2009 жылғА «электр желілерін басқару жөніндегі қазақстан компаниясы» АҚ директорлар кеңесінің Қызметі туралы есеп астана 2010 ж. Кіріспе


   2009 жылға «KEGOC» АҚ-ның қаржылық есептемесіне аудит жүргізу жөніндегі аудиторлық ұйымның қызметіне төленетін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы



бет2/3
Дата19.06.2016
өлшемі402.07 Kb.
#148182
1   2   3

4.   2009 жылға «KEGOC» АҚ-ның қаржылық есептемесіне аудит жүргізу жөніндегі аудиторлық ұйымның қызметіне төленетін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы.

«KEGOC» АҚ-ның Жарғысын, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі туралы ережені басшылыққа ала отырып, Директорлар кеңесі 2009 жылға қаржылық есептеменің жыл сайынғы аудитін өткізу жөніндегі аудиторлық ұйымның қызметіне төленетін төлемақының ең жоғары мөлшерін айқындады.


5.   «KEGOC» АҚ-да сатып алу үшін жауапты адамды келісу туралы

«Самрұқ-Қазына» АҚ дауыс беруші акцияларының елу және одан да көп пайызы (қатысу үлесі) меншік немесе сенімгерлікпен басқару құқығында «Самрұқ-Қазына» АҚ-ға тікелей немесе жанама тиесілі заңды тұлғалардағы сатып алуға жауапты адамдарды келісу ережесіне сәйкес Директорлар кеңесі Болат Жалболдинұлы Темірбековті («KEGOC» АҚ қамтамасыз ету бағыты жөніндегі атқарушы директор) «KEGOC» АҚ-да сатып алуды жүзеге асыруға жауапты адам етіп тағайындауды келісті. Сонымен бірге, Директорлар кеңесі Басқарма төрағасына (Қ.А.Бозымбаев) жауапты адаммен бірлесіп, «KEGOC» АҚ-ның инвестициялық бағдарламасын, «KEGOC» АҚ-ның Бюджетін қайта қарау және өзгерту, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің көлемін қазақстандық жеткізушілерге табыс ету жөніндегі тапсырмаларды орындау туралы ақпаратты ұсынуды тапсырды.


6.   «KEGOC» АҚ Корпоративтік хатшысына 2008 жылғы 4-тоқсандағы жұмыс қорытындылары бойынша сыйлықақы беру туралы

Директорлар кеңесі «KEGOC» АҚ-ның Жарғысына, «KEGOC» АҚ-ның Директорлар кеңесі туралы» ережеге, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «KEGOC» АҚ Корпоративтік хатшысының 2008 жылғы 4-тоқсан қорытындылары бойынша алдыға қойылған мақсаттарды орындауына қойылған бағаны бекітті және 2008 жылғы 4-тоқсан қорытындысы бойынша «KEGOC» АҚ Корпоративтік хатшысына сыйлықақы беру туралы шешім қабылданды.


7.   Ішкі аудит қызметінің 2009 жылға арналған жылдық аудиторлық жоспарын бекіту

«KEGOC» АҚ-да ішкі аудитті ұйымдастыру саясатына сәйкес Директорлар кеңесі «KEGOC» АҚ Ішкі аудит қызметінің 2009 жылға арналған жылдық аудиторлық жоспарын бекітті.


8.   «KEGOC» АҚ Ішкі аудит қызметінің жұмыс тәртібіне толықтырулар енгізу туралы

«KEGOC» АҚ Ішкі аудит қызметінде жұмыс істеу үшін ақпараттық технологиялар саласындағы, заң және техника саласындағы мамандарды тарту мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында «KEGOC» АҚ Жарғысының 10-бабы 4-тармағының 9-тармақшасына, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі туралы ереженің 9-тармағының 9-тармақшасына сәйкес Директорлар кеңесі «KEGOC» АҚ ІАҚ Жұмыс тәртібіне тиісті толықтыруларды бекітті.


9.   С.К.Сәлімді «KEGOC» АҚ операциялық және қаржы аудиті бөлімінің бас аудиторы (ІТ-аудит саласында) лауазымына тағайындау туралы, С.К.Сәлімнің лауазымдық айлық ақысын белгілеу туралы

«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып, Директорлар кеңесі С.К.Сәлімді «KEGOC» АҚ Ішкі аудит қызметінің операциялық және қаржы аудиті бөлімінің бас аудиторы (ІТ-аудит саласында) лауазымына тағайындауды келісті, лауазымдық айлық ақысын, еңбек ақы мен сыйлық ақы төлеу шарттарын белгіледі.


10. «KEGOC» АҚ Ішкі аудит қызметінің 2008 жылғы 3-тоқсандағы қызметі жөніндегі есепті қарау туралы.

«KEGOC» АҚ Ішкі аудит қызметінің Жұмыс тәртібінің 35-тармағына сәйкес Директорлар кеңесі «KEGOC» АҚ Ішкі аудит қызметінің 2008 жылғы 3-тоқсандағы жұмысы туралы есепті назарға алды.

Директорлар кеңесі Ішкі аудит қызметіне (Есетов О.О.) Ішкі аудит қызметінің (бұдан әрі – ІАҚ) жұмысы, ІАҚ жұмыс істеу қағидалары туралы есепті, Директорлар кеңесінің ІАҚ-ның жұмысын бағалау әдістемесі мен қағидаларын Директорлар кеңесінің кезекті күндізгі отырысына ұсынуды тапсырды.

11. «KEGOC» АҚ Ішкі аудит қызметінің еңбеккерлеріне 2008 жылғы 3-тоқсандағы жұмыс қорытындылары бойынша сыйлықақы беру туралы.

Директорлар кеңесі 2008 жылғы 3-тоқсанның қорытындысы бойынша «KEGOC» АҚ Ішкі аудит қызметі еңбеккерлерінің алдыға қойылған мақсаттарды орындауына берілген бағаны бекітті, сондай-ақ «KEGOC» АҚ Атқарушы дирекциясының еңбеккерлеріне еңбек ақы төлеу туралы ережеге және 2008 жылғы 3-тоқсан қорытындылары бойынша ІАҚ еңбеккерлерінің алдыға қойылған мақсаттарды орындауына қойылған бағаға сәйкес ІАҚ-ның еңбеккерлеріне сыйлықақы беру туралы шешім қабылданды.


Директорлар кеңесінің 2009 жылғы 13 наурыздағы отырысында (№3 хаттама) күн тәртібінің 3 мәселесі бойынша шешімдер қаралды және қабылданды:
1.   Директорлар кеңесінің отырысында төрағалық ететін адамды сайлау туралы

Директорлар кеңесінің төрағасы Т.А.Құлыбаевтың жұмыс іссапарына кетуі және орнында болмауына байланысты «KEGOC» АҚ Жарғысының 13-бабының 3-тармағына, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі туралы ереженің 25-тармағына сәйкес Директорлар кеңесі Директорлар кеңесінің отырысында төрағалық ететін адамды сайлады.




2.   «KEGOC» АҚ мен Еуразиялық даму банкі арасында кепіл шартын жасау туралы

«Солтүстік Қазақстан-Ақтөбе облысы» өңіраралық электр жеткізу желісін салу» инвестициялық жобасы бойынша қосымша қаржыландыру қажеттілігіне байланысты Директорлар кеңесі «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 73-бабының 1-тармағына, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі туралы ереженің 9-тармағының 20-тармақшасына сәйкес «KEGOC» АҚ мен Еуразиялық даму банкі арасында кепіл шартын жасауға келісті.



3.   «KEGOC» АҚ «Батыс транзит» АҚ электр тораптарының жабдықтарына (ЭЖЖ және ҚС) пайдалану бойынша қызмет көрсету жөнінде шарт жасауы туралы

«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 73-бабының 1-тармағына, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі туралы ереженің 9-тармағының 20-тармақшасына сәйкес «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі «Батыс-транзит» АҚ электр тораптарының (ЭЖЖ және ҚС) жабдықтарына пайдалану жөнінде қызмет көрсету туралы шешім қабылдады.


Директорлар кеңесінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі отырысында (№4 хаттама) күн тәртібінің 3 мәселесі бойынша шешім қаралды және қабылданды:
1.   Директорлар кеңесінің отырысында төрағалық ететін адамды сайлау туралы

Директорлар кеңесі Директорлар кеңесінің төрағасы Т.А. Құлыбаевтың іссапарға кетуіне және орнында болмауына байланысты «KEGOC» АҚ Жарғысының 13-бабының 3-тармағына, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі туралы ереженің 25-тармағына сәйкес Директорлар кеңесінің отырысында төрағалық ететін адамды сайлады.



2.   «Батыс транзит» АҚ-ның тораптары бойынша электр энергиясын жеткізу жөнінде қызмет көрсетуге шарт жасау туралы.

«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 73-бабының 1-тармағына, «KEGOC» АҚ Жарғысының 10-бабының 20-тармағы 20-тармақшасына сәйкес Директорлар кеңесі «Батыс транзит» АҚ тораптары бойынша электр энергиясын жеткізу жөнінде қызмет көрсетуге шарт жасау туралы шешім қабылдады.

Сонымен бірге, Директорлар кеңесі Қазақстан Республикасы табиғи монополияларды реттеу агенттігі «Батыс транзит» АҚ тораптары бойынша электр энергиясын жеткізу жөнінде қызмет көрсетуге белгіленетін тарифтерді бекіткенге дейін ҚҚС-ты есепке алмағанда 1,94 теңге тарифі бойынша шарт жасауды келісті.

3.   «KEGOC» АҚ мен «Батыс транзит» АҚ арасында «Батыс транзит» АҚ инфрақұрылымдық облигацияларын сатып алу туралы шарт жасау туралы

«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 73-бабының 1-тармағына, «KEGOC» АҚ Жарғысының 10-бабының 4-тармағы 20-тармақшасына сәйкес Директорлар кеңесі «KEGOC» АҚ мен «Батыс транзит» АҚ арасында «Батыс транзит» АҚ-ның инфрақұрылымдық облигацияларын сатып алу туралы шарт жасауға шешім қабылдады.


Директорлар кеңесінің 2009 жылғы 28 сәуірдегі отырысында (№5 хаттама) күн тәртібінің 8 мәселесі бойынша шешім қаралды және қабылданды:
1.   «KEGOC» АҚ 2008 жылғы жылдық қаржылық есептемесін алдын ала бекіту туралы.

«KEGOC» АҚ Жарғысының 10-бабының 4-тармағы 4), 6) тармақшаларына, «KEGOC» АҚ-ның Директорлар кеңесі туралы ереженің 9-тармағы 4), 6) тармақшаларына, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 53-бабының 2-тармағы 5) тармақшасына сәйкес Директорлар кеңесі «KEGOC» АҚ-ның 2008 жылғы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептемесін алдын ала бекіту және «KEGOC» АҚ-ның Жалғыз акционеріне бекітуге жіберу туралы шешім қабылдады.

Сонымен бірге, Директорлар кеңесі Жалғыз акционердің қарауына «KEGOC» АҚ-ның 2008 жылғы 7 460 437 000 (Жеті миллиард төрт жүз алпыс миллион төрт жүз отыз жеті мың) теңге сомасындағы таза табысын бөлудің мынадай тәртібін ұсынды:

- 746 043 700 (жеті жүз қырық алты миллион қырық үш мың жеті жүз) теңге мөлшеріндегі шоғырландырылған таза табыстың 10%-ы 2008 жылдың қорытындысы бойынша дивиденттерді төлеуге жіберілсін, бұл «KEGOC» АҚ бір жай акциясына есептегенде 90, 04 (тоқсан теңге 04 тиын) құрайды;

- 6 714 393 300 (алты миллиард жеті жүз он төрт миллион үш жүз тоқсан мың үш жүз) теңге мөлшеріндегі таза табыстың қалған бөлігі «KEGOC» АҚ-ның иелігіне қалдырылсын.
2.  «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 2009 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі туралы ереженің 72-тармағына, «KEGOC» АҚ Корпоративтік басқару кодексінің 119-тармағына сәйкес Директорлар кеңесі «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 2009 жылға арналған жұмыс жоспарын бекітті.



3.   «KEGOC» АҚ Атқарушы органының Ұйымдық құрылымын бекіту туралы

«Қор тобының ұйымдарында басқару құрылымын оңтайландыру және шығындарды азайту туралы» «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ Басқарма төрағасының 2009ж.07.04. № 23-п бұйрығының 1-тармағы 1), 2) және 3) тармақшаларына және «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 53-бабының 2-тармағы 20) тармақшасына сәйкес «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі «KEGOC» АҚ-ның Ұйымдық құрылымын бекітті.


4.   «KEGOC» АҚ Атқарушы дирекциясының қызметкерлеріне еңбек ақы төлеу схемасын бекіту туралы.

«KEGOC» АҚ Жарғысының 10-бабы 4-тармағының 29) тармақшасына және «KEGOC» АҚ ұйымдық басқару құрылымын оңтайландыруға сәйкес Директорлар кеңесі «KEGOC» АҚ Жарғысының 10-бабы 4-тармағы 29) тармақшасын, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі туралы ереженің 9-тармағы 29) тармақшасына, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 53-бабының 2-тармағы 20) тармақшасына сәйкес «KEGOC» АҚ Атқарушы дирекциясының қызметкерлеріне еңбек ақы төлеу схемасын бекітті.



5.   «KEGOC» АҚ Атқарушы дирекциясы қызметкерлерінің штатын (жалпы санын) бекіту туралы

«KEGOC» АҚ Жарғысының 10-бабы 4-тармағының 13) тармақшасын, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі туралы ереженің 9-тармағы 13) тармақшасын, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 53-бабы 2-тармағының 20) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Директорлар кеңесі Атқарушы дирекцияның 277 бірлік көлеміндегі қызметкерлер штатын (жалпы санын) бекітті.


6.   «KEGOC» АҚ Ішкі аудит қызметінің 2008 жылғы 4-тоқсандағы жұмысы туралы есепті қарау туралы

«KEGOC» АҚ Ішкі аудит қызметінің Жұмыс тәртібінің 35-тармағын басшылыққа ала отырып, Директорлар кеңесі «KEGOC» АҚ Ішкі аудит қызметінің 2008 жылғы 4-тоқсандағы жұмысы туралы есепті назарға алды.


7.   «KEGOC» АҚ Ішкі аудит қызметінің еңбеккерлеріне 2008 жылғы 4-тоқсан қорытындылары бойынша сыйлықақы беру туралы

«KEGOC» АҚ Жарғысының 10-бабы, 4-тармағының 9) тармақшасына, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі туралы ереженің 9-тармағы 9) тармақшасына, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 53-бабы 2-тармағы 10) тармақшасына сәйкес Директорлар кеңесі «KEGOC» АҚ Ішкі аудит қызметі еңбеккерлерінің 2008 жылғы 4-тоқсан қорытындылары бойынша алдыға қойылған мақсаттарды орындауына қойылған бағаны бекітті, 2008 жылғы 4-тоқсан қорытындылары бойынша «KEGOC» АҚ Ішкі аудит қызметі еңбеккерлеріне сыйлықақы беру туралы шешім қабылдады.


8.   «KEGOC» АҚ Ішкі аудит қызметінің 2008 жылғы жұмысы туралы есепті қарау туралы.

Директорлар кеңесі «KEGOC» АҚ Ішкі аудит қызметінің Жұмыс тәртібінің 35-тармағын басшылыққа ала отырып, «KEGOC» АҚ Ішкі аудит қызметінің 2008 жылғы жұмысы туралы есепті назарға алды.



Директорлар кеңесі 2009 жылғы 29 сәуірде (№6 хаттама) сырттай дауыс беру жолымен күн тәртібінің 5 мәселесі бойынша шешім қабылдады:
1.   «KEGOC» АҚ Даму жоспары мен Бюджетін әзірлеу, келісу, бекіту және мониторингтеу ережесін бекіту туралы

Директорлар кеңесі «KEGOC» АҚ Жарғысының 10-бабы 4-тармағының 14) тармақшасына, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі туралы ереженің 9-тармағының 14) тармақшасына, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 53-бабының 2-тармағының 13) тармақшасына сәйкес «KEGOC» АҚ Даму жоспары мен Бюджеттерін әзірлеу, келісу, бекіту мен мониторингтеу ережесін бекітті.


2.   «KEGOC» АҚ елеулі корпоративтік оқиғалар саласындағы саясатын бекіту туралы.

Директорлар кеңесі «KEGOC» АҚ Жарғысының 10-бабы 4-тармағының 14) тармақшасына, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі туралы ереженің 9-тармағының 14) тармақшасына, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 53-бабының 2-тармағының 13) тармақшасына сәйкес «KEGOC» АҚ елеулі корпоративтік оқиғалары саласындағы саясатты бекітті.


3.   Тәуекелдерді басқару жөніндегі құжаттарды бекіту туралы

Директорлар кеңесі «KEGOC» АҚ Жарғысының 10-бабының 4-тармағының 24) тармақшасына, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі туралы ереженің 9-тармағының 24) тармақшасына, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 53-бабының 2-тармағының 20) тармақшасына сәйкес «KEGOC» АҚ тәуекелдерді басқару жүйесі жөніндегі басшылығын және «KEGOC» АҚ 2009 жылға арналған тәуекелдерді басқару бағдарламасын бекітуге шешім қабылдады.


4.   2009 жылғы 1-тоқсандағы «KEGOC» АҚ басқарушылық есептеме жүйесін енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы

Директорлар кеңесі «KEGOC» АҚ Жарғысының 10-бабы 4-тармағының 24) тармақшасына, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі туралы ереженің 9-тармағы 24) тармақшасына, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 53-бабының 2-тармағы 20) тармақшасына сәйкес 2009 жылғы 1-тоқсанға «KEGOC» АҚ Басқарушылық жүйесін енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы есепті назарға алды.



5.   2009 жылғы 1-тоқсандағы жұмыс қорытындылары бойынша «KEGOC» АҚ Корпоративтік хатшысына сыйлықақы беру туралы
Директорлар кеңесі «KEGOC» АҚ Жарғысының 10-бабы 4-тармағы 10) тармақшасына, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі туралы ереженің 9-тармағы 10) тармақшасына, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 53-бабының 2-тармағы 10-1) тармақшасына сәйкес «KEGOC» АҚ Корпоративтік хатшысының 2009 жылғы 1-тоқсандағы жұмыс қорытындылары бойынша алдыға қойылған мақсаттарды орындауына берілген бағаны бекітті, сондай-ақ 2009 жылғы 1-тоқсандағы жұмыс қорытындылары бойынша «KEGOC» АҚ Корпоративтік хатшысына сыйлықақы беру туралы шешім қабылдады.
Директорлар кеңесі сырттай дауыс беру арқылы қабылданған шешіммен 2009 жылғы 18 мамырда «KEGOC» АҚ-ның 2009 жылға арналған түзетілген Бюджетін бекітті.
Директорлар кеңесінің 2009 жылғы 17 шілдедегі отырысында (№8 хаттама) сырттай дауыс беру арқылы күн тәртібінің 11 мәселесі бойынша шешім қабылданды:

1.   «KEGOC» АҚ-ның 2008-2010 жылдарға арналған Даму жоспарын іске асыру туралы 2008 жылға берілген есепті қарау.

«KEGOC» АҚ Жарғысының 20-бабы 2-тармағының 12) тармақшасына, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 53-бабының 2-тармағы 20) тармақшасына сәйкес Директорлар кеңесі «KEGOC» АҚ-ны дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған жоспарын іске асыру туралы 2008 жылға берілген есепті назарға алды.



2.   «KEGOC» АҚ мекемелерін басқару туралы, сондай-ақ мекемелердің қаржы-шаруашылық қызметі нәтижелерінің «KEGOC» АҚ 2008 жылғы қызмет көрсеткіштеріне әсер етуі туралы есепті қарады

«KEGOC» АҚ Жарғысының 20-бабының 2-тармағы 11) тармақшасына, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 53-бабының 2-тармағының 20) тармақшасына сәйкес Директорлар кеңесі «KEGOC» АҚ-ның мекемелерін басқару туралы, сондай-ақ мекемелердің қаржы-шаруашылық қызметі нәтижелерінің «KEGOC» АҚ-ның 2008 жылғы қызмет көрсеткіштеріне әсері туралы есепті қарады.



3.   Күн тәртібінің «KEGOC» АҚ-да сатып алуды жүзеге асыруға жауапты адамды келісу туралы» бесінші мәселесі бойынша Директорлар кеңесінің 2009ж.25.02. шешіміне (№2 хаттама) өзгерістер енгізу туралы.

«Самұрық-Қазына» АҚ меншік немесе сенімгерлікпен басқару құқығында елу және одан да көп пайыз акциялары (қатысу үлесі) «Самұрық-Қазына» АҚ-ға тиесілі заңды тұлғаларда сатып алуды жүзеге асыру үшін жауапты адамды келісу ережесіне сәйкес Директорлар кеңесі шешімді «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі бекіткен «KEGOC» АҚ Ұйымдық құрылымына сәйкес келтіру қажеттілігіне негізделген, күн тәртібінің бесінші мәселесі бойынша Директорлар кеңесінің 2009 жылғы 25 ақпандағы шешіміне (№2 хаттама) өзгерістер енгізуді келісті.


4.   Айбек Төлеубекұлы Ботабековтың кандидатурасын «KEGOC» АҚ Экономика жөніндегі басқарушы директоры лауазымына тағайындауды келісу туралы

Директорлар кеңесімен «KEGOC» АҚ басқарушы қызметкерлерін тағайындауды келісу ережесіне сәйкес Директорлар кеңесі Айбек Төлеубекұлы Ботабековтың кандидатурасын Экономика жөніндегі басқарушы директор лауазымына тағайындауды келісті.


5.   Валерий Константинович Лидің кандидатурасын «КЕGOC» АҚ Жүйелік қызметтер және МТҚ жөніндегі басқарушы директоры лауазымына тағайындауды келісу туралы

Директорлар кеңесімен «KEGOC» АҚ басқарушы қызметкерлерін тағайындауды келісу ережесіне сәйкес Директорлар кеңесі Валерий Константинович Лидің кандидатурасын «КЕGOC» АҚ Жүйелік қызметтер және МТҚ жөніндегі басқарушы директоры лауазымына тағайындауды келісті.


6.   Владимир Григорьевич Осоченконың кандидатурасын «КЕGOC» АҚ-ның ҰЭТ-ны дамыту жөніндегі басқарушы директоры лауазымына тағайындауды келісу туралы

Директорлар кеңесімен «KEGOC» АҚ басқарушы қызметкерлерін тағайындауды келісу ережесіне сәйкес Директорлар кеңесі Владимир Григорьевич Осоченконың кандидатурасын «КЕGOC» АҚ-ның ҰЭТ-ны дамыту жөніндегі басқарушы директоры лауазымына тағайындауды келісті.


7.   Жеңіс Шылбынұлы Тұяқовтың кандидатурасын «КЕGOC» АҚ Филиалдармен және ЕБҰ-мен жұмыс жөніндегі басқарушы директоры лауазымына тағайындауды келісу туралы.

Директорлар кеңесімен «KEGOC» АҚ басқарушы қызметкерлерін тағайындауды келісу ережесіне сәйкес Директорлар кеңесі Жеңіс Шылбынұлы Тұяқовтың кандидатурасын «КЕGOC» АҚ Филиалдармен және ЕБҰ-мен жұмыс жөніндегі басқарушы директоры лауазымына тағайындауды келісті.



8.   «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитетінің қызметі туралы 2008 жылғы есепті қарау.

Директорлар кеңесі «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің аудит жөніндегі комитеті туралы ережеге сәйкес «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитетінің қызметі туралы 2008 жылға есебін назарға алды.


9.   «KEGOC» АҚ Ішкі аудит қызметінің Жұмыс тәртібіне өзгерістерді бекіту туралы.

«KEGOC» АҚ Жарғысының 10-бабының 4-тармағы 9) тармақшасын, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі туралы ереженің 9-тармағы 9) тармақшасын, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 53-бабының 2-тармағы 10) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Директорлар кеңесі «KEGOC» АҚ Ішкі аудит қызметінің Жұмыс тәртібіне өзгерістерді бекітті.


10. «KEGOC» АҚ Ішкі аудит қызметінің штаттық кестесін бекіту туралы.

Директорлар кеңесі «KEGOC» АҚ Жарғысының 10-бабының 4-тармағы 9) тармақшасына, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі туралы ереженің 9-тармағының 9) тармақшасына, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 53-бабының 2-тармағы 10) тармақшасына сәйкес «KEGOC» АҚ Ішкі аудит қызметінің штаттық кестесін бекітті.


11. «KEGOC» АҚ Ішкі аудит қызметінің еңбеккерлеріне төленетін еңбек ақының мөлшерін белгілеу

Директорлар кеңесі «KEGOC» АҚ Жарғысының 10-бабының 4-тармағы 9) тармақшасына, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі туралы ереженің 9-тармағының 9) тармақшасына, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 53-бабының 2-тармағы 10) тармақшасына сәйкес «KEGOC» АҚ Ішкі аудит қызметі еңбеккерлерінің лауазымдық айлық ақыларын бекітті.


Директорлар кеңесі 2009 жылғы 28 тамызда (№9 хаттама) сырттай дауыс беру арқылы күн тәртібінің 7 мәселесі бойынша шешім қабылдады:
1.   «KEGOC» АҚ-ның қызметі туралы 2008 жылға есебін қарау

«KEGOC» АҚ Жарғысының 10-бабының 4-тармағы 40) тармақшасын, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі туралы ереженің 9-тармағының 40) тармақшасын, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 53-бабының 2-тармағы 20) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Директорлар кеңесі 2008 жылға «KEGOC» АҚ-ның қызметі туралы есепті мақұлдады.


2.  2009 жылғы 1-ші жарты жылдыққа «KEGOC» АҚ басқарушылық есептеме жүйесін енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы есепті қарады

Директорлар кеңесі 2009 жылғы 1-ші жарты жылдыққа «KEGOC» АҚ Басқарушылық есептеме жүйесін енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы есепті назарға алды.



3.  2008 жылғы Инвестициялық бағдарламаны іске асыру туралы есепті қарау

«KEGOC» АҚ Инвестициялық саясатының 8.6.4-тармақшасын басшылыққа ала отырып, Директорлар кеңесі 2008 жылғы Инвестициялық бағдарламаны іске асыру туралы есепті назарға алды.


4.   «Б ЭМЖ KEGOC 00-600-08 Басшылық. Экологиялық менеджмент жүйесі» басшылығына өзгерістерді бекіту туралы.

«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 53-бабының 2-тармағы 20) тармағын басшылыққа ала отырып, Директорлар кеңесі Б ЭМЖ KEGOC 00-600-07 Басшылық. Экологиялық менеджмент жүйесі басшылығына өзгерістерді келісті.


5.  Бірдейлендіру мақсатында менеджмент жүйесін ISO 9001:2008, ISO 14001:2004 және OHSAS 18001:2007 стандарттары талаптарына сертификаттау саласындағы қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру жөнінде шешім қабылдау туралы (байқау аудиті).

«Самрұқ-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен (2009ж.14.01. №7 хаттама) бекітілген «Самрұқ-Қазына» АҚ мен дауыс беруші акцияларының (қатысу үлесінің) елу және одан да көп пайызы «Самрұқ-Қазына» АҚ-ға тікелей немесе жанама тиесілі заңды тұлғалардың сатып алуды жүзеге асыруының бірыңғай ережелерінің 107-тармағы 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Директорлар кеңесі бірдейлендіру мақсатында Қазақстан Республикасындағы «ТЮФ Тюринген» бірлесіп, «Интерсертифика-ТЮФ» ААҚ-дан менеджмент жүйесін ISO 9001:2008, ISO 14001:2004 және OHSAS 18001:2007 стандарттарының талаптарына сәйкестігіне сертификаттау саласындағы (байқау аудиті) қызметтерді бір көзден (тікелей сатып алу) сатып алуды жүзеге асыруға шешім қабылдады.


6.  «KEGOC» АҚ Ішкі аудит қызметінің жұмысы жөнінде 2009 жылғы 1-тоқсандағы есебін қарау туралы.

«KEGOC» АҚ Ішкі аудит қызметінің Жұмыс тәртібінің 35-тармағына сәйкес Директорлар кеңесі «KEGOC» АҚ Ішкі аудитінің жұмысы туралы 2009 жылғы 1-тоқсандағы есебін назарға алды.


7.  «KEGOC» АҚ Ішкі аудит қызметінің еңбеккерлеріне 2009 жылғы 1-тоқсандағы жұмыс қорытындылары бойынша сыйлықақы беру туралы

Директорлар кеңесі «KEGOC» АҚ Жарғысының 10-бабының 4-тармағы 9) тармақшасына, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі туралы ереженің 9-тармағының 9) тармақшасына, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 53-бабының 2-тармағы 10) тармақшасына сәйкес «KEGOC» АҚ Ішкі аудит қызметі еңбеккерлерінің 2009 жылғы 1-тоқсан қорытындылары бойынша алдыға қойған мақсаттарын орындауына берілген бағаны бекітті, «KEGOC» АҚ Ішкі аудит қызметінің еңбеккерлеріне 2009 жылғы 1-тоқсан қорытындылары бойынша сыйлықақы беру туралы шешім қабылдады.



Директорлар кеңесінің 2009 жылғы 20 қазандағы отырысында (№10 хаттама) күн тәртібінің 6 мәселесі бойынша шешім қабылдады:
1.  «KEGOC» АҚ Атқарушы дирекциясының кейбір мәселелері туралы

Директорлар кеңесі Қоғамның Жарғысының 10-бабы, 4-тармақшасының 7), 8) тармақшаларына, «KEGOC» АҚ-ның Директорлар кеңесі туралы ереженің 9-тармағының 7), 8) тармақшаларына, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 53-бабының 2-тармағы 8), 9) тармақшаларына сәйкес Атқарушы органның бұрын сайлаған мүшесі Сергей Ирманович Катышевтың өкілеттігі тоқтатылды. «KEGOC» АҚ Атқарушы органының құрамы сегіз адам болып анықталды. Сонымен бірге, Ботабеков Айбек Төлеубекұлы – «KEGOC» АҚ Экономика жөніндегі басқарушы директоры, Тұяқов Жеңіс Шылбынұлы – «KEGOC» АҚ Филиалдармен және ЕБҰ-мен жұмыс жөніндегі басқарушы директоры «KEGOC» АҚ атқарушы органының (басқарма) мүшелері болып сайланды. Директорлар кеңесі «KEGOC» АҚ Атқарушы органы мүшелерінің лауазымдық айлықақылары, оларға еңбек ақы мен сыйлықақы төлеу шарттары айқындалды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет