2. Трансформаторлар мен оның өлшемдерін эквивалентті алмастырудың электрлік телсімі



Дата04.11.2022
өлшемі15.89 Kb.
#464006
Трансформатор. эквиваленті docx


2.1.Кернеу трансформаторын эквивалентті алмастырудың электрлік сұлбасы.


2.Трансформаторлар мен оның өлшемдерін эквивалентті алмастырудың электрлік телсімі. Нақты трансформатор жұмысын аналитикалық және тәжірбиелік талдауда электрмагнитті байланыс жоқ деп алып эквивалентті желілік электрлі алмастырма сұлбасы ретінде қарасақ, векторлы-топографиялық диаграммасын тұрғызу айтарлықтай жеңілдейді. Сұлбада берілетін қуаттылық тоқ пен кернеудің фазалық қатынастары сұлбасы мен нақты трансформаторда бірдей болатындай етіп жасайды.
2.1.Кернеу трансформаторын эквивалентті алмастырудың электрлік сұлбасы. Электр тепе-теңдік теңдеуі (1.28.) электр энергиясын бірінші орамадан екінші орамаға трансформациялау кезіндегі электрлік процесстерді сипаттаған Імен І2 тоқтарының арасында айқын тәуелділіктің жоқтығынан оларды сандық талдауға мүмкіндік бермейді. Бұл қиындықты орамалары магнит байланысты нақты трансформаторда, олардың элементтерін (кедергілерімен) электрлі байланыстармен жалғастыратын эквивалентті алмастыру электр сұлбасы арқылы өрнектеу жолымен жеңуге болады.
Эквивалентті алмастырудың бұлжымас шарты нақты трансформатормен оның эквивалентті алмастыру электр сұлбасындағы электр процесстерінің дәл келуі.
Мұндай алмастырудың күрделілігі, трансформатордың жалпы жағдайда сызықтық емес элементі және өзара индуктивтіленетін орамамен ферромагнитті өзекшесінің болуына байланысты. Нақты трансформатордан эквивалентті алмастыру электр телсіміне тікелей өту мүмкін емес. Дегенмен электротехника теориясының курсында, шынайы трансформатордан эквивалентті электр электр сұлбасына өту орамадағы орам санының, өткізгіштердің ұзындығының, матераиалдардың, олардың қималарының бірдей болуына байланысты.
Нақты трансформаторда жалпы алғанда бірінші және екінші орамның орамаларындағы өткізгіштердің көлденең қимасы, Омдық және индуктивтік, шашырау кедергілері бірдей емес, сондықтан, алдымен шынайы трансформатордан, келтірілген трансформаторға, содан кейін ғана эквивалентті алмастыру сұлбасына өту керек. Трансформатордың екі орамасының саны бірдей, әдетте бірінші ораманың орам санына келтіріледі.Оны былай жасайды: екінші ораманы бірінші орамаға келтіру әрекеті трансформторды тұтас алғанда, және жекелеп алғанда, бірінші ораманың энергетикалық процесіне әсер етуі тиіс емес. Келтірілген екінші ораманың барлық өлшемдері келтірілген делінеді және нақты трансформатордағы таңбалармен белгіленеді,бірақ шекелерінде таңба болады:
Е,1, , И1, І1,R2,Х21 және Z2.1
Келтірілген трансформаторды бірінші және екінші орамасы біріне-бірі тізбектеле жалғанған электр тізбегі деп қарастыруға болады, ал олардың бірін магнит өткізгішке оралған шашыранды магнит ағыны, және Омдық кедергісі жоқ екінші элементін магнит өткізгіштен сырт орналасқан темір өзекшесі жоқ Ом кедергісі және индуктивтік кедергісі бар шарғы болады (1.5а-сурет). Сонымен қатар екінші орамадағы орам саны келтірілген трансформатордың бірінші орамасының санына теңестіріледі (w2=w1). 1.5 а-суретте көрсетілген келтірілген трансформатордан 1.5 в суретте көрсетілген темір өзекшеші бар индуктивті шарғыға көшуге болады. Мұнда келтірілген трансформатордың орамаларының арасындығы магнитті байланыс оларды қосу арқылы жасалған.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет