Кітап:
Дәріс:
Әлеуметтану
негіздері
11. Стратификация. 1-бөлім
2
Дәрістің мақсаты: стратификацияның анықтамасын, таптық жүйемен салыстырғанда
кас-талық жүйеде өмір сүру айырмашылықтарын, сонымен қатар Карл Маркс пен Макс Вебер
тұжырымдаған тап мағынасының ерекшеліктерін қарастыру.
Негізгі терминдер: стратификация, бедел, билік,
әлеуметтік мобильділік, буржуазия, про-
летариат, тап, әлеуметтік тап, таптық сана, әлеуметтік-экономикалық мәртебе, кедейлік сана-
сезім.
Теңсіздік құрылымы
Стратификация қарапайым теңсіздік ұғымынан ерекше, өйткені ол тұлғаның жеке қасиет-
теріне емес, оның әлеуметтік санаттағы мүшелігіне негізделеді. Әдетте теңсіз бағаларды
ақтайтын нормалар мен құндылықтар қамтылады.
Стратификациялық жүйелердің екі түрі бар. Касталық жүйелерде
сіздің әлеуметтік дең-
гейіңіз толығымен ата-анаңыздың мәртебесіне байланысты. Таптық жүйелерде әлеуметтік
деңгейіңіз толығымен біліміңіз бен кәсіптік білігіңізге байланысты болады. Сондықтан ата-
анаңыздан жоғары немесе төмен деңгейге болуыңыз мүмкін.
Маркстың пайымдауынша, стратификацияның бір ғана маңызды өлшемі бар – ол таптық
қатынастар өлшемі. Вебер екі қосымша өлшемді ұсынған, ал әлеуметтану ғалымдарының көбі
қазір стратификацияның үш бағытына сүйенеді: тап, мәртебе және билік.
Әлеуметтік таптар
Кедейлік шегіндегі топтар деп шаруашылығы бар және кедейліктің
ресми деңгейінен екі
есеге дейін жоғары табыс табатындарды айтады. Көптеген зерттеушінің пікірінше, «кедейлік
шегіндегілер» шын мәнінде «кедейлер» деп есептелуі тиіс. Өйткені екі топ үшін де лайықты
деңгейде өмір сүру қиынға соғады. Алайда кедейлік шегіндегі адамдардың жағдайы кедейлік
деңгейінен де төмен табысқа өмір сүретіндерден өзгеше. Жоқшылықты бастан кешкен
кедейлермен салыстырғанда жағдайы кедейлікке жақын тұлғалар әдетте жақсы мектебі бар
қауіпсіз (бірақ жақын маңдағы кедей аудандардан қауіп төнетін) аудандарда өмір сүреді.
Жұмысшы табына өнеркәсіптегі «көк жағалы» жұмысшылар
мен олардың отбасылары
жатады. Олар – фабрикаларда, зауыттарда және сұлулық салондарында жұмыс істейтін ерлер
мен әйелдер. Арасында жүк машиналарын жүргізетін, хатшы ретінде жұмыс істейтін, үй салатын
және қызмет көрсету саласында еңбек ететін қызметкерлер де бар. Олардың еңбекақысы
кейде өте жақсы әрі жеңілдіктер алатын болса да, жұмысшы табы болып қала береді.
Орта топтағы көпшіліктің жоғары білімі немесе орта кәсіптік білімі болғанымен, еңбекақысы
жұмысшы тап өкілдерінің ақысынан төмен болуы мүмкін. Орта тап мүшелерінің табысы жоғары
немесе төмен болғанына қарамастан, олар жұмыс орнының қауіпсіздігіне баса назар аударады
және жұмысшы табына қарағанда қызметте өсуге мүмкіндіктері көбірек болады.
Жоғарғы тап екі топтан тұрады. Біріншісі – отбасыларының табысы мен мәртебесі ұрпақтан-
ұрпаққа беріліп келген адамдар. Екінші топ миллиондаған немесе миллиардтаған доллар
табысының кем дегенде бір бөлігін өз еңбегімен (мұраға емес) тапқан адамдардан тұрады.
Стратификация – әлеуметтік мәртебелерді шектеулі ресурстарға қолжетімділік тұрғысынан
анықтайтын теңсіздіктің институттық құрылымы.
Бедел – бір адамға немесе топқа ерекше
әлеуметтік ізет-құрмет білдіру, мәртебе деп те
аталады.
Билік – басқалардың қалауына қарамастан, оларға ықпал ету немесе үстемдік көрсету
арқылы өз еркін жүзеге асыру.
Әлеуметтік мобильділік – адамның әлеуметтік таптағы
орнының жоғары немесе төмен
ауысуы.
Буржуазия – жұмыс жасауға қажетті құралдар мен материалдарды, яғни өндіріс құрал-
жабдықтарын иеленген тап.
3
Кітап:
Дәріс:
Әлеуметтану негіздері
11. Стратификация. 1-бөлім
Пролетариат – өндіріс құралдарына ие емес тап. Олар өндіріс құралдарын иеленген адам-
дарға жалданып өмір сүреді.
Тап – маркстік теория бойынша, адамдарды өндіріс құралдарына деген меншіктік қатынасы
арқылы жіктеу.
Әлеуметтік тап – жік, мәртебе және билік белгілері ұқсас, өзара теңдікті сезінетін адамдар
санаты.
Таптық сана – адамдардың өндіріс құралдарына өздерінің қатынасын түсініп, нақты таптық
ерекшеліктерін мойындауы.
Әлеуметтік-экономикалық мәртебе – табыс, білім, кәсіп немесе олардың комбинациясына
байланысты адамдарды әлеуметтік таптарға жіктеу өлшемі.
Кедейлік сана-сезім – бір күндік өмір сүруді бағалаумен шектелу.
Дербес жұмыстарға
арналған тапсырмалар
1. Әлеуметтік теңсіздіктің себептері мен салдарын қарастырыңыз.
2. Карл Маркс пен Макс Вебердің әлеуметтік стратификацияға қатысты теорияларының
негізгі айырмашылықтарын талдаңыз.
3. Әлеуметтік мобильділік ұғымын нақты мысал негізінде түсіндіріңіз.
4. Қазақстан қоғамындағы негізгі, басым әлеуметтік таптар тобын анықтаңыз.
Бақылау және талқылау сұрақтары
1. Сіздің немесе танысыңыздың қандай әлеуметтік тапқа жататындығын қалай анықтауға
болады?
2. Каста мен тап үғымдарының айырмашылығы неде?
3. Сіздің отбасыңыздың қандай мәдени капиталы бар? Мәдени капиталыңыз және оның
жетіспеушілігі сізге қалай әсер етеді?
Қосымша
әдебиет және ақпарат көздері
1. Ритцер Дж., Степницки Дж., Әлеуметтану теориясы. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы»
қоғамдық қоры, 2018. – 856 бет.
2. Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С., Әлеуметтану негіздері. 9-басылым. – Алматы: Ұлттық
аударма бюросы, 2018. – 464 б.
3. Мертон Р., Социальная теория и социальная структура. — М.: ACT: ACT МОСКВА: ХРА-
НИТЕЛЬ, 2006. — 873 с.
4. Вебер М., Хозяйство и общество: очерки понимающей социологии. Социология. – М.: Изд.
дом Высшей школы экономики, 2016. – 448 с.
5. Веблен Т., Теория праздного класса. М.: Прогресс, 1984. – 368 с.
6. Bourdieu P., Distinction: A Social Critique of the Judgement of Taste. – Cambridge, Mass.:
Harvard
University Press, 1984. – 613 p.