Алматы селолық округі әкімі М.Қыдыбековтың “2008 жылы округтың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2009 жылға арналған перспективалары” атты селолық округ тұрғындары алдындағы есептік баяндамасынан
Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа Жолдауы “Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты” біздің қоғамның кезекті ілгері дамуының белгісі екенін көрсетті.
Жолдауда Президент қоғамды қол жеткізген жетістіктермен хабардар еткізіп, ел алдына қойылған негізгі стратегиялық жоспарларды айқындады.
Елбасының 6 сәуір 2005 жылғы “Жергілікті атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кезде-сулерін өткізу туралы” Жарлығына сәйкес екінші жыл селолық округ әкімдері халық алдында есепті кездесуле-рін өткізеді.
Округ әкімінің аппараты өзінің ұйымдық-саяси жұмыстарын, алға қойылған міндеттерді негізге ала отырып жүргізеді.
Денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және халықты әлеуметтік қорғау салаларында айтарлықтай жетістіктер болды, әлеуметтік бағдарламалар орындалды. 2008 жылғы жоспарлар орындалды, 2009 жылға жаңа міндеттер қойылды.
Округ көлемінде ауылшаруашылық өндіріспен ірі агроқұрамалар айналысады. Иеліктерінде жаңа техникалар мен технология, жеткілікті қаржы-лық қорлары бар. Егін шаруашылығының ұтымды құрылымы жасалды, дәнді дақылдардың сапалы тұқымдары ғана егіледі.
2009 жылы дәнді дақылдар 12700 га егістік алқапқа егіледі, жемазық дақылдары – 280 гектар егістік алқапқа егіледі. Машина-трактор паркін жақсартумен негізінен ірі агроқұрамалар айналысуда.
Мал шаруашылығымен жеке үй шаруашылықтары айналысады. Олардың иелігінде 1668 бас ірі қара, соның ішінде 660 сиыр, 2000 қой-ешкі, 645 жылқы, 4100 құс бар. Қара малдың саны 112 басқа, жылқының саны – 32 басқа, қой-ешкінің саны – 149 басқа ұлғайды. Мал шаруашылығының өр-кендеуіне барлық мүмкіндіктер бар, яғни 938 га жер шабындық, 4356 га жер жайылым, су көздері 60-тан астам тракторлар, шөп машиналары, тіркемелер бар. Мал басын асылдан-дыру бағытында округте 2 елді мекен-де қара малды ұрықтандыру, жаңа құралдармен жабдықталған пункттері бар.
2008 жылы 168 бас сиыр асыл тұқымды ірі қара малдың тұқымымен қолдан ұрықтандырылды, 2009 жылы бұл жұмысты 270 басқа жеткізу көзделген .
Жеке шаруашылықтарда ауыл-шаруашылық өнімдерін сатып алуға жағдай жасалынады. 2008 жылы 212 тонна сүт, 74 тонна ет өнімдері, 340 дана тері өнімдері сатып алынды. Петропавл қаласында өткізілген жәр-менкелерде 1 млн. 700 мың теңгенің өнімдері өткізілді.
“СҚО ауылшарушылыққа қаржылық қор көмегі” АҚ-ы филиалы арқылы жеке және қосалқы шаруашылықты дамыту үшін 1,7 млн. тенге шағын несиені 8 отбасы алды. Мал шаруашылығымен айналысу негізгі табыс көзі, өзін-өзі қамту болып табылады. Осы мақсат үшін округ бойынша 570 тонна шөп, 300 тонна сабан, 260 тонна жемазық қоры дайындалды.
Селолық округ бюджетінің қалыптасуы жергілікті салық жинау жұмысы 100% орындалды, мүлік салығы – 79264 теңгені, жер салығы – 79137 теңге, көлік салығы – 262392 тенгені құрады.
Селолық округте 1 орта, 2 негізгі мектептер жұмыс істейді. Мектептерде телефон орнатылған, Интернет желісіне қосылған. 2008 жылы Өрнек орта мектебінің жылу жүйесі жөнделді, ауылшаруашылық құрылымдары есебінен 85000 тенге қаржылай көмек көрсетілді.
Жаз айларында сауықтыру алаңдарында балалар демалады, “Родник” сауықтыру лагерінде 8 бала демалып келді. Оқу-тәрбие жұмысында Е.Зікібаев атындағы Өрнек орта мектебінің ұжымы айтулы нәтижелерге қол жеткізіп келеді. Бірыңғай ұлттық тестілеудің қорытындысы 78 баллды құрайды. Асылжан Қыдыбекова “Алтын белгі” таңбасы иегері атанды. Барлық мектептерде оқушыларға ыстық ас дайындалады. Өрнек орта мектебінде “Жас дәурен” ұлттық аспаптар оркестрі жұмыс істейді.
Жоғары білімді ұстаз-музыкант Зәмзагүл Талапкерқызы Рәхімова шығармашылық тәлім-тәрбиесінің, ізденісінің жемісі. Оқушылары “Әнші”, “Термеші”, “Жыршы” номинациялары бой-ынша аудандық, облыстық байқаулардың жеңімпаздары атанды.
Көп жылғы білім саласындағы еңбе-гі, жетістіктері үшін Өрнек орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Қуаныш Жаманшалұлы Қыдыбеков білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес Кұрмет грамотасымен марапатталды. Мектеп негізгі мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қалижан Алпысбайұлы Тәшкенов Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Елбасы Жарлығына сәйкес Президенттің Құрмет грамотасымен марапатталды.
3 селолық кітапхана халыққа қызмет көрсетеді, кітап қоры 9200 данадан асады. Кітапхана қызметкерлері мемлекеттік мерекелерді, әр түрлі мәдени шараларды өткізуде әрқашан белсен-ділік танытады.
Денсаулық сақтау орындары маманданған кадрлармен қамтамасыз етілген, телефон байланыстары орнатылған. Өрнек ауылындағы фельдшерлік пункті күрделі жөндеуден, Мек-теп, Жарғайын ауылдарындағы фельдшерлік пункттер ағымдағы жөн-деуден өткізілген, жаңа медициналық құрал-жабдықтар әкелінуде. Кезекті кесте бойынша елді мекендерде аудандық және Ильинка отбасылық-дәрігерлік амбулаториясының дәрі-герлері халыққа қызмет көрсетеді. “Жасыл ел” бағдарламасы бойынша 440 түп ағаш отырғызылды.
Өмір сүру деңгейі төмен және әлеу-меттік жағынан аз қамтылған халыққа көмек беру негізгі көрсеткіші болып табылады. Жыл басынан бері 53 жұмыс орны ашылды, соның ішінде ауыл шаруашылығында – 6 адам, жеке кәсіпкерлікте – 4 адам, жұмыс берушілердің тапсырысы бойынша – 15 адам, басқа салаларда – 10 адам.
Мемлекет тарапынан шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында үлкен іс-шаралар атқарылуда: салық мөлшерінің азаюы, несие қорларына қол жеткізудің жеңілдетілген түрлері, тексеріс түрлерінің азаюмен шектелуі. Округ көлемінде 5 дүкен халыққа қызмет көрсетеді, 2 микроавтобус жолау-шылар тасымалдаумен айналысады, ветеринарлық врач-лицензиат, 2 ша-руа қожалығы, 1 фермер қожалығы, 1 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмыс істейді. Негізгі азық-түлік бағаларын 15 пайыздан артық өсірмеу туралы келісім жасалды. Есіл ауданы-ның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы Жарғайың ауылында дүкен ашу үшін 100 мың тенге шағын несие алынды. 2009 жылы жаңа дүкен үйі салынып, шағын автобус халыққа қызмет көрсетеді.
2008 жылы 5 тұрғын үй күрделі жөн-деуден өтті, жалпы көлемі – 350 шаршы метр. Елді мекендерінің халқы ауыз суды 2 ұңғымалы скважина және 2 шахталық құдықтан алады. 2009 жылы халықты таза ауыз сумен қам-тамасыз ету бағдарламасы бойынша аудандық бюджеттен магистралдық су жүйесін қалпына келтіру үшін Өрнек ауылына 35 млн. тенге, Жарғайын ауылына – 17 млн. тенге қаржы бөлінді. Автомобиль жолдары 2008 жылы Ильинка-Мектеп бағытындағы жолға 500 тонна құм төселді.
Байланыс жүйесі 50 нөмірлі АТС істейді, 6 радиотелефон, ұялы байланыс істейді. 2008 жылдың желтоқсан айында жаңадан Мектеп ауылында – 30 телефон байланысы, Жарғайын ауылында 15 телефон байланысы орнатылып, халықтың үлкен ризашылығын туғызды. Бұл жұмыс одан әрі жалғасады. Байланыс сапасы жақсы .
Өмір сүру деңгейі төмен және әлеу-меттік жағынан аз қамтылған халыққа көмек беру негізгі көрсеткіші болып табылады. Жыл басынан бері 53 жұмыс орны ашылды, соның ішінде ауыл шаруашылығында 6 адам, жеке кәсіпкерлікте – 4 адам, жұмыс беру-шілердің тапсырысы бойынша – 15 адам, басқа салаларда – 10 адам. Жаңа жұмыс орындарына – 16 адам, уақытша жұмыс орындарына 2 адам орналастырылды. Жұмыссыздық деңгейі 0,2% құрайды. 2008 жылы 9 отбасы 543958 теңге мөлшерінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алды, 75 отбасы 18 жасқа дейінгі балалары үшін 2 млн. 12137 теңгенің мемлекеттік жәрдемақысын алды. 2008 жылы 4 жұмыссыз адам өздерінің кәсіптік біліктілігін арттыру үшін қайта даярлау курстарында болды. Астана қаласына авиатурмен “Алтын алқа” иегері, көп балалы ана Барқыт Жолдыбаева жіберілді. 2008 жылы біздің мемлекетіміз үшін берекелі айтулы оқиғаларға толы болды. Біз өз жұмысымызды халықтың әл-ауқатын арттыру, ауылдарымыздың көркеюі бағытында жалғастырамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |