2004 жылдың қаңтар-тамызындағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары
Экономиканың нақты секторы. 2004 жылдың қаңтар-тамызында өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 2276,6 млрд. теңгені құрады, бұл 2003 жылғы қаңтар-тамыздағыдан 9,8% артық. Өндіріс көлемі 2003 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда кен өндіру өнеркәсібінде – 12,8%, өңдеу өнеркәсібінде – 7,8%, электр энергиясын, газ бен су өндіруде және бөлуде – 4,4% өсті.
2004 жылдың қаңтар-тамызында ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі ағымдағы бағамен 303,0 млрд. теңгені құрап, 2003 жылдың қаңтар-тамызымен салыстырғанда 16,0%-ға өсті.
2004 жылдың қаңтар-тамызында жүк тасымалдаудың жалпы көлемі (коммерциялық тасымалдаумен шұғылданатын көліктік емес ұйымдар мен кәсіпкерлер тасымалдаған жүк көлемінің бағасын есепке алғанда) 1153,9 млн. тоннаны құрап, 2003 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 9,2%-ға өсті.
Есепті кезеңде бөлшек сауда тауар айналымының көлемі (қоғамдық тамақтандыру айналымынсыз) 689,6 млрд. теңгені құрап, 2003 жылдың қаңтар-тамызымен салыстырғанда 9,5% артты.
2004 жылдың қаңтар-тамызында негізгі капиталға инвестициялардың көлемі 772,6 млрд. теңгені құрады, бұл 2003 жылғы қаңтар-тамызындағыдан 11,5% көп.
2004 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша республикада 202319 шаруашылық жүргізуші субъектілер (заңды тұлғалар) тіркелді, олардың 150898 жұмыс істеп тұр, соның ішінде жұмыспен қамтылғандардың саны 50 адамға дейінгі кәсіпорындар - 139241. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың ішінде шағын кәсіпорындар – 110772 құрайды, олардан шағын бизнес кәсіпорындары - 98715.
Сыртқы сауда. 2004 жылдың қаңтар-шілдесінде Қазақстанның сыртқы сауда айналымы (Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің деректері бойынша ұйымдаспаған сауданы есепке алмағанда) 16916,2 млн. АҚШ долларын құрап, 2003 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 48%-ға өсті, соның ішінде экспорт – 10141,3 млн. АҚШ доллары (42%-ға өсті), импорт – 6774,9 млн. АҚШ доллары (57%-ға өсті).
Баға. 2004 жылдың тамызында тұтыну бағасының индексі 2003 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 103,0% құрады. Азық-түлік тауарларының бағалары мен тарифтері – 3,2%-ға, азық-түлік емес тауарлардың бағалары мен тарифтері – 3,3%-ға, ақылы қызметтердің бағалары мен тарифтері – 2,3%-ға өсті. 2004 жылдың тамызында өнеркәсіп өнімін өндіруші-кәсіпорындар бағасы 2003 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда – 18,6%-ға өсті.
Қаржы. 2004 жылдың 1 тамызында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жедел деректері бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бюджетіне түсімдер көлемі 731,5 млрд. теңгені құрады, бұл 2003 жылғы 1 тамыздағыдан 20,7% артық, шығыстар мен кредит беру – 712,2 млрд. теңге (21% артық).
Есеп берген кәсіпорындар мен ұйымдардың деректері бойынша 2004 жылдың шілдесінде салық салғанға дейінгі кәдуілгі қызметтен алынған қаржылық нәтиже табыс есебінде 100,8 млрд. теңге сомасында анықталды, бұл 2003 жылғы шілдедегіден 21,7% артық. Пайдалылық деңгейі – 30% құрады. Есеп берген кәсіпорындардың жалпы санынан залалды кәсіпорындардың үлесі 34,7% құрады.
2004 жылдың 1 тамызында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша екінші деңгейдегі банктердің экономика салаларына салған кредиттік салымдары 1233,1 млрд теңгені құрады. Олардың көбеюінде тұрақты серпін байқалады. Кредиттік салымдардың жалпы көлемінде ұзақ мерзімді кредиттер үлесі 66,2%, шетел валютасындағы кредиттердің үлесі 53,7% құрады. 2004 жылдың 1 тамызында банк жүйесіндегі депозиттер көлемі 914,3 млрд. теңгені құрады, бұл 2003 жылдың 1 тамызына қарағанда 30,0% көп, соның ішінде халық депозиттері (салымдары) тиісінше 388,3 млрд. теңге болды, бұл 2003 жылдың 1 тамызына қарағанда 32,7% көп.
Еңбек рыногі және еңбекке ақы төлеу. 2004 жылдың тамызында сараптамалық бағалау бойынша жұмыссыздар саны 622,8 мың адамды құрады, жұмыссыздық деңгейі экономикалық тұрғыдан белсенді халық санына шаққанда 7,9% құрады, соның ішінде жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелген азаматтар саны тамыздың соңында 135,5 мың адамды құрады, олардың экономикалық тұрғыдан белсенді халық санындағы үлесі 1,7%.
2004 жылдың шілдесінде қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 28640 теңгені құрап, 2003 жылдың шілдесімен салыстырғанда 21,9%-ға өсті. Нақты жалақы 13,8%-ға өсті.
Халық табысы. 2004 жылдың шілдесінде, бағалау бойынша, халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы 13174 теңгені құрап, 2003 жылдың шілдесімен салыстырғанда – 20,3%-ға, ал нақты ақшалай табысы – 12,3%-ға өсті.
Достарыңызбен бөлісу: |