аңшылық, балық аулау, терiмшiлiк сақталды. Өндiрушi шаруашылық негiзi — қарапайым егiншiлiк пен мал ш. пайда болды. Бұл энеолиттiк (б.з.б. 3 — 2 мыңжылдықтар) тұрақтардан айқын көрiнедi.
5.Тас индустриясының дамуы және энеолит кезеніңдегі мыс құралдарының пайда болуы.Көкшетаудағы Ботай бекетi жанындағы Ботай мәдениетi, Торғайдағы Терсек мәдениетi солт. өңiрлердегi далалық энеолиттi сипаттайды. Осы мәдениеттердiң көптеген материалдық деректерi байырғы адамдардың дiни нанымынан, шаруашылық жайынан хабар бередi. Күнделiктi өмiрде бiрқатар заттар мыстан жасала бастаған.
Мақсаты: Қазақстан тас ғасырында: экономикалық аспект тақырыбына байланысты тас ғасырының еңбек құралдарының қарапайымнан бастау алып,бүгінгі күнгі технократиялық дамуға дейінгі жетілдірудің эволюциясы негізімен экономикалық дамуға қол жеткізген адам баласының қабілетінің шексіз дамуы туралы проблемалық ой қозғау.
Лекция.__Бекіту_сұрақтары'>Лекция.
Бекіту сұрақтары:
1.Ерте гоминидтердің полеогеографиялық өмірсүру жағдайы қандай болды?
2. Палеолиттегі еңбек құралдары мен оларды жасау тәсілдерінайтып беріңіз?
3. Аңшылық құралдарын атап беріңіз?
4.Балық аулау тәсілдері қандай болды?
№5-6 лекция Қола дәуіріндегі Қазақстан тұрғындарының шаруашылығымен қоғамдық қатыныстары.
Негізгі ұғымдар: Көшпелі, мал шаруашылығы, Нұра, Атасу, Беғазы- Дәндібай, от өткізу әдісі. Түркі тайпаларының тарихи аренаға шығуы.
Жоспар:
1). Қоланы меңгеру. Ерте металлургия.
2). Қола дәуірінің тайпаларының шаруашылығы мен бөліну ариалы:
- мал шаруашылығы
- жер өңдеу
- үй тұрмысы
3). Қоғамдық қатынастар.
Мақсаты: Қола дәуіріндегі Қазақстан тұрғындарының шаруашылығы мен қоғамдық қатынстарының экономикалық даму тарихы туралы біліктіліктерін дамыту.
Лекция.
1.Қоланы меңгеру. Ерте металургия. Қола дәуiрiнде (б.з.б. 2 — 1 мыңжылдықтар) мыс пен қола металлургиясы дамыды (қ. Ежелгi кен қазбалары). Тайпалар мал және егiн ш-тарымен кешендi түрде айналыса бастады. Еңбек өнiмдiлiгi артты. Жеке отбасылар оқшауланды, отбасылық меншiк кеңейдi, рулық қауым iшiнде мүлiк теңсiздiгi өстi. Қола — еңбек құралдары мен қару жасау үшiн қолданылатын негiзгi шикiзат көзiне айналды. Қола дәуiрiнде Сiбiрдiң, Жайық өңiрiнiң, Қазақстан және Орта Азияның ұлан-ғайыр далаларын тегi жағынан және тарихи тағдырларының ортақтығы жағынан туыс тайпалар мекендедi; бұл тайпалар өзiнше бiр үлгiдегi жарқын мәдениет қалдырды. Мұны 1914 ж. Сiбiрдегi Ачинск қ-ның маңынан табылған Андрон деревнясы атымен аталатын Андрон мәдениетiн қалдырған тайпалар ескерткiштерiнен көруге болады.
Андрон мәдени-қауымдастығы таралған аймағына және өзiндiк белгiлерiне қарай үш тарихи кезеңге бөлiнедi: ерте кезеңi — б.з.б. 18 — 16 ғ-лардағы Петров мәдениетi; орта кезеңi — б.з.б. 15 — 12 ғ-лардағы Алакөл-Атасу, Федоров-Нұра мәдениеттерi; соңғы кезеңi — б.з.б. 11 — 9(8) ғ-лардағы Алексеев, Замараев, Сарығары, Беғазы-Дәндiбай мәдениеттерi. Ғылымда Андрон мәдени-тарихи қауымдастығы тарихи кезеңдерiне қатысты түрлi пiкiрлер бар. Дегенмен, ғалымдардың көбi бұл кезеңдер бiрiн-бiрi алмастырып отырды деген пiкiрге тоқтаған. Қола дәуiрiндегi әрбiр мәдениет жерлеу құрылыстарымен, қабiрге қойылған заттарымен ерекшеленедi. Бұл кезеңде түрлi металдардың қорытпаларынан еңбек құралдарын (пышақ, орақ, шалғы, балта), қару-жарақ (қанжар, найза, жебе ұштықтары), әшекейлiк бұйымдар (тоға, бiлезiк, моншақ, тарақ) жасау жетiлдiрiлдi. Ертедегi шеберлер металл құю, соғу, бедерлеу, өрнек салу, тегiстеу, әрлеу тәсiлдерiн жақсы меңгере бастады. Тас құралдары да (дән уатқыш, келi-келсап) бұрынғысынша пайдаланыла бердi. Мүйiз, сүйек, шақпақ, тас, қыш, терi, жүн, ағаштардан бұйымдар жасау iсi жетiле түстi. Мал ш. мен кен байыту iсi қоғамдағы ер адамдар рөлiн күшейттi. Бұл өз кезегiнде аналық тек үстемдiгiн аталық тек билiгiнiң алмастыруына алып келдi. Дiни ұғымда отқа, ата-баба аруағына табыну түрлерi кең тарала бастады. Қола дәуiрiнiң өзiндiк мәдени кезеңдерi Қазақстанның барлық аймақтарынан байқалады.
Бекіту сұрақтары:
1). Қоланы игеру тәсілі қандайболды?
2). Қола дәуірінің тайпаларының шаруашылығы мен бөліну ариалын атап беріңіз?
3). Қоғамдық қатынастары қалай жүрді?
№7-8 Темір дәуіріндегі Қазақстан тұрғындарынын шаруашылығы.
Негізгі ұғымдар: Экстенсивті мал шаруашылығы, богарлық жер өңдеу, жоғалған үлгі әдісімен құю.
Жоспар:
1. Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығына өту. Жеке меншік қатынастары.
2. Жер өңдеу және ирригация.
3. Қол өнер.
4. Сауданың дамуы. Дала жолының маңызы
Лекция
1.Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы мен қоғамдық қатынастар.Темiр дәуiрiнде (б.з.б. 7 ғ-дың басы) адам еңбегi анағұрлым өнiмдi бола түстi. Темiр өндiру қосымша өнiм мөлшерiнiң артуына жағдай туғызды. Көлiк ретiнде жылқы кеңiнен пайдаланылды. Табиғи орта мен климат жағдайларына байланысты мал ш-ның негiзгi үш түрi: көшпелi, жартылай көшпелi және отырықшылық дами түстi. Темiрден ер-тұрман әбзелдерi (ауыздық, т.б.), қару-жарақ, тұрмыс бұйымдарының жаңа түрлерi жасалды. Көшпелi тұрмыста киiз үй, арба, күйме кеңiнен қолданылды. Малға және жерге отбасылық меншiк нығайды. Қауымдар арасында жайылым, мал үшiн қақтығыстар жиiлей түстi. Ерте темiр ғасыры дәуiрiнде (б.з.б. 1 — мыңжылдық ортасы) Қазақстандағы тайпалық одақтар қалыптасты. Қазақстанның оңт., шығыс және орт. аудандарын мекендеген тайпалар сақ тайпалар одағына (қ. Сақтар), ал батыс, солт. аудандарындағы тайпалар савроматтар тайпалық бiрлестiгiне бiрiктi. Археол. деректер бұл бiрлестiктерде мемл. нышандардың болғандығын аңғартады. Сақтардың оңт. өңiрлердегi Бесшатыр, Есiк обасы, Түгiскен, Ұйғарақ, т.б. ескерткiштерi олардың мәдениетi мен өнер жетiстiктерiнiң бiрегей туындылары болып табылады. Шығ. Қазақстандағы тайпалар материалдық мәдениетi майәмiр (б.з.б. 7 — 6 ғ-лар), берел (б.з.б. 5 — 4 ғ-лар), құлажорға (б.з.б. 3 — 1 ғ-лар) кезеңдерiне бөлiнедi. Майәмiр кезеңiндегi Шiлiктi обасы, Берел кезеңiндегi осы аттас обалардан алынған мағлұматтардан сақтардың әлеум. жағдайын, тұрмысқа қажеттi заттардан олардың шаруашылығы мен дүниетанымын аңғаруға болады. Орт. Қазақстан тайпалары Тасмола мәдениетiн қалдырды (жазба деректерi бойынша бұлар массагет тайпалары не исседондар). Мұны тастардың тiзбектеле, мұртқа ұқсай орналасуына байланысты “мұртты обалар” деп те атайды.
“Мұртты” обалардың архит. кешенi қола дәуiрi тайпаларының табынушылық құрылыс өнерiнiң дәстүрлерiн айқын бейнелейдi. Савромат-сармат ескерткiштерi, әсiресе, Елек өз. бойында көп шоғырланған. Мұндағы Бесоба қорымы, Целинный қорымы, Сынтас қорымы, т.б. ескерткiштердiң құрылысы мен олардан табылған заттар бұл тайпаларда қолданбалы өнердiң жоғары болғандығын көрсетедi. Ертедегi көшпелiлердiң дiни нанымында отқа, күнге, от басы, ошақ қасы, ата-баба аруағына табыну орын алды, пұтқа, керемет күшке сенушiлiк сақталды. Қолданбалы өнерде скифтiк-сiбiрлiк аң кескiнiн бейнелеу нақышы кең тарады. Бат. және Солт. Қазақстандағы савромат мәдениетi тайпалары — аландардың арғы тегi, Шығ. Қазақстанды аримаспылар, Жетiсу мен Оңт. Қазақстанды тиграхауда сақтары, Арал маңын массагеттер қоныстанды. Темiр дәуiрiндегi ежелгi тайпалар бiрлестiгi жөнiндегi жазба деректемелердi екi топқа бөлуге болады: 1) көне деректермелер (Геродот, Ксенофонт, Птолемей, т.б.); 2) ахамен әулетi (ежелгi парсы) сына жазбалары. Соңғы деректемелерде сақтардың үш тобы: хаумаварга сақтар, тиграхауда сақтар, тиай-парадрайа сақтар аталады; (қ. Қазақстанның ежелгi тайпалары).
Мақсаты: Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы туралы толыққанды мағұлұмат беру. Жеке меншік қатынастарыдың пайда болуыныңдағы өндіріс құрал жабдықтарының маңызын дәлелдеу.
Лекция.
Бекіту сұрақтары:
1. Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығына өту. Жеке меншік қатынастары.
2. Жер өңдеу тәсілдері қанада йболды?
3. Ирригация – бұл ненің тәсілі?
4. Сауданың дамуында дала жолының маңызы қанадай болды?
№9 -10 лекция Қазақстан жеріндегі отырықшы-егіншілік шаруашылығы.
Негізгі ұғымдар:Қазақтың дәстүрлі егіншілігі, тайпалардың егіншілік мәдениеті.
Жоспар:
1)Ертедегі Қазақстан территориясын мекендеген тайпалардың егіншілік мәдениеті.
2)Орта ғасырдағы Қазақстан территориясындағы егіншілік шаруашылығы.
3) Қазақтың дәстүрлі егіншілігі.
Мақсаты: Орта ғасырдағы Қазақстан территориясындағы егіншілік шаруашылығының мәдениетімен таныстыру.
Лекция.
Бекіту сұрақтары:
1)Ертедегі Қазақстан территориясын мекендеген тайпалардың егіншілік мәдениеті.
2)Орта ғасырдағы Қазақстан территориясындағы егіншілік шаруашылығы.
3) Қазақтың дәстүрлі егіншілігін қалай түсінесің?
№11 -12 лекция Ұлы Жібек жолы және Қазақстан аумағындағы ортағасырлық мемлекеттердің экономикасы.
Негізгі ұғымдар: Ұлы Жібек жолы, ирригация, тайпа құрамы және қор тәртібі.
Жоспар:
1. Тайпа құрлымы және көшу түрлері
2. Отырықшы-жер өңдеу шаруашылығы
3. Біртұтас әлеуметтік – экономикалық мәдениетте көшпелі және отырықшы мәдениеттердің интеграциясы.
Мақсаты: Ұлы Жібек жолының қазақстан даласындағы экономикалық дамуымен қалалардыңөсуіне тигізген маңызын ашып көрсету.
Лекция.
Бекіту сұрақтары:
1.Тайпа құрлымы неге негізделді?
2.Көшу түрлерін атаңыз?
3.Отырықшылық ұғымын қалай түсінесің?
Тақырыбы. XIV ғ. екінші жартысындағы Қазақсатан экономикасы.
Ж о с п а р ы.
1 .Монғолдар шапқыншылығының Қазақсатан экономикасына әсері.
2. XIV ғ.екінші жартысындағы Қазақсатан аумағындағы шаруашылық
жағдайлары.
Мақсаты. XIV ғ.екінші жартысындағы Қазақсатан экономикасына Монғолдар шапқыншылығының тигізген зардаптарына тоқталу. XIV ғ.екінші жартысындағы Қазақсатан аумағындағы шаруашылық-экономика жағдайларының салаларын ашып көрсету.
Лекция.
Қазақ елінің өзіндік дамуына монгол шапқыншылығы зардабын тигізді. Монғолдар келгенге дейін дамудың жоғарғы сатысында түрған Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы - Баласагүн, Тараз, Алмалық, Сыганақ, Екіогыз секілді үлкенді-кішілі қалалар мен елді мекендер жер бетінен жогалып кетті. ¥лы империя қүруда Шыңғысхан жаулап алган жерлерін өзінің үлдарына бөліп берді. Қазақстан аумагы үш монгол үлысының қүрамына енді. 1227 жылы Шыңгысханның үлы Жошы өлгеннен кейін оның үлы Батый билік басына келеді. Батый Еділдің төменгі ағысында Алтын Орда атты жаңа монгол мемлекетін қүрды. Алтын Орда көпұлтты мемлекет болды. Оның қүрамына бір-бірінен қогамдық-экономикалық даму деңгейі жагынан айырмашылыгы бар, өзіндік мэдениеті мен салт-дэстүрі сақталган ұлттар мен халықтар кірді. Көшпелілер негізінен түркі халықтары-ең көбі қыпшақтар, қаңлылар, наймандар т.б., ал отырықшылардан-бұлгарлар, орыстар, черкестер, хорезмдіктер енді. Мұнда монголдар азшылық болды. XIII гасырдың аягы мен ХІҮ ғасырда монголдар толыгымен түркіленіп, Алтын Орда халқы «татар л ар» деген атау алды.
Монголдар шапқыншылыгы жаулап алган елдерінің экономикасын мешеу қалдырды. Марко Полоның айтуынша, монголдар жаулап алган жерлерінде қалалардың әскер енгізуіне бөгет жасайтын қамал-қабыргалары мен қақпаларының болуына рұқсат етпеді. Осылай ауыздықталган халық көнбіс келеді, бас көтере алмайды.
Монгол феодалдары үстемдік еткен бір жарым мың жыл ішінде бұрын қалалық мэдениеті гүлденген, отырықшы-егіншілік дамыган, халық тыгыз қоныстанган Қазақстанның осы бөлігі бұрынгы экономикалық саяси және мэдени маңызынан айрылды. Өзінің стратегиялық жагдайына байланысты Оңтүстік-Шығыс қазақстан монгол шапқыншылыгы жоспарында маңызды орын алды. Елді мекендерді қирату, егістік жерді мал түягына таптату, бау-бақшалар мен суару жүйелерін жою, қалаларда сауданың тыйылып, олардың көрші қалалармен және егінші аймақтармен қатынасының үзілуі - осының
бәрі Жетісудағы қалалар өміршщ экономикалық және әлеуметтік негізіне зиянын тигізді. Қол астындағы халықты ауыр салықтар мен төлемдер төлеуге мәжмүр етті.
Алтын Орда тарихта Еуразия халықтарына жағымды әсері де болды:
-
мемлекеттердің орнауы, соның ішінде Русь мемлекеті;
-
монғол-түрік-славян мэдениеттерінің байланыстарының күшеюі;
-
Алтын Орда кезеңінің аяқталуы және Еуразия континентінде жаңа тарихтың басталуы;
-
Қытайдың бірігуінің аяқталуы;
-
Монгол билігінің ынталандыруымен сауданың, халықаралық қатынастың, пошталық қызмет жүйесінің енгізілуі;
- Алыс халықтармен сауда және мэдени байланыс орнатылуы;
-
Ұлыс территориялары арасында сауда керуендері, елшілік адамдары жүріп жатты, саяхатшылар алыс елдерге, Еуропаға шығып, бұрын белгісіз болып келген Азиялық елдер мен халықтар жайлы мәліметтер таратты;
-
Монғолдардың билікті орталықтандыру идеясы барлық үйымдаспаған тайпалардың басын біріктірді;
-
Монғол кезеңінен кейінгі Қазақстан территориясында мемлекеттіктің хандық формада және әлеуметтік ұйымдасу нормаларының орындалуы.
Алтын Орданың тарихы ішкі қайшылықтарына қоса, орыс княздарымен Ирандағы Қүлағу ханның эулетімен, Ақ Орданың және Хорезмнің билеушілерімен үздіксіз соғыстар жүргізді. Өзбек хан түсында 1312 жылы ислам діні Алтын Ордадағы мемлекеттік дін деп жарияланды.
ХІҮ ғасырдың екінші жартысында Алтын Орда алауыздықтан әлсірей бастады. ХҮ ғасырда бірнеше үлыстар өз алдына хан сайлап алып, Алтын Орда біржола қүлады. Бұл үлыстардың ең ірісі ХҮ ғасырдың 30 жылдары Еділ мен Днепрдің аралығында қүрылған Ақ Орда болды. 20-60 жылдары Ноғай Ордасы, Сібір, Қазан хандығы, Қырым, Астрахань хандықтары бөлініп шықты. Осы күрделі кезеңнің бастапқы сатысында Қазақстан тарихында Дешті - Қыпшақтағы және Орта Азиядағы Шыңғыс эулетінің иеліктерінде монгол дәуірінің ыдырау процесі жүрді. Соңғы сатысында жергілікті халық мемлекеті - Қазақ хандығы құрылуымен аяқталды. Монгол дэуірінен кейін де бұл аймақ - Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасы сияқты бірнеше мемлекеттің қүрылуынан қүлауына дейінгі кезеңдерді бастан кешірді.
Енді осы ХІҮ ғасырдың екінші жартысында Қазақстан территориясындағы хандықтар мен халықтардың негізгі шаруашылықтары мен экономикалық жағдайына тоқталайып, қорытынды жасайын.
ХІҮ -ХҮ ғасырлардағы Қазақстан халқының негізгі әрекеті, бү_ған дейінгі сияқты, көшпелі мал шаруашылығы болып кала берді. Көшпелілер қой мен жылқы, түйе, өзен жайылымдары мен тау бөктерлерін мекендеген ноғайлар мен қарақалпақтар ірі қара өсірді. Сондай-ақ, суармалы және табиғи егін шаруашылығымен, балық аулаумен және барлық жерде аң аулаумен айналысты. Жылқы көшкенде және соғыс жорықтарына мінетін көліктің негізгі түрі болды. Қой барлық жерде өсірілді. Негізгі тамақ түрі - еттен басқа ол тері, былғары, киім, төсек-орын, кілем, киіз бұйымдарын жасайтын жүнімен жоғары бағаланды.
Мал шикізатын үйде өңдеу арқылы көшпенділер өздерінің киім-кешек және үй түрмысы жабдықтарына қажетін қанағаттандырып отырды. Қолы шебер адамдар ең күрделі бүйымдарды - ат әбзелдерін, қару-жарақ түрлері (қанжар, найза, садақ, жебе), арба, киіз үй сүйектері т.б. жасауға маманданды.
Мал шаруашылығының үш түрі - көшпелі, жартылай көшпелі және отырықшылық - әкологиялық, саяси жағдайлар мен халықтардың жаппай қоныс аударуына байланысты кейде орын алмастырып отырды. Табиғи жер жағдайына және тарихи дэстүрлерге байланысты қалыптасқан көші-қон жолдарының бағыты да осындай шарттар мен жағдайларда ғана өзгеріске ұшырады. Қалыптасқан дәстүр бойынша, Ақ Орда мен Әбілхайыр хандығының көшпелі тайпалары Шығыс Дешті Қыпшақтың жекелеген аудандарынан Сырдария аңғары мен оның салаларына, Қаратау бөктері мен Арал маңына барып қыстап жүрді. Деректер Іле алқабында ¥лы жұлдыз және Кіші Жүлдыз жайлаулары Шырын мен Шіліктің арасында Абыш жазығы жайылымдары болғандығын атап өтеді.
ХІҮ ғасырда оңтүстік шығыс Қазақстан халқының шаруашылығында түбірлі өзгерістер болды. Монгол хандары мен феодалдардың үстемдігі ХІҮ ғасырдың аяғына қарай Жетісудағы отырықшы - егіншілік пен қалалық мэдениеттің түбіне жетті. Көшпелі мал шаруашылығ жергілікті халыктың басты шаруашылық кәсібіне айналды. Егіншілік іздері тек Жетісудың батысында Шу мен Талас аңғарында, қирап біткен қалалар айналасында ғана сақталды. Жазба деректерге қарағанда, ХІҮ ғасырда жаңадан елді мекендер, керуен сарайлар, бекіністер салына бастаған. Отырықшы егінші аудандар мен қалаларға билік жүргізу үшін қиян -кескі үрыстар толастамады.
Шығыс Дешті Қыпшақ пен Жетісудың далалы аймағын мекендеген малшылар мен оңтүстік Қазақстанның, Орта Азияның егінші және қала халқының арасындағы тауар айырбасы оңтүстікте қалалық және егіншілік шаруашылықтың, қырда мал шаруашылығының өркендеуіне қолайлы жағдай тудырды. Қалалар арқылы дала ақсүйектері арасына мүсылман діні, жазу, кітаптар таралды.
ХІҮ-ХҮ ғасырларда бұрыннан басталған сауат ашу, бірігу, түркі эдеби тілінің үш негізгі диалектілік: қарлүқ-ұйғыр, ұйғыр-оғыз және қыпшақ - оғыз топтарына ұйысуы дами түсті. Монғол жаулаушылығы монгол тілінің таралуына ықпал ете алмады. Түркі ортасы монғол тілінің әлементтерін оп-оңай жұтып қойды.
ХІҮ ғасырда қыпшақ тілінде көптеген эдеби ескерткіштер дүниеге келді, халық ауыз әдебиеті дамыды. Қыпшақтар мен басқа да түркі тайпаларының өз ауыз эдебиеті болды. Қыпшақ тілінің «Кодекс куманикус» атты ескерткішінде фольклор үлгілері (жұмбақтар, қанатты сөздер, жайдақ өлеңдер) сақталған.
Оңтүстік Қазақстанның отырықшы - егінші аймагында ислам діні кеңінен қанат жайды, сопылық үйымдар ықпалын жүргізді, көшпелі халық шаман діні мен ата-бабалар аруагына сыйынуын тоқтатпады.
ХІҮ ғасырларда көптеген түркі тілдес және монгол тілдес этникалық топтар бірлестігінен қазақ халқының қалыптасу процесі аяқталды. Монгол үлыстарына күшпен бөлінген халықтардың өз бетімен өмір сүру үшін күресі, езілген халықтардың өз ішіндегі өзгерістер Алтын Орда мен Шағатай эулеті қүрған мемлекеттердің ыдырау процесін тездетті. Монгол шапқыншылығы әкелген ауыр экономикалық зардаптар біртіндеп жолға қойылды: егіншілік, қала түрмысы жаңғырды, қолөнер кәсібі дамыды, мал басы саны өсті, орталық Қазақстан мен Жетісудың далалық аудандарының оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияның жазиралы алқаптарымен сауда байланысы қайтадан қолға алынды. Қоғамдық қатынастар өркендеді.
Достарыңызбен бөлісу: |