Торанғұл селолық округі әкімі А.Әбдірахманов “2008 жылы округтың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2009 жылға арналған перспективалары” атты селолық округ тұрғындары алдындағы есептік баяндамасынан
Елбасы Н.А.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында кешен үдерісінің жаңару жолында барлық ел халқының тікелей қатысуымен, барлық қабаттар мен қоғам институтта-рының мүддесін өтуі керек екендігін атап өтті. Осыған байланысты жыл сайын әрбір селолық округінің тұрғындарымен аудан әкімінің кездесуі болып тұрады. 2007 жылдан бастап округ әкімі әрбір округ ауыл тұрғындарымен кездесу жүргізеді. Осыдан 17 жыл бұрын біздің мемлекетіміз тәуелсіздік алды. Біздің халқымыз ғасырлық арманына жетті – өзінің мемлекетін құрды. Мемлекетіміздің өз жері, өз экономикасы, өз мәдениеті, туған тілі, меншікті саясаты, өзінің ұлттық мүддесі бар. Өткен 2008 жыл біздің мемлекетіміздің тарихында елеулі дамудың бір кезеңі болып саналады. “Қазақстан-2030” стратегиялық дамуды қабылданғанымыздың 10-жылдығын біз жуырда ғана атап өттік. Біздің Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев дәл осы “Қазақстан-2030” стратегиясында міндеттер мен ұзақ мерзімге берілген мақсаттарды алықтап, біздің келешектегі қоғамымыз бен мемлекетіміздің бағытын ұсынды.
Елбасының саясаты арқасында бүтіндей республикамызда, соның ішінде біздің облысымызда мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы, “Ауыз су”, “Жасыл ел”, агроөнеркәсіп кеше-нінің дамуы, азық-түлік бағдарламасы, “Мәдени мұра” селолық аумақтың дамуы, денсаулық сақтау мен тұрғындардың әлеуметтік қорғауы белсенді қарқынмен дамуда облысымыздағы қабылданған әлеуметтік-экономикалық бағдарлама әр солтүстік-қазақстандықтың өмір сапасын нақты арттырады. 2008 жылы облыс бойынша 5 млн. 125 мың тонна гектарына 14,6 центнер өнімінде астық жинал-ды. 215,6 мың шаршы метр жер көлемінде тұрғын үйлер пайдалануға берілді.
Елбасының Жолдауы аясында 100 мектеп пен 100 емхана салынып жатыр. Біздің ауданда Ақтас ауылында 90-орындық мектеп салынып, пайдалануға берілді, сондай-ақ ауданымызда 6000 шаршы метрден артық тұрғын үй пайдалануға берілді. Бүгінгі агро-ұйымдастырушылықпен сатып алынған жаңа техника мен жаңа технологияны енгізу, топырақты өндеу мен таңдаулы тұқым сорттарын қолдану арқасында аудандағы егіс алқапта-рындағы астық өнімі артуда.
Осының арқасында ауданымызда 2008 жылы гектарына 14,8 центнер өнімімен 367 мың тонна астық жиналды. 2008 жылы аудандағы агроұйымдастырушылықпен көктемгі егістік және жинау жұмыстарына 190,6 млн теңге жанармай сатып алуға бөлінді.
Асыл тұқым сатып алуының арқа-сында жеке шаруашылықтардың мал шаруашылығы саласында мал басы көбеюде. Тұтастай елімізде, облысымызда, ауданымызда өтіп жатқан жа-ңартулар біздің округте де байқалады.
Ұсақ шаруа қожалығын ірілендіру бойынша жұмыстар жалғастырылуда. Округте аграрлық секторда 2 ЖШС-і мен 5 ШҚ-ы, шағын кәсіпкерлікте жекешендірілген кәсіпкерлер жұмыс істейді. Жыл сайын округ шаруашылығында машина-трактор паркі жаңартылып отырады. 2008 жылы “Азия-Торанғұл” ЖШС-і 7 техника бірлігін сатып алды. Ауылшаруашылық ұйымдарымен былтырғы жылы көлемі 20 мын гектар егіс алқабынан гектарына 17 центнер орташа өнім-мен 41424 тонна астық жиналды. Барлығы 220 адам егіс алқабында жұмыс істеді.
2008 жылы 37 жұмыс орны құрылды. Олар округтың қоғамдық тіршілігіне белсенді қатысады, әр турлі әлеумет-тік шараларды өткізгенде демеушілік көмектер көрсетеді.
“Азия-Торанғұл” және “Атаменкен-Агро-Есіл” ЖШС-тері округтегі мек-тептерді отынмен, көмірмен қамтамасыз етуге көмектеседі, спорттық құрал-жабдықтарды сатып алуға демеушілік көмек көрсетті. “Азия-Торанғұл” ЖШС-і жас мұғалімдерге үй пайдалануға берді.
Барлық округтың ЖШС-і, ШҚ-ы мен кәсіпкерлері қарт адамдар мен мүгедектерге көмек көрсетуден шет калған жоқ. Барлық көмектің көрсетілген құны 175 мың теңге. 2008 жылы әлеуметтік маңыздылық шараларды өткізуге әр түрлі көмек көрсетілді.
Біздің округте тұрғындардың пайдалануына мүмкіндік беретін 2 мектеп, 1 дәрігерлік емхана, 1 фельдшерлік-акушерлік пункті, 1 пошта бөлімі, “Қазақтелеком” АҚ-ы өкілдігі, 1 ауылдық клуб, 6 дүкен, 1 диірмен, 1 наубайхана, 1 селолық кітапхана жұмыс істейді.
Бағдарлама аясында елді мекенді көркейту жұмыстары орындалды. Торанғұл, Двинск селоларының көше-лері, ішкі жолдары тегістелді. 2008 жылы Торанғұл мен Двинск селола-рында 20 көшелерге шамдар орнатылды, оның 10-ы – аудандық бюджеттен бөлінген қаржымен. 2009 жылы елді мекендерге жарық түсіру жұмыстары жалғастырылады. Селолық округте 1 автобус Торанғұл-Явленка-Петропавл аралықтарында жүреді.
2008 жылы тұрғындарды әлеуметтік қорғау мен жұмысқа орналастыру бойынша әлеуметтік көмек көрсету жұмыстары жүргізілді. Округте 918 адам өмір сүреді, олардың 500-і – Торанғұл селосында, 370-і – Двинск селосында, 23-і – Иверск селосында, 15-і – Сарыкөл селосында.
Барлығы аз қамтамасыз етілген 9 отбасы, оның ішінде 7 отбасы 178,8 мың теңге құнымен әлеуметтік жәрдемақы алды, 4 жұмыссыздар. 63 адам тұрақты және уақытша жұмыс орындарына жұмысқа орналасты-рылды. 1 әлеуметтік орын, 2 адам кәсіптік оқудан өтті, ақшалай жәрдемақы 3 отбасына 38,5 мың теңгеге көр-сетілді. Көзі нашар көретін 1 кісіге арналған сағат алды, 1 адам санаторий-курорттық емделуге жолдама алды.
Округте мал басын көбейту мақсатымен ірі қара малдарды ұрықтандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Бүгінгі күні абонентер саны 150 құрады. Сымсыз байланыстың іске қосылуына орай Двинск селосында 2008 жылы 20 номер орнатылды. “Азия-Торанғұл” ЖШС-і Торанғұл және Двинск селоларындағы үйлерге су жеткізілген. Бұл жұмыс 2009 жылы жалғасын табады.
“Ауыз су” бағдарламасының орындалу барысында 2008 жылы су ағызғы құрылысы бойынша Торанғұл және Двинск селоларына ұзындығы 21 шақырымға 2 мұнараның құрылыс жұмысы жүргізілді. Бұл мақсаттар үшін 166 млн. 125 мың теңге қаржы бөлінді. Сарыкөл мен Иверск селоларында терең құдықтар жұмыс істейді.
Тұрғындардың тұрмыстық өмірін жақсарту үшін 2008 жылы 1 үй салынды, барлығы 2009 жылы 4 үй салынады, оның 2-і “Азия-Торанғұл”, 2-і – “Атамекен-Агро-Есіл” ЖШС-терімен. Округтың спортшылары аудандағы спорт пен мәдени шаралардың бел-сенді мүшелері, 2008 жылы “Ақ бидай” спорттық мерекесіне қатысып, жарыс қорытындысы бойынша 7-ші орынға ие болды, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған шашки жарысынан 1-ші орынға ие болды. Торанғұл селосының Мәде-ниет үйінде өткізілетін барлық мерекелерге концерттік бағдарламалар ұйымдастырып, ауыл тұрғындары, мұғалімдер, оқушылар белсенді қатысады.
Жоспарланған бағдарламаларға сәйкес округте маскүнемдікпен күресу бойынша және жастар істері бойынша қоғамдық кеңестің комиссиясы құрыл-ды. 2009 жылы алғашқы ардагерлер ұйымын ашу жоспарлануда.
Округ төңірегінде учаскелік инспектормен бірге заңдылық пен тәртіпті бұзбау бойынша тәртіпке келтіру жұмысы ұйымдастырылды. 2008 жылы қылмыс тіркелді, айыптар төленді, нұсқаулар берілді.
2007 жылғы аудан әкімімен есептік кездесуде Торанғұл селолық округі-нен 10 сұрақ қойылған болатын, соның 6-ы сұрағы бақылауға алынған, әр сұрақ бойынша оларды іске асыру үшін деректі шаралар әзірленді.
Есіл аудандық басқару телекомму-никация басқармасының ақпараты бойынша, селоның автоматикалық телефон стансасы техникалық норма-ның келісімімен жұмыс істейді, АТС жұмысы барысындағы кедергілердің пайда болуы мен техникалық бұзылысты тез арада бақылау уақытымен көшпелі бригада жояды. 2008 жылы Двинск селосына 7 шам аудан бюд-жетінің есебімен және 5 шам тұрғын-дар есебімен орнатылды.
Есіл АІІБ-і полициясының көші-қон топтары күнде жексенбіден басқа сағат 9-00-ден 17-00-ге дейін қабылдау жүргізеді. 2 аттестацияланған қызметкер істейді. Шетелдік азаматты есепке қою үшін 5 минуттан 10 минут-қа дейін уақыт, кезек болмайды.
Селолық округ әкімінің есептік кез-десуінде 3 сұрақ бақылауға қойылды.
- Иверск селосында фельдшер бола ма, егер тұрғындар саны 50 адамнан кем болса? Денсаулық сақтау минис-трлігінің 2006 жылғы 21 наурыздағы №124 бұйрығына сәйкес, тұрғындар саны 50 адамнан кем болса дәрігерлік пункт ескерілмейді. Торанғұл село-сындағы дәрігерлермен қызмет көрсетіледі.
- Двинск селосындағы ішкі селолық жолдың сақталуы туралы (жауын шашында ауылдың ішінде жүк таситын техникалардың жүруіне тиым салу). ЖШС-і мен ШҚ-ның басшыларымен ауыл ішіндегі жолдар бойынша ауыр техникаларды жүргізбеу туралы келісім бар. Торанғұл, Двинск ауылдарының кіре берісіне 3 арка қойылды.
- Жеке кәсіпкерлердің дүкендері бойынша тауар айналымы тұрғындардың кемуімен салық есептеу үшін және дүкендер санының өсуімен салықтың 30 пайызға көтерілуі қандай себеппен? Салықты есептеу қысқартылған декларация бойынша, тоқсан біткеннен кейін нақтылы алынған кірісті қолдану жолымен (шығын есе-бінсіз) салықтық еңбекақы мөлшері 3 пайызға жасалады. Жеке кәсіпкер патент құнын өзі есептей алады, кіріс мәлімдемесіне шығын есебінсіз
2-пайыздық салық мөлшерімен кәсіптік қызметіне байланысты жүзеге асы-ру жолыменен.
Бүгін сіздермен біздің селолық округтың дамуы бойынша есеп берілді. Тұтастай көп жұмыстар орындалды. Бұл селолық округтегі әр тұрғынның әл-ауқатын жақсарту бойынша келешекте өзара түсіністік жағдай жасауға барлық міндеттерді шешуге сендіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |