Сыныбы: 6 «А»
Күні: 19.10.2021 ж.
Тақырыбы: Қазақстанның табиғат аймақтарындағы экожүйелердің айырмашылығын модельдеу.
Мақсаты: Жаңа сабақты меңгерту, дұрыс мазмұнын білу. Туған өлкенің табиғаты мен қыр-сырына жан-жақты мән бергізе отырып, зерттеуге, көрген-түйгенін білу.
Дамытушылық: Өлке табиғатына деген ерекше ықыласын ояту, қызықтыру.
Тәрбиелік: Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, қоршаған ортаның тазалығын сақтау, ластанудан қорғау, аялау, экологиялық тәрбие беру.
Көрнекіліктері: суреттер, тест, қанатты сөздер.
Сабақтың барысы:
І. Үйымдастыру.
Сабағымды Жамбыл атамыздың өлең жолдарымен бастадым.
Табиғат әсемдіктің төркінісің
Ән саламын бір сенің көркің үшін.
Жан-жануар табынып бір өзіңе
Сенен алып тұрғандай бар тынысын, - деп.
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Адамзат баласы, табиғат-ана, сусыз өмір сұ\үре алмайтыны анық. Толқынменбірге құстарымыз тербеледі, қазымыз қаңқылдайды, аққуымыз көл бетінде сыланады.
Мұқағали ағамыздың «Аққулар ұйықтағанда» өлеңінен кішкене шумағын оқып берейін.
Аққулар...
Аққу мойын сүмбе қанат,
Алаңсыз тарануда күнге қарап,
Айдынның еркелері білмей тұрмын,
Етермін, тағдырымды кімге аманат?!
Жаны сүлу ақ еркем ары сұлу!
Жасыл желегіміз, жәндігімізбен бірге көл, теңіз, мұхитымызды қалай жырлаған.
Қарап отырсақ, табиғатымызды аялап, қастерлеп, сол табиғаттың тілін білу бәріміздің парызымыз!
Табиғатты қорғау үшін не істеуіміз керек? Толық қорғай аламыз ба? Я болмаса оған әсер етуші күштердің ықпалын азайтамыз ба? О замандардың өзінде алғашқы қауымдық құрылыстағы адамдар аншылықпен айналысып, жануарлардың талай түрін жойып жіберді. Мамонттардың жойылуының басты себебі осы адамдардың іс-әрекетінен. Бірақ ол адамдар табиғатқа зиян алып келетіндігін, жануарлардың жойылып кететіндігін ойлаған да жоқ.
Осындай ой әлі күнге дейін жалғасып келе жатқан сияқты. Адамзат неше мыңдаған жылдардан бері бір-біріне соғыс өртін жариялап, қоршаған ортаның ластануына, жануарлар мен өсімдік жамылғысының азаюына және адамдардың өліміне әсер етуде. Табиғатты қорғау мемлекетаралық, мемлекеттік, аймақтың заңдармен – іс-шаралардың табиғатты қорғауға, сақтауға және тиімді пайдалану мен қалпына келтіруге арналған кешенді жұмыс.
Достарыңызбен бөлісу: |