2008 жылғы 1 тамызға арналған облыс бюджетінің атқарылуы туралы



Дата22.02.2016
өлшемі66.16 Kb.
#1643


2008 жылғы 1 тамызға арналған облыс бюджетінің атқарылуы туралы

2008 жылдың 1 тамызында облыс бюджетіне 68247,9 млн. теңге болжаммен 68566,9 млн. теңге, соның ішінде республикалық бюджеттен 43807,9 млн. теңге сомасында субвенция, мақсатты трансферттер мен қарыздар түсті.


Меншік кірістер 100,1%-ға орындалды. Аягөз, Бородулиха, Глубокое, жарма, Шемонаиха аудандары мен Өскемен, Семей қалалары бойынша кірістер жоспары орындалмады. Әлеуметтік салық (98%), су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем (85,3%), орманды пайдаланғаны үшін төлем (52,3%) мен жер учаскелерін сатудан түскен түсімдерді (40,5%) бойынша болжам орындалған жоқ. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жеке табысы салығы, жеке және заңды тұлғаларға мүлікке салынатын салықтың, жер салығы, қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдердің артуынан облыс бюджетінің түсімдері 257,9 млн. теңгеге азайды.

Облыстық бюджеттің 2008 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша меншік кірістерінің 10201,4 млн. теңге болжамы 10877 млн. теңгеге немесе 106,6%-ға орындалды.



Республикалық бюджеттен алынған мақсатты трансферттер, субенциялар мен қарыздарды ескере отырып, барлық деңгейдегі бюджеттерінде бекітілген бағдарламаларды іске асыруға 68738,9 млн. теңге жұмсалды.

Ағымдағы қаржы жылына облыс бюджетінің жалпы көлемінен айтарлықтай үлесі ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға 80,4%-дан келетін іске асыруға 55320,5 млн. теңгесі бағытталды.

Облыстың білім беруге 22114,8 млн. теңге немесе 97,5% жұмсалды, соның ішінде:

- мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету және қолдау көрсетуге – 805,2 млн. теңге;

- облыстың қалалары мен аудандарындағы жалпы білім беруге – 13872,8 млн. теңге, соның ішінде мектеп, гимназиялар, лицейлер, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру профильді мектептер, мектептер-балбақшаларға – 13140,1 млн. теңге, мектеп-интернаттар – 138,5 млн. теңге, кешкі мектептер - 53,1 млн. теңге;

- техникалық және кәсіптік білім беруге – 1844,0 млн. теңге, соның ішінде кәсіптік лицейлердегі мамандарды дайындауға – 1038,2 млн. теңге, колледждерге – 770,9 млн. теңге.

Ағымдағы жылдың 7 айында білім беру мекемелері үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін сатып алу және жеткізіп беруге 159,4 млн. теңге, білім беру жүйесін ақпараттандыруға 150,7 млн. теңге бағытталған.

Жетімдерді, ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды әлеуметтiк қамсыздандыруға (балалар үйлер, баспаналар, отбасы үлгісіндегі  балалар ауылдары, патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) ұстау) 429,3 теңге жұмсалды, ол 98,1%-ды құрады.

Облыстың денсаулық сақтаудың бюджеттік бағдарламларын іске асыруға өткен кезеңде 15338,2 млн. теңге жұмсалды: стационарлық медициналық көмек және шұғыл медициналық көмек көрсету, қан және оның құрамындағыларды өндіру, аналар мен балаларды қорғауға, салауатты өмір салты.

2008 жылы жекелеген санаттағы қажет ететін азаматтарға жәрдемақылар төлеу жүзеге асырылуда: тұрғын үй көмегі – 116,5 млн. теңге, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегі – 292,9 млн. теңге, 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар – 341,6 млн. теңге көмек көрсетілді, соның ішінде жергілікті бюджет қаражаттары есебінен – 285,8 млн. теңге.

Жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша игеру 99,2% немесе 238,7 млн. теңгені құрайды.

Есеп беру кезеңінде білім объектілерін дамыту бойынша республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен Тарбағатай ауданы Үштөбе, Бесқарағай ауданы Беген, Үржар ауданы Қаракөл, Көкпекті ауданы Көкпекті ауылдарындағы және Семей қаласындағы мектептер құрылысы жалғастырылды. Өскемен қаласындағы, Семей қаласы, Холодный ключ кентіндегі, Үржар ауданы Благодарное аулындағы, Жарма ауданы Үшбиік ауылындағы мемлекеттік тілде оқытылатын мектеп, Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылындағы балабақша құрылыстары бойынша жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеуге кірісті, жалпы оған 2139,0 млн. теңге жұмсалды.

Облыстық қаражаттар есебінен Тарбағатай ауданы Шорға, Ұлан ауданы Бестерек және Митрофановка, Катонқарағай ауданы Жаңа Үлгі, Күршім ауданы Аманат ауылдарындағы бұрын басталған мектеп құрылысы және Зырян ауданы Серебрянск қаласындағы «Психикалық дамулары кешеуілдеулі жетім балалар үшін орталау түзету мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесінің құрылысы аяқталмаған асхана ғимаратын қайта жаңғырту жалғастырылды. Күршім ауданы Теректі-бұлақ ауылындағы орта мектеп құрылысы, сонымен қатар Бородулиха ауданының Бородулиха және Жерновка ауылдары, Зайсан қаласы, Зырян ауданы Серебрянск қаласы, Аягөз ауданы Ақши ауылындағы жаңа мектептердің құрылысына арналған ЖСҚ әзірлеу және де «Нижние Таинты» демалыс базасын Ұлан ауданы Тайынты ауылындағы балалар лагері етіп қайта жаңарту жұмыстары басталды. Облыстық бюджеттің бұл мақсаттарға көзделген шығыстарының жалпы көлемі 560,0 млн. теңгені құрады.

Ағымдағы жылдың 7 айында республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен денсаулық сақтау объектілерін дамытуға 672,9 млн. теңге жұмсалды, олар Көкпекті ауданы Көкпекті ауылындағы орталық аудандық аурухана және ШҚО Өскемен қаласының онкологиялық диспансеріндегі сәулелі терапия орталығының құрылыстарын жалғастыруға бағытталды. Катонқарағай ауданы Катонқарағай ауылындағы орталық аудандық аурухана, Өскемен қаласындағы облыстық қан орталығы құрылыстары мен Семей қаласындағы облыстық онкологиялық диспансерінің радиологиялық орталығы құрылысының жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеу бойынша жұмыстары жүргізілуде.

Облыстық бюджет қаражаттарының есебінен Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылындағы аудандық және Ақжар ауылындағы туберкулезбен ауыратындарға арналған аурухананың құрылысы аяқталып келеді, сонымен қатар Зырян ауданы Первороссийское ауылындағы ауылдық дәрігерлік амбулаторияның құрылысына арналған ЖСҚ әзірленуде. Шығысталған облыстық бюджет қаражаттарының жалпы сомасы 97,7 млн. теңгені құрайды.

Ішкі істер органдарының базасын нығайту үшін облыстық жол полициясы басқармасының ғимараттарының құрылысы мен қайта жаңғырту жалғастырылды, оған 84,5 млн. теңге жұмсалды.

Елді мекендердің сумен қамту жүйесін дамытуға ағымдағы жылдың 7 айында республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен 730,7 млн. теңге жұмсалды. Жарма ауданы Георгиевка, Бородулиха ауданы Бородулиха, Аягөз ауданының Бидайық, Қосағаш, Мәдениет ауылдарындағы және Үржар ауданы Үржар, Көктерек, Южное және Тас-Арық ауылдарындағы сумен жабдықтау желілерін қайта жаңғырту жұмыстары жалғастырылды.

Тұрғын үй құрылысын дамыту арналған мемлекеттік бағдарламасын одан әрі іске асыру мақсатында Өскемен қаласындағы инженерлік-коммуникациялық желілердің құрылыс жұмыстары жалғастырылды, игеру сомасы 448,3 млн. теңгені құрады, Семей және Зайсан қалаларындағы коммуналдық тұрғын үйдің құрылысы, Риддер қаласындағы бұрынғы жатақхана ғимаратын тұрғын үй етіп қайта жаңарту жұмыстары басталды. Игерілген қаражаттар сомасы 215,8 млн. теңгені құрады.

Есепті кезеңде республикалық бюджеттен берілетін мақсатты трансферттер есебінен Риддер қаласының айналма жолының құрылысын жалғастыруға 442,7 млн. теңге жұмсалды. 155,5 млн. теңгеге «Дмитриевка-Вавилонка-Шемонаиха», «Көкпекті-Самар», «Шемонаиха-Секисовка» автожолдарын күрделі жөндеу, сондай-ақ «Семей-Қарауыл» автожолын күрделі жөндеуге арналған ЖСҚ әзірлеу жалғастырылуда, «Семей-Курчатов», «Большенарым-Күршім», Семей-Долонь-Бесқарағай», «Өскемен-Тарғын-Самар» автожолдарын күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары басталды, бұл іс-шараларға 668,1 млн. теңге бағытталып отыр.

Ағымдағы жылы дене шынықтыру және спорт объектілерін дамыту бойынша облыстық бюджет есебінен Өскемен қаласындағы «Восток» стадионының қайта жаңғырту және Семей қаласының спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысы бойынша жұмыстар жалғастырылып жатыр, жұмсалған қаражаттардың жалпы көлемі 378,4 млн. теңгені құрады.


Ағымдағы жылдың 7 айында ағымдағы табиғатты қорғау іс-шараларын өткізуге 72,5 млн. теңге бағытталды, оның есебінен Өскемен қаласының атмосфералық ауаның ластану жағдайына бақылау жасауды қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілді. Сонымен қатар Өскемен, Семей және Риддер қалаларында «Таза қалаға – жасыл көшелер» атты экологиялық акция, Өскемен қаласы тұрғын аумағыныдағы радиоактивті ластау ошақтарын егжей-тегжейлі зерттеу, Шығыс Қазақстан облысының жабайы аңдары мен құстарына табиғи тамақтандыру базасын құру және жер ресурстарын қорғау бойынша іс-шаралар жүргізілді.

2008 жылға республикалық бюджеттен дамытуға 21 394,8 млн. теңге сомасында ағымдағы нысаналы және нысаналы трансферттер қарастырылған, оның ішінде ағымдағы нысаналы трансферттер – 7 179,5 млн. теңге, дамытуға арналған трансферттер – 14 215,3 млн. теңге, сонымен қатар тұрғын үй құрылысына арналған қарыздар – 1 123,0 млн. теңге қарастырылған. 7 айда нақты республикалық бағдарламалардың әкімшілерінен 9 419,8 млн. теңге түсті, есепті кезеңде оның 8307,3 млн. теңгесі немесе 88,2%-ы игерілді.

Жалпы облыс бойынша ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша игеру 92,8%, игерілмей қалған қаражат сомасы 269,3 млн.теңге; дамытуға арналған нысаналы трансферттер 85,1%-ды, қалдық 843,2 млн.теңгені құрады. Сумен қамтамасыз ету жүйесін дамытуға 730,7 млн. теңге, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегі мен ай сайынғы 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар төлеуге – 131,4 млн. теңге, көлік инфрақұрылымын дамытуға – 442,7 млн. теңге, білім беру объектілерінің құрылысы мен қайта жаңғыртуға – 2 139,0 млн. теңге, денсаулық сақтау объектілерінің құрылысы мен қайта жаңғыртуға – 672,9 млн. теңге, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға – 448,3 млн. теңге, ауыл шаруашылығы дамытуға – 1 023,1 млн. теңге, мемлекеттік қызметкерлерді компьютерлік сауаттылыққа оқытуға – 11,9 млн. теңге жұмсалды.

орынд. С.М. Слободянюк

Маткаримова К.Б.

Рылская Н.И.

Пахомова Г.В.

Манеева Л.А.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет