Жұмыс бағдарламасы «Ет және сүт өндірісінің технологиялық жабдықтары-1»



бет1/18
Дата09.06.2016
өлшемі7.28 Mb.
#124992
түріЖұмыс бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ





3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18.5.1.63/03-2013



ПОӘК

Студенттерге арналған пәнінің оқу-жұмыс бағдарламасы «Ет және сүт өндірісінің технологиялық жабдықтары-1»


№1 Баспа


ПӘНІНІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ



«ТАМАҚ ӨНДІРІСІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖАБДЫҚТАРЫ-1»

5В072400 - «Технологиялық машиналар және жабдықтар» мамандығына арналған




ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР


Семей


2013

Мазмұны





1

Глоссарийлар




2

Дәріс оқулықтар




3

Практикалық және зертханалық сабақтар




4

Студенттердің өздік жұмысы





1. Глоссарий


Технологиялық жабдықтар – технологиялық процестерді жүзеге асырады, оларға машиналар, агрегаттар, қондырғылар, құрылғылар және т.б. жатады.

Автоматтандырылмаған машиналар (қарапайым машина) – машиналар тікелей адамның қатысуымен жүзеге асады. Машинаны қосу, шикі затты жүктеу адам қолымен атқарылады.

Автоматтандырылған машиналар – машиналар адамның қатысуысыз жұмыс істейді, адам тек автоматты аспаптар көмегімен машинаның жұмысын басқарады.

Жартылай автоматтандырылған машиналар - машиналар тікелей адамның қатысуымен жүзеге асады, машинға шикі затты жүктеу немесе машинаны қосу көмекші құралдармен немесе автоматты түрде жүзеге асады.

Машинаның қуаты - өнім өндірудегі машинаға қажетті энергия

Мерзімді әрекетті машиналар - машинаға шикізат материалы жүктеледі де, белгілі уақыт ішінде өңделіп болған соң, машинадан дайын өнім алынады да, машинаға жаңадан шикізат жүктеледі.

Өнімділік – жабдықтардың уақыт бірлігінде өнім өндіру мөлшері.

Технологиялық желі - өндірістегі барлық технологиялық процестер және көмекші операцияларды рационалды орындалуы, транспорттық және технологиялық жабдықтардың техникалы және экономикалық негіздемелерінің байланысуы, бақылау құралдары, ақпарат және т. б. , болып табылады

Үздіксіз әрекетті машиналар - машинаға шикізатты жүктеу және одан дайын өнімді алу үздіксіз болады (бір уақытта, бірақ машинаның әртүрлі нүктелерінде өткізіледі.).

Араластыру - сусымалы, сұйық және газ тәрізді орталарды тығыз жанасуға келтіру процесі.

Кесу - ұсақтау процес кезінде бөлшектерге белгілі бір пішін берілетін болса.

Престеу процесі - материалдарды қысыммен өңдеу.

Процестің жылдамдығы - процесс нәтижесінің уақыт бірлігіне қатынасы.

Процестің қарқындылығы - процестің жылдамдығын аппараттың бетіне қатынасы.

Сұрыптау процесі - сусымалы қоспаларды әртүрлі фракцияға ажырату.

Сүзу процесі - қатты бөлшектерді ұстап қалатын, ал сұйықты өткізіп жіберетін кеуекті бөгеттер жәрдемімен суспензияларды ажырату.

Ұсақтау - механикалық күштердің әсерімен қатты денелерді бөлу процесі.

Тұндыру - әртекті жүйелерді ауырлық күштiң әсерiнен ажыратуы.

Центрифугалау - сұйық әртекті жүйелерді ортадан тепкіш күш әсерімен ажырату.

Эмульсия – бір сұйық ішінде онымен араласпайтын екінші сұйық бөлшектері таралғаннан пайда болған әртекті жүйелер.


2. ДӘРІС ОҚУЛАР.

Дәріс 1. Технологиялық жабдықтар туралы түсінік.

Дәріс жоспары.

1) Анықтамалар (жабдықтар, машиналар мен аппараттардың құрылымы)

2) Жабдықтарға қойылатын талаптар

3) Жіктелуі

Ет өнеркәсібінің технологиялық жабдықтары деп әртүрлі технологиялық операцияларды атқарып өткізетін машиналар мен аппараттарды атайды.

Технологиялық машиналар жалпы және арнаулы деп бөлінеді. Біріншісіне – механикалық, гидромеханикалық, жылу- массаалмасу процестері жатады. Мысалы – ұсақтау, сепарациялау, қайнату, кептіру және т.б.

Екіншісіне- құлаққа тандыру, малдың терісін сыдыру және т.б.

Технологиялық жабдықтарең бірінші:


  1. Машиналарға

  2. Аппараттарға бөлінеді

Басқа да технологиялық жабдықтар кездеседі, мысалы: тетіктер, ағрегаттар, ағынды желілер олар қосалқы операцияларды атқарады.

Бірақ ТЖ курсы ең бірініші машиналар мен аппараттар қарастырылады.



Машиналар мен аппараттардың айырмашылығы олардың құрылымдық формасына байланысты болады:

Ең қарапайым машиналар өзінің құрылымдық формасына қарай минумум үш негізгі бөлімнен тұрады:



  1. орындаушы ( немесе ) жұмысшы механизмнен;

  2. беріліс беретін (немесе жетекші) механизмнен;

  3. Қозғалтқыш механизмнен (электроқозғалтқыштан, іштен жану және жылу двигателдерінен).

Аппараттар ең бірінші: орындаушы (немесе жұмысшы) органнан немесе жұмысшы камерадан тұрады (қозғалтқыш және беріліс механизмі, кей жағдайда қосымша жұмысшы механизм түрінде немесе мүлдем жоқ болады).
Машиналар және аппараттардың классификациясы

Құрылымы бойынша машиналар келесі түрлерге бөлінеді: (автоматтану дәрежесі бойынша)



  1. жай қарапайым машиналар

  2. жартылай автоматтар

  3. автоматтар.

а.) Жай қарапайым машиналар үш бөлімнен (тораптан) тұрады, біреуі жұмысшы механизм болып табылады. Олар бір нақты технологиялық операцияны орындауға арналған.

Мысалы:


Еткескіштер- ұсақтауға; араластырғыш – араластыруға және т.б.арналған.

б) Жартылай автомат: бірнеше бөлімдерден (беріліс беретін құрал, қозғалыс беретін құрал) және жұмысшы органдарынан тұрады. Мұнда автоматтық цикл бойынша, жұмысшының көмегі арқылы бірнеше технологиялық операцияны орындалады.

3. Автоматтарда бірнеше бөлімдерден (беріліс беретін құрал, қозғалыс беретін құрал) және жұмысшы органдарынан тұрады. Мұнда барлық операциялар (негізгі және қосымша) автоматтық цикл бойынша, жұмысшының көмегінсіз орындалады.

Барлық ТЖ жұмыс циклінің құрылымы бойынша:

  1. Толасты түрде жұмыс істейтін машиналар мен аппараттарға;

  2. Толассыз (үзіліссіз) түрде жұмыс істейтін машиналар мен аппараттарға бөлінеді.

Сондай-ақ жартылай толассыз түрде жұмыс істейтін машиналар кездеседі, бірақ олар сондай көп емес.

Ет өндірісіндегі технологиялық жабдықтардың жіктелуі

(классификациясы)

Профессор Пелеевтың А.И. ұсынысы бойынша барлық технологиялық жабдықтар алты негізгі топқа бөлінеді:



  1. Еткомбинаттарындағы көтергіш - тасымалдағыш жабдықтар:

1.1. Аспалы жолдармен конвейерлер және оларға қызмет көрсететін жабдықтар мен тетіктер.

1.2. Еден үстінде тұрақты орнатылған және жылжымалы көтергіш - тасымалдағыш жабдықтар.

1.3. Ет өнімдерін және әр түрлі шикізаттарды, мысалы: (ішек, май, фарш) құбырлар арқылы тасымалдайтын аспаптар яғни сораптар, щприцтер.


  1. Мал мен құсты союға арналған жабдықтар кіреді:

2.1. Тері сыпыратын машина

2.2. Жүн және қауырсын жұлатын

2.3. Ішек өңдейтін машина


  1. Етті механикалық түрде өңдейтін машиналар ет өнімдерін жуатын машиналар:

3.1. Етті бөлшектеп кесетін және өте ұсақ түрде майдалап кесетін машиналар (аралар, мүлік шабатын, басты екіге бөлетін, мал ұшасын үлкен кесектерге бөлетін таспалы аралар).

3.2. Жуғыш барабандар және басқа жуғыш машиналар, жартылай мал ұшасын жуатын машиналар.

3.3. Араластырғыш машиналар немесе бұлғауыш машиналар (фарш араластырғыш машиналар)


  1. Бөлу, өлшеу және қалыпқа келтіру жабдықтары.

4.1. Ет өнімдерін пресстейтін машиналар.

4.2. Графитациялық және ортадан тепкіш күштер арқылы бөлетін машиналар мен аппараттар.

4.3. Котлет формалайтын, тұшпара шығаратын, май құйатын, фарштарды буып-түйетін, консерві қалбырларын толтыратын машиналар және т.б.


  1. Ет және өнімдерін Жылу арқылы және диффузия арқылы өңдейтін жабдықтар.

5.1. Ет пісіретін қазандар; колбаса, ет, шұжық пісіретін, қуыратын қаптайтын камералар және пирожок қуыратын автоматтар.

5.2. Ет тұздайтын аппараттар мен тері тұздайтын аппараттар.



  1. Консервы заводтардың жабдықтары.

Технологиялық жабдықтарға қойылатын негізгі талаптар

  1. Машиналар мен аппараттар өте сапалы өнімді шығаруы керек.

  2. Машиналар мен аппаратқа кірген шикізаттан шыққан өнім арасындағы массалы айырмашылық өте аз болуы керек.

  3. Машиналардың жұмысты атқаратын құралдары артық түрде қажамау, үгілмеуі керек.

  4. Машиналар мен аппараттардың жұмыс атқаратын құралдары тек қана тот алмайтын материалдардан жасалынуы қажет.

  5. Машиналар мен аппараттардың конструкциялық құрылғы өте жеңіл шұғыл түрде ажыратылып қайта жиналуы керек.

  6. Машиналар мен аппараттардың конструкциялық құрылғысында жуатын құрал немесе кісі қолы жетпейтін соңылаулар, шұнқырлар болмауы керек.

  7. Машиналар мен аппараттардың құрамына кіретін электроаспаптардың ішіне су тимеуі керек. Сондықтан ондай аспаптар герметикалық түрде орналасуы керек немесе су кіріп кететін жерінде тұрмауы керек.

  8. Машиналар мен аппараттар қауіпсіздік технологиясының талаптарына сәйкес болуы шарт.


Бақылау сұрақтары:

1. Машина және аппарат дегеніміз не?

2. Мерзімді әрекетті машиналар қалай жұмыс істейді?

3. Үздіксіз әрекетті машиналар қалай жұмыс істейді?

4. Автоматтандырылмаған машиналар (қарапайым машина) қалай жұмыс істейді?

5. Жартылай автоматтандырылған машиналар қалай жұмыс істейді?

6. Автоматтандырылған машиналар қалай жұмыс істейді?

7. Өнім өндіру бойынша негізгі операцияларды орындайтын жабдықтар қалай жұмыс істейді?

8 Соңғы операцияларды жузеге асыруға арналған жабдықтар қалай жұмыс істейді?
Қолданылған әдебиеттер.

Пелеев А.И. «Технологическое оборудование мясной промышленности». М.: Пищевая промышленность, 1971.


Дәріс 2. Тамақ өндірісіндегі технологиялық жабдықтардың негізгі параметрлері.

Дәріс жоспары.

1) өндірістік жұмыстың ырғағы, оның технологиялық белгілері

2) технологиялық процесстің жылдамдығы немесе оның кинетикалық жылдамдығы

3) машинаның жұмыс құралының ішіндегі өнім жылдамдығы

4) машинаның өнімділігі (шын мәніндегі) (M ист., Мо, Мшт, Мв )


  1. машинаның қозғалтқышының қуатты жатады.

  1. Жұмыс ырғағы деп өнімнің бір данасын (дана, тонна, кг, м3) өңдеп шығаруға жұмсалған уақыт мерзімін (с, мин, час) атайды.

Өндірістік жұмыс ырғағын келесі формуламен есептейміз:
m = 3600/Мдана., немесе m = 60/Мдана.
3600 және 60 – уақыт коэффициенті.

Мдана – машинаның даналық өнімділігі, дана/сағат.

Өндіріс тактісіне (ырғағы) келесі қасиеттер жатады:

- өнімді даналап өңдейтін машиналардың тактісі есептелініп анықталады;

- бітеу қабатта немесе көлемде өнім өңдейтін машинаның тактісі, ереже бойынша анықталмайды;

- такт өнімідлікке кері шама болып табылады.

2. Процестің кинетикалық жылдамдығы. Ол өнімді өңдеу қарқындылығын сипаттайды.

Қарқындылық деп:

- процесті жүргізуге арналған материал, шикізат және энергия шығындарының аз болуын,

- процестің ағындылығын (поточность),

- процесс жүрген уақытта жұмысшы органның ішіндегі өнімнің жоғары жылдамдықта қозғалуын,

Кинетика жылдамдығын келесі түрдегі теңдеумен анықтаймыз:

* = L/R

мұнда L – процесстің қозғаушы күші; R –процесс кедергісі.

Мысалы: жылулық процесстер үшін

* = L/R = Q/F·, дж/м2с (I-3), немесе

* = k·F·t·F· (I-4), мұнда

Қысқартылғаннан кейін (F·) аламыз:

* = k·t = t/R , мұндағы k = 1/R, дж/м2с

Ең басты кезең - жылулық процестегі кинетикалық жылдамдықтың өлшемі. Басқа процестермен бірдей өлшем бірлікте болуы үшін оны - Дж/м2с, дұрысырағы Вт = Дж/с.

Онда жылдамдықтың өлшем бірлігі - Вт/м2

Қозғалыс кинетикасы - белгілі бір аудан арқылы өнімге берілетін жылу ағыны (вт) арқылы анықталады. Немесе, белгілі бір аудан (м2) арқылы өнімге бірлік уақытта с) берілетін жылудың мөлшері (дж) бойынша анықталады.

Процестер:


  • массаалмасу;

  • сұйық біртекті емес ортада бөлгенде

  • пресстегенде

кинетика жылдамдығы келесі теңдеумен анықталады.

* = L/R = G/F·, кг/м2с

мұнда G – масса, кг.

Бірақ, әр нақты жағдай үшін әртүрлі физикалық мәні бар.

Әр процестің қозғаушы күші әртүрлі болады:

Массалмасу үшін - * = G/F· = С/R – концентрациялар айырмашылығы.

Бөлу процесі үшін - * = G/F· = /R – тығыздықтар айырмасы

Пресстеу процесі үшін - * = G/F· = Р/R – қысымдар айырмасы.

Теңдеу түрінде жассақ:

- * = G/F· = С/R

- * = G/F· = /R

- * = G/F· = Р/R

2. Машиналардың жұмысшы органы ішіндегі өнімнің қозғалыс жылдамдығы ().

Бұл біріншіден өңделетін өнімнің түріне байланысты болады. Егер өнім сұйық , созылмалы тұтқыр , сусымалы ұсақталған болса (сұыйық май түрінде, ет фарышы, шыжық және т.б.) және үздіксіз әрекетті машинада өңделінетін өнім көлемі бойынша болса қозғалыс жылдамдығы қысым немесе арын функциясы бойынша немесе Торичелли формуласы, анықталады.

 2· немесе   2·g·H

түбір астынан шығарсақ  = 2/2

Н = 2/2g

Бұл жылдамдықты өнімділіктен табылған функция бойынша (ағынның) үздіксіз ағынның теңдеуімен анықтауға болады

 = М0/f = 4·M0/·d2 м/с

В) Егер өнім даналы болса (мал ұшасы, пакеттегі өнімдер, жәшік, фляга, шыны ыдыс) және үздіксіз әрекетті машинада бір уақытта өңделіп және, конвейерлерде, таспалы тасымалдағыштарда, элеваторларда тасымалданса тасымалдау жылдамдығын келесі формуламен анықтауға болады.

 = Мшт.·L, м/с,

Осы жағдайда, яғни, егер өнім даналы болса, тасымалдау жылдамдығы технологиялық жабдықтардың жұмысшы органдарының жылдамдығына тең келуі керек. Бұл жылдамдықты келесі негізгі формула бойынша анықталады:


Технологиялық жабдықтардың нақты өнімділігі

Өнімділік :



  1. процестің кинетикалық жылдамдығымен;

  2. Өнімнің машинаның жұмысшы органының ішіндегі қозғалу жылдамдығы;

Бірінші жағдайда нақты өнімділік деп аталады.

Екінші жағдайда өткізгіштік қабілеті деп аталады:



  1. Жылулық жабдықтар үшін

Нақты өнімділік бөлінбеу теңдеуі арқылы анықталады.

Мнақ.= F·* = F·Q/F· = Q/, дж/с = вт

Яғни, нақты өнімділік дегеніміз - жылуалмасу аппаратының өнімге жылу беру қабілеті.

2. Масса алмасу процесі жүретін жабдықтарда

- сұйық және қатты фазаны тығыздықтар айырмасы әсерінен ортадан тепкіш немесе гравитациялық өрісте ажырату немесе

- престеу, яғни, құрғақ немесе қабыршақ өнім алу үшін сұйық фазаны бөлу үшін, нақты өнімділік төмендегідей анықталады

Мист.= F·* = F·G/F· = G/, кг/с

Өнімді көлемде өңдеу кезіндегі үздіксіз әрекетті машиналардың өнімділігі

Өткізу қабілетін де (немесе көлемдік өнімділігі) бөлінбеу теңдеуімен анықтайды

М0= f· м3

Өткізгіштік қабілеті дегеніміз - бұл ТЖ өзі арқылы белгілі бір көлемдегі бастапқы өнімді өткізу қабілеті.

1) өнім бітеу көлемде қозғалады,

2) жұмысшы органның жылдамдығына тең жылдамдықпен қозғалады, және

3) жұмысшы органның жылдамдығына тең емес жылдамдықпен қозғалады.

4) бұл теңдеу сұйық және тұтқыр –пластикалық өнімдер үшін де пайдаланылады.

5) егер теңдеңдеуді 3600 көбейтсек онда сағаттық өнімділік шығады

М0= 3600· f· м3/час

6) егер теңдеуді өнімнің тығыздығына  көбейтсек – ТЖ массалық сағаттық өнімділігі алынады.

МВ = 3600· f·· кг/час

Бұл теңдеу барлық Ү/сіз Ә машиналардың барлығына да (волчоктар, ҮӘ куттерлер, ҮӘ шприцтер, насостар, транспортерлерде және т.б.) пайдаланылады.

Өнімді көлемде өңдеу кезіндегі мерзімді әрекетті машиналардың өнімділігі

МӘ машинаның көлемдік өнімділігі машинаның жұмысшы камерасының уақытқа қатынасына тең.

М0 = 3600 V··/ = 3600 G/, кг/час

Сондай-ақ МӘ және ҮӘ машиналар үшін бір формула модификациясы қолданылады

М0 = V/ = f· Н·n· = 0,25 ·D2·H·n· м3

Бұл физикалық түрде, ал инженерлік түрге енгізсек онды а = 1,2-1,5қуаттың қор коэффициентіне көбейтіп, ауысу коэффициентіне 1000 және машинаның жетекші механизмінің ПӘК бөлу керек.

N  P··а/1000·, кВт



Бақылау сұрақтары:

1. Жұмыс ырғағы дегеніміз не?

2. Даналық өнімділік қалай анықталады?

3. Теориялық өнімділік дегеніміз не қалай анықталады?

4. Технологиялық жабдықтың нақты өнімділігі қалай анықталады?

5. Мерзімді әрекетті аппараттың өнімділігі қалай анықталады?

6. Машинаның қуаты қалай анықталады?

Қолданылған әдебиеттер.

Пелеев А.И. «Технологическое оборудование мясной промышленности». М.: Пищевая промышленность, 1971


Дәріс 1. Технологиялық жабдықтар туралы жалпы түсінік
1. Анықтама (жабдық, машиналар мен аппараттардың құрылымы)

2. Жабдықтарға қойылатын талаптар

3. Жіктелуі
Технологиялық жабдық дегеніміз технологиялық операцияларды орындауға арналған жабдықтар болып табылады.

Технологиялық операциялар жалпы және арнайы болып жіктеледі.



Жалпы технологиялық операцияларға барлық тамақ өндірісіне кіретін 20-дан астам салаларында пайдаланатыy механикалық, гидромеханикалық, жылу-масса алмасу процестері жатады. Мысалы, ұсақтау, ажырату, пісіру, кептіру және т.б.

Ал арнайы технологиялық операцияларға тек қана кейбір (жеке алыңғаң) саласына сәйкес процестері жатады, мысалы ет өнеркәсібіне: жансыздандыру, малды қансыздандыру, терісін сыдыру және т.б.; сүт өнеркәсібіне: фризерлеу, сары май бұлғау, гомогендеу және т.б.

Технологиялық жабдықтар алдымен ағындағы үйлесімділігі бойынша машиналар мен аппараттарға жіктеледі. Сонымен қатар, технологиялық жабдықтардың басқа да түрлері бар.

Олар: әртүрлі айлабұйымдар, агрегаттар, технологиялық ағынды желілер, қондырғылар, кешендер, және т.б.

Дегенмен, технологиялық жабдықтар пәнінде негізінен машиналар мен аппараттар қарастырылады. Олардың арасындағы айырмашылық құрылымдық пішіндерінде болып табылады.

Құрылымдық пішіні бойынша неғұрлым қарапайым машина кемінде үш бөліктен тұрады:

- орындау (немесе жұмысшы) механизмі;

- беріліс (немесе жетекті) механизмі;

- қозғалтқыш механизмі (электрқозғалтқыш).

Классикалық түрдегі аппарат (қарапайым аппарат) орындау (немесе жұмысшы) органы және жұмысшы камерадан тұрады.

Қозғалтқыш және беріліс механизмдері, сонымен қатар басқа да жұмысшы механизмдер кейбір аппараттарда мүлдем болмайды, а егер болса қосалқы жұмыс атқарады.

Машиналар мен аппараттардың жіктелуі

Құрылымдық пішіні бойынша машиналар (автоматтандырылу деңгейіне қарай) қарапайым жұмысшы машиналар, жартылай автоматтар және автоматтарға жіктеледі.

Қарапайым жұмысшы машиналар көбінесе үш бөліктен тұрады. Олар нақты бір технологиялық операцияны орындайды. Мысалы: еттартқыштар шикізатты ұсақтайды, араластырғыштар араластырады, сепараторлар ажыратады және т.б.

Жартылай автоматтар бірнеше бөліктер мен жұмысшы органдардан тұрады. Олар жұмысшының қатысуымен бірнеше технологиялық операцияларды автоматты цикл бойынша орындайды.

Автоматтар да бірнеше бөліктер мен жұмысшы органдардан тұрады және жұмысшының қатысуынсыз барлық операциялар (негізгі және қосалқы) автоматты цикл бойынша орындалады.



Жұмысшы циклдің құрылымы бойынша барлық технологиялық жабдықтар мерзімді және үздіксіз әрекетті машиналар мен аппараттарға жіктеледі. Сонымен қатар, аз мөлшерде жартылай үздіксіз әрекетті технологиялық жабдықтар да бар.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет