2009 жылдың i-ші тоқсанында атқарылған жұмыстар



Дата03.07.2016
өлшемі39.14 Kb.
#174481
2009 жылдың I-ші тоқсанында атқарылған жұмыстар
Ауылдық округ әкімінің аппаратына 2009 жылдың 1 қаңтарынан есептік кезеңге дейін мемлекеттік мекемелер мен ведомоствалардан 86 қатынас хат, сондай-ақ Зайсан аудандық мәслихатының 1 шешімі мен Зайсан ауданының әкімдігінің 10 қаулысы келіп түсті. Келіп түскен қаулылар бойынша атқарылар жұмыстардың шаралары жасалып, ауылдық округ әкімінің бақылауына алынды.

Округ әкімінің аппаратынан мемлекеттік мекемелер мен ведомостваларға, жеке тұлғаларға 73 қатынас-хат жолданды.

Округтің 2009 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының 25 бөлімнен тұратын бағдарламасы жасалынып, бекітілді.

Үстіміздегі жылдың 25 ақпан – 6 наурызда өткен Ұлттық халық санағын өткізуге барлық шаралар ұйымдастырылып, халық санағы мезгілінде аяқталды.

2009 жылдың I-ші тоқсанында жеке және заңды тұлғалардан округ әкімінің аппаратына жазбаша немесе ауызша өтініштер түскен жоқ.
Ауылдық округі әкімінің аппаратында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың

2009 жылғы «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Жолдауын округке қарасты елді мекендер тұрғындарына насихаттау мен түсіндірулер бойынша атқарылған жұмыстар.
Ауылдық округі әкімінің аппаратында құрылған ақпараттық хабардар топтары Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2009 жылғы «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Жолдауын округке қарасты елді мекендер тұрғындарына насихаттау мен түсіндірулер бойынша 11 наурызда Қуаныш және Ақарал,

13 наурызда Біржан ауылының тұрғындарымен кездесті.

Биылғы Жолдау – дағдарыс уақытында халықты біріктіретін, қиындықтан шығудың жолдарын көрсететін басты құжат атап көрсетілді. Қазіргі кезең ел тұрғындарынан үлкен жауапкершілікті талап етіп отырғандығы баса айтылды.Дағдарыс- әлсізге алапат дауыл, бітімсізге қайта-қайта оралар қиындық, жігерсізге іштен күйдірер дерт екендігі жеткізілді. Халыққа дағдарыс кезеңінде қандай көмектер көрсетілетіндігі, жұмыссыздықтың елімізде етек жаймауы Елбасымыздың басты назарында екендігі түсіндірілді. Халықтың әл-ауқатын жақсарту, мұқтаж адамдарға мемлекеттің көмегін арттыру, елді мекендерді абаттандыру, жетістіктерді дамыту мен тозығы жеткен дүниелерді жаңарту басты мақсат болып қалатындығы ескертілді.

Өз кезегінде округ тұрғындары да Жолдауға қатысты сұрақтарын қойып, елімізде дағдарыстың алдын-алу мақсатында алдағы атқарылар шаралар барысынан мағлұматтар алып пікірталасқа белсене қатысты.


8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнін атап өтуде атқарылған шаралар.
7 наурыз 2009 жыл.

Аманкелді атындағы орта мектебінің спорт залында 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған волейболдан қыздар командалары арасында округке қарасты елді мекендердің командаларының қатысуымен ашық біріншілік ұйымдастырылды. Жарысқа Ақарал және Қуаныш ауылының, Аманкелді орта мектебінің оқушы қыздары мен Біржан ауылдық қыздар командалары қатысып, күш сынасты. Турнирді ауыл тұрғындары, мектеп ұстаздары мен оқушылары және ауылдық округі әкімінің аппаратының қызметкерлері тамашалады. Округтегі спорт нұсқаушысы А.Чакенова жарысқа қатысушыларды мерекелерімен құттықтай отырып, табыстар тіледі. Айтулы додада I-ші орынды Ақарал ауылының командасы еншілесе, II-ші және III-ші орындарды Біржан, Қуаныш ауылының командалары бөлісіп, жүлделермен марапатталды.


8 наурыз 2009 жыл.
Ауылдық округі әкімі аппаратының мәжіліс залында 8 наурыз мерекесіне орай «Па, шіркін қазақтың келіндері-ай!» атты келіндер сайысы ұйымдастырылды. Аталған шараны құттықтау сөзімен ашқан ауылдық округі әкімі М.Жұманова сайысқа қатысушыларды мейрамдарымен құттықтай отырып, ақ жол тіледі. Келінде сайысына Ақарал, Қуаныш, Біржан ауылдарынан 7 келін қатысып, өнерлерін көрсетті. Мерекеге тамашалаған тұрғындар арасынан таңдап алынған сарапшылардың шығарған қорытындылары негізінде бас жүлдеге Қуаныш ауылының келіні Ғ.Нұрғазина, I-ші орынды да осы ауылдың келіні А.Раушева, II-ші орынды Біржан ауылынан Л.Әділбекова иеленсе III-ші орын Ақарал ауылынан

Н.Шайролдакелініне берілді. Ауыл тұрғындары өз тараптарынан мерекелік шараларды ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдірді. Мереке соңы ауыл жастарына арналған би кешімен аяқталды.



22 наурыз – «Ұлыстың Ұлы күнін» атап өтуде атқарылған шаралар.

Аманкелді атындағы орта мектебінің спорт залында 22 наурыз – «Ұлыстың Ұлы күні» мерекесіне арналған волейболдан ұлдар командалары арасында округке қарасты елді мекендердің командаларының қатысуымен ашық біріншілік ұйымдастырылды. Жарысқа Қуаныш ауылының, Аманкелді орта мектебінің ұстаздарының, Біржан ауылдық ұлдар және Зайсан қаласының командалары қатысып, күш сынасты. Турнирді ауыл тұрғындары, мектеп ұстаздары мен оқушылары және ауылдық округі әкімінің аппаратының қызметкерлері тамашалады. Ауылдық округі әкімі М.Жұманова, Аманкелді атындағы орта мектебінің директоры О.Мереев жарысқа қатысушыларды мерекелерімен құттықтай отырып, табыстар тіледі. Айтулы додада I-ші орынды Біржан ауылының жастар командасы еншілесе, II-ші және III-ші орындарды Аманкелді атындағы орта мектебінің ұстаздары мен Қуаныш ауылының командалары бөлісіп, жүлделермен марапатталды.

Ауылдық округі әкімі аппараты мәжіліс залында 22 наурыз – «Ұлыстың Ұлы күні» мерекесіне орай «Қайран біздің аналар арды ойлаған» атты әжелер сайысы ұйымдастырылды. Аталған шараны құттықтау сөзімен ашқан ауылдық округі әкімі М.Жұманова сайысқа қатысушыларды мейрамдарымен құттықтай отырып, сәттілік тіледі. Мерекелік шараға Ақарал, Қуаныш, Біржан ауылдарынан 7 әже қатысып, өнерлерін көрсетті. Мерекеге тамашалаған тұрғындар арасынан таңдап алынған тәуелсіз сарапшылардың қорытындылары негізінде бас жүлдеге Біржан ауылынан Г.Айтмұханбетова, I-ші орынды Қуаныш ауылынан С.Мамырбекова, II-ші орынды Біржандық А.Солохайн иеленсе III-ші орын Ақарал ауылынан келген А.Бұйрановаға

берілді. Ауыл тұрғындары өз тараптарынан мерекелік шараларды ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдірді. Мереке соңы ауыл жастарына арналған би кешімен аяқталды.




.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет