2. Түлектерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары



Дата25.02.2016
өлшемі70.45 Kb.
#24882
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ






М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Түлектерді жұмысқа орналастыру туралы

ЕРЕЖЕ

ОРАЛ 2012

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті




Түлектерді жұмысқа орналастыру туралы

ЕРЕЖЕ

ОРАЛ 2012



  1. Жалпы ережелер

1.1. Бұл ереженің негізгі мақсаты университет түлектерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын өткізу және ұйымдастыру болып табылады.


1.2. ЖОО түлектерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге арналған шаралар М.Өтемісов атындағы БҚМУ-нің 2011-2012 жылдарға арналған стратегиялық даму бағдарламасы және университеттің сапа саясатын жүзеге асыру мақсатында сараман, мансап және маркетинг бөлімінің ережелеріне сәйкес жүргізіледі.
1.3. Ережеде келесі нормативті құжаттарға сілтемелер қолданылған:

- № 319-Ш ЗРК 2007 жылдың 27-шілдесіндегі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы;

- «Білім беру гранттарын тағайындау Ережесін бекіту туралы: 3.б. «Маманды ауылдық жерге жұмысқа жіберу және өз бетімен жұмысқа орналасу құқығының тәртібі»» №58 2008 жылдың 23 қаңтарындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы;

- «Ауылдық мекенге жұмыс жасауға келген мәдениет және спорт, қоғамдық қамту, білім беру, денсаулық сақтау мамандарын әлеуметтік қолдау көрсету Ережелері мен өлшемдерін бекіту туралы» № 183 2009 ж. 18 ақпанындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы.


2. Түлектерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары



2.1. Университет сайтында № 2 форма бойынша құрастырылған бітіруші курс студенттерінің электрондық базасы орналасқан.

2.2. Уәкілетті органдар (облыстық білім беру департаменті, облыстық мәдениет басқармасы) жыл сайын (наурыз айынан кеш емес) ауыл жастарына берілетін квота негізінде оқуға түскен білім гранттарының иегерлері оқитын ЖОО-ға ауылдағы мәдениет және білім беру ұйымдарына қажетті кадрлар жөнінде мәлімдеме жібереді.

2.2. Облыстық әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту бөлімі, облыстық және қалалық ұйымдарынан жиналған бос орындар туралы ақпараттар жалпыланады; ақпарат бітіруші курс студенттеріне беріледі.

2.3. Жыл сайын наурыз айында универсиеттің институт пен факультеттерінде түлектерді алдын ала тарату шарасы өтеді.
2.4. Мекемелер мен ұйымдардан алынған қатынас қағаздары бар педагогикалық, өнертану мамандықтары және педагогикалық емес мамандықтар студенттеріне бекітілген тарату күнінен 15 күн бұрын №1 форма бойынша түлектерді алдын ала тарату шарасы бойынша қорытындылар жалпыланады.
2.5. Түлектерді тарату шарасын өткізу күнінен бір ай бұрын педагогикалық мамандықтардың жәрмеңкесі өткізіледі.
2.6. Педагогикалық және өнер мамандықтардың түлектеріне тарату шарасы және педагогикалық емес мамандықтар түлектеріне Мансап күні жыл сайын 15 мамырдан қалмай өткізіледі.

3. Мемлекеттік комиссия жұмысы



3.1. Өнер және педагогикалық мамандықтарының түлектерін таратуды Мемлекеттік комиссия жүзеге асырады.
3.2 Мемлекеттік комиссия құрамын және түлектерді тарату шарасының өткізілу күнін университет ректоры бекітеді.
3.3. Мемлекеттік комиссия өздерінің шешімінде ҚР БҒМ жоғарыда аталған нормативті құжаттарын басшылыққа алады.
3.4. Ауылдық квота арқылы оқуға түскен білім беру грантының иегер-түлегі ауылдық жерге жұмысқа жіберіледі («Білім беру грантын тағайындау ережесі» 3 бөліміне сәйкес)
3.5. Ақылы түрде оқыған студенттер еркін түрде таратылады немесе өз еркімен ұйымдар мен мекемелердің сұранысы бойынша жұмысқа жіберіледі.

3.6. Жас мамандарды жұмысқа жіберу шешімін мемлекеттік коммиссия шығарады.
3.7. Түлектерге оқу жылы аяқталған соң Мемлекеттік комиссиясының шешімімен жұмысқа жолдама беріледі.
3.8. Жұмысқа жіберілген жас мамандар жұмыс орындарына оқу жылының 1 тамызына дейін барулары керек.
4. Есеп беру және бақылау
4.1. Әр оқу жылының қыркүйек-қазан айларында бөлім бітіруші кафедралармен бірге Мемлекеттік коммиссия шешімімен жұмыс орындарына барған жас мамандарды бақылайды.
4.2. Түлектерді жұмыспен қамту қорытындылары институт пен факультет кеңестерінде және кафедра отырыстарында талқыланады.

4.3. Былтырғы оқу жылының түлектерінің жұмыспен қамтылу есебі жаңа оқу жылының басында БҚМУ Ғылыми кеңесінде тыңдалады.
4.4. Түлектердің жұмыспен қамтылу қорытындысының есебі ҚР БҒМ-не екі рет ұсынылады: мамыр айында және әр оқу жылының тамыз айының 1 жұлдызынан кешіктірілмей.


Қосымша

№1 Форма (тарату хаттамасы үшін)





050112 шифрі мамандығы 02402 топ (қазақ бөлімі)



Аты-жөні

Оқу түрі

Орта баллы

Мекен жайы

Студент қалауы

Комиссия шешімі

1

Адилова Акмарал Толегеновна

Грант

5,0

Орал қ-сы, Мұхит көш. 15, 22 пәтер

Орал қаласы, №36 ЖОББМ(сұраныс бойынша)




2

Искандирова Аягуз Тасболатовна

Грант

4,9

Жанақала ауд. Жанақала ауылы, Бейбітшілік көшесі 22/1

Орал қаласы, №27 ЖОББМ(сұраныс бойынша)




3

Жанатарова Бибигуль Болатовна

Ақылы

5,0

Жанақала ауд. Жанақала ауылы, Бейбітшілік көшесі 22/1

Теректі ауданы, Абай ЖОББМ (қатынас қағаз )




4

Искаков Артур Молдагалиевич

Ақылы

4,7

Орал қ-сы, Мұхит көш. 15, 22 пәтер

Теректі ауданы, Абай ЖОББМ(қатынас қағаз)




2 Форма (Жұмыспен қамту журналы үшін)


050112 шифрі мамандығы 02402 топ (қазақ бөлімі)



Аты-жөні

Оқу түрі

Орта баллы

Мекен жайы

Ұялы және үй телефондары

1

Адилова Акмарал Толегеновна

Грант

5,0

Орал қ-сы, Мұхит көш. 15, 22 пәтер

8 705 4246532

50 23 67


2

Искандирова Аягуз Тасболатовна

Грант

4,9

Жанақала ауд. Жанақала ауылы, Бейбітшілік көшесі 22/1

8 705 236 98 65

8 711246 95 624



3

Жанатарова БибигульБолатовна

Ақылы

5,0

Жанақала ауд. Жанақала ауылы, Бейбітшілік көшесі 22/1

8 705 236 98 65

8 711246 95 624



4

Искаков Артур Молдагалиевич

Ақылы

4,7

Орал қ-сы, Мұхит көш. 15, 22 пәтер

8 705 236 98 65

8 711246 95 624




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет