2 тақырып. Саяси ғылымның ҚҰрылуы мен дамуының негізгі кезеңдері



бет3/5
Дата12.10.2024
өлшемі33.12 Kb.
#504619
1   2   3   4   5
2 ТАҚЫРЫП.Саясаттану (2)

2.3 Жаңа замандағы саяси ой

XVII ғасырда буржуазиялық революция Европа көлемінде ең бірінші Англияда болды. Ол феодализмге қатты соққы беріп, капиталистік қатынастардың дамуына жол ашты.


Бұл дəуірдің көрнекті ағылшын ойшылы Томас Гоббс (1588-1679). Оның ойынша, мемлекет қоғамдық келісімінің негізінде жалпыға бірдей бейбіт өмір мен қауіпсіздік сақтау үшін пайда болды. Қоғамдық келісім бойынша патшаға немесе мемлекет ұйымдарына жеке адамдардың құқығы тапсырылады. Адамдар өз тілектері мен еріктерін шектеп, барлық билікті мемлекетке берді. Ол монархиялық мемлекетті ұнатты.


Франция буржуазиялық революцияның көрнекті өкілі Шраль Луи Монтескье (1689-1775) əр халықтың адамгершілік бейнесін, оның заңдарын, айырмашылығын, қоғамның дамуын географиялық ортаға жəне ауа райына, жер бедеріне, топырағына байланыстырды. Бостандық теориясына сипаттама берді. Заң неге ерік берсе соны істеу керек деген. Саяси бостандық экономиканың дамуына əсер етеді. Ол өзі ұждан бостандығын жақтады. Бостандықты баянды ету мақсатында жəне төңкерістерге жол бермеу үшін билікті заң шығаратын, атқарушы жəне сот билігі етіп бөлу керек деді.



20


Францияның ойшыл-ағартушысы Жан Жак Руссо (1712-1778) ұсақ буржуазияның, шаруалардың мүддесін қорғады. Ол еркіндік пен теңдікті ең жоғарғы игілік деп санады. Еркінділіктің кепілі теңдік, ал теңдік саясатта ғана емес, мүлікте де болуға тиіс. Мемлекет шектен тыс байлық пен кедейлікке жол бермей, адамдар арасында теңдікті сақтауы керек. Руссо тікелей халық билігін ұсынды.

Руссо жиі халық жиналысын өткізіп, онда үкімет есеп беруін талап етті. Демократияны жақтаушы Томас Джефферсон (1743-1826) атына


байланысты. Ол сол кездегі ұлы революциялық құжат – АҚШ «Тəуелсіздік Декларациясын» жазды. Мемлекеттік өкіметін құрып, оны бақылау құқынан еш адам шектеуге болмайды. Егер өкімет халық құқығын қорласа ондай үкіметті ауыстырып, өзінің қалауына сай өзгертуге болады. Мұнда Джефферсон рақымсыз билеушілерге қарсы шығып барлық адамдарды тең көрді.


Тəуелсіздік үшін күрес кезіңде өзінің батыл идеяларымен Томас Пейн (1737-1809) көзге түсті.


Пейн бірінші болып қоғам мен мемлекетті ажыратты. Мемлекетті қоғам тудырады. Үкімет мақсаты – қауіпсіздік пен бостандықты қамтамасыз ету. Оның саяси мұраты – жалпыға бірдей сайлау құқы, тең өкілдігі бар демократиялық республика.


Пейн соғысқа қарсы болды. Бейбітшілікті сақтамайтын үкіметті құлату керек. Бірақ ол əділет соғысты, азаттық үшін соғысты қолдады.


Т. Джефферсон мен Т. Пейннің еңбегінің арқасында 1776 жылғы



  1. шілдеде АҚШ Тəуелсіздік Декларациясы шықты. Бұл Тəуелсіздік Декларациясында адамның бостандығы жан-жақты қарастырылған.

Жаңа заманда саяси санада айтарлықтай із қалдырған немістің классикалық философиясының негізін қалаушы Иммануил Кант (1724-1804). Оның саяси пікірлері «Космополиттік көзқарас жөніндегі жалпы тарихының идеялары», «өмірлік бейбітшілікке» деген еңбектерінде баяндалған.


Канттың əлеуметтік көзқарасының негізгі қағидалары: адам бір іс істегенде өнегелік, адамгершілік заңын басшылыққа алу керек. Кант мұны «категориялық императив» деп айтты. Оның мəні – əрбір адамның іс – əрекеті басқаға үлгі боларлықтай болуға тиіс.


XVIII ғ. аяғы - XIX ғ. бірінші жартысында Батыс Еуропада капиталистік мəдениет заманалық екі қозғаушы күштің əсерімен дамыды. Оның біріншісі – капиталистік қатынастарға жол ашқан Ұлы Француз революциясы. Екіншісі – алдымен Англияда, сосын Франция жəне басқа Батыс Еуропа елдеріндегі күрделі өнеркəсіптік өзгерістерді капитализмді одан əрі нығайтты. Бұған орай жаңа қоғамдық құрылыс пайда болды. Өсіп келе жатқан буржуазия еркіндікке, жылдам алға дамуға, заңдылыққа тырысты. Сондықтан бұл кездегі буржуазиялық саяси идеологияның бас бағыты либерализм (ерікті, азат деген латын тілінен шыққан) болды. Сонымен қатар, капиталистер мен пролетариаттың арасындағы таптық күрестің үдеуіне байланысты кертартпалық пікірлер де туа бастады.


Пролетариат күресінің алғашқы кезеңінде өз үмітін Сен-Симон, Фурье, Оуэн сияқты утопиялық социалистердің іліміне артты. Олар буржуазия

21


орнатқан тəртіптерді қатты сынады. Жұмысшы табының өмірі қаншалықты ауыр екенін сипаттады. Сен-Симон əркім қабілетіне қарай жұмыс істейтінін жəне еңбегіне қарай ақы алатын қоғамдық құрылымның болуы мүмкіндігін туралы пікір айтты. Осыған байланысты еңбек ету құқығын алдыңғы қатарға қойды. Оуэн өнеркəсіп революциясының маңызын жоғары бағалады. Утопист – социолистер қала мен деревня арасындағы, дене еңбегі мен ой еңбегі арасындағы қарама – қарсылықты жоюдың қажеттілігін ұсынды. Олар материалдық игіліктерді əділ бөлу мəселесіне баса назар аударды.

Утопист-социалистердің озық ойларымен қатар кемшіліктері де болды. Олар қоғамдық дамудың заңдылықтарын түсінбеді, қоғамдық өмірді қайта құрудың шынайы жолдарын көрмеді, жұмысшы табына тек жапа шегуші тап деп қарады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет