2009 жылғА «электр желілерін басқару жөніндегі қазақстан компаниясы» АҚ директорлар кеңесінің Қызметі туралы есеп астана 2010 ж. Кіріспе



бет1/3
Дата19.06.2016
өлшемі402.07 Kb.
#148182
  1   2   3



«ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІН БАСҚАРУ ЖӨНІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН КОМПАНИЯСЫ» (KAZAKHSTAN

ELECTRICITY GRID OPERATING COMPANY) «KEGOC» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ


2009 ЖЫЛҒА

«ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІН БАСҚАРУ ЖӨНІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН КОМПАНИЯСЫ» АҚ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ

ЕСЕП

Астана 2010 ж.


КІРІСПЕ
«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 2009 жылғы осы есебі «KEGOC» АҚ Корпоративтік басқару кодексі талаптарын орындау үшін дайындалған.

«Директорлар кеңесінің қызметі» деген бірінші бөлігінде отырыстардың саны мен күн тәртібі, 2009 жылғы кезеңде қаралған мәселелер, Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер туралы ақпарат, Директорлар кеңесінің 2009 жылғы жұмыс жоспарының орындалуы туралы ақпарат берілген.

Есептің екінші бөлігінде «KEGOC» АҚ Корпоративтік хатшысының есебі берілген.

Тұтастай алғанда, Есептің мазмұны мен құрамы Директорлар кеңесінің мүшелерін, Директорлар кеңесі комитеттерінің және Корпоративтік хатшының 2009 жылғы қызметі туралы дұрыс, толық және түсінікті ақпаратпен қамтамасыз ететіндей түрде берілген.



2009 жылғы 1 қаңтардағы жай-күй бойынша «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы:

Құлыбаев Тимур Асқарұлы


- «Самұрық-Қазына» АҚ Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, Директорлар кеңесінің төрағасы

Тұрғанов Дүйсенбай Нұрбайұлы


- Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі

Дәукеев Ғұмарбек Жүсіпбекұлы

- Алматы энергетика және байланыс институтының ректоры, тәуелсіз директор

Бозымбаев Қанат Алдабергенұлы


- «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» АҚ-ның Президенті

Балтабаев Базарбай Қабдолұлы


- «ҚР Аудиторлар палатасы» вице-президенті, тәуелсіз директор

Ноғайбай Заңғар Мақсұтұлы

- «Самұрық-Қазына» АҚ Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Нормативтік құқықтық жұмыс департаменті директорының орынбасары



2009 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы:


Құлыбаев Тимур Асқарұлы

Тұрғанов Дүйсенбай Нұрбайұлы

Дәукеев Ғұмарбек Жүсіпбекұлы

Балтабаев Базарбай Қабдолұлы

Акчулаков Болат Оралұлы

Сәтқалиев Алмасадам Майданұлы




- «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, Директорлар кеңесінің төрағасы

- Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі

- Алматы энергетика және байланыс институты, тәуелсіз директор
- «ҚР Аудиторлар палатасы» ПАО вице-президенті, тәуелсіз директор
- «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарушы директоры

- «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» АҚ-ның Президенті



«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің қызметі туралы

2009 жылға «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің қызметі туралы есеп «Самұрық» Холдинг» АҚ-ның 2007 жылғы 2 қазандағы № 134-п бұйрығымен бекітілген «KEGOC» АҚ Корпоративтік басқару кодексінің 129-тармағының талаптарына сәйкес ұсынылады.

2009 жылы Директорлар кеңесі 12 отырыс өткізді, олардың 7-еуі күндізгі нысанда және 5-еуі сырттай нысанда өткізілді. 2009 жылы Директорлар кеңесі 82 мәселені қарады.

Әр директордың Директорлар кеңесінің отырыстарына қатысуы пайызбен бергенде мынадай:



Ескерту: Құлыбаев Т.А. – 12-нің 10-ы - 80%; Тұрғанов Д.Н. –12-нің 11-і – 90%; Дәукеев Г.Ж. – 12-нің 12-сі – 100%; Балтабаев Б.К. – 12-нің 12-і – 100%; Бозымбаев Қ.А. –10-ның 9-ы – 90%; Сәтқалиев А.М. – 2-нің 2-і – 100%; Акчулаков Б.У. – 5-тің 5-і – 100%; Ноғайбай З.М. – 7-нің 7-і – 100%;


Өткізілген отырыстардың қорытындылары бойынша мына мәселелер қаралды:

1.  Электр энергиясын сатып алуды жүзеге асыру туралы.

2.  Конкурстар мен тендерлердің қорытындыларын бекіту туралы.

3.  «KEGOC» АҚ әкімшілік-басқарушы қызметкерлеріне еңбек ақы мен сыйлықақы төлеу ережесіне» өзгерістер енгізу.

4.  «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы «KEGOC» АҚ-ның басқарушы қызметкерлеріне бір жылдағы жұмыс қорытындылары бойынша сыйақы төлеу ережесіне» өзгерістер енгізу.

5.  «KEGOC» АҚ Атқарушы дирекциясының қызметкерлеріне еңбек ақы төлеу схемасын бекіту туралы.

6.  «KEGOC» АҚ Атқарушы органының басшысы мен мүшелерінің, Корпоративтік хатшысының, Ішкі аудит қызметінің басшысы мен еңбеккерлерінің лауазымдық айлық ақы мөлшерлерін белгілеу.

7.  «KEGOC» АҚ-ның басқарушылық және қаржылық есепке алу жүйелерін дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған қағидалары» ережесіне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

8. «KEGOC» АҚ Басқарушылық есептемесі жүйесін енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру туралы 2008 жылғы 2-ші жарты жылдыққа есеп беру.

9. «KEGOC» АҚ-ның 2008 жылға арналған Корпоративтік басқару кодексін енгізу және корпоративтік басқару рейтингін алу жөніндегі іс-шаралар жоспарының» орындалу барысы туралы ақпаратты қарау туралы және 2008 жылғы 4-тоқсанға «Сай бол немесе түсіндір» деген толтырылған нысанды ұсына отырып, тәжірибе мен ішкі құжаттардың Корпоративтік басқару кодексінің ережелеріне сәйкестігі туралы талдамалы ақпаратты қарау туралы»

10. Бақытжан Төлеуқажыұлы Қажиевтың кандидатурасын «KEGOC» АҚ-ның вице-президенті лауазымына тағайындауды келісу туралы

11. Атқарушы органның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату, Атқарушы органның мүшелерін сайлау, Атқарушы органның жаңадан сайланған мүшелерінің лауазымдық айлық ақы мөлшері мен еңбек ақы төлеу шарттарын белгілеу туралы.

12.   Тендерлердің қорытындыларын назарға алу туралы.

13.   «KEGOC» АҚ-ның 2009 жылғы қаржылық есептемесіне аудит жүргізу жөніндегі аудиторлық ұйымдардың қызметтеріне төленетін ақының мөлшерін белгілеу туралы.

14.   «KEGOC» АҚ-да сатып алуды жүзеге асыруға жауапты адамды келісу туралы.

15.   «KEGOC» АҚ Корпоративтік хатшысына 2008 жылғы 4-тоқсанға сыйлықақы беру туралы.

16.   Ішкі аудит қызметінің 2009 жылға арналған жылдық аудиторлық жоспарын бекіту.

17.   «KEGOC» АҚ Ішкі аудит қызметінің жұмыс тәртібіне толықтырулар енгізу туралы

18.   С.К.Сәлімді «KEGOC» АҚ Ішкі аудит қызметі операциялық және қаржылық аудит бөлімінің бас аудиторы (IT-аудит саласында) лауазымына тағайындау туралы

19. 2008 жылғы 3-тоқсанға «KEGOC» АҚ Ішкі аудит қызметінің жұмысы туралы есепті қарау туралы.

20. «KEGOC» АҚ Ішкі аудит қызметінің еңбеккерлеріне 2008 жылғы 3-тоқсан қорытындылары бойынша сыйлықақы беру туралы.

21.   Директорлар кеңесінің отырысында төрағалық ететін адамды сайлау туралы.

22.   «KEGOC» АҚ мен Еуразиялық даму банкі арасында кепіл шартын жасау туралы.

23.    «KEGOC» АҚ-ның «Батыс транзит» АҚ электр тораптарының (ЭЖЖ мен ҚС) жабдықтарына пайдалану жөнінде қызмет көрсету жөнінде шарт жасауы туралы.

24.   Директорлар кеңесінің отырысында төрағалық ететін адамды сайлау туралы.

25.   «Батыс транзит» АҚ-ның желілерін бойынша электр энергиясын жеткізу жөнінде қызмет көрсетуге шарт жасау туралы.

26.   «KEGOC» АҚ мен «Батыс транзит» АҚ арасында «Батыс транзит» АҚ-ның инфрақұрылымдық облигацияларын сатып алу туралы шарт жасау туралы.

27.   2008 жылғы «KEGOC» АҚ-ның жылдық қаржылық есептемесін алдын ала бекіту туралы

28.   «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 2009 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы.

29.   «KEGOC» АҚ Атқарушы дирекциясының Ұйымдық құрылымын бекіту туралы.

30.   «KEGOC» АҚ Атқарушы дирекциясының қызметкерлеріне еңбек ақы төлеу схемасын бекіту туралы.

31.  «KEGOC» АҚ Атқарушы дирекциясы қызметкерлерінің штатын (жалпы санын) бекіту туралы.

32.   2008 жылғы 4-ші тоқсанға «KEGOC» АҚ Ішкі аудит қызметінің жұмысы туралы есепті қарау туралы.

33.  «KEGOC» АҚ Ішкі аудит қызметінің еңбеккерлеріне 2008 жылғы 4-тоқсандағы жұмыс қорытындылары бойынша сыйлықақы беру туралы.

34.   2008 жылға «KEGOC» АҚ Ішкі аудит қызметінің жұмысы туралы есепті қарау туралы.

35.   «KEGOC» АҚ Даму жоспарлары мен Бюджеттерін әзірлеу, келісу, бекіту және мониторингтеу ережесін бекіту туралы.

36.   «KEGOC» АҚ елеулі корпоративтік оқиғалар саласындағы саясатын бекіту туралы.

37.   Тәуекелдерді басқару жөніндегі құжаттарды бекіту туралы.

38.   2009 жылғы 1-тоқсанға «KEGOC» АҚ басқарушылық есептеме жүйесін енгізу туралы іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы есеп.

39.   «KEGOC» АҚ Корпоративтік хатшысына 2009 жылғы 1-тоқсандағы жұмыс қорытындылары бойынша сыйлықақы беру туралы.

40. «KEGOC» АҚ-ның 2009 жылға арналған бюджетіне өзгерістер енгізу

41.   «KEGOC» АҚ-ның 2008-2010 жылдарға арналған даму жоспарын іске асыру туралы 2008 жылға берілген есепті қарау.

42.   «KEGOC» АҚ мекемелерін басқару туралы есепті қарау, сондай-ақ мекемелердің қаржы-шаруашылық қызметі нәтижелерінің «KEGOC» АҚ-ның 2008 жылғы қызмет көрсеткіштеріне әсері туралы.

43.   Күн тәртібінің «KEGOC» АҚ-да сатып алуды жүзеге асыруға жауапты адамды келісу туралы» 5-ші мәселесі бойынша Директорлар кеңесінің 2009ж.25.02. шешіміне (№2 хаттама) өзгерістер енгізу туралы.

44.   Айбек Төлеубекұлы Ботабековтің кандидатурасын «KEGOC» АҚ-ның Экономика жөніндегі басқарушы директоры лауазымына тағайындауды келісу туралы

45.   Валерий Константинович Лидің кандидатурасын «KEGOC» АҚ-ның Жүйелік қызметтер және МТҚ жөніндегі басқарушы директоры лауазымына тағайындауды келісу туралы

46.   Владимир Григорьевич Осоченконың кандидатурасын «КЕGOC» АҚ-ның ҰЭТ-ны дамыту жөніндегі басқарушы директоры лауазымына тағайындауды келісу туралы.

47.   Жеңіс Шылбынұлы Тұяқовтың кандидатурасын «KEGOC» АҚ-ның Филиалдармен және ЕБҰ-мен жұмыс жөніндегі басқарушы директоры лауазымына тағайындауды келісу туралы

48.   2008 жылға «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитетінің қызметі туралы есепті қарау туралы.

49.   «KEGOC» АҚ Ішкі аудит қызметінің жұмыс тәртібіне өзгерістерді бекіту туралы.

50. «KEGOC» АҚ Ішкі аудит қызметінің штаттық кестесін бекіту туралы.

51. «KEGOC» АҚ Ішкі аудит қызметі еңбеккерлерінің еңбек ақы мөлшерін белгілеу.

52. 2008 жылға «KEGOC» АҚ қызметі туралы есепті қарау.

53. 2009 жылғы 1-ші жарты жылдыққа «KEGOC» АҚ Басқарушылық есептеме жүйесін енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы есепті қарау.

54.  2008 жылғы Инвестициялық бағдарламаны іске асыру туралы есепті қарау.

55.  «Б ЭМЖ KEGOC 00-600-08 Басшылық. Экологиялық менеджмент жүйесі» басшылығына өзгерістерді бекіту туралы.

56.  Бірдейлендіру мақсатында менеджмет жүйесін ISO 9001:2008, ISO 14001:2004 және OHSAS 18001:2007 стандарттарының талаптарына сәйкестігін сертификаттау саласында қызметтерді тікелей сатып алуды жүзеге асыру жөнінде шешім қабылдау туралы (байқау аудиті).

57.  2009 жылғы 1-тоқсанға «KEGOC» АҚ-ның Ішкі аудит қызметінің жұмысы туралы есепті қарау туралы.

58.  2009 жылғы 1-тоқсандағы жұмыс қорытындылары бойынша «KEGOC» АҚ Ішкі аудит қызметінің еңбеккерлеріне сыйлықақы беру туралы

59.  «KEGOC» АҚ Атқарушы органының кейбір мәселелері туралы.

60.  2008 жылға «KEGOC» АҚ-ның басқарушы қызметкерлерінің бастапқы жеке қызмет көрсеткіштерінің орындалуы туралы.

61.  2008 жылға Директорлар кеңесінің қызметі жөніндегі есепті қарау туралы.

62.  «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің комитеттері туралы.

63.  «KEGOC» АҚ Корпоративтік хатшысының лауазымдық айлық ақысының мөлшерін және сыйақы беру шарттарын белгілеу туралы.

64.  «KEGOC» АҚ Ішкі аудит қызметінің 2009 жылға арналған жылдық аудиторлық жоспарына қосымша тапсырмаларды енгізу туралы.

65.  «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы туралы.

66.  Орналастыру, соның ішінде жарияланған акциялардың саны шегінде «KEGOC» АҚ-ның орналастырылатын (іске асырылатын) жай акцияларының саны, тәсілі мен оларды орналастыру (іске асыру) бағасы туралы

67.  «KEGOC» АҚ-ның 2009 жылға арналған бюджетіне өзгерістер енгізу.

68.  «KEGOC» АҚ-ны дамытудың 2010 жылға арналған жоспарын бекіту.

69.  Жасалуында Қоғамның мүддесі бар мәмілелерді жасау туралы.

70.  «KEGOC» АҚ-ның басқарушы қызметкерлерінің 2009 жылға арналған бастапқы жеке қызмет көрсеткіштерін бекіту туралы.

71.  «KEGOC» АҚ Атқарушы дирекциясы (орталық аппараты) қызметкерлерінің лауазымдық айлық ақы схемасын бекіту утралы.

72.  Атқарушы орган басшысы мен мүшелерінің, «KEGOC» АҚ Ішкі аудит қызметінің басшысы мен еңбеккерлерінің, «KEGOC» АҚ Корпоративтік хатшысының лауазымдық айлық ақыларының мөлшерлерін белгілеу

73.  2009 жылғы 3-тоқсанға «KEGOC» АҚ Басқарушылық есептеме жүйесін ендіру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы жөніндегі есепті қарау туралы

74.  2009 жылғы 9 айға «KEGOC» АҚ басқарушылық есептеме жүйесін енгізу бойынша іс-шаралар жоспарының орындалуы жөніндегі есепті қарау туралы.

75.  2009 жылғы 1-тоқсанға Инвестициялық бағдарламаның іске асырылуы туралы есепті қарау туралы.

76.  Тәуекелдерді басқару жөніндегі құжаттарды бекіту туралы.

77.  СТ KEGOC 00-405-09 «Ұйым стандарты. «KEGOC» АҚ-ның ішкі бақылау жүйесі стандартын бекіту туралы.

78.  «KEGOC» АҚ-ның Ішкі аудит қызметі туралы ережені жаңа редакцияда бекіту туралы

79. «KEGOC» АҚ-да ішкі аудитті ұйымдастыру жөніндегі ережені жаңа редакцияда бекіту туралы

80. «KEGOC» АҚ Ішкі аудит қызметінің штаттық кестесін өзгерту туралы.

81. Е.М. Амерхановты «KEGOC» АҚ Ішкі аудит қызметі операциялық және қаржылық аудит бөлімінің аға аудиторы лауазымына тағайындау туралы, Е.М. Амерхановтың лауазымдық айлық ақысын белгілеу

82. ІАҚ операциялық және қаржы аудиті бөлімінің аудиторы М.Ж.Таубаевты ІАҚ-ның комплайенс-аудит бөліміне ауыстыру, М.Ж.Таубаевтың лауазымдық айлық ақысын белгілеу туралы
Директорлар кеңесінің 2009 жылғы жұмыс жоспарының орындалуы туралы ақпарат
Директорлар кеңесінің 2009 жылға арналған жұмыс жоспарын (бұдан әрі – Жоспар) 2009 жылғы 28 сәуірде «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі бекітті.

2009 жылға арналған жоспарда 39 мәселені қарау көзделді. Директорлар кеңесі 2009 жылы жоспардан тыс 43 мәселелерді қарады.

Кеңестің 2009 жылға арналған бекітілген жоспары барлық тармақтары бойынша 100%-ға орындалды.
«KEGOC» АҚ-ның Директорлар кеңесі қараған мәселелер туралы толық ақпарат төменде көрсетілген.
2009 жылғы 28 қаңтарда болған Директорлар кеңесінің отырысында (№1 хаттама) күн тәртібінің 9 мәселесі бойынша шешімдер қаралып, қабылданды:
1.  Электр энергиясын сатып алуды жүзеге асыру туралы.

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның 2008 жылғы 21 қарашадағы № 3-п бұйрығына сәйкес «KEGOC» АҚ-ның Директорлар кеңесі белгіленген тәртіпте «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 2008ж.20.11. шешімімен (№10 хаттама) бекітілген Компанияның 2009 жылға арналған бюджеті және «KEGOC» АҚ 2009ж.15.01. №5 бұйрығымен бекітілген 2009 жылға арналған сатып алу жоспары шеңберінде, мыналарды сатып алуды келісті:

- «KEGOC» АҚ «Шығыс ЖЭТ», «Солтүстік ЖЭТ», «Орталық ЖЭТ», «Сарыбай ЖЭТ», «Ақмола ЖЭТ», «Алматы ЖЭТ» және «Шымкент ЖЭТ» филиалдарының мұқтаждықтарына және электр тораптарындағы технологиялық шығысты қарымталау үшін «Екібастұз МАЭС-2 станциясы» АҚ-дан 2009 жылғы 1-тоқсанға 771 312 866 кВт.сағ. көлемінде ҚҚС-ты есепке алмағанда 2 144 249 767,48 теңге сомасына электр энергиясын;

- электр тораптарындағы технологиялық шығысты қарымталау үшін және «KEGOC» АҚ-ның «Ақтөбе ЖЭТ» филиалының Ақтөбе энергия торабындағы шаруашылық мұқтаждықтары үшін «ИНТЕР РАО «Центральная Азия» ЖШС-дан 2009 жылғы 1-тоқсанға 12 317 610 кВт.сағ. көлемінде, ҚҚС-ты есепке алмағанда 96 077 358 теңге сомасына электр энергиясын;

- «KEGOC» АҚ «Солтүстік ЖЭТ» филиалының «Мынкуль-Валиханово» энергия торабындағы технологиялық шығысты қарымталау үшін «ИНТЕР РАО «Центральная Азия» ЖШС-дан 2009 жылға 10 701 527 кВт.сағ. көлемінде ҚҚС-ты есепке алмағанда 83 471 910,60 теңге сомасына электр энергиясын;

- «ИНТЕР РАО «Центральная Азия» ЖШС-дан 10 000 000 кВт.сағ. көлемінде ҚҚС-ты есепке алмағанда 78 000 000 теңге сомасына Ресей Федерациясынан келетін жоспардан тыс электр энергиясын.



2.  Конкурс пен тендерлердің қорытындыларын бекіту туралы.

2009 жылғы 12 қаңтардағы «Самұрық-Қазына» АҚ-ның еншілес және бағынысты ұйымдарында сатып алуды ұйымдастыру мәселесі жөніндегі хаттаманың 1.11-тармағына сәйкес «KEGOC» АҚ-ның Директорлар кеңесі мына хаттамаларға сай сатып алу қорытындыларын назарға алды:

1) №20-162-3 «500 кВ «Алма» ҚС-ның өндірістік мақсаттағы ғимаратын салуға жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу» жұмыстарын сатып алу жөніндегі конкурс тәсілімен өткізілген мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы;

2) №20-09-2 «KEGOC» АҚ-ның филиалдары үшін ӘЖ-ге арналған оқшаулатқыштарды 9 лот бойынша сатып алу жөніндегі ашық тендердің қорытындылары туралы;

3) №20-11-2 «KEGOC» АҚ-ның филиалдары үшін қосалқы бөлшектерді 30 лот бойынша сатып алу жөніндегі ашық тендер қорытындылары туралы;

4) №20-13-2 «KEGOC» АҚ филиалдары үшін майларды 11 лот бойынша сатып алу жөніндегі ашық тендер қорытындылары туралы;

5) №20-12-2 «KEGOC» АҚ филиалдары үшін желілік-аспалы арматураны 8 лот бойынша сатып алу жөніндегі ашық тендер қорытындылары туралы;

6) №20-14-2 «KEGOC» АҚ филиалдары үшін жоғары вольттық ендірмелерді 7 лот бойынша сатып алу жөніндегі ашық тендер қорытындылары туралы.


3.  «KEGOC» АҚ әкімшілік-басқарушы қызметкерлеріне еңбек ақы мен сыйлықақы төлеу ережесіне» өзгерістер енгізу.

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен (2008ж.08.10. №8 хаттама) бекітілген «KEGOC» АҚ әкімшілік-басқарушы қызметкерлеріне еңбек ақы мен сыйлықақы төлеу ережелеріне өзгерістерді бекітті. Өзгерістерді енгізу «Самұрық-Қазына» Ұлттыөқ әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 12 қарашадағы №1048 қаулысымен негізделген.



4.  «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» «KEGOC» АҚ-ның басқарушы қызметкерлеріне бір жылдағы жұмыс қорытындылары бойынша сыйақы төлеу ережесіне» өзгерістер енгізу.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңесті құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007ж.07.05. №363 Қаулысының жекелеген ережелерінің күші жойылғандығына байланысты Директорлар кеңесі «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен (2007ж.13.06. №4 хаттама) «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» АҚ-ның басқарушы қызметкерлеріне бір жылдағы жұмыс қорытындылары бойынша сыйақы төлеу ережесіне өзгерістерді бекітті.



5.  «KEGOC» АҚ Атқарушы дирекциясының қызметкерлеріне еңбек ақы төлеу схемасын бекіту туралы.

«KEGOC» АҚ-ның Жарғысына, «KEGOC» АҚ-ның Директорлар кеңесі туралы ережеге сәйкес Директорлар кеңесі «KEGOC» АҚ Атқарушы дирекциясының қызметкерлеріне еңбек ақы төлеу схемасын бекітті. Сонымен бірге, Директорлар кеңесі «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен (2006ж.22.12. №7 хаттама) бекітілген «KEGOC» АҚ Атқарушы дирекциясының қызметкерлеріне еңбек ақы төлеу туралы ереженің 5-тармағының күші жойылды деп танылды.



6.  Атқарушы органының басшысы мен мүшелерінің, «KEGOC» АҚ Корпоративтік хатшысының, Ішкі аудит қызметінің басшысы мен қызметкерлерінің лауазымдық айлық ақыларының мөлшерін белгілеу.

«KEGOC» АҚ Атқарушы дирекциясының қызметкерлеріне еңбек ақы төлеу схемасын бекітуге байланысты «KEGOC» АҚ-ның Директорлар кеңесі «KEGOC» АҚ-ның Жарғысын, Директорлар кеңесі туралы ережені басшылыққа ала отырып, Атқарушы орган басшысы мен мүшелерінің, «KEGOC» АҚ Корпоративтік хатшысының, Ішкі аудит қызметі басшысы мен қызметкерлерінің лауазымдық айлық ақы мөлшерін, сондай-ақ еңбек ақы мен сыйлықақы төлеу шарттарын айқындады.



7.  «KEGOC» АҚ-ның басқарушылық және қаржылық есепке алу жүйесін дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған қағидалары» ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

«ПрайсуотерхаусКуперс» ЖШС консультанттарының ұсынымдарына сәйкес Директорлар кеңесі «KEGOC» АҚ-ның басқарушылық және қаржылық есепке алу жүйесін дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған қағидалары» ережелеріне толықтырулар мен өзгерістерді бекітті.


8. «KEGOC» АҚ Басқарушылық есептеме жүйесін енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру туралы 2008 жылғы 2-ші жарты жылдыққа есеп беру.

Директорлар кеңесі 2008 жылғы 2-ші жарты жылдыққа «KEGOC» АҚ Басқарушылық есептеме жүйесін ендіру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы есепті назарға алды.


9. «KEGOC» АҚ 2008 жылға арналған Корпоративтік басқару кодексін енгізу және корпоративтік басқару рейтингін алу жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалу барысы жөніндегі ақпартты қарау туралы және «Сай бол немесе түсіндір» деген толтырылған нысанды ұсына отырып, тәжірибе мен ішкі құжаттардың Корпоративтік басқару кодексінің ережелеріне сәйкестігі туралы 2008 жылғы 4-тоқсандағы талдамалы ақпаратты қарау туралы»

Директорлар кеңесі «KEGOC» АҚ Корпоративтік басқару кодексін енгізу және корпоративтік басқару рейтингін алу жөніндегі 2008 жылға арналған іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпаратты және тәжірибе мен ішкі құжаттардың Корпоративтік басқару кодексінің ережелеріне сәйкестігі туралы ақпаратты назарға алды.


Директорлар кеңесінің 2009 жылғы 25 ақпандағы отырысында (№2 хаттама) күн тәртібінің 11 мәселесі бойынша шешім қаралып, бекітілді:
1. Бақытжан Төлеуқажыұлы Қажиевтың кандидатурасын «KEGOC» АҚ-ның вице-президенті лауазымына тағйындауды келісу туралы

«KEGOC» АҚ басқарушы қызметкерлерін тағайындауды «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесімен келісу ережесіне сәйкес Директорлар кеңесі Бақытжан Төлеуқажыұлы Қажиевтың кандидатурасын «KEGOC» АҚ-ның вице-президенті лауазымына тағайындауды келісті.


2. Атқарушы орган мүшелерінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату, Атқарушы органның мүшелерін сайлау, Атқарушы органның жаңадан сайланған мүшесінің лауазымдық айлық ақы мөлшері мен еңбек ақы төлеу шарттарын белгілеу туралы

Директорлар кеңесі Қоғамның Жарғысына, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі туралы ережеге, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Атқарушы органның (басқарма) бұрын сайланған мүшесі вице-президент Абат Аманұлы Ақмұрзиннің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Директорлар кеңесі «KEGOC» АҚ Атқарушы органының (Басқарма) мүшесі етіп Бақытжан Төлеуқажыұлы Қажиевты сайлау туралы шешім қабылдады, Қоғамның жаңадан сайланған мүшесіне еңбек ақы мен сыйлықақы төлеу шарттары, лауазымдық айлық ақысы айқындалды.



3.   Тендерлердің қорытындыларын назарға алу туралы

2009 жылғы 12 қаңтардағы «Самұрық-Қазына»АҚ-ның еншілес және бағынысты ұйымдарында сатып алуды ұйымдастыру мәселесі жөніндегі мәжілістің хаттамасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасына сәйкес Директорлар кеңесі «KEGOC» АҚ-ның мемлекетаралық 500 кВ ӘЖ-ның негізгі қорғаныстарын қайта құру» жұмыстарын 3 лот бойынша сатып алу жөніндегі ашық тендер қорытындылары туралы № 20-18-2 және 1150 кВ «Екібастұз» ҚС релелік қорғау және автоматтандыру құралдарын қайта құру» жұмыстарын сатып алу жөніндегі ашық тендердің қорытындылары туралы № 20-19-2 хаттамаларға сәйкес сатып алу қорытындыларын назарға алды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет