Возможности ппп solidWorks



бет1/9
Дата03.01.2022
өлшемі1.21 Mb.
#451869
түріДиссертация
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
5. Презентация Жанатай Н.Т.

Мамандығы 7М07204 «МЕТАЛЛУРГИЯ»

ДИССЕРТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ:

  • ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫ-ТЕРМИЯЛЫҚ ТАЛДАУДЫҢ КӨМЕГІМЕН РЕКСИЛ ЖОҒАРЫ РЕАКЦИЯЛЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРГІШІН ЗЕРТТЕУ
  • Магистрант тобы. МетМ-19-1 Жанатай Нұрлан Төкенұлы

    Ғылыми жетекші: PhD докторы Достаева А.М.

    2021


Жұмыстың өзектілігі

Марганец кенінің сапасының нашарлау үрдісі болашақта Қазақстанның ферроқорытпа зауыттарын марганец шикізатымен қамтамасыз ету мәселесін күрт көтереді. Қазақстан Республикасында марганецті шикізаттың үлкен қорлары бар, бірақ олар көбінесе стандартты марганец ферроқорытпаларын өндіруге жарамайды, өйткені кендер негізінен ферромарганецтің құрамында жоғары темірі бар әр түрімен көрсетілген. КСРО құлаған уақыттан кейін Қазақстан Республикасының марганец өндіретін шикізат және өндіріс базалары аз дамыған: құрамында марганецтің төмен пайызымен сипатталатын (орташа есеппен 20-30% Mn) марганец кен орындары бар; марганец кендерін байытатын өндіріс орындары жоқтың қасы; төмен және ортакөміртекті ферромарганец өндірісі жоқ, жоғары көміртекті ферромарганец өндірісі керекті көлемнің кіші бөлігін қамтамсыз етеді; құрамында марганеці бар ферроқорытпалар өндірісінің технологиялары марганецтің қорытпаға түсуінің 70-75 % төмен дәрежесімен, марганецті жалпылай бөліп алу 50-60 % (өндірісте жоғары көміртекті ферромарганецті кенді қалпына келтіру немесе домен пештерінде) және пайдаланылатын кендер мен концентраттарға жоғары сұраныстармен (Mn құрамы 42 %-дан артық болуы керек) сипатталады.

Өте өзекті мәселе болып жаңа, капиталды аз қажет ететін құрамында марганеці бар ферроқорытпалар өндірісінің технологиясы, марганецті қорытпаға көп мөлшерде бөліп алу дәрежесіне байланысты, Қазақстандағы марганец кендерінен байытусыз ферромарганец алуға мүмкіндік береді.

Қорытындылай келе, ферромарганецті өндірудегі технологияларда қалпына келтіру агенті ретінде коксты емес, қалпына келтіру үрдістерін қарқындату мақсатында, құрамында ұшпалы заттары жоғары рексилді пайдалану перспективалы болып табылады. Осыған байланысты марганец оксидтерінің қалпына келу процестеріне, көмірсутекті қосылыстардың диссоциациялануының әсерінен көміртектің тасымалдануын әсерін егжей-тегжейлі зерттеу қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет