2003 жылдың жалпы ішкі өнімі (жедел алынған деректер)



Дата23.02.2016
өлшемі74.5 Kb.
#3153
2003 жылдың жалпы ішкі өнімі
(жедел алынған деректер)

Қазақстанда 2003 жылдың жалпы ішкі өнімінің (ЖІӨ) көлемі жедел алынған деректер бойынша 4449,8 млрд. теңгені құрады. Оның нақты көлемінің өрлеу қарқыны 2002 жылмен салыстырғанда 109,2% болды.

ЖІӨ-нің 9,2%-ға өсуі өнеркәсіпте – 8,8%, ауыл шаруашылығында – 1,4%, құрылыста – 12,4% өндіру көлемінің артуына байланысты. Өсудің оң қарқыны қызмет көрсету саласында да, оның ішінде көлікте (7,8%), байланыста (24,8%), саудада (10,0%) белгіленді.

2003 жылы дефлятор жалпы экономика бойынша өткен жылмен салыстырғанда 107,9% құрады, соның ішінде тауарлар өндіруде – 107,0%, қызмет көрсетуде – 115,6% жетті.

2003 жылы ЖІӨ-дегі тауарлар өндіру мен қызмет көрсетудің үлесі тиісінше 43,0% және 51,5% болды. ЖІӨ өндіруде негізгі үлесті өнеркәсіп (29,5%) алады.

ЖІӨ өндірісі келесі деректермен сипатталады:







Жалпы қосылған құн, өнімдерге және импортқа салынған таза салық ағымдағы бағаларда,

млрд. теңге, 2003 жыл



Нақты көлем индексі,
2003 жыл

2002 жылға пайызбен



ЖІӨ құрылымы,
пайызбен

Дефлятор, 2003 жыл
2002 жылға
пайызбен

2003 жыл

2002 жыл

Жалпы ішкі өнім

4449,8

109,2

100,0

100,0

107,9

Тауар өндіру

1910,7

108,0

43,0

43,8

107,0

Ауыл шаруашылығы, орман өсіру және балық аулау

324,6

101,4

7,3

8,0

106,0

Өнеркәсіп

1310,5

108,8

29,5

29,5

108,2

Құрылыс

275,6

112,4

6,2

6,3

102,5

Қызмет көрсету

2295,5

110,5

51,5

50,5

115,6

Сауда

539,2

110,0

12,1

12,2

106,7

Көлік және байланыс

536,3

110,0

12,1

11,6

111,4

Көлік

461,6

107,8

10,4

10,1

112,4

Байланыс

74,7

124,8

1,7

1,5

105,2

Қызмет көрсететін басқа
салалар

1220,0

110,9

27,3

26,7

109,1

Салалар бойынша
барлығы


4206,2

109,3

94,5

94,3

108,1

Өнімдерге және импортқа салынған таза салық

307,1

109,2

6,9

7,2

103,5

Қаржы делдалдығының жанама-өлшемді қызметтері

-63,5

118,5

-1,4

-1,5

96,3

Соңғы бес жыл ішіндегі ЖІӨ-нің қарқынды өсуі 2003 жылы 1991 жылдың деңгейінен 6,3%-ға асуға мүмкіндік берді.

ЖІӨ-нің нақты көлем индексі


Жедел алынған деректер бойынша 2003 жылы ТМД елдерінің барлығында 2002 жылмен салыстырғанда ЖІӨ-нің едәуір өскені байқалады (Түрікменстан жэне Өзбекстан бойынша деректер жоқ). ТМД бойынша ЖІӨ-нің нақты көлем индексінің орташа мәні 107%-ды құрады.



*) – бес базалық салалар бойынша

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет