2. СҒЗЖ: Сүт және сүт өнімдерін лабораториялық зерттеу



бет1/9
Дата13.03.2024
өлшемі61.71 Kb.
#495322
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
сүтті зерттеу


МАЗМҰНЫ

Кіріспе.......................................................................................................................4


1. Практика өтілген мекемеге немесе шаруашылыққа сипаттама:ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті «Республикалық ветеринарлық зертхана» Республикалық мемлекеттік кәсіпорын Шымкент қалалық филиалы......................................5
2. СҒЗЖ: Сүт және сүт өнімдерін лабораториялық зерттеу......................................................................................................................6
2.1. Жануарлардың гинекологиялық аурулары....................................................9
2.2. Ветеринариялық кедендік іс..........................................................................11
2.3.Шекара мен көліктегі ветеринариялық-санитариялық бақылау.................12
2.4. Ветеринариялық токсикология....................................................................14
2.5. Импортқа жіберілетін малдардың биологиялық қауіпсіздігі.....................15
2.6. Терапия негіздері............................................................................................15
2.7. Жеке патологиялық физиология...................................................................17
Практика қорытындысы........................................................................................19 Пайдаланған әдебиеттер тізімі.............................................................................21


КІРІСПЕ
Сүт-адамзаттың ежелден келе жатқан тағамы. Тарихи деректерге қарағанда адам әуелі етпен, содан кейін сүтпен қоректенуді үйренген секілді.
Сүт шаруашылығын өркендетуде оны барынша дұрыс ұйымдастыру мен орналастырудың маңызы өте зор. Мұны жүзеге асыру – малды жер-су жағдайларына, табиғи ерекшеліктерге және жем шөптің жеткілікті болуына қарай орналастыру деген сөз.
Осылай орналастырғанда еңбекті және басқа ресурстарды аз жұмсап, өнімді көп алуға мүмкіндік туады.
Сүт өндірісін ұйымдастыру,орналастыру және пайдаланудың өзіне тән кейбір ерекшеліктері бар. Олар- сүт бағытындағы мал шаруашылығы, сүт өнеркәсібі және тұтынушылардың алыс-жақындығы, ауа райының ыстық-суықтығы, транспорт пен арнайы ыдыстардың жеткіліктігі, т.б. факторлар. Осыған байланысты мамандандырылған сүт шаруашылықтарының көбісі ірі қалалар мен өнеркәсіп орталықтарына жақын орналасқан.
Сүт-тағамдардың ішіндегі ең құнарлы,әрі таңдаулы түрі.Оның құрамында жүзден астам витаминдер, қант, минералдық тұздар, гормондар, т.б. түрлі элементтер бар. Мұның бір ерекшелігі – сол элементтердің бәрі адам организмі үшін өте пайдалы. Сондықтан да одан түрлі тағамдар, шипалы сусындар жасауға болады, демек, сүттің адамға сіңімділігі, қоректілігі және оның диеталық қасиеттері өте күшті.
Сүт тамағы азық түлік рыногының құрамдас бөлігі ретінде экономикалық жүйе қандай болса да, күнделікті сұранысқа ие және кез келген мемлекеттік рыногында тұрақты орын алады. Қазақстан бұрын осы бір аса бағалы тағамдық өнімді өте көп өндіру, көп тұтынуы мен ерекшеленетін.
Сүт – табиғатының ең құнды өнімі. Адам организмі оның құрамындағы қоректік заттарының 98-99% пайдаланады.Сүт өңдеу ерекшелігіне, құрамындағы май, майызданған құрғақ сүт қалдығының мөлшеріне үстеме толықтырғыш заттар қосу және ыдыстарға құюына байланысты топтарға бөлінеді.Пастерленген, стерилденген және қорытқан сүт өндіріледі.


1.Практика өтілген мекемеге сипаттама:ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті «Республикалық ветеринарлық зертхана» Республикалық мемлекеттік кәсіпорын Шымкент қалалық филиалына сиппаттама.
ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті «Республикалық ветеринарлық зертхана» Республикалық мемлекеттік кәсіпорын Шымкент қалалық филиалында практикадан өттім.Шымкент қаласы 112 мөлтек ауданында Крейсера Авроры 48 мекен-жайда орналасқан.
ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті «Республикалық ветеринарлық зертхана» Республикалық мемлекеттік кәсіпорын Шымкент қалалық филиалы:
1 Ауруларды диагностикалау бөлімі
2 Ветеринарлық - санитарлық сараптау бөлімі
Ауруларды диагностикалау бөлімі 4 бағытқа бөлінеді.
1 Бактериология
2 Вирусология
3 Паразитология
4 Серологиялық
Ветеринарлық санитарлық сараптау бөлімі 3 бағытта жұмыс істейді.
1 Вет – санитарлық сараптау
2 Токсикология
3 Радиология
Зертхана негізінде мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс жасайды.ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалаукомитеті «Республикалық ветеринарлық зертхана» Республикалық мемлекеттік кәсіпорын Шымкент қалалық филиалы,келесі мәселелер бойынша қызмет артқарады
1.«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің құзыреті шегінде ветеринария, ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы реттеу, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын ведомство және мемлекеттік орган болып табылады.
2.Комитет өз қызметін ҚазақстанРеспубликасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.
3.Комитет мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы Министрлiкке ведомстволық бағынысты заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртабандары, белгiленген үлгідегi бланкілерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4.Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
5.Комитет, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарапы болады.
6.Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленгентәртіппен Комитет төрағасының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетіншешімдер қабылдайды.
7.Комитеттің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8.Комитеттің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 016000, Шымкент қаласы, Крейсера Авроры 48
9.Комитеттің толық атауы – «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
10.Комитет қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
11.Комитет кәсіпкерлік субъектілерімен Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түспейді. Егер Комитетке заңнамалық актілермен кірістерді әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджет кірісіне




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет