Постановление Правления 2016 жылғы 28 қаңтардағы Алматы қаласы №23 город Алматы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің дилерлік қызметінің қағидаларын бекіту туралы



Дата30.06.2016
өлшемі158.8 Kb.
#167308
түріПостановление







«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ҰЛТТЫҚ БАНКІ»
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ

МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ






РЕСПУБЛИКАНСКОЕ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ
«НАЦИОНАЛЬНЫЙ БАНК

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»


БАСҚАРМАСЫНЫҢ

ҚАУЛЫСЫ




ПОСТАНОВЛЕНИЕ

ПРАВЛЕНИЯ

2016 жылғы 28 қаңтардағы
Алматы қаласы




№ 23
город Алматы



Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкінің дилерлік

қызметінің қағидаларын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің жұмыс істемейтін кредиттері мен активтері, қаржылық қызметтер көрсету және қаржы ұйымдары мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің дилерлік қызметінің қағидалары бекітілсін.

2. Монетарлық операциялар және активтерді басқару департаменті (Молдабекова Ә.М.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;

3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ғ.О. Пірматовқа жүктелсін.

5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 ақпаннан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.



Ұлттық Банк

Төрағасы Д. Ақышев

Қазақстан Республикасының


Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 28 қаңтардағы
№ 23 қаулысымен

бекітілген


Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

дилерлік қызметінің қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі дилерлік қызметінің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Ұлттық Банк туралы заң) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) Қазақстан Республикасының қаржы нарығындағы дилерлік қызметті жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

Ұлттық Банктің Қазақстан Республикасының қаржы нарығындағы дилерлік қызметі 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) және 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) (бұдан әрі – Азаматтық кодекс), Ұлттық Банк туралы заңның «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы (бұдан әрі – Банктер туралы заң) және «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі (бұдан әрі – Бағалы қағаздар рыногы туралы заң) Қазақстан Республикасының Заңдарының талаптарымен реттеледі және жүзеге асырылады.

2. Ұлттық Банктің брокерлік қызметі деп Қазақстан Республикасының мемлекеттік ақша-кредит саясатын (бұдан әрі – ақша-кредит саясаты) іске асыру және Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету шеңберінде Ұлттық Банктің атынан қаржы құралдарымен операциялар жүргізуге және мәмілелер жасауға бағытталған қызмет түсініледі.

3. Қағидалар шетел валютасындағы және бағалы металдардағы активтерді инвестициялық басқару, сондай-ақ бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу бойынша мәмілелер жасау арқылы банкаралық ақша беру жүйесінің пайдаланушыларына Ұлттық Банктің қосымша өтімділік беруі арқылы банкаралық ақша аудару жүйесінде өтімділік тәуекелін, кредит және жүйелік тәуекелдерді басқару мақсатында Ұлттық Банк жүргізетін операцияларға қолданылмайды.

4. Қағидаларда Банктер туралы заңда, Бағалы қағаздар рыногы туралы заңда көзделген ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) баға белгілеу – қаржы құралының бағасы (бағамы, пайыздық мөлшерлеме);

2) бағалы қағаздармен мәмілелер – бағалы қағаздарды сатып алу/сату кіретін ашық нарық операциялары, тікелей және кері РЕПО операциялары;

3) банкаралық нарық – ұйымдастырылмаған нарықта шетел валютасын, шетел валютасындағы бағалы қағаздары, төлем құжаттарын сатып алу немесе/ және сату бойынша операцияларды жүзеге асыру кезінде туындайтын қатынастардың жиынтығы;

4) биржалық нарық – сауда-саттықты тікелей жүргізу арқылы ұйымдастыру және техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйелерін пайдалана отырып жасалатын қатынастардың жиынтығы;

5) валюта – Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің ақша бірлігі (заңды төлем қаражаты);

6) валюталық мәміле – биржалық және банкаралық нарықта валюта сатып алу немесе/және сату;

7) валюталық нарық – банкаралық немесе биржалық нарықтарда шетел валютасын, шетел валютасындағы төлем құжаттарын сатып алу және/немесе сату бойынша операцияларды жүзеге асыру кезінде туындайтын қатынастардың жиынтығы;

8) валюталау күні – жасалған мәміле бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру күні;

9) депозиттік аукцион – қарсы әріптестің Ұлттық Банкте депозиттер (банктік салымдар) орналастыруға өтінімдер беруін білдіретін сауда-саттық нысаны;

10) есеп айырысу бөлімшесі – Ұлттық Банктің ақша-кредит саясатының операциялары бойынша есеп айырысуды жүзеге асыратын бөлімшесі;

11) жұмыс күні – Қазақстан Республикасының қаржы ұйымдары қолма-қол шетел валютасымен операциялар жүргізу үшін ашық болатын уақты кезеңі;

12) қарсы әріптес – Ұлттық Банкпен жасалатын мәмілеге қатысушы;

13) локо своп – түрі мен сапасы бойынша бірдей тазартылған бағалы металдардың орналасқан жерін айырбастау бойынша операция;

14) мәміле күні – Ұлттық Банк пен қарсы әріптес арасында валюталық мәміле жасалатын нақты күн;

15) мәміле паспорты – мәміледе көрсетілген талаптарға сәйкес мәміленің жасалғанын куәландыратын құжат;

16) операциялық күн – қаржы құралдарымен операциялар жүргізілетін және мәмілелер жасалатын, төлемдер мен ақша аударымдарын қабылдау және өңдеу жүзеге асырылатын уақыт кезеңі;

17) сауда бөлімшесі – Ұлттық Банктің ақша-кредит саясаты операцияларын жүзеге асыру және Ұлттық Банктің активтерін басқару үшін жауапты бөлімшесі;

18) своп сапа – түрі бойынша бірдей, бірақ сапасы бойынша әртүрлі тазартылған бағалы металдарды айырбастау бойынша операция;

19) тазартылған бағалы металдар – бұл Лондон бағалы металдар нарығы қауымдастығының (London bullion market association) немесе Лондон платина тобы металдары қауымдастығының (London Platinum and Palladium Market) талаптарына және/немесе Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы мемлекеттерде белгіленген сапа стандарттарына және талаптарына және/немесе шығарылған елінің сапа стандарттарына және техникалық талаптарына (алтын үшін тазалық таңбасы 995/1000 төмен емес, платина және палладий үшін 999,5/1000 төмен емес және күміс үшін 999/1000 төмен емес таңба) сәйкес ең төменгі сынамдағы метал сапасы бар құйма түріндегі бағалы металдар;

20) туынды қаржы құралдарымен мәміле – тараптардың құқықтар мен міндеттемелерді сатып алу немесе/және сату немесе базалық активке айырбастау операциялары;

21) Ұлттық Банктің басшылығы – Ұлттық Банктің Төрағасы, Ұлттық Банк Төрағасының орынбасарлары;

22) Bloomberg, Reuters Dealing жүйелері, KASE, NEXT биржа терминалы – мәмілелер жасау мақсаты үшін пайдаланушылары арасындағы байланыс жүзеге асырылатын мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етулер және жабдықтар кешені;

23) «cut-off time» – мәмілелер жасауды аяқтау уақыты және/немесе есеп айырысуларды орындауды аяқтау уақыты;

24) LIBOR сыйақы мөлшерлемесі – мерзімінің өтуі қалыптасқан күні Лондон қаласының уақыты бойынша таңғы сағат 11.30-да тіркелген бір күн мерзімі бар банкаралық қарыздар бойынша орташа алынған пайыздық мөлшерлеме.

5. Ұлттық Банктің басшылығы ақша-кредит саясаты шеңберінде ақша-кредит саясатының құралдары бойынша стратегиялық шешімдерді айқындайды және қабылдайды.

Ақша-кредит саясаты шеңберіндегі операциялар мен жасалатын мәмілелер бойынша жедел шешімдер қабылдауды Ұлттық Банктің сауда бөлімшесінің басшылығы Ұлттық Банктің басшылығымен келісе отырып, ағымдағы нарық жағдайына сәйкес жүзеге асырады.

2. Ұлттық Банк пен қарсы әріптес арасында келісім жасау тәртібі
6. Әлеуетті қарсы әріптес мәмілелер жасау туралы келісім (бұдан әрі – Мәмілелер туралы келісім) және депозиттер (банктік салымдар) қабылдау туралы және жинақ шотын ашу және жүргізу туралы келісім (бұдан әрі – Депозиттер қабылдау туралы келісім) жасау үшін Ұлттық Банкке Ұлттық Банкпен Қазақстан Республикасының қаржы нарығында операциялар жүргізу және мәмілелер жасау ниеті туралы жазбаша сұрату (бұдан әрі – жазбаша сұрату) жіберуге тиіс.

Мыналарды:

1) Мәмілелер туралы келісімді жасау үшін жауапты бөлімше сауда бөлімшесі болып табылады;

2) Депозиттер қабылдау туралы келісімді жасау үшін жауапты бөлімше есеп айырысу бөлімшесі болып табылады.

7. Ұлттық Банк жазбаша сұратуды ол Ұлттық Банкке түскен күнінен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды және ол бойынша шешім қабылдайды. Қарсы әріптестің жазбаша сұратуын қанағаттандыру және онымен Мәмілелер туралы келісім және Депозиттер қабылдау туралы келісім жасау туралы шешімді Ұлттық Банктің басшылығы қабылдайды және Ұлттық Банк шешім қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде әлуетті қарсы әріптеске жазбаша түрде хабарланады.

8. Мәмілелер туралы келісім жасау үшін Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын әлеуетті қарсы әріптес Ұлттық Банкке мынадай құжаттарды:

1) Мәмілелер туралы келісім жасауға Ұлттық Банк Төрағасының атына жазылған өтінішхатты;

2) Мәмілелер туралы келісімге сәйкес бағалы қағаздармен мәмілелер жасалған жағдайда, бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік орган берген арналған лицензияның көшірмесін;

3) қарсы әріптес қызметкерінің қаржы құралдарымен мәмілелер жасауға уәкілеттілердің қарсы әріптес бекіткен екі данадағы тізімін;

4) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы не оның көшірмесін не заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесін;

5) жарғыны не оның нотариат куәландырған көшірмесін, ал қарсы әріптес өз қызметін үлгі жарғы негізінде жүзеге асыратын болса – қызметті үлгі жарғы негізінде жүзеге асыру фактісін растайтын құжаттарды;

6) болған кезде мөр бедері және мәміле паспортына қол қоюға уәкілетті қарсы әріптес қызметкерлерінің қол қою үлгілері бар нотариат куәландырған құжатты ұсынады.

Мәмілелер туралы келісім жасау үшін Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын әлеуетті қарсы әріптес Ұлттық Банкке мынадай құжаттарды:

1) Мәмілелер туралы келісім жасауға Ұлттық Банк Төрағасының атына жазылған өтінішхатты;

2) құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмесін (шет мемлекеттердің ұлттық (орталық) банктерін қоспағанда);

3) бейрезидент елінің уәкілетті органы берген (шет мемлекеттердің ұлттық (орталық) банктерін қоспағанда) банк операцияларын жүргізуге арналған лицензияның нотариат куәландырған көшірмесін;

4) операциялар жасау кезінде қол қою үлгілері және мөр (ол болған кезде) бедері бар құжатқа сәйкес төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті адамның (адамдардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшірмесін (көшірмелерін);

5) болған кезде, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің Қазақстан Республикасында салық төлеуші ретінде тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесін;

6) соңғы үш жылдағы шоғырландырылған қаржылық есептілікті ұсынады.

Ұлттық Банк пен қарсы әріптес арасында жасалған Мәмілелер туралы келісім болған жағдайда қарсы әріптестің осы тармақта көзделген құжаттарды қайтадан ұсынбастан Депозиттерді қабылдау туралы келісімге қол қоюына жол беріледі.

9. Мәмілелер туралы келісім және Депозиттерді қабылдау туралы келісім Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының және Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның талаптарына сәйкес жазбаша нысанда жасалады. Тараптардың келісімі бойынша Мәмілелер туралы келісімге және (немесе) Депозиттерді қабылдау туралы келісімге Қағидаларға қайшы келмейтін қосымша талаптар енгізіледі.

Мәмілелер туралы келісімді және (немесе) Депозиттерді қабылдау туралы келісімді олар жасалғаннан кейін 14 (он төрт) жұмыс күнінен кешіктірмей Мәмілелер туралы келісімнің және (немесе) Депозиттерді қабылдау туралы келісімнің түпнұсқаларына кейіннен ауыстыра отырып, факсимильді көшірмелерімен алмасу арқылы жасасуға жол беріледі.



3. Операциялар және мәмілелер
10. Ұлттық Банк дилерлік қызмет шеңберінде операциялар мен мәмілелердің мынадай түрлерін жасайды:

1) валюталық өктемдік;

2) валюталық мәмілелер;

3) депозиттерді қабылдау;

4) депозиттік аукцион;

5) бағалы қағаздармен мәмілелер;

6) туынды қаржы құралдарымен мәмілелер;

7) Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарымен операциялар;

8) қарыздар беру;

9) тазартылған бағалы металдармен операциялар;

10) бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукциондары;

11) бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукциондары;

12) Азаматтық кодекске қайшы келмейтін мәмілелердің өзге де түрлері.

11. Ұлттық Банктің мәмілелері бойынша есеп мынадай талаптармен жүзеге асырылады:

1) спот алдындағы (мәміле күні не мәміле күнінен келесі жұмыс күні) Т+0, Т+1;

2) спот (мәміле күнінен екінші жұмыс күні) Т+2;

3) форвард-аутрайт (мәміле күнінен үшінші және одан кейінгі жұмыс күндері) Т+3 және одан жоғары.

12. Теңгемен мәмілелер және операциялар үшін «сut-off time» операцияның немесе мәміленің түріне байланысты белгіленеді. Шетел валютасындағы мәмілелер мен операциялар үшін «сut-off time» орындау (есеп айырысу) үшін қажетті уақыты және әрбір жеке валюта үшін кастодиан және/немесе кастодиан банк белгілеген шектеулері сақтала отырып белгіленеді.

13. Ұлттық Банк пен қарсы әріптес арасындағы операциялар мен мәмілелер биржа нарығында да, банкаралық нарықта да жүргізіледі.

14. Биржа нарығында операциялар мен мәмілелер жасау сауда-саттықты ұйымдастырушының қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Банкаралық нарықта операциялар мен мәмілелер жасау Қағидаларға сәйкес, жасалған Мәмілелер туралы келісім және Депозиттерді қабылдау туралы келісім негізінде жүзеге асырылады.

15. Биржа нарығында операциялар мен мәмілелер жасау үшін Ұлттық Банк KASE биржа терминалы арқылы қашықтан кіру режімінде биржа сауда-саттығына қатысады.

16. Биржа нарығында операциялар мен мәмілелерді жасау талаптары Ұлттық Банк пен қарсы әріптес арасында телефонмен не белгілеуді KASE биржа терминалына шығару жолымен дилерлер арасында келіссөздер жүргізу арқылы әрбір нақты жағдайда жеке айқындалады.

Банкаралық нарықта операциялар мен мәмілелер жасау талаптары Ұлттық Банк пен қарсы әріптес арасында әрбір нақты жағдайда:

1) Bloomberg немесе Reuters Dealing жүйесі бойынша дилерлер арасында келіссөздер жүргізу арқылы;

2) қарсы әріптестен факс бойынша немесе электрондық поштамен мәміле паспортын қатар ала отырып, жазып алатын телефон арқылы жеке айқындалады.

17. Дилерлер мәміле талаптарын растаған сәттен бастап мәміле жасалған деп саналады.

Мәмілелердің талаптарын растау сәті болып:

1) қарсы әріптестен факс немесе электрондық пошта бойынша мәміле паспортын қатар ала отырып, жазылатын телефон арқылы мәміле талаптары мен өлшемдерін ауызша растаған сәт;

2) Bloomberg және Reuters Dealing жүйелері бойынша мәміленің жасалғанын растау сәті;

3) KASE және NEXT биржа терминалы бойынша биржа сауда-саттығының қатысушысын қарсы баға белгілеу есебінен шығарылған баға белгілеудің қанағаттандырған сәті саналады.

18. Цифрлық тасымалдағыштардағы жазбалар, мәміле паспорттарының түпнұсқалары немесе көшірмелері, Bloomberg және Reuters Dealing жүйелерінде мәмілелердің жасалғанын растайтын сөйлесулердің мәтіндері, биржа куәлігі және он-лайн есеп мәміленің жасалғанын растайтын ресми құжат болып саналады.

19. Бір тарап басқа тараптан алған мәміле талаптарының растауында көрсетілген мәміле талаптарының мәміле жасау кезінде тараптар келіскен талаптардан басқаша болған жағдайларда, тараптар мәміле жасау кезінде келіскен түпнұсқа талаптар мен өлшемдер негізінде алшақтықты реттеу үшін шаралар қабылдайды және қате жіберген тарап екінші тарапқа Мәмілелер туралы келісімнің және (немесе) Депозиттерді қабылдау туралы келісімнің талаптарына сәйкес келетін мәміленің түпнұсқа талаптарына сәйкес келетін растауды ұсынады.

20. Мәміле жасалғаннан кейін дилерлер мәміленің Bloomberg, Reuters Dealing жүйелерінде, KASE немесе NEXT биржа терминалында жасалған жағдайларын қоспағанда, мәміле паспорттарының көшірмелерімен алмасады. Мәміле тараптары Мәмілелер туралы келісімнің және (немесе) Депозиттерді қабылдау туралы келісімнің талаптарына сәйкес мәміле жасалғаннан кейін


5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей мәміле паспорттарының түпнұсқаларымен алмасады.

21. Мәміле ол бойынша есеп айырысу жүзеге асырылған сәттен бастап орындалған болып саналады. Есеп айырысуды жүзеге асыру үшін сауда бөлімшесі мәміле паспортын есеп айырысу бөлімшесіне тапсырады.


4. Валюта өктемдігі және валюталық мәмілелер
22. Ұлттық Банк валюта өктемдігін биржа нарығында АҚШ долларының теңгеге қатысты бағамына әсер ету мақсатында жасайды.

23. Ұлттық Банк валюталық мәмілелерді валюта нарығында шетел валютасына сұраныс/ұсыныс болған кезде шетел валютасына ішкі сұранысты қанағаттандыру үшін банкаралық немесе биржа нарығында жасайды.

24. Валюта өктемдігі бойынша «сut off time» – Астана қаласы уақыты бойынша сағат 15:30, валюталық мәмілелер бойынша – 16:00. Мәмілелер бойынша есеп айырысуды орындау үшін «сut off time» – Астана қаласы уақыты бойынша сағат 17.30 болып белгіленеді.

5. Депозиттер (депозиттік салымдар) және депозиттік аукцион
25. Ұлттық Банк ақша-кредит саясатын іске асыру мақсатында депозиттік аукционды өткізеді және екінші деңгейдегі банктерден депозиттерді (депозиттік салымдарды) теңгеде қабылдауды жүзеге асырады.

Ұлттық Банк Ұлттық Банк туралы заңға сәйкес Ұлттық Банкте банк шоттары иелерінен депозиттерді (депозиттік салымдарды) қабылдауды жүзеге асырады.

Ұлттық Банкте теңгемен жинақ шотын ашу депозиттерді (депозиттік салымдарды) орналастыру үшін міндетті шарт болып табылады.

26. Депозиттік аукциондарды жүргізу және депозиттерді (депозиттік салымдарды) қабылдау Ұлттық Банк туралы заңның 29-бабына сәйкес Ұлттық Банк белгілеген мерзімде және сыйақы мөлшерлемелері бойынша жүзеге асырылады.

27. Депозиттік аукциондар және депозиттер (депозиттік салымдар) бойынша сыйақы сомасы жеңілдетілген есептеу әдістемесі бойынша есептеледі, бұл ретте есептеу базасы ретінде қаражаттың депозитте (депозиттік салымда) болу күндерінің нақты саны және жылына 360 (үш жүз алпыс) күн қабылданады. Контрагенттен қабылданатын депозиттің (депозиттік салымның) ең аз көлемі он миллион теңге құрайды.

28. Депозиттік аукциондар және депозиттерді (депозиттік салымдарды) қабылдау үшін «сut off time» – Астана қаласы уақыты бойынша сағат 16.00 болып белгіленеді. Депозиттік аукциондар және депозиттер (депозиттік салымдар) бойынша есеп айырысуларды орындау үшін «сut off time» – Астана қаласы уақыты бойынша сағат 17.30 болып белгіленеді.


6. Бағалы қағаздармен мәмілелер
29. Бағалы қағаздармен мәмілелерді уәкілетті мемлекеттік орган берген бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары жасайды.

30. Биржа және банкаралық нарықтарда мәміле жасауды бір ізге түсіру мақсатында РЕПО ашу және жабу мәмілелерінің өлшемдерін есептеу сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.

31. РЕПО операцияларының мерзімі бір және одан астам күнтізбелік күн құрайды. Бір жылдағы күн саны күнтізбелік 365 (үш жүз алпыс бес) күнге тең деп қабылданады.

32. Тікелей және кері РЕПО операциялары бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету үшін кепіл ретінде қабылданатын бағалы қағаздар түрлерін Ұлттық Банк белгілейді.

33. Автоматты РЕПО секторында жасалған РЕПО не тікелей РЕПО мәмілелері бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету үшін кепіл ретінде қабылданатын бағалы қағаздардың нарықтық құнын дисконттау пайызын айқындау сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.

34. Биржадан тыс нарықта жасалған РЕПО мәмілелері бойынша нарықтық құнды дисконттау пайызын және РЕПО мәмілелері бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету үшін кепіл ретінде қабылданатын бағалы қағаздардың тізбесін Ұлттық Банк белгілейді.

35. РЕПО және кері РЕПО операциялары бойынша биржа және банкаралық нарықтағы сыйақы мөлшерлемесін Ұлттық Банк туралы заңның 29-бабына сәйкес Ұлттық Банк белгілейді.

36. Ұлттық Банк Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын және орналастыруды аукцион арқылы жүзеге асырады.

37. KASE биржа терминалында бағалы қағаздармен мәмілелер жасау үшін «сut-off time» сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарына сәйкес белгіленеді.

Банкаралық нарықта – Астана қаласы уақыты бойынша сағат 16.00 деп белгіленеді. Қарсы әріптестің банкаралық нарықта бағалы қағаздармен мәмілелер бойынша есеп айырысуды орындауы үшін «сut off time – Астана қаласы уақыты бойынша сағат 17.30 деп белгіленеді.




7. Туынды қаржы құралдарымен мәмілелер
38. Ұлттық Банк туынды қаржы құралдарымен мәмілелерді жүзеге асырады.

39. Туынды қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша «сut off time» Астана уақыты бойынша сағат 16.00 деп белгіленеді. Қарсы әріптестің туынды қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша есеп айырысуларды орындауы үшін «сut off time» Астана уақыты бойынша сағат 17.30 деп белгіленеді.


8. Қарыздар беру
40. Ұлттық Банк қарсы әріптестерге Ұлттық Банк туралы заңға сәйкес қарыздардың мынадай түрлерін ұсынады:

1) қайта қаржыландыру қарыздары;

2) арнайы мақсаттағы қарыздар;

3) соңғы инстанцияның қарыз берушісі ретінде берілетін қарыздар.




9. Тазартылған бағалы металдармен мәмілелер
41.Тазартылған бағалы металдармен мәмілелер деп тазартылған бағалы металдармен депозиттік операцияларды, локо своп және сапа свопын қоса алғанда, тазартылған бағалы металдарға меншік құқығының және басқа да құқықтардың өтуіне байланысты мәмілелер түсініледі.

42. Валюталау күні 180 (бір жүз сексен) күннен асатын тазартылған бағалы металдармен мәмілелерге «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес валюталық реттеу режимдері қолданылады.



43. Активтерді бағалы металдармен толықтыру үшін тазартылған алтынды сатып алуға дисконттың мөлшерін Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7955 тіркелген «Бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін тазартылған алтынды сатып алуға мемлекеттің басым құқығын іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 241 қаулысына сәйкес Ұлттық Банк белгілейді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет