Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Филология факультеті
Қазақ тіл білімі кафедрасы
СӨЖ
Пәні: Әдебиет теориясы
Тақырыбы: Трагедиядағы қаһармандық пен асқақтық
Орындаған:Ілиясова С.
Тобы:ҚФ-304
Қабылдаған: Абдикулова Р
Алматы, 2022
Трагедиядағы қаһармандық пен асқақтық
Бүкіл әлемдік мәдениет тарихына шола қарасақ, дәл бүгінгі дәрежедегі
интеллектуалдық күшпен қаруланған тым ежелгі тұқымдастарымыздың
өркениет жолындағы табиғи, қарапайым әрі күрделі ізденістерінен
қан мен тер табын аңғармауымыз мүмкін емес. Ол ізденістердің түп-
тірегі алып та дүлей, мейірімді табиғат аясындағы тіршілік үшін
күрес симфониясының сан сырлы, бай әуездерін елестетеді. Онда бір
мезеттік қуаныш та, тұрақты кейіптегі қорқыныш, үрей де, қауіп, қатерге
дайындық, жүрек жалғар талшық табу ниетіндегі толып жатқан қам-
қарекет те, т. б. сезім-түйсік заматтары сымдай тартылып тұрар еді.
"Біздің дәуірімізге дейінгі миллион жылдар" көркем фильміндегі
алғашқы адамдардың соншалық бейшаралығына назаланасыз. Оларды
алып қара құс та қол-аяғын ербеңдетіп көтеріп әкетеді, қолтырауын ау-
зын арандай ашып жұта салады, бүкіл қауым, әр үңгірдегі тобыр жабы-
лып жүріп, әйтеуір бір динозаврды құлатады. Үлкен, бағасы жоқ жетістік.
Тәжірибесіз, шала ұғымдағы төрт аяқтылар ұжымдаса қимылдаудың
не екенін түсінсе керек-ті. Кенет ғаламат жер сілкінісі болады да, бар
дүние құрдымға кетеді. Екі-ақ жан иесі тірі қалады. Бір еркек, бір әйел.
Нұх пайғамбар кемесінің прообразы тәрізді. Қазіргі көріпкел, әулие-
әнбиелердің тылсым күштерден алған хабарына қарағанда жер бетінде
алтыншы өркениет салтанат құрып жатқанына сенгіңіз келеді. Бойы 5 мет-
рге жететін адамдар болған, кейінгі кезеңдерде марстықтар бізге көмекке
келген. Әйтпесе Египет пирамидаларын салу бір ғана жердегілердің
қолынан келмес пе еді. Космодром іздері, көне скафандрлар сенса-
ция тудыру үшін айтылғанмен, су астындағы Атлантида өркениетінің
сілемдерін ойдан шығара алмастай деректермен көрсеткенде, бұл
әлемнің ғажайып тұңғиықтарын танып-білу шексіздігіне тәнті боласыз.
Тарих өзінің тереңдігімен, жұмбақтығымен құдіретті. Эстетикалық
түйсіну, сезіну айналадағы құбылыстарға мұқият назар аударудан бастал-
са, біз ХXI ғасыр биігінен ең үлкен эстетикалық нысанға ұлы мәртебелі
тарихты жатқызар едік. Өйткені біз тура қасында болып, көзбен көріп,
нақты әсер ала алмайтын оқиға, құбылыстар ұлы заманалар шежіресінің
ғана жадында. Әрине, түбін де айқын ашып бермейді. Бірақ киялап,
тірнектеп тапқан мәлімет, деректер зерделі ойды неше алуан сәулетке
толтырады.
"Эстетическое" аталымын қазақша дәл жеткізу қиын. Оны
ықыластылық, қатыстылық, көрнекілік, сүйсінушілік, қызықтырушылық
немесе сәулеттілік деген тәрізді т. б. баламалармен теңдестіре тұруға
болады. Нақты ұғым уақыт өте қалыптасса керек. Бұл пайымдама,
калай болғанда да, әсемдікке ұмтылыс сатыларын ғана қамтымайды,
келеңсіздік, масқаралық сияқты сұлулыққа қарама-қарсы категорияларға
да тікелей қатыстылық мәнін жоймайды. Соған қарағанда, "эстетикалық"
ұғымы әсерлену эмоциясымен тығыз байланысты. Ал әсер әр түрлі си-
патта кездесуі мүмкін. Ол сүйсіну де, жеріну де, безіну де, шек-сілесі
қата күлу де, қара аспанды төндіріп қайғыру да болуы ғажап емес.
Палеолит дәуіріндегі аңшы өміріне қатысты тастағы сурет кескіні
дәл қазіргідей толық маңыздылыққа жетпегенмен, басты-басты таңбалық
штрихтар арқылы хайуанаттар мен адам ара-қатынасын бедерлейтін ойлы
айшықтар қалдыра білді. Уақыт өлшемі ол дүниелердің құндылығын
тіпті биікке көтеріп жіберді. Демалып жатқан бейқам әйелдердің шағын
мүсіншелері немесе жаралы бизонмен алысып, жеңіліс тапқан адам
кескіндері сол дәуірдегі неғұрлым жиі ұшырасатын тіршілік стихия-
сынан хабар бермек. Оны суретші мен мүсінші ерігіп жасады ма, әлде
мақсатты түрдегі әрекет санады ма, анық айту қиын. Әйткенмен, осы
іс-шаралардың жеке бір субъект қана емес, қауым үшін, олар сезінсе
де, сезінбесе де, рухани қажеттілік болғанын теріске шығара алмай-
сыз. Ежелгі тұрғындардың мекен мен мезгіл субстанцияларын ырыксыз
түрде түйсініп, өздері ғана емес, болашақ уақыттарға аманат-сәлем
жолдау пиғылы жүзеге асқанын ескерсек, бұл өнер туындыларының
әлеуметтік-эстетикалық мәні әлдеқайда жоғарылай түседі. Көне суретші
ежелгі адамдар өмірінің қауіп-қатерге толы қалпын, екі аяқтылардың
көп жағдайдағы мүшкіл халін, қоршаған ортаның сұрапыл қатігездігін,
жайбарақат сәттердің өте сирек құбылыс екенін біздің ұғымымызша
тұспалдайтыны белгісіз. Алайда эстетикалықаңыстау (созерцание) үрдісі
осы заматтан байқалары даусыз. Аңшының етпеттеп құлауы, долданып
алға ұмтылған хайуанға қарсы сілтеп, қарнын жарған найзаның жерде
жатуы туындыға нақтылық пен өмірлік дәлділік, бедерлілік қосады. Со-
нымен қатар бұл көрініс төңірегіндегі анайы әсер, жаны ашу, қасіретке
48Ю. Борев эстетикалық қызмет аясын тәжірибелік эстетика,
техникалық эстетика түрлерімен бір санайды. Әрине, бұл ұғымды өнер
туындыларымен шектеу толымды шешім болмас еді. Ол: "Сократ ото-
ждествлял прекрасное и полезное: эстетическое - производное от
утилитарно-практической значимости предмета" /4, 39/ - дейді де, осы
түсініктің соншалық қате еместігіне мегзейді. Ал И. Кант бойынша
эстетикалық бағада тиімділік мәселесі сыртта тұрады /5, 23/. Көпшілік
зерттеушілер сұлулық пен қажетке жарамдылықты алыстатып жібергісі
келмейді. Сократтың батырға лайық сауыттың істе керектілігі арқылы
әсем боп көрінетінін уәж қылуында шындық жоқ емес. Ал әдеттегі
әскери-тұрмыстық тіршілікте осы жарамды зат, нәрсенің өзін жоғары
талғаммен жасаудың эстетикалық мәні зор. Мәселен, патша немесе
колбасшының жорық киімдері қатардағы жауынгерлерден әлдеқайда
ерекшеленіп тұрар еді.
Сібір, Орта Азия, кейіннен Еуропа территориясын мекендеген көне
сақ, ғұндардың өздері мінетін аттың ер-тұрманы, бас киім, сауыт-сайман,
белбеу, қолға ұстайтын қаруына дейін сырт кейпі жағынан әдемі болуын
кадағалағаны мәлім. Оған әйгілі ғалым Әлкей Марғұланның мына бір
сөздері ғана деректі айғақ: "Ғұндардыңең сұлу дүниесінің бірі - алтынмен
зерлеп жасаған әсем киімдері, әдемі өрнекпен кестелеген қамқа шапан-
дар, алтынмен зерлеген биік телпектер (Есік, Қотанды). Мамық ішіктер,
қымбатты көркем тондар, ешкінің тақыр терісінен тіккен кафтандар,
кестеленген шалбарлар, көмкерілген кигіз байпақтар, жібек байпақтар,
әдемі омыраушалар, тағы толып жатқан көп мол дүниелер" /6, 24/.
Ғұлама зерттеуші Шығыс өркениетінің биік дәрежесі мен материалдық
мәдениетініңмарқайыпөскенінархеологиялықмәліметтермен дәйектейді
де, бұл заттық байлықтың астарындағы рухани - сезімдік көзқарастар
жатқанына мән береді. Аталған құндылықтардың дайындалуы мен
колданылуындағы зор талғам, шеберлік, іскерлік қасиеттер эстетикалық
эмоция өрнектерімен біте-қайнасып жатпауы мүмкін емес. Алдымен зат,
нәрсенің сапасын, соңынан оның көзге көрікті көріну ерекшелігін әрі
күнделікті харекетте икемді, дәл келуін жіті ескеріп орындалған бағалы
50бұйымдар жетілген эстетикалықтүйсік, талғам, пайым мөлшерінен хабар
бермек. Қазақта "Алтын-күміс тас екен, арпа-бидай ас екен" дейтіндей
мақал сынды өлең жолдары бар. Ашаршылық қасіретін тартқан қуғын-
сүргіндегі жандардың қапаста тұншығып шығарған сөзі. Оның мәнісі
өтірік болмағанмен, таза утилитарлық тұрғыда туған пікір екені даусыз.
Алайда, әдетте, омір сүруүшін бірінші кезекте қажетас-ауқат, бір жапырақ
жамылғы тәрізді қорек пен зат-нәрсе, еңбек құралдары бастапқыда
эстетикалық сезім әсерін шақыра алмайтындай. Эстетикалық сезім сана
түйсіктеріндегі сатылы ояну мезеттерінің нәтижесінде калыптаспак.
Уақыт өте келе адам өздері тұтынатын зат пен өнімнің сыртқы сұлулығы
мен мазмұн-маңызын таразылау барысында оларға көз тартатын пішіндік
нақыш беруге ұмтылары сөзсіз. Тіпті күрек, қайла, пышақ, соқа, арба да
алғашқы бітімінен әлдеқайда пайдалы әрі көркем кескін тапқаны белгілі.
Мәселен, ат-арбаның дамыған көрінісі - күн сайын әдемілене түсетін ав-
томобильдер мен ұшақтар, ғарыштық кемелер. Тағамдарды тұтыну мен
өндеу арқылы олардың да "пайдалылық" қасиеті "әсерлілік" сипатымен
қомақтанды. Яғни, бірінші кезектегі табиғи қажеттілік екінші кезектегі
эстетикалық қажеттілікті мансұқ ете алмайды. Ал рухани өмір кеңістігі
аясында бұл құндылыҡтардың рет-қатары өзгеріске түсетін кездері бо-
луы ғажап емес. Отаны, халқының мүддесі жолында нәр сызбай, зор
сый-сияпат, байлықтан бас тартқан асыл ерлерге қатысты әлгіндегі
қарапайым құндылық өлшемі қалыптағы мәнін жоғалтады. Бұл тұста
эстетиканың әсемдік, асқақтық, қаһармандық тәрізді іргелі категорияла-
рымен бетпе-бет келесіз. Гамлет немесе Ромео мен Джульеттага ішер ас
пен киер киімге таршылық бар ма еді? Қыз Жібек пен Төлеген дәулеттен
кемшіндік көрген жоқ. Король Лир қиын-қыспақ тағдыр жолын таңдарда
не жетіспеді? Бейімбеттің Шұғасы неге құсадан өлді? Рас, мұндай
шешімдерге көтерілу үшін қоғамда қалыптасқан дәстүрлі мәдени инсти-
туттар шеңберінен аттап шығу қажет еді.
"Күлтегін" жырындағы: ""Алтынды, күмісті, дақылды, жібекті сон-
шама шексіз беріп жатқан табғаш халқының сөзі тәтті, бұйымы асыл
еді. (Олар) тәтті сөз, асыл қазынасын беріп, жырақтағы халықты (өзіне)
сонша жақындатар еді. Жақын қонып, сосын (олардан) әдепсіз қылықты
үйренуші еді" /7, 7/,- деген жолдар көп ақиқаттың бетін ашады. Мұнда
көне түріктер дүниетанымындағы көшелі ілгерілеу сарыны мейлінше
әсерлі поэтикалық леппен бедер салған. Бұқаралық жалпы түсінік пен
саналы ақыл иесінің ерте дәуірдегі екшелген көзқарасы диалогтық
катынасқа түседі. Әншейіндегі эстетикалық тұтыну ұғымы ғана емес,
әлдеқайда күрделі этникалық ұғым диалектикасы шаң береді. мысал. М. Әуезов "Абай жолында" Қодар - Қамқа
оқиғасын талқылайтын әйгілі мәжіліс барысын керемет шеберлікпен
кестелемей ме. Осындағы көптеген дала көкжалдарының дара және
топтық пішіндемелері жас шәкірт Абай көзімен әрі авторлық назардың
қатысуымен өте дәл де әсерлі бедерленеді. Ғажап психологиялық ин-
туиция кұдіреті кейіпкерлердің сырт бәдені мен жан дүниесі, өмірге
көзқарасы, мінез-құлқын, пиғылын, арғы тарихын шола екшеп, сұңғыла
түйсікпен түйіндеп отырады. Осы эпизодта қаншалық антипатия, сим-
патия, күдік, үміт, сенім, нала, ыза, өкініш т. б. сезім күйлері теңіздегі
толқындардай сапырылысады. Эстетикалық әсер тек жағымды тұрғыда
емес, ұнамсыз, өрескел әуендер нобайымен де аралас-құралас келеді.
Осы көрініске қарап отырып толып жатқан мінездемелік штрихтар,
рефлексологиялық болжам, тебіреніс, эпитет, теңеу, метафоралар,
лексикалық, синтаксистік ұтқыр оралымдар роман көркемдігін асырады.
Сол көркемдік субъектілерге қатысты биік эмоционалдық регистрлер
арқылы эстетикалық қабылдау белсенділігін оятады. Авторлық көзқарас
(точка зрения), қаһармандар көзқарасы бірігуі нәтижесінде эстетикалық
бағалау өлшемдері мол қырлы калыптан табылады.
Тысқары дүниенің эстетикалық қасиеті (Г. Поспелов мансұқ ететін)
көркемдік амал-тәсілдер мен эстетикалық нысанға қатынасы (М. Ба-
хин пікірі) бойынша жаңа эстетикалық шындық бейнесін жасайды.
Осының барлығы шығарманың көркемдік әлемін құрайды. Автор на-
зары, тұжырымдамасы, шеберлігі (бұлар - көркемдік ұғымының басты
кағидалары) өмірдің эстетикалықмоделін түзеді. Көркемдік, эстетикалык
ұғымдары мазмұн мен форманың өзара ауысып отыратындай күйде
біртұтас, қатар жүретін мәдени-шығармашылық құбылысқа айнала-
54ды. Роман көркемдігі бұл жағдайда эстетикалық назар, талғам, баға,
сана аяларын түгел өз бойына жинақтайды. Аңғарып отырғанымыздай,
көркемдік сәулеттілікті кеудеден итермейді, сәулеттілік өнер туынды-
ларында көркемдіктің табиғи талант, шеберлік, суреткердің рухани
мүмкіндіктері арқылы шынайы өмір сүру қабілеттілігіне көтеріледі.
Көп ретте эстетикалық объектінің де, субъектінің де ажырамас
тысқары қасиеті есебінде жүргенмен, көркемдікпен арада жазушы
жаны, дүниетанымы ұғымдарының ортақтығы арқылы ішкі рухани
құбылыстардың зор талғаммен айшықталып шығуына аса зор үлес
қосады.
М. Әуезов жас Абайдыңадам келбетінен табиғаттағы құбылыстармен
сабақтастық күйлерін ұққысы келіп, ұзақ сарылатынын атап өтеді. Де-
мек, Абай айналадағы ландшафт және физиогномиялық көріністерді
тек байқамайды (созерцание), оларға эмоционалдық баға беруге ты-
рысады, эстетикалық қабылдау сүзгісінен өткізеді, тиісті дәрежеде сол
сезімдік ықпал толқынын бастан кешеді. Ал кейіпкерінің осы мінезін,
нақты пішіндемелік суреттеулерге көшкен мезетте, осы шығармашылық
үдеріс барысында (шығармашылық үдеріс мазмұны - көркемдік бол-
мысын қалыптастыратын күш) автор бастапқы эмоционалдық жігер
куатын неғұрлым айқындап, жаңа эстетикалық сапаға көшіреді.
Жалпы сипаты тым ауқымды болғанмен, сәулеттілік (шартты атау. -
Б. М.) шығармашылық процесте поэтикалық-стилистикалық, тілдік
семантикалық, психологиялық, философиялық құрылымдар сәттілігіне
сәйкес көркемдік ғимаратының құрамдас бөлігіне айналады. Көркемдік
неғұрлым нақты да, эстетикалық эмоциялар барынша еркін. Ол
субъектілердің эстетикалық қабылдау ерекшеліктерімен тамырлас.
Көркемдік негізінде бір тұлға, суреткер қиялы мен қабілетінен өрістеп,
шартты түрде нақты белгі танытса, сәулеттілік түрлі қаһармандар әрі
оқырмандар талғам-талабына байланысты әр алуан реңк табады. Бұл
ретте уақыт пен кеңістік аяларының мәні мол. Мәтін деңгейлері тарихи,
әлеуметтік, жекелік себеп-салдарға қатысты мағыналық таңба кейпінде
сан қилы зерделеу, пайымдау, яғни түсіну мен эстетикалық қабылдау
талқысына түседі. Көркемдік атомы эстетикалық аядағы қабаттармен
толығып, өзара әсерлесу нәтижесінде сезімдік - интеллектуалдық,
мәдени-рухани құндылыққа ұласады.
Достарыңызбен бөлісу: |