Анатомия
Респираторный
Тыныс алу ағзаларының жалпы сипаттамасы. Сыртқы мұрын. Мұрын қуысы.Мұрын аймағының қойнаулары.
Тыныс алу жүйесі system respiratorium.
Қызметі: Ағзаны оттегімен қамтамасыз етіп , көмірқышқыл газын сыртқа шығарады. Тыныс алу жолдары жоғарғы және төменгі бөліктері, өкпе деп бөлінеді. Жоғарғы бөлігіне:
мұрын қуысы, жұтқыншақтың мұрындық және ауыздыққ бөліктері жатады. Төменгі көмей кеңірдек бронх және бронх тармақтары
Сыртқы мұрын , nasus externus.
Мұрын түбірінен ,қырынан және ұшынан,танаудан тұрады.
Мұрын түбірі.
radix nasi. Беттің
жоғарғы бөлігінде орналасады. Бүйір қабырғасы орталық бөлігінде мұрын қырын
, dorsum nasi құрайды. Мұрын қырының төменгі латералды
бөлігі мұрын қанатын alae nasi құрап , танаумен
nares және мұрын қалқасынан тұрады.
Сыртқы мұрын қабырғалары: сүйектік және шеміршектік.
Сүйектік бөлігі: мұрын сүйегінен
os nasalе және жоғарғы жақ сүйектік маңдайлық өсіндісінен
proccecus frontalis maxillae тұрады.
Шеміршектік бөлігі: дәнекер тінмен байланысқан шеміршектерден тұрады.
Мұрынның
латералды шеміршег,
cartilagо nasi lateralіs : Мұрын сүйегінен
төмен орналсып, жұп шеміршектен тұрады. Мұрын қырын құрайды да ,қанаттың үлкен шеміршегімен байланысады.
Қанаттың үлкен шеміршегі,
cartilago alaris major: қанаттың қабырғасын құрап, танауды құрауға қатысады.
Қанаттың кіші шемршегі,
cartilago alaris minor: үлкен шеміршектің артқы қапталында, 2-3 ұсақ шеміршектен тұрады.
Қосалқы шеміршегі
cartilago nasalis accecoriae: латералды шеміршек пен қанаттың үлкен шеміршегінің аралығында мұрын қуысына жақын орналасқан.
Мұрын қуысының
аралық шеміршегі cartilsgo septi nasi: жоғарғы қапталы - торлы сүйектің перпиндикуляр табақшасымен lamina perpendicularis , төменгі артқы қапталы – желбезек
vomer байланысқан.
Мұрын қуысы
Мұрын куысы Cavum nasi – тыныс алу жүйесінің бастауы.