Қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары



бет1/4
Дата06.07.2016
өлшемі386 Kb.
#181259
  1   2   3   4


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы «30» қарашадағы

№ 1518 қаулысымен

бекітілген 
 

Қосылған құн салығы бойынша

салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (300.00-нысан)

 

 



1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (300.00-нысан) (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және Салық кодексінің 8-бөліміне және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемыер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексін) қолданысқа енгізу туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Енгізу туралы Заң) 2, 12, 24, 25, 28, 34, 35, 44, 47, 48, 49, 49-1-баптарына сәйкес қосылған құн салығы сомасын есептеуге арналған қосылған құн салығы бойынша салық есептілігінің нысанын (декларация) (бұдан әрі – декларация) жасау тәртібін айқындайды.



2. Декларация декларацияның өзінен (300.00-нысан) және салық міндеттемесінің есептелуі туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған оған қосымшалардан (300.01-ден 300.12-ге дейінгі нысандар) тұрады.

3. Декларацияны толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.

4. Көрсеткіштер болмаған кезде тиісті торкөздері толтырылмайды.

5. Декларацияға қосымшалар декларациядағы тиісті көрсеткіштерді ашып көрсетуді талап ететін жолдарды толтыру кезінде міндетті тәртіпте жасалады.

6. Декларацияға қосымшалар оларда көрсетілуі тиіс деректер болмаған жағдайда жасалмайды.

7. Декларацияға қосымшаның парағында бар жолдардағы көрсеткіштердің саны асып кеткен жағдайда декларацияға қосымшаның осындай парағы қосымша толтырылады.

8. Осы Қағидаларда мынадай арифметикалық белгілер қолданылады: «+» – қосу; «–» – алу; «х» – көбейту; «/» – бөлу; «=» – тең.

9. Сомалардың теріс мәндері декларацияның тиісті жолының (бағанының) бірінші сол жақтағы торкөзінде «–» белгісімен белгіленеді.

10. Декларацияны жасау кезінде:

1) қағаз жеткізгіште – қара не көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспаханалық бас әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;

2) электрондық жеткізгіште – Салық кодексінің 68-бабына сәйкес толтырылады.

11. Декларацияға Салық кодексінің 61-бабы 3-тармағына сәйкес салық төлеуші не болмаса оның өкілі қол қояды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда оның атауы жазылған мөрі бар салық төлеушінің не болмаса оның өкілінің мөрімен куәландырылады.

12. Декларацияны табыс ету кезінде:

1) келу тәртібінде қағаз жеткізгіште – екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады;

2) пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен қағаз жеткізгіште – салық төлеуші пошта немесе өзге байланыс ұйымының хабарламасын алады;

3) электронды түрде – салық төлеуші салық қызметі органдарының салық есептілігін қабылдау жүйесінің салық есептілігін қабылдағаны немесе қабылдамағаны туралы хабарлама алады.

13. Қосымшалардың «ҚҚС төлеуші туралы жалпы ақпарат» деген бөлімдерінде декларацияның «ҚҚС төлеуші туралы жалпы ақпарат» деген бөлімінде көрсетілген тиісті деректер көрсетіледі.

14. «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес (бұдан әрі – Ұлттық тізілімдер туралы Заң) декларацияны табыс ету кезінде:

СТН – Ұлттық тізілімдер туралы Заңның 3-бабы 4-тармағының 4) тармақшасы қолданысқа енгізілгенге дейін салық төлеушінің тіркеу нөмірі;

ЖСН/БСН – Ұлттық тізілімдер туралы Заңның 3-бабы 4-тармағының 4) тармақшасы қолданысқа енгізілген күннен бастап жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес-сәйкестендіру нөмірі) міндетті түрде толтырылуы тиіс.

 

 2. Декларацияны жасау (300.00-нысаны)



 

15. «ҚҚС төлеуші туралы жалпы ақпарат» деген бөлімде салық төлеуші міндетті түрде мынадай деректерді көрсетеді:

1) СТН – салық төлеушінің тіркеу нөмірі. Салық міндеттемесін сенімгерлікпен басқарушы орындаған кезде жолда сенімгерлікпен басқарушы салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі;

2) ЖСН/БСН – салық төлеушінің жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес-сәйкестендіру нөмірі). Салық міндеттемесін сенімгерлікпен басқарушы орындаған кезде жолда сенімгерлікпен басқарушы салық төлеушінің жеке сәйкестендіру (бизнес-сәйкестендіру) нөмірі көрсетіледі;

3) қосылған құн салығын төлеушінің Т.А.Ә. немесе атауы. Жол міндетті толтырылуға жатады.

Құрылтай құжаттарына сәйкес заңды тұлғаның атауы, дара кәсіпкердің дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлігіне сәйкес атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі.

Салық міндеттемесін сенімгерлікпен басқарушы орындаған кезде жолда сенімгерлікпен басқарушының атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) көрсетіледі;

4) салық есептілігі табыс етілетін салық кезеңі (тоқсан, жыл) – декларация тапсырылатын есепті салық кезеңі (араб сандарымен көрсетіледі). Салық кодексінің 269-бабына сәйкес декларацияны тапсыру үшін есепті кезең күнтізбелік тоқсан болып табылады. Жол міндетті толтырылуға жатады;

5) декларацияның түрі.

Салық кодексінің 63-бабына сәйкес салық есептілігінің түріне байланысты тиісті торкөздердің бірі міндетті белгіленуге жатады.

Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен алып тасталған кезде «тарату» түріндегі декларацияны табыс ету міндетті болып табылады;

6) хабарламаның нөмірі мен күні.

Жолдар Салық кодексінің 63-бабы 3-тармағының 4) тармақшасында көзделген декларацияның түрі табыс етілген жағдайда толтырылады;

7) салық төлеушінің санаты.

7 А торкөзі егер салық төлеуші мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқарушы болып табылған жағдайда толтырылуы тиіс.

7 В торкөзі егер салық төлеуші мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушы болып табылған жағдайда толтырылуы тиіс;

8) жол Салық кодексінің 308-1-бабы 1-тармағында көзделген жер қойнауын пайдалануға арналған келісім (келісімшарт) шеңберінде қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы толтырады.

Жол, егер салық төлеуші Салық кодексінің 308-1-бабы 1-тармағына сәйкес салық режимінің тұрақтылығы көзделген жер қойнауын пайдалануға арналған келісім (келісімшарт) шеңберінде қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы болып табылған жағдайда толтырылады, бұл ретте


8 А және В торкөздерінде міндетті түрде келісім (келісімшарт) нөмірі мен жасалған күні (келісімшар күні, жасалған күні) көрсетіледі. Салық кодексінің 308-1-бабы 1-тармағының шартарына сәйкес келмейтін келісімшарттар бойынша бұл жол толтырылмайды.

Салық кодексінің 308-1-бабы 1-тармағында белгіленген әрбір келісім (келісімшарт) бойынша бөлек декларация жасалады;

9) валюта коды.

«Кеден декларацияларын толтыру үшін пайдаланылатын жіктеуіштер туралы» Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі


№ 378 шешімімен бекітілген 23 «Валюталар жіктеуіші» қосымшасына сәйкес валюта коды көрсетіледі;

10) қосылған құн салығын есепке жатқызу әдісі. Тиісті торкөздердің бірі міндетті толтырылуға жатады.

Тиісті торкөз Салық кодексінің 260-бабында сәйкес қосылған құн салығын есепке жатқызудың таңдалған әдісі негізінде толтырылады. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығын айқындаудың таңдалған әдісі күнтізбелік жылдың ішінде өзгертуге жатпайды.

«Барабар» торкөзі, егер салық төлеуші қосылған құн салығын есепке жатқызудың барабар әдісін таңдаған жағдайда белгіленеді.

«Бөлек» торкөзі, егер салық төлеуші қосылған құн салығын есептеуге жатқызудың бөлек әдісін таңдаған жағдайда белгіленеді.

«Барабар және бөлек» торкөзі, егер салық төлеуші Салық кодексінің


260-бабы 4 және 5-тармақтарына, 262-бабы 2, 3 және 5-тармақтарына сәйкес бір мезгілде қосылған құн салығын есептеуге жатқызудың барабар және бөлек әдістерін қолданған жағдайда белгіленеді;

11) ҚҚС бойынша куәліктің сериясы мен нөмірі. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәліктің сериясы мен нөмірі көрсетіледі. Жол міндетті толтырылуға жатады;

12) табыс етілген қосымшалар. Табыс етілетін қосымшаларға сәйкес келетін торкөздер міндетті белгіленуге жатады.

16. «ҚҚС есептеу» деген бөлімді толтырған кезде, егер салық төлеуші


300.12-қосымшаны табыс еткен жағдайда, осы бөлімде көзделген формулалардың қолданылмайтынын ескеру қажет. 300.00.001-ден 300.00.012 аралығындағы тиісті жолдарға 300.12.001-ден 300.12.011 аралығындағы әрбір тиісті жолдардан сома көшіріледі.

«ҚҚС есептеу» деген бөлімде:

1) 300.00.001 А жолында қосылған құн салығы салынатын тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналымдардың жалпы сомасы көрсетіледі, соның ішінде: тауарларды өтеусіз беру бойынша; айырбас шарттары бойынша; жұмыс берушінің тауарды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді қызметкерге жалақы есебінен беру бойынша; бөліп-бөліп төлеу шартында; комиссия, кепілдік шарттары бойынша; бірлескен қызмет туралы шарт шеңберінде және Салық кодексіне сәйкес қосылған құн салығы салынатын басқа да айналымдар.

2) 300.00.001 В жолында 300.00.001 А жолында көрсетілген айналымдар бойынша есептелген қосылған құн салығы сомасы көрсетіледі.

Салық кодексінің 308-1-бабы 1-тармағында белгіленген келісім (келісімшарт) бойынша қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар тиісті жолдарға келісімге (келісімшартқа) сәйкес салық ставкасын қолданады;

3) 300.00.002 А жолында нөлдік ставка бойынша қосылған құн салығы салынатын есепті салық кезеңі үшін өткізу бойынша айналым көрсетіледі. Бұл жолға 300.06.010 А жолы ескеріле отырып, 300.01-қосымшаның


300.01.001 жолында көрсетілген сома көшіріледі;

4) 300.00.003 А жолында Салық кодексінің 239 және 240-баптарында көзделген жағдайларда және тәртіпте жүргізілетін есепті салық кезеңі үшін салық салынатын айналым мөлшерін түзету сомасы көрсетіледі. Бұл жолдың оң да, теріс те мәні болуы мүмкін;

5) 300.00.003 В жолында Салық кодексінің 239 және 240-баптарында көзделген жағдайларда және тәртіпте жүргізілетін есепті салық кезеңі үшін қосылған құн салығын түзету сомасы көрсетіледі. Бұл жолдың оң да, теріс те мәні болуы мүмкін;

6) 300.00.004 А жолында Салық кодексінің 236 және 276-5-баптарына сәйкес өткізу орны Қазақстан Республикасы болып табылмайтын, салық кезеңі ішінде қосылған құн салығын төлеуші жүзеге асырған тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді өткізу бойынша айналымдар көрсетіледі;

7) 300.00.005 А жолында қосылған құн салығынан босатылған тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналымдардың жалпы сомасы көрсетіледі. Сондай-ақ бұл жолда Салық кодексінің 239 және 240-баптарында көзделген жағдайларда және тәртіпте жүргізілетін босатылған айналым мөлшерін түзету сомасы көрсетіледі. Бұл жолдың оң да, теріс те мәні болуы мүмкін. Бұл жолға 300.02.006 жолында көрсетілген сома көшіріледі. Егер есепті салық кезеңінде босатылған айналым мөлшеріне түзету жүргізілген жағдайда, бұл жолға 300.06.011 А жолында көрсетілген жүргізілген түзету ескерілген сома көрсетіледі (300.02.006 + 300.06.011 А);

8) 300.00.006 жолында өзіне салық салынатын және босатылған айналым мөлшерін түзету сомасын да қамтитын салық кезеңі ішінде жүзеге асырылған тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өткізу бойынша айналымдардың жалпы сомасы көрсетіледі. Бұл жол 300.00.001 А, 300.00.002, 300.00.003 А, 300.00.004, 300.00.005, жолдарының сомасы ретінде айқындалады (300.00.001 А + 300.00.002 + 300.00.003 А + 300.00.004 + 300.00.005);

9) 300.00.007 жолында 300.00.001 А, 300.00.002, 300.00.003 А жолдары сомаларының 300.00.006 жолына пайыздағы қатынасы (300.00.001 А + 300.00.002 + 300.00.003 А)/(300.00.006) х 100%) ретінде айқындалатын жалпы өткізу айналымдағы салық салынатын айналым үлесі көрсетіледі;

10) 300.00.008 жолында 300.00.002 жолының 300.00.001 А, 300.00.002, 300.00.003 А жолдары сомаларына пайызда қатынасы (300.00.002/(300.00.001 А + 300.00.002 + 300.00.003 А) х 100%) ретінде айқындалатын жалпы салық салынатын айналымдағы нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналым үлесі. Бұл жол 300.00.002 жолының шамасы теріс мәнде болған кезде толтырылмайды;

11) салық төлеуші дербес айқындайтын 300.00.009 жолында Салық кодексінің 260-бабы 3, 4 және 5-тармақтарына және 262-бабы 2, 3, 5 және
6-тармақтарына сәйкес қосылған құн салығы сомасын есепке жатқызудың бір мезгілде барабар және бөлек әдістерін қолданған жағдайда жалпы өткізу айналымдағы салық салынатын айналым үлесі көрсетіледі. Бұл ретте сатып алған кезде есепке жатқызудың бөлек әдісі қолданылған тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өткізу бойынша айналымдар жалпы айналым сомасындағы салық салынатын айналымның үлес салмағын айқындау кезінде ескерілмейді;

12) 300.00.010 жолында салық кезеңі ішінде импортталатын тауарлар бойынша есептелген және жер қойнауына арналған келісімшартының шарттарына сәйкес есепке жатқызу әдісімен төленген қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі;

13) 300.00.011 жолында 300.00.010 жолында көрсетілген қосылған құн салығының сомасын қоспағанда, салық кезеңінің ішінде импортталатын тауарлар бойынша есептелген және Енгізу туралы Заңның 49-бабы
74 және 49-1-бабының 19-абзацтарына сәйкес есепке жатқызу әдісімен төленген қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі. Бұл жолға 300.04.001 В жолында көрсетілген сома көшіріледі;

14) 300.00.012 жолында 300.00.001 В, 300.00.003 В, 300.00.010, 300.00.011 (300.00.001 В + 300.00.003 В + 300.00.010 + 300.00.011) жолдарының сомасы ретінде анықталатын есепті салық кезеңі үшін есептелген қосылған құн салығының жалпы сомасы көрсетіледі.

17. «Есепке жатқызылатын ҚҚС сомасы» деген бөлімде толтыру кезінде егер салық төлеуші 300.12-қосымшасын табыс еткен жағдайда осы бөлімде көзделген формулалар қолданылмайтынын ескеру қажет. 300.00.013-тен бастап 300.00.026 арасындағы тиісті жолдарға 300.12.012-тен бастап
300.12.024 арасындағы әрбір тиісті жолдардан сома көшіріледі.

Есепке жатқызудың бөлек әдісін қолданатын қосылған құн салығын төлеушілер 300.00.013 В-дан 300.00.023 В-ға дейінгі жолдарды толтырған кезде салық салынатын мақсатта пайдаланатын тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша қосылған құн салығы сомаларын көрсетеді.

«Есепке жатқызылатын ҚҚС сомасы» деген бөлімде:

1) 300.00.013 А жолында Қазақстан Республикасында қосылған құн салығымен сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша айналымдардың жалпы сомасы көрсетіледі;

2) 300.00.013 В жолында Қазақстан Республикасында қосылған құн салығымен сатып алынған тауарлар жұмыстар, қызметтер бойынша қосылған құн салығының жалпы сомасы көрсетіледі;

3) 300.00.014 А Салық кодексінің 236 және 276-5-баптарына сәйкес өткізу орны Қазақстан Республикасы болып табылатын, Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын резидент еместен сатып алынған жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша салық салынатын айналым сомасы көрсетіледі. Бұл жолға 300.05.001 жолында көрсетілген сома көшіріледі;

4) 300.00.014 В жолында өткізу орны Қазақстан Республикасы болып табылатын, резидент еместен сатып алынған жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша есептелген қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі.
300.00.014 В жолына 300.05.007 жолында көрсетілген сома көшіріледі. Есепке жатқызудың бөлек әдісін қолданатын қосылған құн салығын төлеушілер бұл жолда салық салынатын айналым мақсатында қолданатын жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша қосылған құн салығының сомасын көрсететінін ескеру қажет;

5) 300.00.015 жолында қосылған құн салығынсыз сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша және қосылған құн салығымен сатып алынған, бірақ Салық кодексінің 257-бабына сәйкес қосылған құн салығы есепке жатқызылмайтын тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша айналым сомасы көрсетіледі. Бұл жолда қосылған құн салықсыз сатып алу бойынша айналымның сомасы көрсетіледі;

6) 300.00.016 А жолында 300.00.017, 300.00.018, 300.00.019, 300.00.020, 300.00.026 жолдарында көрсетілетіндерді қоспағанда, Салық кодексінің
247-бабына және 276-4-бабының 3-тармағына сәйкес айқындалатын салық салынатын импорт бойынша айналым сомасы көрсетіледі. Бұл жол тиісті салық кезеңі үшін табыс етілген тауарларға декларация(лар)да, сондай-ақ
320.00-нысанының Импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар бойынша декларацияда (декларацияларда) және 328.00-нысанының Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініште (өтініштерде) көрсетілген мәліметтер негізінде толтырылады. Жол 300.00.016 I А, 300.00.016II А жолдарын қамтиды;

7) 300.00.016 I А жолында Ресей Федерациясынан әкелінген тауарлар бойынша салық салынатын импорттың мөлшері көрсетіледі;

8) 300.00.016 II А жолында Беларусь Республикасынан әкелінген тауарлар бойынша салық салынатын импорт мөлшері көрсетіледі;

9) 300.00.016 В кедендік ресімдеу кезінде төленген қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі. Есепке жатқызудың барабар әдісін қолданған жағдайда аталған жолда тауарларға декларация(лар)ға, сондай-ақ


320.00-нысанының Импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар бойынша декларацияға (декларацияларға) және 328.00-нысанының Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішке (өтініштерге) сәйкес имтпортталатын тауарлар бойынша төленген қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі. Есепке жатқызудың бөлек әдісін қолданған жағдайда аталған жолда салық салынатын айналым мақсатында қолданылатын, импортталатын тауарлар бойынша төленген қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі. Бұл жол 300.00.016 I В, 300.00.016 II В жолдарын қамтиды;

10) 300.00.016 I В жолында Ресей Федерациясынан әкелінген тауарлар бойынша төленген және Импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар бойынша декларацияда (декларацияларда) және Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініште (өтініштерде) көрсетілген импортқа қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі;

11) 300.00.016 II В жолында Беларусь Республикасынан әкелінген тауарлар бойынша төленген және Импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар бойынша декларацияда (декларацияларда) және Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініште (өтініштерде) көрсетілген импортқа қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі;

12) 300.00.017 Салық кодексінің 255-бабына, 276-15-бабының 2-тармағы 2) тармақшасына және 3-тармағына сәйкес немесе халықаралық шарттарға сәйкес қосылған құн салығынан босатылған импортталатын тауарлар құны көрсетіледі. Аталған жолға 300.02.011 жолында көрсетілген сома көшіріледі;

13) 300.00.018 жолында Енгізу туралы Заңның 49-бабы 32-53-абзацтарына сәйкес олар бойынша салық органы қосылған құн салығын төлеу мерзімдерін өзгерту туралы шешім шығарған импортталатын тауарлардың құны көрсетіледі. Бұл жол кеден одағына мүше мемлекеттерден импортталған тауарларға декларация(лар), және (немесе) Импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар бойынша декларация (декларациялар) және Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш (өтініштер) негізінде толтырылады;

14) 300.00.019 жолында Енгізу туралы Заңның 49-бабы


32-53-абзацтарына сәйкес қосылған құн салығын төлеу мерзімдері өзгерген импортталатын тауарлар бойынша салық кезеңінде нақты төленген қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі. Есепке жатқызудың барабар әдісін қолданған жағдайда аталған жолға 300.01 нысанның J бағаны 0000001 және 0000002 қорытынды жолдарының сомасы көшіріледі. Есепке жатқызудың бөлек әдісін қолданған жағдайда аталған жолда салық салынатын айналым мақсатында қолданылатын имтпортталған тауарлар бойынша төленген салықтың жиынтық сомасы көрсетіледі;

15) 300.00.020 А жолында қосылған құн салығы жер қойнауын пайдалану келісімшартының шарттарына сәйкес есепке жатқызу әдісімен төленген импортталатын тауарлардың құны көрсетіледі;

16) 300.00.020 В жолында жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың талаптарына сәйкес тауарлардың импорты бойынша есепке жатқызу әдісімен төленген қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі;

17) 300.00.021 жолында 300.00.013 А, 300.00.014 А, 300.00.015, 300.00.016 А, 300.00.017, 300.00.018, 300.00.020 А және 300.00.026 А жолдарының айқындалатын (300.00.013 А + 300.00.014 А + 300.00.015 + 300.00.016 А + 300.00.017 + 300.00.018+ 300.00.020 А + 300.00.026 A) тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу бойынша айналымның жалпы сомасы көрсетіледі;

18) 300.00.022 жолында Салық кодексінің 258 және 259-баптарында көзделген жағдайларда және тәртіпте жүргізілетін есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасын түзету көрсетіледі. Бұл жолдың теріс мәні болуы мүмкін. Аталған жолға 300.06.024 В жолында көрсетілген сома көшіріледі;

19) 300.00.023 жолында 300.00.024 жолында көрсетілген қосылған құн салығының сомасын қоспағанда, салық кезеңі үшін есепке жатқызылатын қосылған құн салығының жалпы сомасы көрсетіледі. 300.00.013 В, 300.00.014В, 300.00.016 В, 300.00.019 В, 300.00.020 В, 300.00.022 В жолдарының сомасы (300.00.01 В + 300.00.014 В + 300.00.016 В + 300.00.019 В + 300.00.020 В – 300.00.022 В) ретінде айқындалады. Бұл жолды 300.00.024 жолын толтыратын қосылған құн салығын есепке жатқызудың барабарлық және бөлек есептеу әдісін қолданатын салық төлеуші толтырмайды;

20) 300.00.024 жолында қосылған құн салығының төлеушісі есепке жатқызудың барабарлық және бөлек есептеу әдісін қолданған жағдайда, салық төлеушісі дербес анықтайтын, салық кезеңі үшін есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі, атап айтқанда:

Салық кодексінің 260-бабы 3, 4 және 5-тармақтарына сәйкес бір мезгілде қосылған құн салығы сомаларын есепке жатқызудың барабар және бөлек есептеу әдісін пайдаланған жағдайда Салық кодексінің 249-бабы 1-тармағына сәйкес қосылған құн салығынан босатылған айналымдары болған кезде салық төлеушілер;

Салық кодексінің 262-бабы 2-тармағына сәйкес басқа алынған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша қосылған құн салығын есепке жатқызудың барабар әдісін қолданған кезде кепілдікке берілген мүлікті (тауарларды) алуға және өткізуге байланысты айналымдар бойынша қосылған құн салығы сомаларын есепке бойынша бөлек есептеу әдісті қолдану құқығын пайдаланатын банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, микрокредиттік ұйымдар;

Салық кодексінің 262-бабы 3-тармағына сәйкес басқа алынған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша қосылған құн салығын есепке жатқызудың барабар әдісін қолданған кезде мүлікті қаржы лизингіне беруге байланысты айналымдар бойынша қосылған құн салығы сомаларын есепке алу бойынша бөлек әдісті қолдану құқығын пайдаланатын лизинг берушілер;

Салық кодексінің 262-бабы 5-тармағына сәйкес басқа алынған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша қосылған құн салығын есепке жатқызудың барабар әдісін қолданған кезде коммерциялық кредит бере отырып, сауда делдалы ретінде сауда қызметін қаржыландыру шеңберінде мүлікті сатып алумен және берумен байланысты айналымдар бойынша қосылған құн салығы сомаларын есепке жатқызудың бөлек есептеу әдісін қолдану құқығын пайдаланатын ислам банктері;

Аталған жол 300.00.024 I, 300.00.024 II, 300.00.024 III жолдарынан тұрады;

21) 300.00.024 I жолында есепке жатқызудың барабарлық және бөлек есептеу әдістерін қолданған кезде барабарлық әдісі бойынша есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі;

22) 300.00.024 II жолында есепке жатқызудың барабарлық және бөлек есептеу әдістерін қолданған жағдайда бөлек есептеу әдісі бойынша есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі;

23) 300.00.024 III есепке жатқызудың барабарлық және бөлек есептеу әдістері бойынша салық салынатын және салынбайтын айналымдар мақсатында пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі;

24) 300.00.025 жолында салық кезеңі үшін қосылған құн салығын рұқсат етілген есепке жатқызу сомасы көрсетіледі. Жол 300.00.025 І, 300.00.025 ІІ, 300.00.025 ІІІ жолдарынан тұрады, қолданатын қосылған құн салығын есепке жатқызу әдісіне байланысты жолдардың бірі толтырылады;

25) 300.00.025 І жолында есепке жатқызудың бөлек есептеу әдісі қолданылған кезде қосылған құн салығын рұқсат етілген есепке жатқызу сомасы көрсетіледі. Бұл жолға 300.00.023 жолының сомасы көшіріледі;

26) 300.00.025 ІІ жолында 300.00.023 және 300.00.007 (300.00.023 х 300.00.007) жолдарының туындысы ретінде айқындалатын, есепке жатқызудың барабарлық әдісі қолданылған кезде қосылған құн салығының рұқсат етілген есепке жатқызу сомасы көрсетіледі;

27) 300.00.025 ІІІ жолында ((300.00.024I x 300.00.09) + 300.00.024 III x 300.00.007) + 300.00.024 II) формуласы бойынша айқындалатын, бөлек есептеу және барабарлық әдістері қолданылған кезде қосылған құн салығының рұқсат етілген есепке жатқызу сомасы көрсетіледі;

28) 300.00.026 А жолында 300.00.020 А жолында көрсетілген импортталатын тауарларды қоспағанда қосылған құн салығы Енгізу туралы Заңның 49-бабы 74 және 49-1-бабының 19-абзацтарына сәйкес есепке жатқызу әдісімен төленген импортталатын тауарлар құны көрсетіледі. Бұл жолға 300.04.001 А жолында көрсетілген сома көшіріледі;

29) 300.00.026 В жолында 300.00.020 В жолында көрсетілген импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығын қоспағанда салық Енгізу туралы Заңның 49-бабы 74 және 49-1-бабының 19-абзацтарына сәйкес есепке жатқызу әдісімен төленген импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығы сомасы көрсетіледі. Бұл жолға 300.04.001 В жолында көрсетілген сома көшіріледі.

18. «Салық кезеңі үшін ҚҚС бойынша есептер» деген бөлімде толтыру кезінде егер салық төлеуші 300.12 қосымшасын табыс еткен жағдайда осы бөлімде көзделген формулалардың қолданылмайтынын ескеру қажет.


300.00.027 I-ден 300.00.027 II аралығындағы тиісті жолдарға
300.12.025 I-ден және 300.12.025 ІI-ге дейінгі әрбір тиісті жолдардан сома көшіріледі.

«Салық кезеңі үшін ҚҚС бойынша есептер» деген бөлімде:

300.00.027 жолында есепті салық кезеңі үшін есептелген қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі, 300.00.027 І және 300.00.027 ІІ жолдарынан тұрады:

1) 300.00.027 I жолында салық кезеңі үшін бюджетке төленуге тиіс салық сомасы көрсетіледі. Аталған жол:

есепке жатқызудың бөлек есептеу әдісі кезінде 300.00.012, 300.00.025 І және 300.00.026 В (300.00.012 – 300.00.025 І – 300.00.026 В) жолдарының айырмасы ретінде;

есепке жатқызудың барабарлық әдісі кезінде 300.00.012, 300.00.025 ІІ және 300.00.026 В (300.00.012 – 300.00.025 ІІ – 300.00.026 В) жолдарының айырмасы ретінде;

есепке жатқызудың барабарлық және бөлек есептеу әдістерін қолданған кезде 300.00.012, 300.00.025 ІІІ және 300.00.026 В (300.00.012 – 300.00.025 ІІІ – 300.00.026 В) жолдарының айырмасы ретінде айқындалады;

2) 300.00.027 ІІ жолында есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есепті салық кезеңі үшін есептелген салықтан асып кету сомасы көрсетіледі.

Аталған жол:

есепке жатқызудың бөлек есептеу әдісі кезінде (300.00.025 І+300.00.026 В – 300.00.012) формуласы бойынша;

есепке жатқызудың барабарлық әдісі кезінде (300.00.025 ІІ+300.00.026 В – 300.00.012) формуласы бойынша;

есепке жатқызудың барабарлық және бөлек есептеу әдістерін қолданған кезде (300.00.025 ІІІ + 300.00.026 В – 300.00.012) формуласы бойынша айқындалады.

3) 300.00.028 жолында есепті салық кезеңі үшін қосылған құн салығының асып кетуін есептемей, алдыңғы салық кезеңдерінен көшірілген өспелі қорытындымен қосылған құн салығының асып кету сомасы көрсетіледі. Бұл жолды ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді жүзеге асыратын және Салық кодексінің 267-бабын пайданалатын салық төлеушілер толтырады;

4) 300.00.029 жолында 300.00.028 жолы шегерілгеннен кейін бюджетке төленуі тиіс қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі. Бұл жолды егер 300.00.027 I жолының сомасы 300.00.028 жолының сомасынан асып кеткен шартта ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді жүзеге асыратын және Салық кодексінің 267-бабын пайданалатын салық төлеушілер толтырады. Жолдың сомасы (300.00.027 I – 300.00.028) формуласы бойынша айқындалады. Егер 300.00.028 жолы нөлдік мәнге тең болса, онда бұл жолға


300.00.027 I жолының сомасы көрсетіледі. 300.00.029 жолы 300.00.029 І жолын қосады;

5) 300.00.029 І жолында Салық кодексінің 267-бабында көзделген 70%-ға азайтыла отырып бюджетке төлеуге жататын қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі. 300.00.029 жолы мен 30 пайыздың туындысы (300.00.029 І х 30%) ретінде айқындалады;

6) 300.00.030 жолында егер 300.00.028 жолы нөлдік емес мәнге тең және 300.00.027 І жолының сомасы 300.00.028 жолының сомасынан асып түскен жағдайда салық төлеушінің дербес шотында қосылған құн салығын азайту сомасы көрсетіледі. Бұл жолды ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді жүзеге асыратын және Салық кодексінің 267-бабын пайданалатын салық төлеушілер толтырады. Жолдың сомасы 300.00.029 және 300.00.029 I жолдарының айырмасы ретінде айқындалады.

7) 300.00.031 жолында шегерілгеннен кейін кейінгі салық кезеңдеріне көшірілетін қосылған құн салығының асып кету сомасы көрсетіледі. Бұл жолды ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді жүзеге асыратын және Салық кодексінің 267-бабын пайданалатын салық төлеушілер толтырады. Жол:

егер 300.00.027 I және 300.00.028 жолдары нөлдік емес мәнде толтырылған және 300.00.028 жолының сомасы 300.00.027 I жолының сомасынан асып кеткен жағдайда 300.00.028 және 300.00.027 I жолдарының айырмасы (300.00.028 - 300.00.027 I) ретінде;

егер 300.00.027 ІI және 300.00.028 жолдары нөлдік емес мәнде толтырылса, 300.00.028 және 300.00.027 II жолдарының сомасы (300.00.028 + 300.00.027 II) ретінде айқындалады. Егер 300.00.027 II жолы нөлдік мәнге тең болса, онда 300.00.031 жолының сомасы 300.00.028 жолының сомасы болып табылады немесе егер 300.00.028 жолы нөлдік мәнге тең болса, онда 300.00.031 жолының сомасы 300.00.027 ІІ жолының сомасы болып табылады.

Бұл жол егер 300.00.027 I жолының сомасы 300.00.028 жолының сомасынан асып кеткен жағдайда толтырылмайды.

8) 300.00.032 жолында нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар мақсатында пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі. Жолды Енгізу туралы Заңның 25-бабы 2-тармағында және Салық кодексінің 272-бабы 3-тармағында көзделген шарттарды орындаған қосылған құн салығын төлеушілер толтырмайды.

19. «ҚҚС асып кетуін қайтару туралы талап» деген бөлімде:

1) 300.00.033 жолында Енгізу туралы Заңның 12-бабына және Салық кодексінің 272-бабына сәйкес есепке жатқызылатын қосылған құн салығының есептелген салық сомасынан асып кетуін қайтару туралы талап көрсетіледі. Бұл жол егер «Қосылған құн салығын төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде


5 жолында «қосымша», «хабарлама бойынша қосымша» декларация түрі белгіленген жағдайда, сондай-ақ егер салық төлеуші Салық кодексінің
273-бабы 5-тармағында көрсетілген санаттардың біріне жатқызылған жағдайда толтырылмайды;

2) 300.00.033 І жолындағы торкөз егер салық төлеуші Салық кодексінің


274-бабына сәйкес ҚҚС асып кетуін қайтарудан бас тартқан жағдайда белгіленеді;

3) 300.00.033 IІ жолында қосылған құн салығын төлеуші осы қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талапты беретін салық кезеңі көрсетіледі. Егер 300.00.033 жолы толтырылған болса, онда аталған жол міндетті түрде толтырылуға жатады.

20. «Салық төлеушінің жауапкершілігі» деген бөлімде:

1) «Салық төлеушінің (басшының) Т.А.Ә.» жолында құрылтай құжаттарына сәйкес басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі. Егер декларацияны дара кәсіпкер табыс етсе, оның дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлігіне сәйкес тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);

2) декларацияның тапсырылған күні көрсетіледі.

Декларацияның салық органына табыс етілген күні көрсетіледі;

3) салық органының коды.

Салық төлеушінің орналасқан жері бойынша салық органының коды көрсетіледі;

4) «Декларацияны қабылдаған лауазымды адамның Т.А.Ә.» жолында декларацияны қабылдаған салық органы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі;

5) декларацияның қабылданған күні.

Салық кодексінің 584-бабы 2-тармағына сәйкес декларация табыс етілген күн көрсетіледі;

6) құжаттың кіріс нөмірі.

Декларацияның тіркеу нөмірі көрсетіледі;

7) пошта штемпелінің күні.

Пошта немесе өзге байланыс ұйымы қойған пошта штемпелінің күні көрсетіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет