Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
«Сырдария» университеті
«Өнер» факультеті
«Ән және саз» кафедрасы
СИЛЛАБУС
«ВОКАЛДЫҚ АНСАМБЛЬ»
пәні бойынша
050106- «Музыкалық білім » мамандығының студенттері үшін
Оқу түрі : күндізгі
Курс: 4. семестр 7. кредит 2
Практикалық сабақ: 66.
СӨЖ: 24.
Барлық сағат саны: 90.
Қорытынды бақылау: емтихан 7 семестр.
Аралық бақылаулар саны: (кредит бойынша ) 2.
Барлық балл саны: 100 (кредитке)
Жетісай - 2005
Құрастырған оқытушы: аға оқытушы Ү.К. Сейілбекова
Оқу-әдістемелік кешені
“ВОКАЛДЫҚ АНСАМБЛЬ” пәні бойынша 050106 -“Музыкалық білім” мамандықтарының студенттері үшін әзірленген.
Оқу-әдістемелік кешен типтік бағдарлама негізінде құрастырылған
Типтік бағдарлама индексі:
Оқу - Әдістемелік кешен кафедра мәжілісінде талқыланған
№ Хаттама________ “______” 2005 ж
Кафедра меңгерушісі ________________________
Факультет әдістемелік кеңесінде мақұлданған
№ Хаттама _______ “ _____ ”2005 ж
Әдістемелік кеңесінің төреғасы : ____________________
Факультет кеңесінде мақұлданған
№ Хаттама ______ “_____ ” 2005ж
Факультет кеңесінің төрағасы ________________
1. Оқытушылар: Ү.К.Сейілбекова.
“Ән және саз” кафедрасы, орталық корпус, 15, 06 кабинет
Телефон: - 207
Кафедрада болу уақыты:
2. Практикалық сабақты өткізу уақыты және орны
№
|
Аты-жөні
|
Практикалық сабақты өткізу уақыты, орны
|
Байланыстырушы мәлімет
|
Аудиториялық сабақтар
|
СӨЖ
|
Телефон
|
1
|
Сейілбекова Үрәлхан Каналбайқызы
| Жеке
Уақыты_____
Ауд________
|
Уақыты_____
Ауд________
|
Тел:_______
Каб:_______
Корпус:______
|
3. Курстың пререквизиттері және постреквизиттері
“ВОКАЛДЫҚ АНСАМБЛЬ” - пәнін меңгеру үшін студенттер “Сольфеджио”, “Вокал класы”, “Музыка теориясы” «Негізгі музыкалық аспап» т.б. пәндерінің бағдарламаларын білу керек.
Аталған пәнді оқып үйрену “Хор класы” “Вокал класы” т.б. пәндерін меңгеруге көмектеседі.
МАЗМҰНЫ
-
Абстракт ..........................................................................................5
-
Курстың мақсаты ...........................................................................5
-
Курстың міндеті .............................................................................5
-
Жұмыс оқу жоспарынан көшірме.................................................6
-
Оқу сабақтарының құрылымы туралы мәлімет..........................6
-
Студентке арналған ережелер........................................................7
-
Оқу сағаттарының кредитке сәйкес тақырып бойынша бөліну кестесі...............................................................................................7
-
Практикалық сабақтарының мазмұны..........................................9
-
СӨЖ-жоспары, мазмұны...............................................................16
-
Пайдаланатын әдебиеттер тізімі..................................................19
-
Кредиттің мазмұнына сәйкес бақылау түрлері:........................ .21
-
Студенттердің академиялық білімін рейтингтік бақылау жүйесі..............................................................................................22
-
Пән бойынша оқу процесінің картасы.........................................23
-
А Б С Т Р А К Т
Оқу-әдістемелік кешені “ВОКАЛДЫҚ АНСАМБЛЬ” - пәні бойынша 050106- “Музыкалық білім” мамандықтарының студенттеріне осы курс бойынша оқытушының жұмыстан неғұрлым тиімді ұйымдастыруға арналған барлық қажетті оқу -әдістемелік материалдарды құрайды. Білім беруде кредиттік технологияны пайдаланып, барлық құжаттарды бір кешенге біріктіре отырып, пәнді меңгеру процесінде студенттің білімін, машықтануын және біліктілігін жоғары деңгейге барлық қажетті оқу -әдістемелік материалдарды құрайды. Білім беруде кредиттік технологияны пайдаланып, барлық құжаттарды бір кешенге біріктіре отырып, пәнді меңгеру процесінде студенттің білімін, машықтануын және біліктілігін жоғары деңгейге көтеру мақсаты көзделіп отыр.
Жұмыстық бағдарламада оқу жұмысының түрлері бойынша сағаттар көрсетілген: СӨЖ студенттердің өзіндік жұмысы.
Оқыту бағдарламасы (Syllabus), семестрдің басында әрбір студентке беріліп, студенттің білімін тереңдетуге, пәнге деген ықыласының артуына шығармашылық және зерттеушілік қабілеттері ашылып, одан әрі дамуына себебін тигізеді деп күтілуде. Дәрістің қысқаша жазбасы студентке қайсы бір тақырыпты қарастыруда неге назар аудару керектігіне бағыт береді, санасына негізгі ұғымдар мен терминдерді енгізеді. Пәнді толықтай меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттердің барлығымен дерлік жұмыс өткізіп және өзіндік жұмысының барлық көлемін орындау қажет.
Тапсырмалармен жағдайлардың жиынтығы студенттерге аудиториялардан тыс өзіндік жұмысы, үй тапсырмасын орындауға арналған.
Тесттік тапсырмалар студентке кредиттерді тапсыруды пән бойынша өз білімдерін тексеруге және рейтингтік бақылауды тапсыруға, сынақ, емтиханды алуға арналған.
-
«ВОКАЛЬДЫҚ АНСАМБЛЬ» пәнінің мақсаты мен міндеті:
Жан-жақты дамытылған тұлғаны тәрбиелеуге назар аудара отырып, кәсіби орындау шеберлігі қалыптасқан, ән айту өнерінің барлық саласынан білімдер және оларды өз шәкірттеріне толыққанды жеткізе алатын, вокалдық ансамбль ұйымдастыруға қабілетті музыка мұғалімдерін даярлау.
- әншілік тыныс алудың негізгі ережелерін пайдалана
отырып, дауысты вокалды-техникалық жағынан
жетілдіріп, резонаторлар және артикуляциялық аппарат
жұмыстарын меңгеріп, саналы түрде дыбыстың
үйлесімділігін ұғыну барысында вокалдық ансамбльде
қолдана алу;
- студенттердің вокалды-педагогикалық білімін нығайта
отырып, академиялық ән салу мәнерінің әдістемесін үйрету;
- вокалдық музыка арқылы оқу тәрбие процесіндегі іс –
шараларды өткізе алуға дайындау;
балалар дауысымен жұмыс жүргізе отырып, вокалдық
ансамбль құру;
- вокалды – техникалық дағдыларды жетілдіру;
- орындауға арналған ән репертуарын меңгеру;
- ән салудың теориялық негіздерін игеру;
- вокалдық ансамбльде шығарманы бірлесіп орындаудағы
көркемдік бірлік, тепе-теңдік, барлық техникалық және
көркемдік мәнерлікке жетуге ұмтылу;
- басқалармен қосылып аспаптың сүйемелдеуімен,
сүйемелдеуінсіз вокалдық ансамбль партияларын өз
деңгейінде орындау.
3. Оқу жоспарынан көшірме
Кредит саны
|
Жалпы сағат саны
|
Оның ішінде
|
семестр
|
қорытынды
|
Практ.
сабақ
|
ОБСӨЖ
|
СӨЖ
|
2
|
90
|
66
|
-
|
24
|
7
|
емтихан
|
4. Оқу сағаттарының құрылымы:
Практикалық сабақтарда – студентке шығарманы игеруде неге назар аударуына бағыт береді. Пәнді толық меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттердің барлығымен жұмыс істеу қажет.
СӨЖ – студенттің өзіндік жұмысы. Студент үйге берілген тапсырмаларды орындайды, өз бетімен меңгереді.
-
Студентке арналған ережелер (Rules):
-
Сабаққа кешікпеу керек.
-
Сабақ кезінде әңгімелеспеу, газет оқымау, сағыз шайнамау, ұялы телефонды өшіріп қою керек.
-
Сабаққа іскер киіммен келу керек.
-
Сабақтан қалмау, науқастыққа байланысты сабақтан қалған жағдайда деканатқа анықтама әкелу керек.
-
Жіберілген сабақтар күнделікті оқушының кестесіне сәйкес өтілінеді.
-
Тапсырмаларды орындамаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі.
6. Оқу сағаттарының тақырып бойынша бөліну кестесі.
№
| Тақырыптың аты | Практ. сабақ |
СӨЖ
|
1
|
Екі дауысты шығарманы мегеру.
|
22
|
8
|
2
|
Үш дауысты шығарманы меңгеру.
|
22
|
8
|
3
|
Төрт дауысты шығарманы меңгеру.
|
22
|
8
|
|
Барлығы
|
66
|
24
|
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
«Сырдария» университеті
«Өнер» факультеті
«Ән және саз» кафедрасы
«ВОКАЛДЫҚ АНСАМБЛЬ» - пәні бойынша
050106 – «Музыкалық білім» мамандығының студенттері үшін
ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТЫҢ ҚЫСҚАША КУРСЫ
7. ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАРДЫҢ ЖОСПАРЫ.
Сабақтардың мақсаты:
Екі,үш,төрт дауысты шығармаларды вокалдық ансамбльде меңгеру үшін студентке дауыс түрлері олардың диапазондары және вокалды-техникалық ән айту дағдыларымен таныстыру.
Вокальдық музыка ( вокале- дауыс деген сөз). Музыка аспабының сүйемелдеуімен немесе сүйемелдеуінсіз жеке әншіге, хорға арналып жазылған музыкалық шығармаларды вокальдық музыка дейді.Вокалдық ән басқа да вокалдық шығармалар сияқты музыкалық аспаптың сүйемелдеуінсіз жеке дауыста, бірнеше әншілердің қосылып орындауында немесе одан көп адамдардың қосылып орындауында айтыла береді.
Ансамбль- француз тілінде бірлесу, ұласу деген мағынаны береді. Музыкада екі немесе одан да көп музыканттардың (әншілер немесе музыка аспаптарында орындаушылардың ) музыкалық шығарманы қосылып орындауы және сол орындалған музыканың бірдей ұласып, әдемі, мәнерлі болып шығуын ансамбль деп атайды.Екі немесе одан да көп әншілердің музыкалық шығарманы қосылып орындауының бірнеше түрлері бар. Дуэт-екі әншіден, терцет-үш, квартет –төрт, квинтет-бес, септет-алты, секстет- жеті, октет-сегіз әншіден құралған ансамбльдер.
Ансамбль. Ансамбль (фр. Тілінде encemble қосылып, бірге деген мағынаны білдіреді.) – орындаушылық өнердің өзара үйлесімі, көркемдік тұтастығы. Бірнеше әншілердің қосылып орыстың халық хоровод әнін қосылып салу дәстүрі ансамбльге мысал бола алады. Керісінше, әншілердің тек өзінің даусының шеберлігін көрсететін жарысы емес, ол барлық әншілердің ән салу стилінің , техникасының ән өрнегінің, эмоциялық толғанысының үйлесімді бір тұтастығы. Ансамбльдік сипат бишілер өнеріне де, аспаптық музыкаға да тән. Мысалға, әншілер дуэтіне ағайынды Мүсілім және Ришат Абдуллиндердің, аспаптық ансамбальге Мәскеудің В.Т Спиваков жетекшілік ететін “Виртуозы Москвы” аспаптық ансамблін келтіруге болады.
Кәсіби маман дайындау барысында, студеттердің вокалдық өнер саласында алған білімдерін, дағдыларын мектептегі музыкалық сабақтармен түрлі көркем - өнерпаздық жұмыстарға дарыта білуінің құндылығын ескерсек, пәннің өте қажетті екендігі айқындалады. Вокалдық ансамбль-бірлесіп шығарма орындаудағы көркемдік бірлік, тепе-теңдік, барлық техникалық және көркемдік-мәнерлік құралдарының сәйкестігі.
Вокалдық ансамбль ұйымдастыруға қажетті ішкі, сыртқы жағдайлар (орын, бөлме, акустика, әншілерді іріктеу) болуы шарт және музыкадағы дыбыс үйлесімділігін ұғыну қажет. Дыбыс үйлесімі әндегі әуеннің тазалығының кепілі. Дыбыс үйлесімін көркем образды тыңдаушыға жеткізудегі ең басты нәрсе әуендік және гармониялық дыбыс үйлесімі, ол үшін студентің дыбыс үйлесімі, тыныс алуы, орындау шеберлігі және әуенді қабылдау қабілетін жетілдіру қажет.
Вокалды –техникалық ән айту дағдылары.
Вокалды ән айтудың техникасы деп вокалдық ансамблдің (түрлі дауыстардың) үйлесіп шығуын, дыбыс үндестігінің таза айтылуын (дикция) және түрлі нюанстарын бере алатын дағдыларды айтады. Репертурдағы шығармалар вокалдық ансамбальдің орындаушылық шеберлігіне лайық іріктелген және өз мүмкіндігіне сәйкес болғаны жөн.Сондықтан ансамбльдегі әрбір әнші дауыс құралын (аппаратын) жақсартуға, өз дауысын күтіп, баптауға көңіл бөлгені дұрыс.
Жалпы ән айту физиологиялық процесс, демек организмге байланысты құбылыс. Ән айтуда ми, нерв жүйелері, дауыс аппараттары: көмей, ауыз қуысы, тіл, таңдай, кеңірдек, кеуде , өкпе сияқты организмдер өзара байланысып қатысады.
Вокалдық ансамбль құру мақсатында дауыс түрлерімен таныс болыңыздар.
Дауыс әр түрге бөлінеді: ерлер, әйелдер, балалар дауысы. Ерлер дауысы тенор, баритон, бас болып бөлінеді.
Тенор. Тенор ерлердің ең жоғарғы деңгейіндегі дауыс. Тенор дауысы өзінің бояуына , дыбысберу күшіне сай үш түрге бөлінеді.
-
Ең жоғарғы және нәзік үнді естілетін дауыс тенор-альтино. Дауыс шеңбері диапазоны бірінші октаваны “ми” дыбыстары аралығын қамтиды. Тенор – альтенор дауысы өте сирек кездеседі.
-
Тенор дауысының екінші түрі лирикалық –тенор деп аталады. Бұл дауыс өте жұмсақ, құлаққа жағымды, нәзік үнді дауыс. Сондақтан классик компазиторлардың көпшілігі опералардағы басты кейіпкерлердің лирикалық -тинорға арнап жазған. Дауыс шеңбері диапазоны бірінші октаваны “до” дыбысынан үшінші октаваны “до”дыбысы аралығын қамтиды.
-
Тенор дауысының үшінші түрі драммалық – тенор деп аталады. Бұл дауыста жиі кездесе бармейді.
Диапазон жағынан лирикалық-тенормен тең, ал дауыс күші жағынан молырақ, кеңірек дыбыс береді.
Баритон. Баритон дауысы ерлердің қоңыр үнді, орта деңгейдегі дауысы. Баритон өте әдемі; дыбысы жағанан көлемді дауыс. Баритон дауысы да опера кейіпкерлерінің басты ролдерінде жүктеледі және ол да екі түрге жіктеледі.
-
Баритон-лирикалық
-
Баритон-драмалық.
Дауыс шеңберң диапазоны кіші актавның “соль”, “ля” дыбысынан екінші актаваның “ля” дыбыстары аралығын қамтиды.
Бас.Бас дауысы дауыстардың ішіндегі ең төменгі дауыс. Бас дауысы да екі түрге бөлінеді.
-
Бас-жоғарғы деңгейдегі
-
Бас-төменгі деңгейдегі профондо.
1. Жоғарғы деңгейдегі бас дауысының дыбыс шеңбері диапазоны үлкен актаваның “фа” дыбысынан бірінші актаванвң “фа” дыбысатры аралығын қамтиды.
2.Бас-профундо төменгі деңгейдегі бас дауысынан дыбыс шеңбері диапазоныүлкен октаваның “ми” дыбысынан бірінші октаваның “ми” дыбыстары аралығын қамтиды. Әсіресе, бас-профунданың төменгі ноталары өте әдемі естіледі.
Әйелдер дауысы. Әйелдер дауысы сопрано, мецо-сопрано болып бөлінеді. Сопрано дауысы күміс үнді жылдам, жүрдек, нәзік үндіестіледі. Өзінің тембрінің бояуына дауыс күшінің көлеміне байланысты үшке бөлінеді.
1.Ең жоғарғы жеңіл үнді колоратуралық – сопрано деп аталады. Дыбыс шеңбері диапазоны бірінші октаваның “до” нотасынан үшінші октаваның “ми” нотасы аралығын қамтиды.
2.Сопрано- лирикалық.
3.Сопрано-драмалық.
Бұл дауыстарды, дауыс үнінің нәзіктігі және дауыс күшінің молдығынан ажытатуға болады. Ал, дауыс шеңберлері бірдей, бірінші октаваның “до” нотасынан үшінші октаваның “до” ноталары аралықтарын қамтиды.
Мецо-сопрано. Мецо – сопрано әйелдердің төмен деңгейдегі жуан кеуде резоналары арқылы шығады, барлық үнді құлаққа өте жағымды дауыс. Дауыс шеңбері кіші октааның “сол”, “ля” ноталарымен”ля-си” – ноталары аралықтарын да қамтиды.
Дауыс шығару мүшелері. Дауыс шығару мөлшері көмей, ауыз қуысы, жұтқыншақ, мұрын қуыстары, тіл, тіс, таңдай , дауыс жарғағы, кеңірдек, трахия, бронха, окпе, кеуде, қарын қуысы, диофагма бұлшық еттері жатады.
Адам көмекейінің негізгі атбиғи атқаратын қызметі дем алмастыру, дыбыс шығару, қорғану, жұтыну. Бұл міндеттер шартты рефлекс бойынша орындалады. Ал жауыс жарғағы көмей қуысына орналасқан серпімді тармақтардан тұрады. Көмей еттерінің жиырылуының салдарынан дауыс жарғағы керіліп, сыртқа шығатын ауа қысымы арқылы тербеліске келеді.
Дауыс жарғағы дем алғанда, дыбыс шығарғанда әр түрлі формада болады. Дауыс жарғағы терең дем алғанда барынша тең ашылады, жай дем алғанда үшбұрыш формасында болады, ән айтқанда тең түйіседі. Трахия, бронха түтікшелері өкпеге ауаны алмастырып тұру қызметін атқарады. Олар тарам-тарам болып, кеуде қуысының ішін алып жатады.
Көмейден жоғары ауыз қуысы орналасқан. Ауыз қуысына үлкентіл, тіс, кіші тіл, таңдай, бет қуысы, бет сүйектерібар. Одан жоғары мұрын, кеңсірік шеміршектері, маңдай сүйектері жатады. Мұрын қуыстары аррқылы ауа ортамен алмасады.Өкпе-кеуде қукысында орналасқан, көпіршік масса, ол өздігінен созылып жиырыла алмайды.
Өкпе көпіршіктері кеуденің қабырғаларының арасындағы өттер жиырылып, созылып қозғалысқа келтіріледі.
Ән мәнерлі шығу үшін қолданылатын тыныс алу әдістері.
Қарын қуысының жоғарғы жағында диафрагмма еттері керіліпи кеуденің көлемі ұлғайады.
Ән айтудағы диафрагма еттері алған демді ұзақ уақытқа дейін ұстап тұруға жағдай жасайды.
-
Демалу әдістері әртүрлі: Иықпен дамалу кезеңінде кеуденің жоғарғы жағы көтеріледі де, диафрагмма жұмыссыз қалады.Бұл әдіс әншілер үшін жарамсыз, себебі, дем көлемі аз және тұрақсыз.
2. Кеуденің төмегі бөлігімен диафрагмманың толтыра демалу әншілердің көп қолданатын әдісі және әншілер ьәжрибесінде дәлелденіп шешімін тапқан
Әйелдер дауысын тәрбиелеуде кеуде, диафргмма әдістері қолданылады. Демалу тез, дем шығару баяу болады. Дауыс резонаторлары жайлы мағлұмат.
а) Дауыс резонаторларыарқылы үндетіліп күшейтіледі. Бас және кеуде резонаторлары бар. Бас резонатоарарына көмейден жоғары орналасқан дауыс мүшелері жатады.
Бас резонаторлары дыбыстың таза шығуына, жеңіл айтылуына жағдай жасайды. Жоғарғы бөліктен дауыс шеңберін, биіктігін ұлғайтуға зор ықпал жасайды.
б) Кеуде резонаторына көмейден төмен орналасқан кеуде бөлігі жатады. Кеуде резонаторы дауыстың үнін әсерлеуге, сазын мәнерлеп, толықтырып күшейте түседі.
Атрикуляция. Өлең айтқанда немесе сөйлегенде артикуляция тіл, жұмсақ таңдай, көмекей,
төмегі жақ және ерін бұлшық еттерінің қозғалуы арқылы болатын құбылыс.
Әншінің антикуляция бұлшық еттерінің тез және жұмсақ жұмыс істеуі, көмекейдің қысылмай дауысты және дауыссыз дыбыстардың дауыс желбезегінің бір қалыпты жұмыс істеуін, дауыситың екпінді, жұмсақ еркін құйыла түсуіне жеңілдік жасалады.
Әнші антикуляциясының дауысты – дауыссыз дыбыстарды меңгеру автоматизмі, вокалдық мектепте мұғалім жұмысының ең қиын кезеңдеріінің бірі беуге болады.
Қорыта келгенде, “артикуляция” дегеніміз ән айтқанкезде дауысты және дауыссыз дыбыстардың демнің көмегімен резонаторларға бағытталып, бір-біріне кедергісіз айтылу кезеңі.
Дикция. Ән айтқанда, әннің сөзін таза, дұрыс айтылуын “дикция”-дейміз. Вокалдық дикция дауыс өнері сияқты бірінен-бірін толықтырып тұратын ұғым. Ән сөзін таза және анық нақты айту екі элементтен тұрады: “творчествалық” және “техникалық”.
Творчествалық элемент дегеніміз әншінің орындайтын шығарманы мазмұны мен сөзінің ұғынықты, көркемдік жағын тыңдаушыға толық және анық, таза жеткізе білу.
Техникалық элемент дегеніміз әншінің орындалатын белгілі екпінде түрлі гамма, пассаж, трелль, фаршлаг сияқты швғарманың баяу дыбыстарын таза, әрі дұрыс айтып жеткізе білу.
Дыбыс пайда болу кезеңі. Ән айту-демалудан басталады. Ми қабатын нерв жүйелерімен импульс сигналлы арқылы дауыс сіңірлерін түйістіріп, дауыс желбезектері жабылады. Бұл кез дем шығару кезеңімен дәл келеді.
Ал түйіскен дауыс желбезектері ауаны сыртқа шығармай ұстап қалады. Ауа дауыс еттері қабаттарын қуысында сыртқа ауа шығаратын еттердің күшімен қысымға келеді. Қысымға түскен ауа дауыс желбезектеріне қайта әсер етіп, күш түсіреді. Сол кезде дыбыс пайда болады.
Дыбыс бастамасы және олардың түрлері.
Дыбыс пайда болған мезгіл, дыбыс бастамасы, не дыбыс “атакасы” деп аталады. Дыбыс бастамасы үш түрлі болады:
а) қатаң
ә) жұмсақ
б) үзік
Қатаң дыбыс бастамасы дауыс сіңірлерінің өте қатаң түйісуінен пайда болады. Жиі қолданған қатаң дыбыс бастамасы дауысты бұзып, зақым келтіруі мүмкін.
Шығармаларда кездесетін драматизм кезеңдерінде, не марштар орындағанда қатаң дыбыс бастамасын қолдануға болады.
Жұмсақ дыбыс бастамасы кезінде дауыс сіңірлері жұмсақ, жеңіл түйісіп, дыбыстың еркін жұмсақ шығуына жағдай жасайды. Жұмсақ дауыс атакасы дауысты жаттықтырғанда , лирикалық шығармалар орындағанда қолданылады.
Үзік дыбыс бастамасы кезінде дыбыс желбезектері тегіс түйіспей, ішке өткен ауа толығымен дыбысқа айналмай, дауыс желбезектерінің арасын өтіп шығады. Бұл кезде дауыс таза шықпай қосымша “ысылдаған” үн қосыла шығады.Үздік дауыс атакасы дауысты бұзып, үнін таза естіртпейді.
Дауыс тазалығы және әншінің күн...
делікті дауыс сақтау тәртібі.
Біз жоғарғы да айтқандай адам дауысы организіміне байланысты дедік. Яғни, адамның дауысы шығару мүшелерін “Тірі музыка инстументі” деуге болады. Сондықтан біз бүкіл өмір бойы денсаулығымызды сақтап, дауыс шығару мүшелерін зиянды әдеттерден сақтанып жүруіміз керек. “Темекі, алкоголь”.
Оқу процесі кезінде дауысты мұғалімнің бақылауынсыз көп айтып, немесе жоғары ноталарды өз бетімен айтуға болмайды. Сабаққа келерде студенттің түнгі ұйқысы қанып, көңілі көтеріңкі болған жөн. Өйткені дауыс организмге байланысты болса, нерв жүйелері арқылы дауыстың жұмыс кезінде жауап беруіне әкеп соғады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
«Сырдария» университеті
«Өнер» факультеті
«Ән және саз» кафедрасы
«ВОКАЛДЫҚ АНСАМБЛЬ» - пәні бойынша
050106 –«Музыкалық білім» мамандығының студенттері үшін
СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖОСПАРЫ.
(С Ө Ж)
8. С Ө Ж – Т А Қ Ы Р Ы П Т А Р Ы.
№
|
СӨЖ тақырыптары, мазмұны
|
әдебиеттер
|
1
|
1 - Тапсырма:
І. Берілген шығармаларды сольфеджио бойынша бойынша әндету, сөздерін жаттау.
|
9,10,11, 6, 13, 12
|
2
|
2 – Тапсырма:
І. Берілген шығармаға музыкалық , теориялық, вокалдық талдау жасау.
|
1, 2, 3, 4, 5, 6,7,8
|
3
|
3 – Тапсырма:
І. Пәннен алған теориялық білімін, техникалық дағдыларын тиісті деңгейде қолдана білу.
|
16, 17,18, 19.
|
10. ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР.
-
Арии, романсы и песни из репертуара И.Обуховой. Для меццо – сопрано в сопровождении фортепиано и инструментально трио. Составитель. Ю.Обухов. Издательство «Музыка»- Москва., 1975 г.
-
Әсеттің 500 әні. /Бірінші, екінші кітаптар/. Құрастырғандар : Н.Нүсіпжан, Д.Ә.Бейсеуов. Қазақстан Республикасы жәіне ақпараттану министрлігіныі «Өнер» баспасы. – Алматы, 1998.
-
Ән сабағы. Учебно – методическое пособие для начальных классов казахских школ. /в сопровождение баяна/, Алматы, «Өнер» 1997. (Сорос Қазақстан қоры).
-
Гәкку. Песни, романсы и раиииз репертуара Куляш Байсеитовой. Составитель: К.И.Бобошко. – Алматы «Өнер», 1991.
-
Ибрагим Нүсіпбаевтың әндері. Құрастырған Рәбиға Нүсіпбаева. Алматы «Рауан» 1996.
-
Қазақтың халық әндері. Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы.Алматы, 1960.
-
Қазақ вальсі. Қазақстан композиторларының әндері. Құрастырған Д.Мүсіров. – Алматы «Өнер» 1982.
-
Музыка хрестоматиясы. 1 класс. Құрастырған Р.Жәцрдемалиева, Г.Қарамолдаева, А.Исағұлова, - Алматы «Өнер» , 1986.
-
Музыка хрестоматиясы. 3 класс. Құрастырғандар : А.Исағұлова, А. Бәйментаева, Д.Атаханова. Қазақ ССР халыққа білім беру министрлігінің коллегиясы бекіткен. Алматы – «Өнер», 1990.
-
Музыка хрестоматиясы. 4 ксласс. Составитель: Г.Қарамолдаева. – Алматы, «Өнер», 1981.
-
Мыңжасар Маңғытаев. «Ақ маржан» /сборник песен/
12. . Издательство «Жалын»- Алматы, 1977.
-
Милькович Е.К.Систематизированный вокально – педагогический репертуар. /часть/ для высоких и средних голосов. – Музгиз. 1962.
-
Программы педагогических институтов. «Музыка и пение». Сборник 25 - Просвещение1980
-
Романсы свежее дыхание. /Для голоса и сопровождении фортепиано/. Составитель Г.А.Портнов. Всесоюзное издетельство. Советский композитор. – Ленинград, 1988.
-
Сыдық Мұхамеджанов. Жазғы дала. Песни и романсы. (по русском языке). Алматы «Өнер» ,1988.
-
Сейдолла Бәйтереков. Ақ жауын. Белые дожди. (сборник песен). Издательство «Өнер» 1980.
-
Сағыным менің. Шәмші Қалдаяқов. Әндер жинағы. «Жалын» баспасы. Алматы, 1976.
-
Хрестоматия вокальноВокалькопедагогического репертуара. Для сопрано Музыкальное училище. ІІІ – ІV курсы часть ІІ. Музыка – Москва , 1971.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
«Сырдария» университеті
«Өнер» факультеті
«Ән және саз» кафедрасы
«ВОКАЛДЫҚ АНСАМБЛЬ » - пәні бойынша
050106 Музыкалық білім мамандығының студенттері үшін
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
11. Б А Қ Ы Л А У С Ұ Р А Қ Т А Р Ы.
-
Вокалдық музыка дегеніміз не ?
-
Ансамбль дегеніміз не ?
-
Опера дегеніміз не ?
-
Ария деп нені айтамыз ?
-
Хор дегеніміз не ?
-
Хорда кездесетін дауыс түрлерін атаңыз.
-
Сопрано дауысының диапазоны қандай ?
-
Альт дауысының диапазоны қандай ?
-
Тенор дауысының диапазоны қандай ?
-
Бас дауысының диапазоны қандай ?
-
Баритон дауысының диапазоны қандай ?
-
Сопрано дауысы қандай түрлерге бөлінеді ?
-
Альт дауысы қандай түрлерге бөлінеді ?
-
Мектеп жасындағы балалардың жас ерекшеліктеріне қарай дауысының дамуы.
-
Мектеп жасындағы балалар дауысында кездесетін қиыншылықтар.
-
1 – сынып балаларының дауыс диапазоны қандай ?
-
2 – сынып балаларының дауыс диапазоны қандай ?
-
3– сынып балаларының дауыс диапазоны қандай ?
-
4 – сынып балаларының дауыс диапазоны қандай ?
-
Орта буын сыныптарындағы балалар дауыс диапазоны қандай ?
12. Студенттердің академиялық білімін
рейтингтік бағалау жүйесі.
Білім беру ісіндегі басты приоритет студенттердің жеке шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту, оларды дара тұлға етіп әзірлеу. Оқу үрдісінде басымдылық роль оқытушыға емес студентіне берілуі тиіс, студент белсенділік көрсетуі тиіс, оны оқытпай ол өздігінен оқуы керек.
Оқытудың негізгі мақсаты, өз бетінше дами алатын жас адамды қалыптастыру болғандықтан оқытудың негізгі формасы студенттермен жұмыс істеу, дифферациялау.
Әрбір студент басқа студентпен салыстырылмайды, керісінше өзімен өзі салыстырылады. Студенттер өз нәтижелерін бағалай білуіне үйренуі аса маңызды.
Студенттердің білімін бағалау жүйесі силлабус оқыту бағдарламасына міндетті элемент болып кіреді.
Әр деңгейдің ұпай саны студенттердің білімін бақылаудың үлгілерімен кіріспе ағымдағы және аралық бақылаулармен жиналады. Төменде студенттердің балл мен есептегенбе білім градациясының кестесін беріп отырмыз.
Бағалаудың әріптік жүйесі
|
Баллдары
|
Бағалаудың -тік мазмұны
|
Бағалаудың дәстүрлі жүйесі
|
А
|
4.0
|
100
|
Өтежақсы
|
А-
|
3.67
|
90-94
|
В1
|
3.33
|
85-89
|
В
|
3.0
|
80-84
|
жақсы
|
В-
|
2.67
|
75-79
|
С1
|
2.33
|
70-74
|
Қанағаттанарлық
|
С
|
2.0
|
65-69
|
С-
|
1.67
|
60-64
|
Д1
|
1.33
|
55-59
|
Д
|
1.0
|
50-54
|
F
|
0
|
0-49
|
Қанағаттанғысыз
|
Пәннен Ғ деген баға алған студент деканат белгілеген мерзімде оны қайта тапсыру керек.
Бұл градация GРА-ді /студенттің жалпы академиялық білімін орташа бағалау/ айқындау қажет.
13. «ВОКАЛДЫҚ АНСАМБЛЬ » - пәні бойынша оқу процесінің картасы
№
|
Атаулар
|
Қыркүйек
|
Қазан
|
Қараша
|
Желтоқсан
|
Ұпай саны
|
|
Бақылау түрі
|
1-3
|
6-10
|
13-17
|
20-24
|
27-1
|
4-8
|
11-15
|
18-22
|
25-29
|
1-5
|
8-12
|
15-19
|
22-26
|
29-3
|
6-10
|
|
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
|
І
|
Кіріспе бақылау
|
Кб
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
10
|
ІІ
|
Ағымдағы бақылау
|
|
|
|
|
КР
1
|
|
|
|
|
КР 2
|
|
|
|
|
КР 3
|
40
|
1
|
СӨЖ тапсырма
лары
|
|
|
С1
|
|
|
С2
|
|
|
С3
|
|
|
С4
|
|
С5
|
|
20
|
ІІІ
|
Аралық бақылау
|
|
|
|
|
|
|
|
РБ 1
|
|
|
|
|
|
РБ 2
|
|
30
|
|
Барлығы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
100
|
Ең жоғары ұпай көрсетілген
КР (1,2,3) кредит 1,2,3......
РБ рейтинг бақылау
|
Достарыңызбен бөлісу: |