ІРІ ҚАРА МАЛДЫ ҚОЛДАН ҰРЫҚТАНДЫРУ БОЙЫНША ҰРЫҚТАНДЫРУШЫ-ТЕХНИКТЕРГЕ АРНАЛҒАН ОҚУ ҚҰРАЛЫ
Астана 2011
УДК 636.2
ББК 46.0
I – 84
I – 84 Ірі қара малды қолдан ұрықтандыру бойынша ұрықтандырушы-техниктерге арналған оқу құралы: Құрастырушылар: Исабеков Қ.И., Мальчевский А.Ю., Сағынбаев А.Қ. Қазақ тіліне аударған: Тұрғанбекова Б.Қ. – Астана, 2011 ж. – 32 бет.
ISBN 978-601-7344-35-1
Ірі қара малды қолдан ұрықтандыру бойынша оқу құралында сиырлар мен қашаларды қолдан ұрықтандырудың ең рационалды және үдемелі дамып келе жатырған әдіс ретінде ректоцервикалды әдіске, сондай-ақ жыныстық күйітті үйлестірудің (синхронизация) әр түрлі жүйелеріне түсінік беріледі.
Бұл оқу құралы фермерлерге, әр түрлі меншіктегі шаруашылықтардың басшылары мен мамандарына, ауыл шаруашылық малдарын ұдайы өсіру саласында біліктілікті жоғарлату курстарының тындармандарына, сондай-ақ жалпы қызығушылық танытқан оқырманға арналған.
УДК 636.2
ББК 46.0
I – 84
ISBN 978-601-7344-35-1
МАЗМҰНЫ
|
КІРІСПЕ
|
3
|
1.
|
Сиырлардың жыныстық жүйесінің анатомиясы
|
4
|
2.
|
Сиырлардың жыныстық циклдары
|
7
|
3.
|
Күйіті келген сиырларды және ұрықтандыру уақытын анықтау
|
8
|
4.
|
Қолдан ұрықтандыруға қажетті құрал-саймандар
|
13
|
5.
|
Ұрықтың тіршілікке бейімділігіне әсер ететін факторлар
|
14
|
6.
|
Пайеттерді еріту және катетерге еңгізу тәртібі
|
15
|
7.
|
Еріткеннен кейін ұрықтын сапасын бағалау
|
17
|
8.
|
Сиырды ұрықтандыру процесі
|
18
|
9.
|
Сиырларды ұрықтандыру процесі кезінде жіберілетін негізгі қателіктер
|
21
|
10.
|
Ұрықтандырушы-техниктің құқығы мен міндеттері
|
23
|
11.
|
Қолдан ұрықтандыру бекеттеріндегі ветеринарлық-санитарлық ережелер
|
24
|
12.
|
Етті ірі қара мал шаруашылығында қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру
12.1
|
Жыныстық күйітке жағдай жасау (стимуляция) және жыныстық күйітті үйлестіру (синхронизация)
|
|
25
|
13.
|
Қолдан ұрықтандыру бекетінде есеп жүргізу және есеп беру
|
27
|
14.
|
Дьюар ыдысымен және сұйық азотпен жұмыс істеу кезінде сақталатын қауіпсіздік техникасы
|
28
|
|
Қосымша
|
30
|
КІРІСПЕ
Мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің жоғарлауы ауыл шаруашылық малдарының ұдайы өсуін ұйымдастыру деңгейіне тікелей байланысты.
Қолдан ұрықтандыру ірі көлемді селекцияның ұйымдастырушылық-техникалық негізі ретінде, өнімділігі жоғары өндіруші аталықтарды кең көлемде пайдалану есебінен, өнімділік көрсеткіштері төмен малдардың сапасын жақсарту қарқынын жеделдетуге мүмкіндік туғызады.
Қазіргі таңда етті ірі қара мал шаруашылығының асыл тұқымдық базасын құру мақсатында, шет елдерден етті бағыттағы тұқымдардың өнімділіктері жоғары малдарын біздің елімізге алып келіп, репродукторлық шаруашылықтар құру бойынша инвестициондық жобалар іске қосылуда.
Еліміздің мамандарының алдына үлкен талап қойылды – ол, осы шет елдерден алып келінген малдардың генетикалық потенциалын сақтап қалу және оны одан әрі дамытып жақсарту.
Ірі қара мал шаруашылығында малдарды селекциялау жұмысы өндіруші бұқалар арқылы жүргізіледі, себебі малдарды асылдандыру шаруашылықтарында өндіруші бұқалардың сапасын бағалап, қатаң сұрыптаудан өткізеді. Малдардың жалпы генетикалық көрсеткіштерін жақсарту кезінде өндіруші бұқаның қосатын үлесі 80-90% ды құрайды деп санайды, себебі бұқалардан, сиырларға қарағанда анағұрлым жоғары ұрпақ алынады.
Осы себептерге байланысты, ірі қара мал шаруашылығын үдемелі дамытудың негізгі элементі болып – сиырлар мен қашарларды қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру болып саналады.
Ірі қара мал шаруашылығында сиырлар мен қашарларды қолдан ұрықтандырудың тиімді аспектілері болып саналады:
-
Сиырлар мен қашарларды қолдан ұрықтандыру кезінде өнімділіктері жоғары, өте құнды өндіруші бұқалардың ұрықтарын неғұрлым кең көлемде пайдалануға мүмкіндік туады, осыған байланысты сиырлардың асыл тұқымдық және өнімділік көрсеткіштерін өте тиімді және аз уақыт аралығында жақсартып алуға болады: сиырлар мен қашарларды қолдан ұрықтандыру арқылы селекциялық жұмыстын қарқының, басқа әдістермен салыстырғанда 2-3 есеге жоғарлатуға болады;
-
Қолдан ұрықтандыру, белгілі бір мал табынының генетикалық көрсеткіштерін есепке ала отырып, соған сай келетін өндіруші бұқаны таңдап алуға үлкен мүмкіндіктер туғызады;
-
Қолдан ұрықтандыру әдісі, малдарды ерікті қашыру кезінде таралатын жыныс жолдарының жұқпалы ауруларынын алдын алады;
-
Экономикалық жағынан да қолдан ұрықтандыру әдісі өте тиімді болып саналады, себебі бұл әдіс бұқаларды күтіп бағуға жұмсалатын шығындардың көлемін бірнеше есеге дейін төмендетеді;
-
Қолдан ұрықтандыруды пайдалану, табындағы малдарды алғашқы зоотехникалық есепке алу және асыл тұқымдық есеп жүргізу жұмыстарын айтарлықтай жеңілдетеді.
Осы себептерге байланысты, Қазақстан Республикасында, болашақта ірі қара малдың асыл тұқымдық және өнімділік сапаларын жақсарту бағыттары бойынша іске асырылатын, етті ірі қара мал шаруашылығын дамыту тақырыбындағы селекциялық стратегия
-
ол сиырлар мен қашарларды қолдан ұрықтандыру арқылы, өндіруші бұқаларды неғұрлым кеңірек пайдалануға бағытталуы қажет.
Бірақ, бұл жұмысты ойдағыдай жүзеге асыруға бірнеше кедергілер бар, ол: сиырлар мен қашарларды қолдан ұрықтандыратын білікті мамандардың аздығы және қолдан ұрықтандыру бекеттерінде, малдарды қолдан ұрықтандыруға қажетті құрал-жабдықтардың, құрал-саймандардың жетіспеуі.
Сондықтан, осы оқу құралында, малдарды қолдан ұрықтандыру әдісін пайдаланған кезінде осы жұмыстың тиімділігін айтарлықтай жоғарлататын, негізгі ұйымдастыру-техникалық және технологиялық шараларға түсініктемелер берілген.
1. СИЫРЛАРДЫҢ ЖЫНЫСТЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ АНАТОМИЯСЫ
Қолдан ұрықтандырудың жемісті өтуі ауылшаруашылық малдарының жыныс жүйесінің анатомиясы мен физиологиясын жетік түсініп білуге байланысты. Сиырды ұрықтандырмастан бұрын аналық малдың жыныстық органдарының анатомиялық бөліктерін және олардың орналасқан жерлерін жақсы білген жөн (сурет 1).
Аналық малдың жыныстық жүйесі сыртқы және ішкі жыныстық органдар болып екіге бөлінеді.
Сыртқы жыныс органдарына жататыны: жыныс еріндері, клитор, қынаптын кіреберіс бөлігі.
Ішкі жыныс органдарына жататыны: қынап, жатыр,жұмыртқа жолдары және аналық без.
Ішкі жыныс органдары тоқ ішек бөлімінің астында орналасады.
Репродуктивті жолдардың астында қуық орналасады. Ол қуықтың каналы арқылы қынаптың төменгі қабырғасымен байланысады.
Жыныс еріндері – репродуктивтік (жыныстық) жүйеге сырттан кіретін жол болып табылып, келесідей қызметтерді атқарады: зәр өту жолы, ұрықтандыру жолы және төлдеу каналының бөлігі. Малдың күйіті келгенде жыныс еріндері ісініп, ылғалданып, қызарғаны байқалады.
Қынап – қуықтан жатыр мойнына дейін ұзына бойы шамамен 20 см-дей орын алады. Жамбас қуысында орналасқан қынап төлдеу кезінде төлдеу каналының бір бөлігі болып қызмет атқарады.
Жатыр 3 бөлімнен тұрады: жатырдың мойыны, жатырдың денесі және жатырдың мүйіздері. Жас малдардың жатыры жамбас қуысында орналасса, сақа малдардың жатыры құрсақ қуысына қарай түсінкі орналасады.
Жатырдың мойыны – қынап пен жатырды байланыстыратын, тығыз дәнекер ұлпа мен бұлшық еттен тұратын, ұзындығы 8-12 см қалың бүйірлі орган. Жатыр мойыны 3-4 сақинадан немесе қатпардан тұрады.
Жатыр мойынының негізгі міндеті – жатырды сыртқы ортадан қорғау.
Жұмысын енді бастап жүрген ұрықтандырушы-техниктер үшін катетермен жатыр мойынында және оның қыртыстарында жұмыс істей білу негізгі қиындық туғызатын жағдай болып саналады.
Жатырдың мойыны жатырдың денесіне ашылады.
Жатырдың денесі – 2-4 см ұзындықты жатыр денесі жатыр мойыны мен жатыр мүйіздерін біріктіруші болып саналады. Жатырдың денесі қолдан ұрықтандыру кезінде ұрықтын таралатын орыны болып саналады.
Жатырдын денесі бөлініп, ары қарай жатырдың екі мүйізіне ұласады.
Жатырдың мүйіздері – ұзындығы 20-30 см жатыр мүйіздері қабатталған бұлшық еттен және көптеген қан тамырларынан тұрады.
Жатырдың басты міндеті – ұрықтандыруға және төлдің дұрыс дамуына қажетті ортамен қамтамасыз ету болып саналады. Жатырдың жиырылуы ұрықтын қозғалысына көмектеседі. Сиыр ұрықтанғаннан соң жатырдың бұлшық еттері окситоцин гормонының әсерімен ұрықты жұмыртқа жолдарына қарай бағыттап ырғақпен, бір қалыпты жиырылады.
Сурет 1 – Сиырдың жыныс органдары
1 – аналық без; 2 – сары денешік; 3 – жұмыртқа жолының қуысы (воронка); 4 – жұмыртқа жолы; 5 – жатырдың денесі; 6 – жатырдың денесі; 7 – жатырдың мойыны; 8 – қынаптың қуысы; 9 – аналық бездің қосымшасының созылмалы каналы; 10 – уретраның сыртқы саңылауы; 11 – клитор; 12 – жыныс еріндері; 13 – қынаптың кіреберісі.
Жұмыртқа жолдары – үш айқын байқалатын бөліктерден, атап айтқанда, истмус, ампулалар мен воронкалардан тұратын, қатты иреленген каналдар.
Жатырға жақын бөлік – истмус деп аталады. Жатыр мен истмустың арасындағы бірігу жатырлық-түтіктік бірігу деп аталады. Ол толық жетілмеген шәуіттерді сүзгіден өткізетін фильтр болып саналады, ал истмустың өзі жақсы жетілген шәуіттердің жиналатын орны болып табылады.
Жұмыртқа жолдарының аналық безге жақын орналасқан үстіңгі бөлігі ампула деп аталады. Ампуланың ішкі диаметрі истмустың ішкі диаметрінен үлкенірек болып келеді, ол аналық клетканың өтуін жеңілдетеді. Жұмыртқа жолдарының осы бөлігінде толық жетілген аналық клетка шәуітшемен қосылады, яғни ұрықтану.
Жұмыртқа жолының шеті аналық безді қоршайтын орнында кеңейіп, жұмыртқа жолының воронкасы деп аталады, ол аналық клетканың малдың денесіне түсіп кетуден сақтайды. Оның түкке ұқсайтын құрылымы аналық жасушаға және оны қоршаған жасушаларға жұмыртқа жолдары бойынша қозғалуға көмектеседі.
Аналық бездер – диаметрі 2-5 см, сиырдың жыныстық жүйесінің негізгі органы болып саналады.
Аналық бездері жыныстық бездің рөлін атқарады. Онда жыныс жасушалары пайда болып, дамып, жетіледі. Сондай-ақ олар жынстық циклдың әр түрлі сатысында жыныстық гормондарды, яғни эстроген мен прогестеронды өңдіріп шығарады.
Жыныстық циклдың әр түрлі сатыларында, тік ішек арқылы қолмен басып көргенде аналық бездердің үстінен екі түрлі өсінділерді анықтауға болады:
Фолликулалар – аналық бездің бетінде орналасқан, дамып келе жатырған аналық жасушалардан тұратын, іші сұйықтыққа толы көпіршікті зат.
Әдетте, тік ішек арқылы қолмен ұстап қарағанда әр аналық бездің бетінен пішіндері әр түрлі көптеген фолликулаларды ұстап байқауға болады (сәл ғана байқалатын, диаметрлері 18-20 мм-ге дейінгілерден бастап).
Осы фолликулалардың ішіндегі ең үлкені, сиыр күйге келгенде овуляцияға қажеттісі деп саналады. Уақыт өте келе фолликулдардың 95%-ы кішірейіп, овуляциясыз жоғалып кетіп, олардың орны өсіп келе жатырған фолликулалардың жаңа ұрпақтарымен толықтырылады
Сары денешік – алғашқы жыныстық цикл кезінде овуляция болған орын. Сары денешіктің басы аналық бездің үстінде орналасып, тік ішек арқылы тексергенде анық байқалады. Сондай-ақ, сары денешікте іші сұйықтыққа толы, жіңішке, бірақ тығыз қабырғалы қуыс болады. Аналық бездің бұл бөлігінің түсі айқын, сары түстен, қызғылт сары түске дейін.
2. СИЫРЛАРДЫҢ ЖЫНЫСТЫҚ ЦИКЛДАРЫ
Жыныстық цикл –күйлеудің бір стадиясынан келесі стадиясына дейінгі аралықта аналық малдың барлық ағзасында және жыныс органдарында болатын физиологиялық және морфологиялық өзгерістер.
Аналық малдардың жыныстық циклы орташа 18-23 тәулік сайын қайталанып тұрады.
Сиырлар мен қашарларды ұрықтандырудың тиімді уақытын таңдау үшін міндетті түрде жыныстық циклдың стадияларын – шырыштын ағуын (течка), жалпы қозуын,жыныстық күйітін және овуляцияны ескеру қажет.
Шырыштын ағуы – қынап кіреберісі мен жатыр мойыны қабықтарының ісініп қызаруымен сипатталады. Жатыр мойынының қуысы ашылып, жыныс органдарынан шырыш ағады. Күйіті енді ғана басталғанда шырыш мөп-мөлдір, ортасында ол созылмалы болады, ал күйіттін соңында шырыш қоюланып, түсі бұлдырланады. Шырыштың ағуы 2-6 тәулікке созылады
Жалпы қозу – шырыштың ағуы басталғаннан кейін 24-36 сағаттан соң басталады. Жалпы қозу кезінде малдың мінез-құлқы өзгеріп, мазасызданады, тәбеті төмендеп, сауылатын сүттің көлемі төмендейді, сиырлар немесе қашарлар басқа аналықтарға секіреді, өзіне де басқа малдарды секіртуге бой береді.
Жыныстық күйіт – сиырлардың ұрықтануға дайын екендігін сипаттайды. Сиырлар тынышталып, өзіне басқа сиырлар мен қашарлар секіргенде қозғалмай тыныш тұрады. Көп жағдайда сиырлардың жыныстық күйіті танертен басталып, 12-18 сағатқа созылады.
Овуляция – аналық жасушаның фолликуладан шығуы. Ол күйге келу аяқталғаннан кейін 10-15 сағаттан соң немесе күйіттін басталғанынан 24-30 сағат өткеннен кейін байқалады.
3. КҮЙІТІ КЕЛГЕН СИЫРЛАРДЫ ЖӘНЕ ҰРЫҚТАНДЫРУ УАҚЫТЫН АНЫҚТАУ
Сиырлар әдетте 21-ші күні (18-23 ауытқумен) күйге келеді. Күйіті келген сиырларды тәулігіне үш рет, 30 минут аралығында қарап, таңдайды: таңертен және түскі уақытта – сиырлар серуендеп немесе жайылымда жүргенде, кешкі уақытта – сиырларды сауып жатырғанда немесе азықтандыру, суару жұмыстарын жүргізіп жатырғанда анықтау қажет, себебі осы уақыттарда ғана күйіті келген сиырлардың 80-90%-ын анықтап алуға болады.
Тәулік уақытының ерекшеліктеріне байланысты күйіті келген сиырлардың белсенділігі әр түрлі болады.
Күйіті келген сиырлардың ең жақсы белсенділігі кешке, түнде және таңертен байқалады, яғни бұл уақытта күйіті келген сиырлар мен қашарлардың 60-70% белсенділік байқатады, ал қалған 30-40%-ы белсенділігін түстен кейін байқатады.
Сиырлардың ұрықтануға дайындығының тұрақты белгісі ретінде және сиырларды ұрықтандыруға ең тиімді уақыты ретінде «қозғалмай тұру» рефлексі саналады. Бұл рефлекс байқалғанда сиырлар мен қашарлар оларға басқа малдар секіргенде тыныш, қозғалыссыз тұрады.
Ұрықтандыру уақытын төмендегідей әдістермен анықтайды:
- көзбен қарап – малдың мінез-құлқының өзгеруіне, сыртқы жыныс органдарының өзгерістеріне қарап (ісінуі, қызаруы);
- вагиналды – стерильденген қынап айнасының көмегімен қынаппен жатыр мойның қарап, осы органдардың күйі бойынша (ісіну, қызару, шырыштың бөлінуі т.б.) қорытынды жасайды;
- тік ішек арқылы қолмен ұстап көру (ректалды) – фолликулалардың дамуы бойынша. Алдымен оң жақ аналық безді, содан соң сол жақ аналық безді қолмен ұстап тексереді. Егер олардың үстінде фолликул байқалса (көлемі 1,5-2,0 см көпіршік пішінді) және ол фолликулаларды абайлап қолмен басқанда фолликула былқылдаса (фолликуланың толығымен дамығандығын білдіреді), онда ол овуляцияға 6-12 сағат қалғандығын білдіреді. Бұл малдарды ұрықтандыру мерзімі (кесте 1).
Кесте 1 – Күйіті келген сиырларды анықтау және сиырларды ұрықтандырудың ең тиімді уақытын таңдау
№ р/р
|
Малдардың жыныстық мінез құлқының сыртқы белгілері
|
Қынаптан бөлінетін сұйықтық
|
Көзбен қарап зерттеудің нәтижелері
|
Тік ішек арқылы зерттеудің нәтижелері
|
Қорытынды
|
қынаптың кілегей қабығы
|
жатыр мойыны
|
аналық бездер
|
Жжтыр
|
жатыр мойыны
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
Норма
|
1
|
Қозу, басқа малдарға секіру белгілері байқалады
|
Шырышты сұйықтық көп бөлінеді, жыныс еріндерінен созылмалы сұйықтық бөлінеді немесе аздап шырыштанған
|
Қызарған, жылтыр, тегіс, сәл ісінген, шырышталған
|
Жатыр мойынының каналы ашық, одан шырыш бөлінеді, шырыштың түсі ашық қызыл, тегіс боялған
|
Аналық бездің біреуінде консистенциясы тығыз дамып келе жатырған фолликула бар (0=0,5-0,8 см)
|
Көлемі бойынша қалыпты, жамбас қуысында жиырылған
|
Пішіні қалыпты
|
Күйіттін басталуы, 10-12 сағаттан соң ұрықтандыру қажет
|
2
|
Қозғалмай тұру рефлексі байқалады және түк жамылғысы ылғалды
|
Мөлдір немесе аздап бұлыңғыр, жабысқақ, созылмалы
|
Гипере-мия, сәл ісінген, жақсы шырышталған
|
Канал ашық, жатыр мойынында сәл көпірген шырыш болады. Жатыр мойынынан консистенциясы тауық жұмыртқасының ақуызындай шырыш бөлінеді
|
Аналық бездің біреуіндебеті тегіс фолликула (0=1,0-2,0 см) байқалады
|
Қалыпты, тонусты, жиырылғанда қалың
|
қалыпты
|
Толығыиен күйлеу, ұрықтандыру қажет
|
3
|
Қозғалмай тұру рефлексі байқалмайды, құйымшағындағы түгі қажалған
|
Түсі қызғылт қанды шырыш (метрор-
рагии)
|
Жақсы шырышталған, қынаптың түбінде қанды шырыш болады
|
Канал ашық, жатыр мойынынан қанды сұйықтық ағады
|
Аналық бездің біреуінде қабырғалары қалың фолликула (0=1,0-2,0 см, сұйықтық күлбіреген
|
Жатырдың пішіні қалыпты, жұмсақ, әлсіз жиырылады
|
қалыпты
|
Күйіт аяқталды, бірақ овуляция кідірген, шұғыл ұрықтандыру қажет
|
4
|
Қозғалмай тұру рефлексі байқалмайды, сиырлар күйіті келген сиырлардың жанында жүреді
|
Шырышты сұйықтық қалыпты күйіттегідей
|
Гиперемия сәл ғана байқалады, ісінген, шырышталған
|
Жатыр мойынынын каналы ашық, шырыштың түйіршіктері жатыр мойынында
|
Аналық безде толық дамыған фолликула
|
Жатырдың пішіні қалыпты, жұмсақ, тонусыәлсіз
|
Қалыпты
|
«күйіктін тыныш келуі», ұрықтандыру қажет
|
Ауытқулар
|
5
|
Қозғалмай тұру рефлексі байқалмайды
|
Метро-ррагиилер немесе бөлінетін шырышты сұйықтықтар әлсіз
|
қызғылт-көк, шырышталған, қанды сұйықтық
|
Жатыр мойынының каналы жабық
|
Аналық бездер тығыз, кішірейген, фоликуланын орнында шұқыр сезіледі
|
Жатыр қалыпты, жұмсақ, тонусы әлсіз
|
қалыпты
|
Овуляция өтіп кетті, ұрықтандыруға кеш
|
6
|
Жыныстық қозу, қозғалмай тұру рефлексі
|
Аздап шырышты сұйықтықтын бөлінуі байқалады
|
боз-қызғылт, аздап шырышталған
|
Жатыр мойынының каналы тығыз жабық, айналасында аздап қоңыр түсті шырыш болады
|
Аналық безде сары денешік
|
Жатыр үлкейген. Буаздық 3-4 ай
|
Сәл тығыз
|
буаз. «жалған күйіт», ұрықтандыруға болмайды
|
7
|
Қозғалмай тұру рефлексі және күйіті келудің тағыда басқа айқын белгілері
|
Мөлдір, жабысқақ шырышты сұйықтық көп көлемде ағады
|
Гиперемия, ісінген, жақсы шырышталған
|
Жатыр мойыны үлкейген, каналы ашық, одан шырышты сұйықтық бөлінеді
|
Аналық безде фолликула дамуда
|
Жатыр үлкейген, ісінге. Жатырдың бір мүйізіекіншісінен 1,5-2 есе үлкен
|
Қалыпты немесе үлкейген
|
Күйлеу, бірақ жатырдың инволю-циясы әлі аяқталмаған, ұрықтандыруға болмайды
|
8
|
Қозғалмай тұру рефлексі және күйіті келудің тағыда басқа айқын белгілері
|
Кілегей қабығы сұйық, әр түрлі қосындылармен
(сәл байқалатын сары, қызыл түсті және ірінді
дақтармен)
|
Боз-қызғылт немесе қызыл қоңыр-көк түсті, түбінде ірінді шырышты сұйықтық болуы мүмкін
|
Жатыр мойынының каналы ашық
|
Аналық бездерде толығымен дамығанфолликула, сәл байқалатын сары денешік болуы мүмкін
|
Жатыр ісінген, босан, мүйіздерінің пішіні мен қалыңдығы бірдей, барлық ұзындығы бойынша үлкейген, атония сезіледі, кейде тығыздалған
|
Қалыпты немесеүлкейген, тығыз
|
Күйлеу, хроникалық эндо-метрит, (цервицитпен бірге болуы мүмкін). Ұрықтандыруға болмайды.
|
9
|
Қозғалмай тұру рефлексі және малдың күйіті келудің айқын белгілері байқалады
|
Кілегей қабығы бұлыңғыр, әр түрлі қоспалармен
|
Реңсіз, күнгірт, қынаптын түбінің кілегей қабығы қызыл түсті, болбыр
|
Үлкейген, ісінген, қанталаған, каналы ашық
|
Піскен фолликула
|
Жатыр пішіні мен тонусы бойынша қалыпты
|
Ісінген, тығыздалған, көлемі үлкейген, дөрек немесе зақымданған, канал байқалмайды
|
Күйлеу, бірақ церви-цит. Ұрықтандыруға болмайды, емдеу қажет, жатыр мойыныканалы өсіп кеткенде малды бракқа шығару қажет
|
10
|
Қозғалмай тұру рефлексі және күйіті келудің тағыда басқа айқын белгілері
|
Мөлдір немесе бұлыңғыр, жабысқақ, кейде қоспалармен
|
Ісінген, жақсы шырышталған
|
Каналы ашық, шырышты сұйықтық бөлінеді, кейде қоспалармен
|
Аналық безде фолликул дамуда, жұмыртқа жолдарының екеуі де немесе біреуі жіп тәрізді сезіледі
|
Жатыр қалыпты, бірақ үлкейген және тонусты, кейде болбыр қабыну белгілерімен
|
Пішіні мен консистенциясы бойынша қалыпты
|
күйлеу, сальпин-гит. Егер сальпин-гит жұмыртқа жолдарында болса қарсысында фол-ликул болады, жатыр қалыпты, ұрықтандыруға болады. Жұмыртқа жолының екі жағында болса брак
|
11
|
Күйлеу күшті әсермен байқаладынемесе қалыпты, жыныстық циклдардың кезеңділігі бұзылғанда жиірек байқалады
|
Көп көлемде, мөлдір, сұйық, кейде әр түрлі қоспалармен
|
Гипере-мия, ісінген, шырышты сұйықтық көп бөлінеді
|
Каналы ашық, жатыр мойынының клегей қабаты тегіс боялған, шырышталған
|
Әр түрлі пішінді (шар, жұмыртқа тәрізді), үлкейген,күлбірейді. Өсінділер (кисталар) Ø=2 см және одан жоғары, біреу немесе бірнешеу
|
Қалыпты, эндометрит белгілерімен
|
қалыпты
|
Фолликулдардың өсінділері (кисталары). Ұрықтандыруға болмайды, емдеу қажет.
Аналық бездің екеуінде де көптеген өсінділер болса малды бракқа шығару қажет
|
Сиырлар мен қашарларды қолдан ұрықтандыруға ең тиімді уақыт болып сиырлар мен қашарлардың күйіті келгеннен 12 сағат өткен соң, ұрықтандыру ең тиімді уақыт болып саналады. Егер сиырдың күйіті таңертен келсе, онда сиырларды кешке – сағат 6-7-лерде, ал егерде сиырлардың күйіті кешке байқалса, онда сиырларды таңертен ертемен – сағат 6-7-лерде ұрықтандыру қажет.
Шет елдердің тәжірибесінде сиырларды бір рет ұрықтандырады, ал біздің елімізде сиырлар мен қашарларды, қолдан ұрықтандыру Нұсқауына сәйкес 10-12 сағат жиілікпен екі рет ұрықтандырады.
Күйге келу белгілері байқалған, дені сау сиырлар мен қашарларды қолдан ұрықтандыруға жіберуге болады. Сиырларды бұзаулағаннан кейін екінші рет күйлегенде, ал қашарларды тірідей салмақтары әр тұқымға белгіленген стандартқа сәйкес, яғни сол тұқымның сақа сиырының тірідей салмағының 3/4-не жеткенде ұрықтандырады. Сиырларды неше рет сауса да, ұрықтандыруды сиырды саумай тұрып жүргізеді, ұрықтандырудан кейін сиырлар мен қашарларды күйлеу белгілері басылғанға дейін ұрықтандыру бекетінің арнайы бөлінген орнында ұстай тұру қажет (жазда қалқа астында).
Бұзаулағаннан соң 45 тәуліктен кейін күйіті келмеген сиырларды міндетті түрде ветеринарлық тексеруден өткізу қажет.
Ұрықтандырғаннан кейін 60 тәулік өткен соң, қайта күйіті келмеген сиырлардың буаздығын тік ішек арқылы анықтайды.
Ұрықтанбаған сиырлардың барлығын бедеулік себептерін анықтау үшін тексеруден өткізіп, ауру себебіне байланысты емдеу курсын жүргізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |