2 практикалық сабақ Тақырыбы



Дата21.05.2023
өлшемі14.66 Kb.
#474045
түріСабақ

2 практикалық сабақ
Тақырыбы: Ұлы Моғолдар империясның дағдарысы мен ыдырауы. Үндістанның ағылшын отарына айнала бастауы.
1.XVIIIғ. II жартысындағы Ұлы Моғолдар мемлекеті.
2.XVIIIғ. I жартысындағы Үндістандағы ағылшын отарлық жаулап алушылықтары.
3.XVIIIғ. II жартысындағы Үндістан халықтарын отарлық қанау және оның нәтижелері.

1526 ж Бабыр (Темірдің ұрпағы ) Моғолстанннан шыққан, оған дейін Ферғананың билеушісі, Кабулдың билеушісі Үндістанға басып кірді. Оның жақсы қаруланған әскері екі үлкен шайқаста соңғы Дели сұлтандарын жеңіп Ганг өзенінің үлкен алқабын алды. Осындай үлкен оқиғалар нәтижесінде Ұлы моғолдар империясы құрылды. Бабырдың өзі тарихта ағартушы, билеуші, тарихшы, ақын ретінде белгілі. «Бабырнаманын» авторы. Үндістанда ұзақ уақыт билеген, 1530 ж таққа оның ұлы Хумаюн отырды (өз ағалары мен таққа баласы соғыс жүргізеді де оның билігі әлсіреп кетеді). Бахар мен Бенгалиядан шыққан белгілі билеуші Шер-Хан. Шығыс Үндістанда орналасқан Сур-ат тайпасынан шыққан Делидегі билікті тартып алып, Хумаюн Иранға қашып кетуге мәжбүр болды.


Шах титулын қабылдап, Шер-шах алты жылға созылған патшалық құрған уақытта (1540-1545жж) орталық билікті нығайтуға бағытталған әрекет жасады.
Ол бірінші жылдары керуен сарайлар салдырды. Оның жолдары Делиді Бенгалия мен Раджпубанамен, Индпен жалғастырды, жер қатынастарын реттеді (жердің негізгі кадастыры деген заңды жобасын жасады т.б.). Салық жүйесін ретке келтірді, (рента салықты орта мөлшері алған өнімнің 1/3 бөлігі), Әскербасы-джанердарлардың жер иеленуі сипатын және кейбір индустардың статусын көтерді (оларға біраз лауазымдар берді).
Шер-шахтың аяқ астынан қайтыс болуы және олардың мұрагері таққа таласуын Хумаюн пайдаланды, өйткені ол көп уақыттан бері осындай жағдайды күтіп дайындықта отырған еді.
1555 ж Хумаюн өзіне тақты қайтарып алдында бір жылдан кейін қайтыс болды. Билік 13-жасар баласы Акбарға өтті.
Падшах Ақбардың билік еткен уақытта 1556-1605жж Ұлы Моғолдар империясының алтын дәуірі болды. Акбар елдің солтүстігінде Пенджапты қоса өз билігін нығайтып бүкіл Раджпубананы өзіне қаратты.
Сонан соң империяға Гондвана, Гуджарат, Бенгалия, Калимер, Орисса қосылды. Бүкіл солтүстік Үндістан Акбардың қол астына кірді. Акбар оған өте күшті билеуші ретінде көрсетті.
Шер-Шах бастаған қайта құруларды жалғастырып Акбар жаңа реформалар енгізді, жер мемлекеттік болып жарияланды. Негізгі жер кадастыры аяқталдырар бір ауданға белгілі мөлшерде салық белгіленді. XVIғ соңында салықтың жалпы саны 166 млн рупияға жетті. Жердің көп бөлігі әскербасы джагирдарларға қызмет үшін қолдануға берілді. Джагирдің иктадан айырмашылығы оның мөлшері, Джагир деген үлкен ірі жер иелігі-өз иесіне көптеген мөлшерде пайда әкелген ол пайдаға Джагирдар (Акбар тұсында олардың саны 2000 жетті). Әскер жасағын ұстауға міндетті болған олардың саны әскер басының лауазы мен Джагирдің мөлшеріне байланысты болды. (100ден 5000 дейін) Акбардың қоластына өткен кейбір княздіктерді джагир статусына алды.
Джагирден басқа тәуелді князь-заминдарлардың иеліктері болды. Қазына-ға салық төлеп басқа пайдаларларын өздері жұмсаған князьдар бұрынғысынша өз жерлеріне иелері болып, әрбір князьдікте жалпы империядағы схема қайталапнып отырды, жердің жарты бөлігімен пайдасы жауынгерлерге берілді. Кейінгі уақытта замендари категориясының жерлері жекеменшіктегі жер болып есептелінді.


Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:
1Азимджанова С.А. Государства Бабура в Кабуле и в Индии М. 1977г.
2.Антонова Г.А. Английская Индия в XVIII в. М. 1958.
3.Антонова Г.А., Бангорад-Левен Г.М., Катовский Г.Г. История Индии. Краткий очерк М. 1973.
Қосымша әдебиеттер:
1. Ауашба Пак. Новая история Азии и Африки. М., 1987 г
2. Васильев Л. С.. История Востока., М., 1997 г
3. Амрафян К.З. Феодализм в Индии: особенности и этапы развития. М. 1977.
4. Неру Дж. Открытие Индии М 1955 г

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет