Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы
№2 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Шакибаева Алия Сагидуллақызы
Мақсаты: 1941 - 1945 жылғы Ұлы отан соғысында неміс басқыншыларын талқандауда ауыл ардагерінің ерліктерін тыңдату, Қазақстан халқының майданда және тылда көр-сеткен ерен ерлігін паш ету, жас ұрпақты отансүйгіштікке, елжандылыққа, ардагерлерді сыйлауға, тағзым етуге тәрбиелеу.
Қолданылған көрнекіліктер: суреттер, буклет, плакат, «Жеңіс», «Отан» туралы жазыл- ған нақыл сөздер, шарлар, гүлдер, музыкалық орталық, т. б.
Көрнекілігі: үнтаспа, Ұлы Отан соғысы туралы кітаптар, гүлдер, шарлар, суреттер.
Түрі: кездесу
Өтілу барысы: Бөлме ішін безендіру. Музыка ойнап тұрады.
1-жүргізуші: Армысыздар, соғыс ардагері..... атамыз, ұстаздар қауымы, қонақтар, оқушылар! Жеңістің 69 жылдығына орай ұйымдастырылған «Біз Жеңістің ұрпақтары-мыз» атты кешімізге қош келдіңіздер! Мерекелеріңіз құтты болсын! Кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
2-жүргізуші: Бүгінгі кешімізге Ұлы отан соғысының ардагері..... атамызды кездесуге ша-қырып отырмыз.
1-жүргізуші: 9 - мамыр – бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам. Әсіресе, бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от ке-шіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбі-реткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам.
Аз емес зар жылаған, егілген жан,
Аз емес өшкен өмір, төгілген қан.
Кеудеге зілді қасірет салды соғыс.
Қирады талай арман көңілге алған
2-жүргізуші: Ұлы Отан соғысына қатысқан: Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов т. б. және де өз жерлестеріміз де бар.Ол кісілерге құрметпен бас иеміз. Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған, ерлікпен қа-за тапқан ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас иіп, еске алайық. Жеңіс туын жел-біретуде қан кешіп, кеудесін оққа тосқан боздақтарымызды бір сәт үнсіздікпен еске ала-йық. (1 мин үнсіздік)
1-жүргізуші: КСРО-Германия соғысына Қазақстаннан 1 млн 400 мың адам қатысты. Олардың 400 мыңы әйелдер еді. Соғыс кезінде талай боздақтар жанын пида етті. Олар-дың көпшілігі 17-18 жастағы өндірдей жастар еді. Басым көпшілігі жеңісті көре алмай, кейінгі ұрпақтың бақыты үшін жат жерде көз жұмды. Соғыс жылдарында елде қалған қа-риялар мен аналар, бота тірсек балалар аш құрсақ күйлерінде арып-ашып еңбек етті.
1-оқушы.Соғыс жалмап, аға, іні, бауырды,
Зар жылатты тыныш жатқан ауылды
Бірақ біздер өздеріңнің арқаңда,
Көрген жоқпыз сол бір қырғын дауылды.
2-оқушы.Жалғызынан айырыпты ананы,
Әкесінен айырыпты баланы,
Бірақ біздер өздеріңнің арқаңда
Көрген жоқпыз қайғы жұтқан далан.
3-оқушы.Қан майданға шығарып сап ардағын,
Қыз-келіншек түсірмепті салмағын
Көрген жоқпыз өздеріңнің арқыңда,
Сай-сүйектің сырқыраған зардабын .
2-жүргізуші: Соғыс кезінде қазақстаннан барған 500 жауынгер мен офицер, оның ішінде 100 қазақ ұлтының азаматы «Кеңес Одағының батыры» деген жоғары атаққа ие болды. Олар-біздің мақтанышымыз, абыройымыз.
Көрініс. (Жаздың жаймашуақ күні. Есік алдында балалар асық ойнап жүр. Үй сыртында әжесі ұршық иіріп ән айтып отырады. Атасы, көршісі өзара әңгімелесіп отыр. Сол кез-де бір көрші әже келеді.)
Көрші әже: Гүлнар-ау, қуаныштарың құтты болсын. Үйдің шаруасын өзің білесің, баға-на шығайын деп ойлап едім, әлі жүрмін саған жете алмай. Үлкен немерең мектеп бітіріп қуанышты болып жатырсың ба? Дастарханыңды жай, ауыл-аймаққа тойыңды жаса.
Әжесі: Рахмет, рахмет, Зейнеп. Шақыр, шақыр ауылды! Бір тойым бар, той жасаудан қа-зақ қашқан ба?
(Сахна сыртынан жүрегі қуанышқа толы үлкен немересі әжетайлап мектеп бітіргеніне қуанып жүгіріп келеді.)
Немересі: Әже, әжетай! Бүгін менен бақытты жан жоқ. Мен мектеп бітірдім, әже. Жаңа өмірдің баспалдағын дәрігер боп бастағым келеді.)
Әжесі: Талабыңа нұр жаусын, арманыңа жет, балам!
(Маңдайынан сүйіп қасына отырғызады. Әкесі жымиып, салмақты кейіпте пышағын қайрап отыра береді. Кенет радиодағы хабарды естіп тұра қалады.)
Радио: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Кеше біздің ұлан-байтақ жерімізге неміс фашистері тұтқиылдан басып кірді. Герман елшісі соғыс басталғанын таңғы 7-де ресми түрде мәлім-деді.
1 әйел: «Соғыс, соғыс дейді, естідіңдер ме? Сұмдық-ай енді қайттық? Күніміз не болар екен?»
2 әйел: «Қойыңдар жамандық шақырмай. Ел шетіне жау тисе, арқа сүйер азаматтар бар емес пе?»
Кішкентай немере: (үрейлі) Әже, әже, соғыс, соғыс басталды!
(Әжесі немересін құшақтап жылайды.)
Әжесі: Қарғыс атқыр Гитлер, нең бар еді бізде, Бейбіт жатқан елде.
(Жүгіріп бір бала келеді.)
Бала: Аға, ауылдың ер азаматтарын ауылдық кеңеске шақырып жатыр (Қолындағы қаға-зын жігітке береді). Тез жиналсын деп жатыр.
Әжесі: Бұл не қағаз, қарағым-ау?
Жігіт: (оқып) Әскери комиссиариатқа шақырту қағазы. (Әскери музыка ойнап тұрады.)
Немересі: Аттан әке,
Сен қазір аттанасың.
Жауынгердің рөлін атқарасың.
Неге бізге үмітсіз тесілесің.
Аттан, әке жолыңнан кешігесің.
Әкесі: Тыңда балам, тыңда күнім,
Болуға жара қолғанат.
Кәрі анам, сәби інің-
Барлығы саған аманат.
1 азамат: Ат басына күн туса,
Ауыздықпен су ішер
Ер басына күн туса, етігімен су кешер – деген бар емес пе, жыламаңдар, жаста-рыңды тиыңдар?
Бәрі: Отан үшін аттанайық!
Комиссар: Жігіттер, сапқа тұрыңдар!
Нысанбаев, Жақсыбаев, Баймұрзин.
Жігіттер, Отанымызға неміс фашистері кенеттен соғыс ашты. Сендер Отанымызды қор-ғау үшін майданға аттанасыңдар. Жігіттер, елімізді фашистерден қорғайық!
Солдаттар: Қорғаймыз!
(Мұңды музыка ойналып тұр. Сахнаға қолында гранаты бар, шекесі ақ дәкемен орап ал-ған жігіт шығады. Гуілдеп соққан боран мен атылған мылтықтың даусы естіліп тұра-ды.)
Жігіт: Атой сап жауға кіремін,
Ұлы Отаным сен үшін,
Туысқан ұлы ел үшін,
Мына бір қалған бел үшін.
Менің жаным Отандық,
Отан деп өлем өлсем де.
О, сүйікті Отаным.
(Жігіт қолындағы гранатын лақтыра бере оқ тиеді. Сол кезде ана бейнесі көрінеді.)
Ана: Мүшел жаста, құлыным,
Үзілді-ау сенің тұғырың.
Оқуға зерек көпшіл ең,
Қиылды-ау сенің ғұмырың.
Қыршыннан кеткен, қарағым,
Жарқ етті-ау сенің жанарың.
Пулемет қарша сепкенде.
Ерлігіңді әрдайым
Ұмытпайды еш пенде.
(Жарылыс, уралаған дауыстар. Жігіт өледі.)
1-жүргізуші: Қимылдаңдар бәрің де майдан үшін.
Майдан үшін дегенде қайда күшің?! Ерлігі аңызға, жырға, әнге айналған «Шығыстың қос жұлдызы» атанған Әлиямыз бен Мәншүгімізді қалай ұмытамыз.
(Сахнаға әскери киімді Әлия мен Мәншүк шығады.)
Әлия: «Отан» деген сөз көкейде жатталып,
Зор айқасқа кеттік біздер аттанып.
Біз сендердей қыдырмадық кешқұрым,
Біз сендердей арман гүлін таппадық.
Мәншүк: Отан ана жылағанда шерленіп,
Тапжылмастан шөгеді екен жерге бұлт.
Қара бұлтты қақ жарайық дедік те,
Қолымызға қару алдық ерленіп.
Екеуі қосылып: Бірақ ерте, тым ертерек жандық біз,
Жанарлардан мөлдір жас боп тамдық біз.
Жанымызды құрбан еттік осылай
Біздей ерте солмау үшін барлық қыз.
Ән: «Әлия»
2-жүргізуші: Сөз соғыс ардагер....... атамызға береміз.
(Ардагер әңгімесін тыңдау. Ардагерге сұрақ қою.)
1-оқушы: Қан майданның жүректе жарасы бар,
Қайғысы мен зілі бар, наласы бар.
Арамызда жүретін алшаң басып,
Ардагерлер, азайып барасыңдар.
Ерлік сүйген еліңе салтың ұнар,
Жүздеріңде жанған от жарқылы бар.
Соғыс деген салмағын жалғыз сөздің
Бүгінгі ұрпақ өздерің арқылы ұғар.
Жасқанбаған жауынан жарақта ер,
Ерлігіңді аңыз қып таратты ел.
Қаһармандық дегенді кейінге ұрпақ
Жүздеріңе сендердің қарап білер.
Би: «Катюша».
2-жүргізуші: Байтақ Отан сия ма тар қыспаққа,
Мұхиттай жігер қысып сол бір шақта
Сұрапылдай соқты да жау қамалын,
Жеңіс туын қадады рейхстагқа!
30-сәуір, 14 сағат 25 минут. Рейхстагқа алғаш ту тіккен Рақымжан Қошқарбаев пен Булатов еді.
Көрініс: «Жеңіс»
Радио: «Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!Сөйлеп тұрған Москва!1945 жылы 8 мамырды Гер-манияның жоғарғы командованиесі жеңілгендігін мойындап Актіге қол қойды. 9 мамыр Жеңіс күні!
Халық қуанысып, бір-бірінен сүйінші сұрасып жатады.
«Сүйінші! Халқым, жұртым, сүйінші! Неміс фашистері кеше тізе бүгіп, жеңіліпті! О,жасаған, шынымен қарғыс атқыр соғыстың аяқталғаны ма?»
1-жүргізуші: Соғыс бітті … Ауыр да азапты жылдар артта қалды, біздің еліміз бейбітші-лікті сүйеді. Ананы – баладан, баланы – анадан айырған сұм соғысқа жол жоқ …
2-жүргізуші: Ұлы Отан соғысы тақырыбын оқырмандарға толық және дұрыс түсінік бе-ретін, майдангерлеріміз туралы, еліміз, жеріміздің тарихы туралы нақты дерек беретін Ұлы Отан соғысы жайында жазылған кітаптар мен естеліктер болып табылады. Осы мақ-сатпен көрме ұйымдастырылған болатын, ендеше сөз кезегін мектебіміздің кітапханашы-сы Қарабекова Айғанымға берейік.
1-жүргізуші: Біздің Қазақстанда да соғыс оты шарпымаған шаңырақ кем де кем. Жүз мыңдаған ата – әкелеріміз соғыстың алғашқы сәтінде – ақ майданға аттанды. Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына, бүгін арамызда асқар таудай болып жүрген ата-ларымызға басымызды иіп тағзым етейік. Олардың ерлік істерін ешкім де ешқашан да ұмытпауға тиіс.
1-оқушы:Жеңіс оңай келген жоқ
Бейбіт күні албыраған ақ таңда,
Жау батыстан соғыс оғын атқанда,
Туған елдің тыныштығын қорғауға
Қан майданға сан боздақтар аттанды.
Біріктіріп үміті мен тілегін,
Біріктіріп барлық күшін, жігерін,
Ана үшін, бала үшін, жар үшін
Жасқанбастан тосты оққа жүрегін.
Сол бір қиын, тым сұрапыл шақта олар
Кеудесіне ерлік отын жақты олар.
Отан үшін опат болған ерлердің
Есімдері мәңгі – бақи сақталар!
Ән: «Ақ көгершін»
1-жүргізуші:Сарғая күткен ұлы күн
Шұғыласы бүгін жарқ етті,
Бағына талай миллионның
Баянды жеңіс күн жетті
1-оқушы: Мамыр келді ағаштар бүрін жарып,
Бейбіт өмір оралды күні жарық.
«Шүкір» деп әжелер жүр ақ жаулықтың
Ұшымен көздің жасын сығып алып.
2-оқушы: Жер бетін қан сасытқан соғыс бітті,
Жер бетінен жамандық мүлдем үрікті.
Жеңістің жарқын күнін жыр қыламыз,
Аспандатып жырлаймыз жақсылықты.
3-оқушы: Аспанда күн жарқырап күліп тұрды,
Бейбіт өмір шаттығы тұнып тұрды.
Соғыстан соңғы сәби күлкісімен,
Қара күндер қайғысын ұмыттырды.
4-оқушы: 69 жыл бейбіт көктем таң атқалы,
69 жыл шуақты күн таратты әнін.
Елімде сонан бері 69 рет
Ашылды Жеңіс күннің парақтары.
Талай құс содан бері қайта оралды,
Соғысты өлгендер тек оралмады.
5 – оқушы: Беу дүние, ақыр Жеңіс күні жетті.
Жеңіс! Жеңіс! Әлемді дүбірлетті.
Төрт жарым жыл от кешкен оқ астында,
Солдат өмір кеңітті көк жиекті.
6-оқушы: Мына күн, мына аспан, кең байтақ жер –
Сендердің төккен қаның, қайран ерлер!
Елім деп, Отаным деп құрбан болған
Сендерді көреді ыстық қанындай ел.
7-оқушы: Жігіттердің қолдарында ержүрек,
Алаулады Жеңіс туы желбіреп.
Бала біткен шапқылап жүр, мәз – мейрам,
Көптен күткен ең ұлы күн келді – деп.
8-оқушы: Алатаудың биіктетіп өркешін,
Жайды көктем қызыл – жасыл көрпесін.
Сәбилердің кекілімен жел ойнап,
Зор қуаныш әлдилейді жер төсін.
9-оқушы: 69 жыл көктем таңы атқалы ,
69 жыл шуақты күн таратты әнін.
Есімде содан бері қаншама рет,
Ашылды жеңіс күннің парақтары.
10-оқушы: Күткен Жеңіс жарқ етті сәуле шашып,
Жеңіс келді, қуандық көңіл тойып,
Жауды жойып батырлар елге оралды,
Ата-анамен қауышты құшақ жайып.
11- оқушы: Жер жүзінде нұр шашып Жеңіс күні,
Жақсы үміттің шырағы жанды міне!
Аспан бетін қаптаған қара тұман.
Серпіліп зұлымдықтың сөнді түні.
12-оқушы: Жаңғыртып әнмен аспан кеңістігін,
Халқымыз қуанышты тегіс бүгін,
Жауды шаншып, Отанды азат еткен
Құрметтеп қарсы алады Жеңіс күнін.
13-оқушы: Кімге болсын белгілі осы ай сыры,
Туған жердің нұрға толып ой – қыры,
Бар әлемге тыныштықты паш етер,
Шат күлкілер 9 – май күні!
Хор: «Әрқашан күн сөнбесін»
2-жүргізуші: Елге қауіп төнбесін,
Егестен адам өлмесін!
Есен – аман болайық,
Енді соғыс болмасын!
Өртенбесін туған ел!
Шайқалмасын асқар бел!
Шайқалмасын шалқар көл!
1-жүргізуші: Жасасын Жеңіс!
Бақытты елім күле бер!
Тәуелсіз болып болашағына жүре бер!
Болмасын соғыс!
Болмасын соғыс!
Болмасын!
Осы тілекпен барша халайық түрегел!
2-жүргізуші: Ардагер атамыздың батасын алайық.
1-жүргізуші: Осымен сіздерге арнаған «Біз Жеңістің ұрпақтарымыз» атты кешіміз аяқ-талды. Қонаққа келген ардагерімізге рахметімізді айтамыз, денсаулығыңыз мықты бол-сын! Қатысқан барлық оқушыларға алғысымызды білдіреміз!. Балалар отандарыңды сүй-іп, қастерлей біліңдер, ата – баба дәстүрін, әдет – ғұрпын берік ұстанып, үлкенге ізетті, кішіге ілтипатты болыңдар, халқымның ерлігімен, батырлығымен, қайсарлығымен кел-ген тәуелсіздігіміздің туы мәңгілік желбіреп тұрсын. Отанын сүйетін, қорғай білетін на-ғыз азамат болып өсе беріңдер. Жеңіс туымыз көк аспанымызда желбірей берсін!
Сау болыңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: |