2008 жылдың қаңтар-тамызындағы
Қазақстан Республикасындағы инфляция деңгейі
Статистика агенттігінің деректері бойынша 2008 жылдың қаңтар-тамызында инфляция деңгейі 2007 жылдың желтоқсанына қарағанда 7,5%-ды құрады, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңінен 1,2%-ға (6,3%) жоғары.
ТБИ (тұтыну бағалар индексі) құрылымында ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз қорытындысы бойынша баға өсімінің көш басында 2007 жылғы желтоқсанда 8,7%-ға өскен азық-түлік тауарлары қалып отыр (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,6%). Азық-түлік емес тауарлар 5,8% (4,9%) бағасында өсті. 2008 жылдың қаңтар-тамызында ақылы қызметтерге баға 7,5%-ды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңінен (5,7%) 1,8%-ға жоғары.
2008 жылдың қаңтар-тамызындағы инфляция деңгейі өткен жылдың желтоқсанына қарағанда және тұтыну бағалары индексін құрайтын бағаның өсуі пайызбен
Ағымдағы жылдың қаңтар-шілде айларында азық-түлік тауарларындағы нан және ұн-жарма өнімдері - 16,2%-ға, ұн - 15,6%-ға, макарон өнімдері – 16%-ға бағаға едәуір өсуі байқалды. Күріштің 69,6%-ға өсуін ерекше атап өтуге болады, ол бір айда 3,4%-ға көтерілді. Ет және ет өнімдері – 7,6%-ға, балық және теңіз өнімдері – 4,1%-ға, сүт және сүт өнімдері - 5,8%-ға, жемістер - 6,6%-ға, көкіністер – 13,6%-ға, қант, кондитерлік өнімдер – 8,5%-ға, шай – 5,7%-ға өсуі байқалған.
Азық-түлік емес тауарлары тобында едәуір деңгейде өскен киімдер – 4,4%-ға, жуатын-тазалайтын құралдары – 11,6%-ға, қатты отын – 5,5%-ға. Сегіз ай ішінде бензин - 17,2%-ға, дизелдік отын – 43,2%-ға көтерілген.
Ақылы қызметтер құрамында тұрғын үйлерді күтіп ұстау – 11,4%-ға, тұрғын үйді жалға беру - 4,9%-ға, қоқыс жинау – 25,9%-ға, пошта қызметі -23,1%-ға бағасы едәуір деңгейде өскен. Мединциналық қызмет көрсету – 12%-ға, көлік қызметтері – 15,1%-ға, қонақ үйлер және мейрамханалар қызметтері – 17,5%-ға қымбаттаған. 2007 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда телефон және факсимильдік байланыс қызметтері (0,7%-ға) төмендеген.
2008 жылғы қаңтар-тамызында инфляция деңгейіне едәуір үлес азық-түлік тауарларының қымбаттауы болды. ТБИ (тұтыну бағалар индексі) өсімінде азық-түлік тауарларының үлес салмағы 47,6%-ды құрады, олардың ішінде нан және жарма өнімдері -17,7%-ға, ет және ет өнімдері – 10,9%-ға, жеміс-жидек және көкөніс 6,5%-ға қымбаттады.
Инфляция өсімінде азық-түлік емес тауарларға бағаның 24,6%-ға өсуі қамтамасыз етті, олардың ішінде бензин– 5,2%-ға, сырт киім -4,8%-ға қымбаттады.
Ақылы қызметтердің 27,8%-ға қымбаттады, тұрғын-үй қызметтерінің бағасы 11,1%-ға едәуір деңгейде өскен.
2008 жылғы тамыздағы жекелеген тауарлар мен қызметтерге
баға өсімінің инфляциясына үлесі пайызбен
|
өсу
қарқыны
|
бағаның өсуіне үлес
|
ТБИ-дің
өсіміне үлес салмақ
|
Барлық тауарлар мен қызмет көрсетулер
|
7,52
|
7,516
|
100,0
|
Азық-түлік тауарлары
|
8,73
|
3,581
|
47,6
|
Нан және ұн-жарма өнімдері
|
16,18
|
1,333
|
17,7
|
Ет және ет өнімдері
|
7,64
|
0,816
|
10,9
|
Сүт өнімдері
|
5,8
|
0,186
|
2,5
|
Жемістер мен көкіністер
|
11,16
|
0,488
|
6,5
|
Азық-түлік емес тауарлары
|
5,77
|
1,843
|
24,6
|
Сырт киім
|
4,57
|
0,364
|
4,8
|
Аяқ-киім
|
3,81
|
0,138
|
1,8
|
Жуатын құралдары
|
11,62
|
0,133
|
1,8
|
Бензин
|
17,2
|
0,391
|
5,2
|
Жеке гигиена тауарлары
|
6,62
|
0,114
|
1,5
|
Ақылы қызметтер
|
7,54
|
2,092
|
27,8
|
Тұрғын-үй қызметтері, су, электрқуаты, газ және отынның басқада түрлері
|
4,9
|
0,846
|
11,1
|
Тұрғын үйді күтіп ұстау
|
11,42
|
0,114
|
1,5
|
Тұрғын үйді жалға беру
|
4,93
|
0,048
|
0,6
|
Қатты отын
|
5,46
|
0,037
|
0,4
|
2008 жылдың тамызындағы инфляция өткен айға қарағанда 0,8%-ды құрады. Азық-түлік тауарлары бағалары өткен ай деңгейінде сақталып қалды, азық-түлік емес тауарлары 0,7%-ға, ақылы қызметтер 2,2%-ға ұлғайды.
Ағымдағы жылдың тамызында инфляция деңгейі өткен айға қарағанда 100,8% деңгейінде қалыптасты.
2007-2008 жылдардағы инфляция деңгейі өткен айға қарағанда %
2007 жыл 2008 жыл
2008 жылдың қаңтар-тамызындағы инфляция деңгейінің орташажылдық көрсеткіші өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 2007 жылғы қаңтар- тамызындағы 8,2%-бен салыстырғанда 19,4%-ды құрады.
2007-2008 жылдардағы инфляция деңгейі
өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда %
2007 жыл 2008жыл
Өңірлік бөлігінде 2008 жылдың қаңтар-тамызында 2007 жылдың желтоқсанына қарағанда инфляцияның едәуір деңгейі көтерілген орташа республикалық көрсеткіші Павлодар (7,8%), Шығыс Қазақстан (8,6%), Батыс Қазақстан (7,7%), Ақмола (7,1%), Солтүстік Қазақстан (7,4%) облыстары мен Астана (7,9%) және Алматы (7,5%) қалаларында қалыптасты.
2007 жылдың желтоқсанына қарағанда
2008 жылдың қаңтар-шілдесіндегі өңірлер бөлігінде инфляция деңгейі
-------- орташареспубликалық деңгей 7,5%
Достарыңызбен бөлісу: |