ҚММУ Ф 4/3-04/03
2007ж. 14 маусымдағы №6 НХ.
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті
Бала жасындағы стоматология және хирургиялық стоматология кафедрасы
ДӘРІС
Тақырып: «Балалар стоматологиясы пәні, міндеттері»
PSDVO4304 Балалар жасындағы стоматология және ортодонтия пропедевтикасы пәні
5В130200 «Cтоматология» мамандығы
4 курс
1 сағат уақыты (ұзақтығы)
Қарағанды 2015
Кафедра отырысында бекітілген
«__»________ 2015ж. №__ хаттамасы
Кафедра меңгерушісі,доцент
_________ С.Т.Тулеутаева
ТАҚЫРЫБЫ: Балалар стоматологиясы пәні, міндеттері
МАҚСАТЫ: студенттерді Қазақстандағы балалар стоматологиялық қызметінің құрылысы және міндеттерімен таныстыру
ДӘРІС ЖОСПАРЫ:
-
Балалар стоматологиясы пәні, міндеттері. Қазақстандағы балалар стоматологиясының даму сатысы және балалар жасындағы стоматологиясына қосқан ғалымдар үлесі.
-
Қазақстан Республикасындағы балалар стоматологиялық қызметінің құрылысы
Балалар стоматологиясы пәні, міндеттері. Қазақстандағы балалар стоматологиясының даму сатысы және балалар жасындағы стоматологиясына қосқан ғалымдар үлесі.
Балалар стоматологиясы - күрделі және көпсалалы мамандық. Оған балалар терапиялық стоматологиясы, жақ-бет аймағы хирургиясының барлық түрлері, нәрестелер мен жас сәбилердің күрделі хирургиясы, ортодонтия және протездеу, сондай-ақ стоматологиялық аурулардың алдын алу кіреді.
Балалар жасындағы стоматология – стоматологияның ең жас тарауы және ғылым ретінде бірден пайда болған жоқ. Оның дамуына және жетілуіне Рессейдегі стоматология білімінің жинағы, біздің еліміздің білікті дәрігерлірлерінің, сондай-ақ ежелгі елдердің дәрігерлерінің мұраларды оқып қарауы себеп болды. Гиппократ (б.э. дейін 460-372 ж) белгілі афоризмдер туралы кітабында тіс жарып шығу клиникасын жазды: ол тіс жарып шығу кезеңінде қызыл иек маңайында қишыну, іш өту, қалтырау болатыннын, әсіресе іші қатып қалуға бейім балаларда болатынын атап өтті.
А.А. Максимович-Амбодик «Босандыру (бала) өнері немесе әйелдер ісі туралы ғылым» деген өзінің еңбегінде балалар стомтаологиясы сұрақтарын жазды, оның ішінде ауыз қуысы гигиенасынан көптеген пайдалы ақпараттар, тістер аурулары мен ауыз қуысы шырышты қабығы ауруларының суреттемесі. Н.Тимофеев балалардағы қоян жырықты емдеудегі хирургиялық емдер тәсілдерін жетілдірді.
Орыстың хирург-травматологы И.Ф. Буш 1807 жылы «Хирургиядан сабақ берудің басшылығын» шығарды, онда тістердің дұрыс жарып шықпауының себептерін, ауытқулар түрлерін, оларды кетіру әдістерін жазған.
1829 жылы А.М. Соболевпен шығарылған «Дентистика немесе балалар гигиенасымен қосымша тіс емдеу өнері» кітабы шығарылған – ол тіс дәрігерлігі бойынша орыс тіліндегі алғашқы еңбектердің бірі болып табылды. Орыс дәрігер-педиатр Н.П. Гундобин (1860-1908) «Балалар жасындағы жалпы және жеке терапия» басшылығындағы балалардағы тіс жарып шығуға, стоматологиялық ауруларға және гигиенаға, сондай-ақ осы аурулардың алдын-алуына назар аударды.
Хирург, ғалым, педагог, хирургиялық анатомияның негізін қалаушы Н.И. Пирогов (1810-1881) балалар бетінде пластикалық операцияларды, оның ішінде хейлопластиканы жүргізді.
Орыс дәрігер-стоматологы – М.М. Чемоданов (1856-1908), тістерді емдеу сұрақтарының жұмыстарының бір қатарының авторы, ғылыми стоматологияның дамуына қатысты, Москваның одонтологиялық қоғымың ұйымдастырды.
Ресейдегі балалар тіс дәрігерлігінің негізін қалаушы деп бірінші орыс стомтаология профессоры А.К. Лимбергты (1856-1906) санауға болады. А.К. Лимберг «Тіс дәрігерлерінің қызметі тістерді пломбалау және жұлу, жасанды тістер салумен шектелмеуі тиіс. Алдын-алу мен диетика қажет» екендігін көрсетті. Тіс дәрігерлерінің, дантисттердің 1 бүкілресейлік съезінде 1896 жылы А.К. Лимберг басшылығымен комиссия оқушылардың ауыз қуысын сауықтыру негізі қаланған балаларға тіс дәрігерлік көмегін ұйымдастырудың жобасын жасады.
20—30 жылдары Н.И.Агапов балалардың ауыз қуысын жоспарлы сауықтырудың жаңа әдістерін ғылыми негіздеді. Балалар стоматологиямының түрлі сұрақтары А.И.Евдокимов, Е.Е.Платонов еңбектерінде көрсетілді. Балалар стоматологиясы сұрақтарын тәжірибеге ендіруге И.О.Новик және Т.Т. Шкалярдың еңбегі сіңді. Ортодонтияның ғылыми-тәжірибелік негіздерін нығайтуға және дамуына Е.Н.Бынин, А.И.Бетельман, Д.А-Калвелис, Л.В.Ильина-Маркосян көп жігер жұмсады. Балалар хирургиялық стоматологиясының дамуына А.А.Лимберг, Ф.М.Хитров, А. А. Колесов, М.М.Соловьев, Ю.И.Вернадскийлардың еңбегі зор.
Алдын алу бағдарламасының кеңінен дамуына А.И.Пахомов, И.В.Леус, И.М.Мельниченко, Т.Ф.Виноградова үлес қосты.
Қазақстан Республикасында балалар жасындағы стоматологияның дамуына үлкен үлес қосқан ҚазҰМУ-нің балалар жасындағы стоматология кафедрасының меңгерушісі, ҚР-нің бас балалар стоматологы, профессор Супиев Т.К. Бұл кісінің басшылығымен негізгі ғылыми бағыттар жүргізіледі:
-
Әр жас кезеңдерінде одонтогенді қабынған арулардың клиникасы мен емдеуін меңгеру
-
Балалардың тістерін емдеу кезіндегі психофизиологиялық ерекшеліктер меңгерілді
-
Бет және жақ сүйектерінің туа біткен даму ақауларының эпидемиологиясы және комплексті реабилитациялаудың сатылы жүйесі енгізілді
-
Қан тамырлы туындылардың клиникалық ағымы мен емдеуінің ерекшеліктері меңгерілді
Балалар жасындағы стоматологияның дамуына айрықша үлес қосқан профессорлар: А.Ж. Есім, А.К. Қабылбеков, К.З. Шалабаев, М.А.Алдашева.
Қазақстан Республикасындағы балалар стоматологиялық қызметінің құрылысы
Қазақстан Республикасының 04.07.2003ж. "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Заңына сәйкес алдын алу көмегін енгізу келесі ұйымдастырылған деңгейде көрсетіледі:
-
дәрігералды (ФП, ФАП);
-
бірінші реттік стоматологиялық көмек деңгейінде (ЖДА, ұйымдастырылған балалар ұжымдарындағы стоматологиялық бөлмелер);
-
мамандандырылған стоматологиялық көмек деңгейінде;
-
жоғарыжетілдірілген стоматологиялық көмек деңгейінде;
Дәрігералды деңгейі алдын алу бағытында жүреді. Алдын алу шаралары ата-аналар, тәрбиешілер және мұғалімдердің көмегі арқылы орташа медициналық қызметкерлердің көмегімен жүзеге асырылады.
Елімізде балаларға қазіргі заманғы стоматологиялық көмек жоспарлы және бастамалы сипатты, яғни балалар мен ата-аналардың тілегіне қарай және қажеттілігіне қарай стомтаологиялық көмек алу мүмкіншілігімен қатар емханаларда педиатрлік бөлікте, мектеп жасына дейінгі ұжымдарда, мектептерде балалардың жоспарлы қараулары, аурулар емдері және жоспарлы алдын-алу шараларының жинақтары жүргізіледі. Балаларға стоматологиялық көмектің ұйымдастыруында негізгі бөлімі осы көмектің ұйымдастырылуы бойынша өз бетінше емхана орталық болып табылады.
Балалар стоматологиялық емханалары емдеу, алдын-алу жұмыстарын, арнайы қызметтерді (ортодонтиялық, физиотерапиялық, рентгенологиялық бөлімдер, ауыз қуысы шырышты қабығы аурулары мен пародонт ауруларын емдеу кабинеттері) қамтамасыз етулері тиіс.
Емханалардағы амбулаторлы стоматологиялық көмектермен күрделі патологиямен стационарда да көмек көрсетіледі. Көппрофилді ауруханада бөлек стомтаологиялық бөлім ашу бет-жақ аймағының әр түрлі патологиясымен стационарлық көмек көрсетуді балаларға ұйымдастыруының қолайлы варианты болып табылады.
Есепті құжаттарды жүргізу дәрігерлер арасындағы түсінік, есеп үшін маңызды болып табылады. Балалар стоматологиялық емханасында келесі құжаттар түрі бар: стоматологиялық науқастың ауру тарихының пішіні № 043-у, диспансерлік бақылау картасы № 030, дәрігер-стомтаологтың жұмысын тіркеу ақпараты № 039, дәрігер-стоматологтың күнделікті есеп парағы № 037. Құжаттарды дұрыс, анық жүргізу дәрігер-стомтаологтың әсіресе нарықтық экономика қиын күрделі жағдайда жұмыстың сапалы көрсеткіші болып табылады.
Дәрігер-стомтаологтың еңбегі есебінің жүйесі – ЕШБ (УЕТ) – еңбегінің шартты бірлігі. Балалар дәрігер-стоматологының еңбегі ЕШБ бойынша бағаланады, балалар стоматологиясының жұмысын ұйымдастыруының негізгі ұстанымы жоспарлы сауықьыру жұмысын жүргізу екенін есепке алу керек. Дәрігер-стоматолог жұмысы бағасының негізіне участікте сауықтыру, диспансеризация және алдын-алу көмегімен балаларды максимальды қамтудың жоспарлы жұмысын орындау қаланған.
Стоматологиялық қызметінің құрылымы әр түрлі. Тұрғындарға барынша кабинеттер (мектепте, аудандық стоматологиялық емханада) жақын ашылған. Бұл бөлімшелер алдын-алу жұмыстарына көзделуі тиіс. Тұрақты контингенттің болуы және бағдарламаны жүзеге асыруды сатылығы алдын-алу жұмысының жоғары тиімділігін қамтамасыз етеді. Мұндай қабинеттерде кейінге қалдырмайтын және бірінші терапиялық көмекті көрсетуге болады, асқынбаған тістер жегісін емдеуді жүргізіп, ауыз қуысын сауықтыруға болады.
Көмек көрсетудің екінші деңгейіне балалар стоматологиялық емхана мен бөлім жатады. Бұл бөлімдердің есебі арнайыланған көмек көрсету болып табылады. Яғни осында мектеп жасына дейінгі балаларға емдеу-алдын-алу жұмыстары жүргізіледі. Осында ерте жастағы балаларды (0-3 жас) диспансеризациялаумен айналысатын қызметті бөлуге болады. Бұл жаста жүргізілетін алдын-алу жұмысының жоғары тиімділігін, қазіргі кездегі тістер ақауының санының күрт өсуін және тіс-жақ ауытқуларының ерте қалыптасуын ескеріп, мұндай қызметтің бөлінуі орынды. Бұл деңгейде хирургиялық кабинет бөлінген, онда уақытша тістерді жұлудан басқа амбулаториялық хирургиялық операциялар жүргізіледі. Арнайы көмектің деңгейі тұрақты тістердің асқынған жегісін эндодонтиялық емдеу мен тістердің эстетикалық қалпына келтіруімен сипатталады.
Бірінші және екінші деңгейлер саны басым балаларға алдын-алу және емдеу көмегін қамтамасыз етеді. Қызметің үшінші деңгейі – ол облыстың, қаланың балалар стоматологиялық емханалар, жоғары оқу орындарының емханалары, арнайы кеңес беру – нақтамалау орталықтары жататын емдеу – кеңес беру мекемелері жатады. Бұл мекемелер жоғарымаманды арнайы көмек көрсетеді.
Үш деңгейлі қызмет алдын-алу және емдеу балалар стоматологиясының есептеріне толық сәйкес келеді және әр түрлі мекемелер арасында жұмысты ажырата отырып күштері мен қаражаттарды қолайлы және үнемді бөледі.
Иллюстративті материалдар:
-
Презентация
ӘДЕБИЕТТЕР:
-
Базикян Э.А. Пропедевтическая стоматология: учебник. – М., 2008. – 768 с.
-
Супиев Т.К., Зыкеева С.К. Лекции по стоматологии детского возраста (учебное
пособие).- Алматы, 2009.- 615 с.
-
Персин Л.С. и др. Стоматология детского возраста. - М.: Медицина, 2006. – 640 с.
-
Образцов Ю.Л., С.Н. Ларионов. Пропедевтическая ортодонтия: учебное пособие. –
СПб.: СпецЛит, 2010. – 254 с.
-
ж. Проблемы стоматологии 2004-2009гг.
-
ж. Стоматология 2004-2009гг.
Бақылау сұрақтары (кері байланысы)
-
Балалар стоматологиясының міндеттері
-
Балалар стоматологиясын қалаушылар
-
Қазақстанның жетекші ғалым-стоматологтары
-
Стоматологиялық көмек көрсету деңгейі
-
Дәрігер-стоматологтың есеп беру-есепке алу құжаттары
Достарыңызбен бөлісу: |