Әскери прокуратура органдарындағы дене дайындығы жөніндегі нормативтер Жалпы ережелер



бет1/3
Дата01.07.2016
өлшемі493.47 Kb.
#171196
  1   2   3


Қазақстан Республикасы

Бас Прокурорының

2012 жылғы «31» мамырдағы

№ 67 бұйрығымен бекітілген



Әскери прокуратура органдарындағы

дене дайындығы жөніндегі нормативтер
1. Жалпы ережелер


  1. Қазақстан Республикасы әскери прокуратура органдарындағы дене дайындығы жөніндегі нормативтер (одан әрі - Нормативтер) Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңына, Қарулы Күштердің басқа да әскерлер мен әскери құралымдарының Ішкі қызмет жарғысына және Саптық жарғысына, Қазақстан Республикасы прокуратура органдары, ведомстволары және мекемелері қызметкерлерімен қызметтік және дене дайындығын ұйымдастыру Ережелеріне сәйкес әзірленді.

2. Әскери прокуратура органдарындағы дене дайындығы оқу сабақтары, спорттық-бұқаралық жұмыстар, сондай-ақ әскери прокуратура органдары қызметкерлерінің (одан әрі – әскери қызметшілер) өздік жаттығулары барысында ұйымдастырылады.

3. Әскери прокуратура органдарында дене дайындығын ұйымдастыру Бас әскери прокуратураның Штабына, аймақ және гарнизон әскери прокурорларына жүктеледі.

4. Дене дайындығы сабақтары үшін прокуратура, әскери басқару (келісім бойынша) органдарының спорттық залдары, алаңдары не дене шынықтыру және спортпен айналысуға жарамды өзге де орындар, сондай-ақ жалға алынатын спорт кешендері пайдаланылуы мүмкін.

5. Дене дайындығы сабақтары тақырыпқа, өтетін орынға және ауа райы жағдайына байланысты спорттық немесе әскери нысан киімдерінде жүргізіледі.

Киім нысаны: сабақтарда - жетекшімен, тексерулерде – тексеруді ұйымдастырушы тұлғамен айқындалады.

6. Дене дайындығы бойынша іс-шараларды ұйымдастыру үшін әскери қызметшілер жас шамасына қарай осы Нормативтердің №1 қосымшасына сәйкес топтарға бөлінеді.

7. Әскери қызметшілер дене шынықтыру жаттығуларымен жүйелі түрде айналысуға және қойылған міндеттерді орындауға ұдайы әзір болуға міндетті.

Сабақтарда дәлелді себептерсіз болмауы қызметтік міндеттерін орындаудан жалтару ретінде қаралады.

8. Денсаулығына байланысты денеге ауыр салмақ түсіруге болмайтын әскери қызметшілер тиісті медициналық анықтамалары болған жағдайда дене дайындығы сабақтары мен бақылау нормативтерін тапсырудан уақытша босатылады.

9. Дене дайындығы сабақтарында жарақаттану жағдайлардың туындауын болдырмау оқу үрдісін дұрыс ұйымдастыру, қауіпсіздік шараларын сақтау арқылы қамтамасыз етіледі.

10. Бас әскери прокуратура құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, аймақ және гарнизон әскери прокурорлары бағыныстағылардың сабаққа қатысуын қамтамасыз етуге тікелей жауапты.

2. Дене дайындығының бөлімдері

11. Әскери қызметшілердің дене дайындығы осы Нормативтердің №2 қосымшасына сәйкес оқу жылына арналған тақырыптар және сағаттарға сай ұйымдастырылады.

12. Дене дайындығы бағдарламасына келесі бөлімдер міндетті түрде енгізіледі:

Гимнастика және атлетикалық дайындық. Гимнастика және атлетикалық дайындық жаттығулары ептілікті, күштілікті, күш шыдамдылығын, икемділікті, тербеліс пен ауыртпалықтарға төзімділікті, кеңістікке бейімділікті дамытуға, батылдық пен табандылықты тәрбиелеуге, тік сымбатты, саптық жинақылықты және ықшамдылықты жетілдіруге бағытталады.

Жеңіл атлетика. Жеңіл атлетика сабақтары төзімділікті, жылдамдықты, жылдамдық-күштілік қасиеттерін дамытуға, жүру және жүгіру дағдыларын жетілдіруге, жігерлілік қасиеттеріне тәрбиелеуге бағытталған.

Спорттық қимыл ойын түрлері. Спорттық қимыл ойын сабақтары шапшаңдықты, ептілікті, жалпы және жылдамдық төзімділігін, кеңістікке бейімділікті дамытуға; ұжым болып іс-қимыл жасау дағдыларын қалыптастыруға, табандылыққа, батылдыққа, бастамашылдыққа және тапқырлыққа тәрбиелеуге; ақыл-ой мен дененің жұмысқа қабілеттілігін сақтауға бағытталған.

13. Материалды-техникалық, климаттық және өзге де қажетті жағдайларға байланысты әскери прокуратура органдары бағдарламаға қосымша келесі бөлімдер қоса алады:



Шаңғы даярлығы. Шаңғы даярлығы бойынша сабақ шаңғыда қозғалу дағдыларын қалыптастыруға және жетілдіруге, төзімділікті дамытуға, жігерлілік қасиеттерін тәрбиелеуге, ағзаны шынықтыруға бағытталған. Шаңғы даярлығы бойынша сабақ Цельсий бағамы бойынша 15 градустан төмен емес температурада жүргізіледі;

Жүзу. Жүзу сабақтары жүзу дағдыларын қалыптастыруға, су ішінде ұстамды болуға және сабырлылық сақтауға тәрбиелеуге, жалпы төзімділікті дамытуға және ағзаны шынықтыруға бағытталған. Жүзу сабақтары тек жабық су-спорттық кешендерінде міндетті түрде білікті инструктордың қатысуымен өткізіледі;

Қоян-қолтық ұрыс тәсілдері. Қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін үйрену бойынша сабақтар қарсыластың шабуылынан өзін-өзі қорғауға, сондай-ақ батылдыққа, табандылыққа және өз күшіне сенімділікке тәрбиелеу үшін қажетті дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.

Әскери қызметшілерді қоян-қолтық ұрыс тәсілдеріне осы Нормативтердің №3 қосымшасына сәйкес оқу жылына арналған тақырыптар және сағаттарға сай ұйымдастырылады.

Қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін үйрену бойынша сабақтар осы саладағы білікті инструктордың қатысуымен өткізіледі.
3. Дене дайындығын тексеру және бағалау
14. Әр әскери қызметші оқу жылы бойында оқу бағдарламасының жаттығулары бойынша тексерілуі және бағалануы тиіс.

15. Тексеру лауазымды тұлғалармен не комиссиямен олардың өкілеттігіне сәйкес жүзеге асырылады.

16. Бақылау сабақтарында, инспекциялау кезінде, жоспарлы және жоспардан тыс тексерулерде әскери қызметшілер дене дайындығы бойынша нормативтерге сәйкес түрлі дене қасиеттері мен қолданбалы дағдыларды (күштілік, жылдамдық және төзімділік) сипаттайтын 3 жаттығу бойынша тексеріледі.

17. Әскери қызметшілерден дене дайындығы бойынша бақылау тестілері келесі нормативтерге сәйкес қабылданады:

осы Нормативтердің №4 қосымшасына сәйкес ерлер және әйелдерге арналған нормативтерге сай;

осы Нормативтердің №5 қосымшасына сәйкес жаттығуларды орындау шарттарына сай.

18. Дене дайындығы бойынша бағалар нормативтерді тапсыру ведомостарына қойылады.

19. VII топ ерлері (50 жас және одан жоғары), V топ әйелдері (40 жас және одан жоғары) осы Нормативтердің №6 қосымшасына сәйкес №1 және №2 жаттығулар бойынша бағаланады.

20. Тексеру үшін тағайындалған барлық жаттығуларды бөлімшенің жеке құрамы, әдетте, бір күн ішінде орындайды. Бөлімше құрамында 1 және 3 шақырымға жүгіру, тексерушінің шешімімен басқа күндері орындалуы мүмкін.

21. Жаттығуды орындау үшін бір әрекет мүмкіндігі беріледі. Жекелеген жағдайларда (орындай алмаған, құлаған және т.с. кездерде) тексеруші әскери қызметшіге жаттығуды қайтадан орындауға рұқсат беруі мүмкін. Жаттығуларды бағасын жақсарту мақсатында орындауға рұқсат берілмейді.

22. Тексеру барысында жаттығулар мынадай реттілікпен орындалады: шапшаңдықты тексеретін жаттығулар, күш жаттығулары, төзімділікті тексеретін жаттығулар. Жекелеген жағдайларда тексерушінің шешімімен жаттығулардың орындалу реттілігі өзгертілуі мүмкін. Ересек жас ерекшелігі топтарының әскери қызметшілеріне тексеру кезінде кіші жас ерекшелігі топтарына арналған жаттығуларды орындауға рұқсат етіледі.

23. Тағайындалған жаттығуды дәлелді себептерсіз орындамаған әскери қызметші «қанағаттанарлықсыз» деп бағаланады.

Сырқатына немесе жарақат алуына байланысты жаттығуларды орындау мүмкіндігі болмаған кезде тексеруші жаттығуды басқа жаттығулармен (төзімділікке арналған жаттығулардан басқа) ауыстыруы немесе әскери қызметшінің жеке дене дайындығын орындалған жаттығулар нәтижесімен бағалауы мүмкін.

Әскери қызметші төзімділікке арналған жаттығуларды орындаудан босатылған кезде оның дене даярлығы егер басқа жаттығулардан оң бағалары болса және кем дегенде бір бағасы «жақсыдан» төмен болмаса, «қанағаттанарлық» деп бағаланады.

Тексеруге дәлелді себептерсіз келмеген әскери қызметші тексеру аяқталғаннан кейін «қанағаттанарлықсыз» деп бағаланады.

24. Әскери қызметшінің дайындалғандығының бағасы тексеруге арналған 3 жаттығуларды (күштілік, жылдамдық және төзімділік) орындағаны үшін алған бағаларымен қосылып, мынадай бағалар анықталады:

«өте жақсы» – егер бағаларының екеуі «өте жақсы», ал біреуі – «жақсы»;

«жақсы» – егер бағалардың екеуі «жақсыдан» төмен емес, ал біреуі - «қанағаттанарлық»;

«қанағаттанарлық» – егер екеуі «қанағаттанарлықтан» төмен емес, бірақ бір бағасы «қанағаттанарлықсыз».

25. Бас әскери прокуратура құрылымдық бөлімшесін, аймақ және гарнизон әскери прокуратураларын дене дайындығы бойынша бағалау әскери қызметшілердің дайындық деңгейін бағалаудан құралып былайша анықталады:

«өте жақсы» - егер 90 % жақсы бағалар, оның ішінде тексерілгендердің жартысы және одан көбі «өте жақсы» деген баға алса;

«жақсы» - егер 80 % жақсы бағалар, оның ішінде тексерілгендердің жартысы және одан көбі «жақсы» деген баға алса;

«қанағаттанарлық» - егер 70 % жақсы бағалар болса.

26. Бас әскери прокуратураның жалпы дене дайындығы деңгейі тексерілген бөлімшелердің алған бағаларынан құралып, анықталады:

«өте жақсы» – егер тексерілген бөлімшедердің жартысы және одан көбі «өте жақсы» деген баға алса, ал қалғандары – «жақсы»;

«жақсы» – егер тексерілген бөлімшедердің жартысы және одан көбі «жақсыдан» төмен емес баға алса, ал қалғандары – «қанағаттанарлық»;

«қанағаттанарлық» – егер тексерілген бөлімшедердің біреуден көп емесі «қанағаттанарлықсыз» бағасын алса.

4. Жоспарлау, есепке алу және есеп беру
27. Дене дайындығын ұйымдастыру мәселелері Бас әскери прокуратура, аймақ және гарнизон әскери прокуратураларының жұмыс жоспарында көрсетіледі.

28. Әскери прокуратура органдарында дене дайындығы бойынша келесі құжаттар жүргізіледі:

дене дайындығын және спорт жұмыстарын ұйымдастыру бойынша ұйымдастыру-өкімдік құжаттар (бұйрық, өкім, нұсқау және т.б.);

оқу жоспары және жылдық сағаттар есебі;

сабақ жүргізу жоспар конспектілер;

осы Нормативтердің №7 қосымшасына сәйкес әскери қызметшілердің дене дайындығы бойынша нормативтерді тапсыру ведомосы;

оқу сабақ кестесі;

дене дайындығы бойынша сабақтарға қатысу және үлгерімді есепке алу журналы;

дене дайындығы және спорт жұмыстары бойынша хат алмасу құжаттары.

Қосымша дайындалған әдістемелік материалдар мен оқу құралдары ескеріледі.

29. Сабақ кестелерінде оларды өткізу күні, уақыты және орны, дене дайындығы бөлімінің атауы және тақырыбы, сабақ жетекшісінің аты-жөні көрсетіледі.

30. Дене дайындығы және спорт жұмыстары қорытындылары жыл сайын 1 шілдеге дейін бекітілген нысанда, оларды жетілдіру бойынша ұсыныстармен, Бас әскери прокуратураның Штабына жолданады.


1 қосымша

әскери прокуратура органдарындағы

дене дайындығы жөніндегі Нормативтерге
Әскери қызметшілердің жас шамасы бойынша топтары




Топтар

Жасы, жынысы


Ерлер

Әйелдер


1

I топ

25 жасқа дейін

25 жасқа дейін


2

II топ

25 - 29 жас

25 - 29 жас


3

III топ

30 - 34 жас

30 - 34 жас


4

IV топ

35 - 39 жас

35 - 39 жас


5

V топ

40 - 44 жас

40 жас және одан жоғары


6

VI топ

45 - 49 жас



7

VII топ

50 жас және одан жоғары


2 қосымша



әскери прокуратура органдарындағы

дене дайындығы жөніндегі Нормативтерге

Дене дайындығы бойынша оқу жылына

сабақтардың тақырыптары мен сағат есептері


р/с

Бөлімдер

Тақырыптары

Бір жылға сағаттардың жалпы саны

1

2

3

5

1




Гимнастика және атлетикалық дайындық

№ 1 еркін жаттығулар кешені

30 сағатқа дейін



№ 2 еркін жаттығулар кешені

Түрнекке тартылу

Кешенді-күштілік жаттығулары

Жалпы дене дайындығы

2




Жеңіл атлетика

Қысқа қашықтыққа жүгіру

30 сағатқа дейін



Орта қашықтыққа жүгіру

Ұзақ қашықтыққа жүгіру

Ұзындыққа секіру

3




Спорттық қимыл ойын түрлері

Футбол


30 сағатқа дейін



Волейбол


Баскетбол


Стол теннисі


4



Дайындықтың қосымша түрлері

(қажетті материалдық жағдайлар және инструктор мамандардың болуына байланысты)



Қоян-қолтық ұрыс тәсілдері


12 сағатқа дейін



Жүзу


Шаңғы

3 қосымша



әскери прокуратура органдарындағы

дене дайындығы жөніндегі Нормативтерге
Қоян-қолтық ұрыс тәсілдеріне үйрету бойынша оқу жылына

сабақтардың тақырыптары мен сағат есептері


р/с

Бөлімдер

Тақырыптары

Бір жылға сағаттардың жалпы саны

1

2

3

4

1

Соққылар және қорғану

Қолмен және аяқпен

соққылар жасау



2 сағатқа дейін

Соққылардан қорғану

2

Ауырту тәсілдері


Қолға ауырту тәсілдері

2 сағатқа дейін



Аяққа ауырту тәсілдері

3


Қыспақтан және құрсаудан босану

Мойын

2 сағатқа дейін

Дене

Қол

Аяқ

4

Лақтырып тастаулар


Аяқтан шалу

2 сағатқа дейін

Арқадан лақтыру

Жамбастан лақтыру

Бастан лақтыру

5


Қарсыластың шабуылынан қорғану

Суық не/немесе оқ қаруымен қаруланған

2 сағатқа дейін


Қоян-қолтық ұрыс тәсілдеріне үйрету бойынша сабақтардың мазмұны


  1. Соққылар және қорғану:

Соққылар қысқа жолмен, сермелмей, әдеттегідей, ең осал жерлерге: басқа, бұғанаға, қол мен аяқ буындарына, жүйкелер өрімі тұсына, бауырға, бүйрекке, қабырға астына, шапқа, сегізкөзге, жіліншікке және табанға беріледі;

Қол, аяқ, пышақ, жоғарыдан, төменнен, тіке, жанынан, құлаштай соққыларынан қорғану – қолмен шетке қарай қағып жіберу, соққыға алақанды, шынтақты немесе иықты тоса отырып, соққы астына кіріп кету, жалтару не артқа шегіну арқылы, табанды (өкшені, санды) тоса қоюмен орындалады.



  1. Ауырту тәсілдері:

Қолдарды ауырту тәсілдері:

қолды артқа қайыру – қарсыластың қолының білегінен ұстап, мынадай қолмен жоғарыдан – шынтақ тұсынан киімнен ұстау және аяқпен соққы беру, өзіне қарай жұлқып қалып қарсыласты тепе-теңдіктен шығару, оның қолын шынтақ буынынан бүгіп, сосын арқасына қайыру;

қолдың қырымен мойнына ұру, жағасынан (иық тұсынан), шашынан немесе каскасынан қармап ұстау және ауыртумен әсер ете жүріп, қарсыласты айдап апару.

Қолдың иінін сыртқа қайыру – қарсыластың білегін екі қолмен төменнен ұстап, қармалған қолын жоғары көтеру, білегін шынтаққа қарай бүгу, аяқпен соққы беру және қолын сыртқа қайырып, қарсыласты жерге құлату, аяқпен соққы беру, қолдарын артқа қайырып байлау.

Қолдың иінін ішке қайыру – қарсыластың шынтағын екі қолмен жоғарыдан сырттан қармап ұстау, аяғына немесе шабына аяқпен соққы беру; қолды ішке жұлқи қайырып, қарсыласты тепе-теңдіктен шығару және оның иығын өз иығының астына әкеліп және иығымен басып тұрып – қарсыласты жерге жығу; шынтақ буынын қолмен басып тұрып, қолын артқа қайыру және қарсыластың үстіне отыру, екінші қолын қайырып байлау.

Аяқтарды ауырту тәсілдері: қарсыластың өкше сіңірін қысып алып, оңтайлы аяқпен оның аяғының бүгілетін жеріне қатты батыру.



3. Қарсыластың қыспағынан және құрсауынан босану:

арттан мойынды қысқанда – жартылай отыра бере, қарсыластың қолын (қолдарын) ұстап алу және басты шетке қарай бұру, өкшемен жіліншікті теуіп, екі қолдың жоғары қарай шапшаң қимылымен құрсаудан босау, қолмен (аяқпен) соққы беру;

мойынды (киімнен) алдан ұстағанда – аяқпен (тіземен) соққы беру, шынтақты екі жаққа алшақтатып және жұдырықты біріктіріп, төменнен жоғарыға қарсылас қолдарының арасынан соққы беру және құрсаудан босау, қолмен (аяқпен) соққы беру.

мойынды алдан құрсаудан босату (кеудедегі киімді) – қарсыластың қолына шынтақпен төменнен соққы беру, оның қолын екі қолмен қапсыра ұстау, аяқпен соққы беру және қолдың буынын ішке қайыру;

мойынды арттан құрсаудан босату – жартылай отыра бере, қарсыластың қолын (қолдарын) қапсыра ұстау, басты шетке бұру, жіліншікке өкшемен соққы беру, қолдың шапшаң қимылымен құрсаудан босану; қарсыластың қолын (қолдарын) ұстап тұрып арқадан асырып лақтыру, байлап тастау;

денені екі қолмен арттан құрсаудан босату – қарсыластың жіліншігіне өкшемен соққы беру немесе баспен беттен ұру, жартылай отырып қалып, құрсаудан босану, бір қолмен оның шынтағынан, екінші қолмен иығынан қапсыра ұстау, арқадан асырып лақтыру, байлап тастау;

денені арттан құрсаудан босату – жіліншікке өкшемен соққы беру, қарсыластың қолының білезік тұсын және шынтағын қапсыра ұстап шалт бұрылу, қолын артқа қайыру;

денені алдан құрсаудан босату – тіземен қарсыластың шабына соққы беру, ал қолмен бетінен соғу.

денені екі қолмен алдан құрсаудан босату – тіземен қарсыластың шабына соққы беру, жүрелей отыра бере, жұлқынып қалып қолдарды екі жаққа ажырату, аяқпен соққы беру;

аяқтарды алдан құрсаудан босату – қолмен бастан соғу, бір қолмен желкеден, ал екінші қолмен иектен ала отырып, жұлқып басты бұру.

аяқтарды арттан құрсаудан босату – алға қарай екі қолға құлай бере, құрсаудан босану және қарсыласқа аяқпен соққы беру.

4. Лақтырып тастаулар.

Арттан шалу – қарсыластың сол жақ иығындағы киімінен сол қолмен шап беріп, оң қолмен – сол жақ шынтағынан ұстап, шабынан соққы беру, алда тұрған аяққа отырғызу. Дене салмағын сала отырып бір мезгілде оң аяқпен оң жаққа алға адымдау. Сол аяқпен қарсыластың тізесінің астынан теуіп, оны жерге құлатады және аяқпен соққы береді. Байлау үшін және айдауылдау үшін қарсыластың қапсыра ұсталған қолын аяқпен қысу, сол қолмен буынды, оң қолмен шынтағын аудара отырып ұстау, оның үстіне отыру, қолын артқа бұрау.

Арқадан лақтыру – қарсыластың қолынан қапсыра ұстау, жіліншіктен (тізеден немесе шаптан) тебу, оны өзіне қарай жұлқып жоғары тарту, тез арада бүгілген аяқпен оған арқамен бұрылу, бұл ретте қарсыластың қолы иықтың көлемінде орналасу керек; аяқты түзулете отырып және алға қарай еңкейе келе, жамбаспен оны қағып қалып, қолмен жұлқи отыра оны жерге құлату, аяқпен соққы беру, байлап тастау.

Жамбастан лақтыру – оң аяқпен алға адымдап, қарсыластың оң шынтағынан және сол қолынан шап беру. Өзіне қарай жұлқып оң аяғының өкшесімен бұрылып, сол аяғын қатар теңестіру. Аяқтарды түзеп жамбасқа алып лақтыру, оны жібермей, қолын артқа бұрау.

Бастан лақтыру – қарсыластың шынтағының астынан киімінен шап беру, сол аяқты оның аяғының арасына қою. Сол аяғының өкшесіне жақынырақ келіп жерге отыру, қарсыласты өзіне қарай жұлқып қалып және жартылай бүгілген оң аяғының табанын оның ішіне тірей отырып, арқамен артқа аударылып түсу. Оң аяқпен итере отырып қарсыласты басынан лақтырып жіберу. Оны жібермей, оның кеудесіне отыру, қолын артқа бұрау.

5. Қаруланған қарсыластың шабуылынан қорғану:

Пышақпен жоғарыдан, жанынан (жоғарыдан-жанынан) басқа, мойынға, дененің жоғары бөлігіне соққылардан қорғану - сол аяқпен солға адым жасай (алға-солға) және қарсыластың қолын сол қолмен ұрып тоқтату, оң қолмен қайыра соғу. Оң қолмен қарсыластың қолынан ұстап, оң аяқты артқа тастай отырып, қолдың иінін ішке қайыру және артқа қайыру арқылы жасалады;

Дәл алдынан тапаншамен қауіп төндіру жағдайында жасалатын әрекет – қарсыластың қару ұстаған қолын ішке қарай ұрып қайтару және оны екі қолмен ұстап алу. Оң аяқпен соққы жасау. Оң аяқты артқа шегіндіре тұрып қолдың иінін ішке және ізінше артқа қайыру;

Дәл артынан тапаншамен қауіп төндіру жағдайында жасалатын әрекет – қолдарды жоғары көтеріп тұрып тез арада оңға артқа қарай бұрылып, қарсыластың қару ұстаған қолын ішке қарай ұрып қайтару және оны екі қолмен ұстап алу. Оң аяқпен соққы жасау. Оң аяқты артқа шегіндіре тұрып қолдың иінін ішке және ізінше артқа қайыру.

4 қосымша



әскери прокуратура органдарындағы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет