2010 – 2014 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары Үлкен Нарын ауылы Мазмұны



Дата24.02.2016
өлшемі341.94 Kb.
#12239
Катонқарағай аудандық әкімдігінің

2010 жылғы «05» ақпандағы № 4597

Қаулысымен бекітілген


«Катонқарағай ауданының кәсіпкерлік бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің

2010 – 2014 жылдарға арналған

Стратегиялық жоспары

Үлкен Нарын ауылы

Мазмұны


1.

Миссиясы және пайымдауы

2.

Ағымдағы жағдайды талдау

3.

Мемлекеттік орган қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары және міндеттері

4.

Мемлекеттік органның функционалдық мүмкіндіктері және ықтимал тәуекелдер

5.

Нормативтік құқықтық актілер

Бюджеттік бағдарламалар



6.






1. Миссиясы және пайымдауы

Миссиясы: Экономиканың басым бағыттары, ауданның халқы мен ұйымдарының және басқа өңірлердің артып отырған қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын сапасы жоғары, бәсекеге қабілетті тауарлар шығару және қызметтер көрсету бойынша кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті қолдау жолымен орнықты дамуына жәрдемдесу болып табылады.

Пайымдауы: Өңір экономикасының өндірістік әлеуетін тиімді іске асыру, жергілікті өндірушілердің тауарлары мен қызметтерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және мемлекет ішінде және әлемдік нарықтарға қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін заманауи инфрақұрылымды дамыту.

2. Ағымдағы жағдайды талдау

1. Индустриялық-инновациялық дамыту

2009 жылға жасалған талдау көрсеткендей, аудан экономикасының барлық негізгі салалары бойынша тұрақты өсу байқалады.

Ауылшаруашылық өнімінің жалпы көлемі өткен жылмен салыстырғанда 42,6 пайызға өсіп, 7 млрд. 839,4 млн. теңгені құрады. Ет, сүт, жүн, жұмыртқа, бал өндіру жоспары толығымен орындалды. Ауданда бүгінде 9 мал бордақылау алаңы 12 қолдан ұрықтандыру пункттері 6 асыл тұқымды мал шаруашылығы құрылып жұмыс істеуде. Олармен 288 тонна ет өндіріліп және өткізілген. 15,9 млн. теңгеге субсидия алынған.

Егіншілік саласында белгілі табыстарға қол жеткізілді. 2009 жылы ауданда 20,8 мың га алқаптың дәнді дақылдары орылып, 47,1 мың тонна астық қамбаға түсті, 14,7 мың тонна күнбағыс, 16,9 мың тонна картоп, 4,3 мың тонна көкөніс алынды. Биылғы жылғы қыстамаға - 213 мың тонна шөп, 4,4 тонна пішендеме, 8,6 мың тонна сүрлем, 10 мың тонна сабан даярланды. 2009 жылы егіс көлемі 2008 жылмен салыстырғанда 11,3 пайызға ұлғайтылды.

Өткен жылы «Азық-түлік корпорациясы» АҚ арқылы мемлекеттік қорға 1808 тонна астық тапсырылды немесе тапсырма 120,5%-ға орындалды.

Шаруа қожалықтарын ірілендіру бағытында, біраз жұмыстар атқарылып, 193 шағын шаруа қожалықтары 26 ауылша-руашылығы құрылымдарына біріктіріліп отыр. Өткен жылы ауданымызға жалпы құны 53,8 млн.теңгені құрайтын 26 жаңа техника бірлігі келіп түсті Егін шаруашылығы саласын қолдау мен дамыту үшін 108,4 млн.теңгенің субсидиясы бөлініп, ол толығымен игерілді. Ауылшаруашылығының дамуына жалпы инвестиция көлемі 272,1 млн. теңгені құрады.

2009 жылы өндіріс өнімдерін шығару көлемі 1 млрд. 746,2 млн. теңгені құрады немесе 2008 жылмен салыстырғанда 12,6 пайызға өсті.

Өткен жылы аудан бойынша түрлі қаржы көздері есебінен негізгі капиталға 1 млрд. 134,5 млн.теңгенің инвестициясы тартылды, бұл 2008 жылдағыдан 8,4 пайызға артық.


Инновациялық жүйені дамыту.

Инновациялық жүйенің негізгі элементтерін дамыту және қалыптастыру инновациялық дамытудың негізгі міндеті болып табылады: ғылыми потенциал, инновациялық инфроқұрылым, қаржылық инфрақұрылым, инновациялық кәсіпкерлік.

Аудан экономикасын дамытуға қаржы институттары да өз үлестерін қосуда. Облыс әкімінің қолдауымен шаруа қожалықтарына және басқа да заңды және жеке тұлғаларға жалпы сомасы 74,7 млн. теңгенің несиелік ресурстары берілді.

2009 жылы «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ - на кәсіпкерлердің 8 жобасы жіберілді, жобалардың жалпы сомасы 71,7 млн. теңге. Жобалардың екеуі банктермен қаржыландырылды. Олар ЖК Кемпербаев А. 2,5 млн. теңге, ЖК Сайбекова В.И. 1,150 млн. теңге. Облыстық бюджеттен кәсіпкерлікті қолдау мақсатында қаржыландыру жүргізілетіні туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарландырылды. Облыстық «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 38 адамға 14,6 млн. теңге қаражат бөлінді. «Катонқарағай» несие серіктестігінен шаруа қожалықтарына 2009 жылы 26 шаруа қожалығына 39,1 млн. теңге несие берілді. Ауданда кәсіпкерлерді қаржыландыру мақсатында «Мұзтау Несие» шағын несие мекемесі арқылы 2009 жылы 99 адамға 29 млн. 555 мың теңгеге несие берілді..

Инновациялық үрдісті басқарудың негізгі элементі өнеркәсіптерді басқару болуы қажет. Оның мақсаты –өнеркәсіптіктің ғылыми техникалық және өндірістік қызметтің негізгі бағыттарын келесідегідей салалар бойынша анықтау болып табылады:

- шығарылатын өнімді дамыту;

- өнеркәсіпті одан әрі дамыту;

- өндірістен ескірген өнімді шығару.

Индустриялық-инновациялық дамыту саласындағы проблемалар:
1) өңдеу секторы өнімінің бәсекеге қабілеттілігінің төмен болуы;

2) негізгі қорлардың тозуы және ескі технологияларды пайдалану;

3) айналым қаражатының жетіспеушілігі және пайыздық ставкасы төмен ұзақ мерзімді кредитке қол жеткізе алмау;

2. Сауданы дамыту

Ішкі сауда

Катонқарагай ауданы бөлшек сауда өсу әлеуетіне ие, мұны аудан бойынша бөлшек сауда айналымының өсімі растайды. . 2009 жылдың қорытындысы бойынша бөлшек сауда айналымының көлемі 1024,5 млн. теңгені құрады, бұл 2008 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты бағада 101,5% жоғары болып табылады.

Катонқарагай ауданы сауда алаңдарына жетіспеушілік жоқ және 2009 жылы 1000 тұрғынға 258,2 шаршы метрді құрайды, 2008 жылмен салыстырғанда (244,5 шаршы метр) 103,7% құрады.

Катонқарағай ауданындағы сауда өнеркәсіптерінің саны 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 6 (1,8%) объектіге көбейіп, жалпы 298 объектіні құрады, соның ішінде сауда базары – 2, дүкендер – 250, қоғамдық тамақтану кәсіпорындары – 25, дәріханалар – 21. Дүкендер саны киосктердің, павильондардың қысқаруынан жаңа сауда объектілердің ашылуынан көбейді.

2010 жылдың 1 қаңтарына Катонқарағай ауданында 2 сауда базары істеп тұр (Үлкен Нарын және Катонқарағай ауылдарында). Сауда базарлары қызметінің тиімділігін арттыру, мәдениетті сауда түрлерін құру жөнінде шаралар қабылдау мақсатында базарларда абаттандыру, қосымша сауда орындарын құру жыл сайын қарастырылып отырылады.

Үлкен Нарын базарында «демалыс күні» жәрменкесі тұрақты жұмыс істеп тұрады. Онда шаруа қожалықтары, қайта өндеу кәсіпорындары, жеке кәсіпкерлер, жеке тұлғалар қатысады

Ішкі сауданы дамытудың жағымды жақтарымен қатар жағымсыз көріністері де бар. Ішкі саудада , ең алдымен, сауда базарларында көлеңкелі көлем айналымы шоғырланған. Яғни сатушы кәсіпкерлердің салық салуының ашық болмауы, қайтара сатып алушылырдаң белсенді қызметі, сатылытын тауарлардың бағасын көтерудің заңдылықты деректің болмауы.
Сауда саласындағы проблемалар:
1) сауда қызметін реттеу саласының нашар заңнамалық қамтамасыз етілуі (тауардың заңмен белгіленген сауда үстемесінің болмауы);

2) сауда базарларында көлеңкелі айналым деңгейінің жоғары болуы;

3) ішкі сауда инфрақұрылымының жеткіліксіз даму деңгейі (халықты жеміс-көкөніс өнімімен қамтамасыз ету үшін сауда-логистикалық терминалдың жоқ болуы).
3. Кәсіпкерлікті дамыту.

Кәсіпкерлікті дамытудың динамикасы

Ауданда 2213 шағын кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді немесе ол былтырғы жылмен салыстырғанда 101,8% құрады, соның ішінде 117 заңды тұлға былтырғы жыл кезеңімен салыстырғанда 107,3%, 1477 шаруа қожалықтары былтырғы жыл кезеңімен салыстырғанда 102,9%, патент бойынша істеушілер саны 204, яғни былтырғы жыл кезеңімен салыстырғанда 99,5%, жалпы орнатылған тәртіп бойынша жұмыс істеушілер саны 17 кәсіпкерлер, яғни былтырғы жыл кезеңімен салыстырғанда 85%, жеңілдетілген декларация бойынша жұмыс істеушілер саны 276 кәсіпкерлер, яғни былтырғы жыл кезеңімен салыстырғанда 98,5%. Шағын кәсіпкерлік саласында 4563 адам еңбек етіп, олардан аудан бюджетіне 61,4 млн. теңге салықтар түсті немесе 2008 жылмен салыстырғанда 10,8 пайызға өсті. Ауданда 250 дүкен, 2 базар, 19 қызмет көрсету саласы, 21 дәріхана, 14 ЖМҚС, 25 кафе жұмыс істейді.

Ауылшаруашылық өнімдерін өңдеумен 108 шағын цехтар айналысады, оның ішінде: 23 наубайхана, 27 май соғу, 19 диірмен, 2 гематоген және пантокрин өндіретін цех.

Кәсіпкерлік саласындағы негізгі проблемалар:



  1. Кәсіпкерлердің қызметінде әкімшілік кедергілердің болуы;

  2. өндірістік өнімдер шығаруда шағын кәсіпкерлік субъектілердің белсенділігінің төмендігі

  3. Кредиттік ресурстарға қол жетімділік шектелген.


4. Инвестициялық ынтымақтастықты дамыту.

Инвестицияларды тарту
Катонқарағай ауданындағы әлеуметтік – экономикалық жағдайдың тұрақтылығын сақтау мақсатында шағын және орта бизнестің барлық бағыттары мен салаларында негативті тенденцияның дамуын болдырмауда, әртүрлі шаралар жүргізіліп отырылады. Дағдарысқа қарсы шараларды қабылдау, бюджеттік емес инвестицияларды тарту, кәсіпорындарда жұмыс орындардың қысқаруын болдырмау бойынша жұмыстар жүргізіледі. Өткен жылы аудан бойынша түрлі қаржы көздері есебінен негізгі капиталға 1 млрд. 134,5 млн.теңгенің инвестициясы тартылды, бұл 2008 жылдағыдан 8,4 пайызға артық.

2008 жылы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша шағын және орта бизнестің 5 кәсіпорындары жұмыстарын бастады. 2009 – 2010 жылдарға ауданда 5 инвестициялық жоба жүзеге асырылады, бұл 106 жұмыс орнын ашуға септігін тигізеді.

Катонқарағай ауданы бойынша 2009 жылы Шығыс Қазақстан оюлысы координациялық кеңесіне 8 жоба қарастырылуға ұсынылды. 2 жобаның құжаттары «Даму» ФРП» АҚ ұсынылды. 2009 жылы қараша айында «Бизнес - Кеңесші» бағдарламасының аясында кәсіпкерлер үшін оқыту семинары өткізілді. Бұл семинарға 46 адам қатысып, сертификаттарға ие болды. Кәсіпорындар қызметін белсендіру, Қазақстандық көлемді ұлғайту бағдарламасын жүзеге асыру, өндірілетін өнімнің көлемін көтеру бойынша ауданның ірі кәсіпкерлерінің форумы өткізілді.

2009 жылдың басынан бастап кәсіпкерлік қызметтің 4 объектісі эксплуатацияға негізіліп, 40 жұмыс орны құрылды.

Жыл басынан екінші деңгейлі банктердің филиалдары «Даму» бағдарламасы бойынша бинзестің дамуына 3,650 млн. теңге қаржыға 2 несие берілді.

Инвестициялар саласындағы негізгі проблемалар:




  1. өңір экономикасының шикізаттық емес секторының инвестициялық жеткіліксіз тартымды болуы;

  2. потенциалды нарықтағы инвестиция салымдары бойынша ақпараттың аздығы;

3) ивестициялық жобаларға қатысты қаржылық даму институттары және екінші деңгейдегі банктердің қатаң кепілдік саясаты.

5. Туризмді дамыту
Катонқарағай ауданы туристік зор әлеуетке ие. 2007 жылдың 28 қазанындағы аудандық мәслихаттың екінші сессисының шешімімен Катонқарағай ауданында туризмді дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы бекітілген. Ол сыртқы және ішкі туризмді дамыту, туризмнің негізінде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың шаралары, несиелеу және қаржыландырудың өзге түрлеріне жағдай туғызу, туризм индустриясын дамыту үшін қолайлы инвестициялық климат туғызу сияқты міндеттер қояды. 2009 жылы сыртқы және ішкі туризм бойынша туристердің жалпы ағымын орташа есеппен алғанда 5000 адамға дейін қамту ойластырылуда. Туристердің есебін жүргізу бір жүйеге келтірілді.

Катонқарағай ауданында 9 пантомен емдеу орындары жұмыс істеуде. Катонқарағай ауылында 2007 жылы «Тұлпар» ш/қ (Қабанбаев А.А.) «Аққайың» қонақүй-сауықтыру кешені, минералды су шығаратын цех және қымызды шөлмектерге құю цехі жұмыс істейді.

ашылып, жұмыс істеуде. Бұл кешенде пантомен емдеу, фитоемдеу, relax-терапия, массаж сияқты емдік - сауықтыру процедуралары ұсынылады.

«Рахман қайнарлары» санаториінің бас жоспарының жобасын жасау жұмыстары жүргізілуде. «Бипек-Авто»ЖШС санаториді қалпына келтіру жұмысын жалғастыруда. Родонды бастаулар негізінде құрылған бұл жоғарғы таулы сауықтыру кешенінің дамуына қомақты инвестициялар салынуда. Оған 180,0 млн теңге қаражат жұмсалды.

Бағдарлама шегінде «Ақ-Бұлақ-Алтай» ЖШС (Тоқтаров Н.З.) Ақмарал ауылы маңында «Катонқарағай» сауықтыру-туристік кешенінің құрылысын аяқталып, 2009 жылдың маусым айында тапсырылды. 2009 жылы ауданда туризмді дамыту бағдарламасы негізінде Берель ауылында (Берель қазбалары) тарихи – мәдени ашық мұражайдың құрылысы басталды. Мұражай құрылысына республикалық бюджеттен 155 млн. теңге сомасында қаражат бөлінді.

Жеке кәсіпкер Исабаев Т. Катонқарағай ауылында бұрынғы банк ғимаратын қайта жөндеуден өткізіп, пантомен емдеу орнын және қонақүй 2010 жылдың I тоқсанында ашу жоспарланған. Катонқарағай, Өрел, Жамбыл, Белқарағай ауылдарында қымызхана ашылып жұмыс істеуде. Берель ауылында (ЖК Амренов) қонақүй және қымызхана жұмыс істеуде.

Приморск ауылында Биткембаев Ж.К. жер телімі берілді. Онда демалу базасының құрылысы жүргізіледі. «Екі дос» ЖШС Жаментиков Т.К. Топкайың ауылы маңында «Нұрбұлақ» санаториінің құрылысын аяқтауда, 2010 жылдың II тоқсанында ашу жоспарланған. Санаториде мейрамахана, тенис алаңы, футбол алаңы сияқты қосымша қызметтер көрсетіледі. Катонқарағай ауылында «Байтурсервис» ЖШС санатории құрылысы жоспарланған. Осы жылы Үлкен-Нарын ауылындағы қонақүйі күрделі жөндеуден өтіп жұмыс істеуде. Туризм инфрақұрылымын дамыту мақсатында «Үлкен Нарын – Күршім» автожолының 38-41 км күрделі жөндеуден өтті. Сонымен қатар Ақмарал ауылы маңында «Тихая» демалу базасына дейін жол салынды. «Екі Дос» ЖШС демалу базасына дейін асфальтталған жол салу және байланыс қызметімен қамтамасыз ету жоспарланып салынуда. Катонқарағай ауылында су жүйелерін жөндеу және туристік объектілерді су жүйелеріне қосу жоспарланған.

Туризмді дамытуға жағдай жасау – жедел байланыстың болуы. 2006 жылы ауданымызда K-mobile компаниясының ұялы байланыс қызметі қосылды. 2007 жылы Катонқарағай ауылында ұялы байланыс қызметі қосылды. Сонымен қатар «Рахман қайнарлары» санаториіде ұялы байланыс қызметіне қосылды. 2008 жылы K-cell компаниясы ауданымызда өзінің Activ ұялы байланыс қызметін ұсынды. Жоспарланған Чернова, Ақсу, Өрел ауылдарын Beeline және K-cell ұялы байланысына қосу жүзеге асты. Черновая, Үш-төбе, Язовая, Ақсу, Черемошка ауылдарын желісіз СДМА-450 БЛЛ станциясы арқылы радиотелефондармен қамтамасыз етіліп жұмыс істеуде.

Катонқарағай ауылында бұрынғы әуежай қалпына келтіріліп, қазіргі кезде Өскемен – Катонқарағай бағытында әуе қатынасы қайта жандандырылды. «SCAT» авиакомпаниясы АН-2 ұшағымен жұмасына екі рет Өскемен – Катонқарағай бағытында ұшады. Енді туристер ауданға облыс орталығынан 1,5 сағатта ұшақпен жете алады.
Туризм саласындағы проблемалар:
1) Облыс орталығынан және қаладан алшақтығы;

2) Туризм инфрақұрылымының нашар дамуы;

3) Қатаң қыс кезеңімен жене қыс жол жағдайымен байланысты


3. Стратегиялық бағыт

р/с



Міндеті

Шешім жолдары




Ауданның шағын кәсіпкерлігін динамикалық және жиынды дамуын қамтамасыз ету.

1. Катонқарағай ауданы шағын кәсіпкерлігін дамытудың және қолдаудың 2009-2011 ж.ж. (2009 ж. ақпан) арналған жоспары құрылып, бекітілді.


2. Жаңа жобаларды жүзеге асыру

3. Өнеркәсіптегі жағдайды жедел түрде бағалау, шағын бизнес

дамуына жан-жақты көмек көрсету.

4. Мемлекеттік сатылымдарды жүргізу кезінде жергілікті тауар



өндірушілерге шамаласу




ШОК жобаларын қаржыландыру бағдарламасын «Даму» ФПП қаражатынан жүзеге асыру


  1. Жеңілдетілген несие сұрақтары бойынша кәсіпкерлерге

ақпараттық қызмет көсету (тұрақты)

  1. Банк-серіктестер, шағын кәсіпкерлік субъектілерімен

жұмысты белсендіру (тұрақты)




Кәсіпкерлікті дамыту барысында әкімшілік кедергілерді болдырмау


  1. Әкімшілік бюракратиялық кедергілерді жою

  2. Бизнестің дамуын тежеп, кәсіпкерлердің норматифтік-құқықтық актіледі алу мерзімдерін қысқарту үдерістерінен танысу мақсатында әкімшілік кедергілерді ұстап тұру бойынша жұмыс тобының жиналысын өткізу (айсайы)




Катонқарағай ауданындағы инфляциялық үрдістерді қадағалау бойынша жұмыс жоспарын жүзеге асыру


  1. Сауда инфрақұрылымын дамыту

  2. Негізгі тауарлармен қызметтердің бағасының өзгеру себептеріне талдау жасап, тиісті шаралар қолдану

  3. Жегілікті ауылшаруашылық өнімдерін және қайта өндейтін кәсіпорындардың өнімдерін өндірушілерді тарта отырып, апта сайын жәрменке өткізу

  4. Трейлер арқылы тамақ өнімдерін жылжымалы түрде сатуды ұйымдастыру

  5. мұнай және тамақ өнімдерін сатушылармен меморандум жасау


Стратегиялық бағыт:


  1. Ауданның индустриялық-инновациялық дамыту

  2. Сауданы дамыту

  3. Кәсіпкерлікті дамыту

4. Инвестициялық ынтымақтастықты дамыту

Атауы

Өлшем бірлігі

Есеп кезеңі

Жоспар кезеңі

2008 ж.

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

1 бағыт Ауданның индустриялық - инновациялық дамыту

Мақсат 1.1. Экономиканың өндеуші саласын дамыту

Нысалалы индикаторлар:

























Өндеуші өнеркәсіп өнімінің көлемі

Млн.

теңге

37,6

44,1

46,3

48,6

51,1

53,6

56,2

Өндеуші өнеркәсіпте тағы да құрылған өнім саны

Бірлік.

1

2

2

2

2

2

2

1.1.1 Міндет индустриялық-инновациялық бағыттағы жүзеге асырылған жобалардың саны

Бірлік.

1

2

2

2

2

2

2

1.1.2 Міндет

Қолда бар өндірістерді сақтау.



Өндірістік қызметіне үнемі мониторинг жүргізілетін стратегиалық кәсіпорындардың саны

Бірлік.

3

3

3

3

3

3

3




Атауы

Өлшем бірлігі

Есеп кезеңі

Жоспар кезеңі

2008 ж.

2009 ж. бағалау

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2 бағыт. Сауданы дамыту

    1. Мақсат

Ішкі сауданы институционалдық және инфрақұрылымдық дамыту

Нысалалы индикаторлар:

























Алдыңғы жылда % бөлшек тауар айналымы өсуінің қарқыны

%

110

102

103

104

105

106

107

Алдыңғы жылда % көтерме тауар айналымы өсуінің қарқыны

%

102

-

-

-

-

-

-

2.2 Міндет: Ішкі сауданы инфрақұрылымдық дамыту

Халықты сауда аландарымен қамтамасыз етілуін жақсарту

1000 адамға шаршы метр

244,5

258,2

263,1

268,3

273,7

281,9

290,3

Терминалдар арқылы пластикалық карточканың көмегімен тауарға және көрсетілетін қызметтерге есеп айырысатында жүзеге асыратын сауда және қызмет көсету саласы кәсіпорындарының санын арттыру

Бірлік.

-

-

-

-

1

1

1

2.3 Міндет: Ішкі сауданы институционалдық дамыту

Сауда саласы бойынша нормативті-құқықты актілерге өзгерістер мен толықтылулар енгізу жөнінде ұсыныстар дайындау




-

-

1

-

1

-

1









Атауы

Өлшем бірлігі

Есеп кезеңі

Жоспар кезеңі




2008 ж.


2009 ж.

бағалау


2010 ж.


2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.




3 бағыт. Кәсіпкерлікті дамыту










3.1 мақсат: Кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау







Нысалалы индикаторлар:












Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өнім (тауар, қызмет) шығаруы

млн.


теңге

720,2

734,6

749,3

764,3

779,5

795,1

811




Белсенді шағын бизнес субъектілерінің саны

мың. бірлік.



2163

2194

2476

2649

2834

2975

3124




Белсенді шағын несиелік ұйымдар саны


Бірлік.

2

2

2

3

3

4

4




Сапаның халықаралық стандартын енгізген кәсіпорындар саны


Бірлік.

0

0

1

1

2

2

2




Консультациялық қызметтер саны


Бірлік.

2

2

2

3

3

3

3




3.1.1. Міндет

Шағын және орта бизнеске несие беру көлемінің ұлғаюы

Екінші деңгейлі банктердің шағын кәсіпкерлікті қаржыландырудың көлемі


Млн. теңге

65,7

74,7

80

80

100

100

100




3.1.2 Міндет

Шағын кәсіпкерлікті насихаттау, оқыту, ақпараттық қамтамасыздандыру. Семинарлар, «дөңгелек үстелдер», кездесулер саны



Бірлік.

6

6

10

10

10

10

10






Атауы

Өлшем бірлігі

Есеп кезеңі

Жоспар кезеңі

2008 ж.

2009 ж. бағалау

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

4 бағыт. Инвестициялық ынтымақтастықты дамыту

4.1. мақсат: Аудан экономикасына инвестициялар көлемін ұлғайту

Нысалалы индикаторлар:

























Негізгі капиталға жеке инвестициалар көлемі

Млн.

теңге


90

160

170

170

170

170

170

4.1.1. Міндет

Несиелеу, инвестиция тарту мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Семинарлар, «дөңгелек үстелдер», кездесулер саны



Бірлік.

10


10

15

16

18

20

20


Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары мен мақсаттарының

мемлекеттің стратегиялық мақсатына сәйкестігі


Басқарманың стратегиялық бағыты мен мақсаты

Мемлекеттің стратегиялық мақсатын, жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік орган қызметі

Стратегиялық құжаттың, нормативтік құқықтық актінің атауы










Стратегиялық бағыт 1. Индустриялық-инновациялық даму

1.1 Мақсат Экономиканың өндеуші салаларын дамыту

Ұлттық экономиканы жетілдіру жолымен мемлекеттің тұрақты дамуына қол жеткізу, сервисті-технологиялық экономикаға көшу шарттарын дамыту

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы

2 шілдедегі «Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық дамуының стратегиясы туралы»

№ 627 жарлығы


1.2 Мақсат Экономиканың нақты секторының инновациялық дамуын қамтамасыз ету


Стратегиялық бағыт 2. Сауданы дамыту

2.1 Мақсат: Сауданың дамуын қамтамасыз ету

Ішкі нарық дамуының позитивті факторін сақтау – сауданың өркениетті түрлерінің үлес салмағын ұлғайту

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 5 ақпандағы «Сауда нарығы қызметінің жұмысын ұйымдастыру ережесін бекіту туралы»№131 қаулысы

Стратегиялық бағыт 3. Кәсіпкерлікті дамыту

3.1 Мақсат: Кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдай туғызу

Аудандағы шағын кәсіпкерлікті жинақты түрде дамытуды қамтамасыз ету

«Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы заңы

Стратегиялық бағыт 4. Инвестициялық ынтымақтастықты дамыту

4.1 Мақсат: ШҚО экономикасынатүсетін инвестиция көлемін ұлғайту

Жағымды инвестициялық климатты және бизнес – ортаны қалыптастыру;

Келешекті инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысында мемлекетпен бизнестің арақатынасы




Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 қарашадағы «Қазақстанның 30 корпоративті лидерлері» Бағдарламасын бекіту туралы» № 1097 қаулысы;

«Қазақстанның 30 корпоративті көшбасшылары» мемлекеттік бағдарламасы





4. «Катонқарағай ауданының кәсіпкерлік бөлімі»

ММ-нің функционалдық мүмкіндіктері және ықтимал тәуекелдер

1. Ауданның экономикалық өсу кезінде кәсіпкерлік мәні мен орнының күшеюі, бизнес саласына халықтыңкөп бөлігін

тарту.

2. Кәсіпкерлікті қолдауға және оның дамуына көмек көрсету.



3. Өндірістік, инвестициялық, сауда және аумақтық саясатты жүзеге асыруға қатысу.

4. Мақсатқа бағытталған инвестициялық саясатты жүргізу.

5. Мемлекеттік басқару органдарының барлық деңгейіндегі және саладағы кәсіпкерлермен ынтымақтастығы мен

арақатынасын қамтамасыз ету.

6. Кәсіпкерлік субъектілеріндегі несие қорын пайдалана отырып, аймақтағы кәсіпкерліктің дамуына қолдау жасау.

7. Кәсіпкерліктің даму жағдайына мониторинг және талдау жасау.

8. Бағалық және антимонополиялық саясатты жүргізуге қатысу.

9. Кәсіпкерліктің дамыту мәселесі бойынша деректерді бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау, кәсіпкерлерге

қызмет көрсету, ақпараттық қамсыздандыру жүйесі, ақпараттық және ғылыми әдістемелік базаларды құру және

дамыту.


10.Экономикалық ақпаратты жинау, талдау, өңдеу жүйесін жетілдіруге қатысу.

11.Мамандардың мемлекеттік тілді білу деңгейін көтеру.

12.Әкімшілік мемлекеттік қызметке алғашқы рет қабылданған әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау.

13.Әрбір үш жыл сайын әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету.

14.Оқу жылында ай сайын жалпыға бірдей құқықтық оқыту жүргізу.

Кәсіпкер бөлімі қызмет үрдісі барысында бірқатар тәуекелдерге тап болуы мүмкін.


тәуекел атауы

Алдын ала және уақтылы шараларды қабылдамаған жағдайда мүмкін болатын зардаптар

Механизмдер және басқару шаралары

Бюджеттік қаржыландырудың қысқаруы

Бюджеттік қаржыландыруды қажет ететін объектілердің қызметінің тоқтауы

Мәселеге уақытында мониториг жасау, уақтылы НҚА қабылдау

Экономиканың өндеу салаларына қатысты салық және кезендік реттеу және инновациялық өңдеулерді енгізу шаралардың қатаңдауы

Өндеу саласында өндіріс көлемі өсуінің азаюы

Аталған бағыттағы нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін ұсыныстарға бастамашылық жасау

Өнеркәсіп кәсіпорындарынан жұмысжыларды босату

Әлеуметтік шиеленістің өсімі


Жұмысжылардың еңбек құқықтары мен кепілдіктерін сақтау туралы өнеркәсіп кәсіпорындарымен меморандумдар жасау

Инвестициялық жағдайға әсер ететін факторлардың нашарлауы (әкімшілік кедергілер, инфрақұрылым және адам ресурстары, заңнамалар және т.б.)

Экономиканы әртараптандыру және Индустриялық-инновациялық саясатты іске асыру жөніндегі міндеттерге жетпеу

Инвестициялық жағдайға әсер ететін факторларға түрақты мониторинг жүргізу және оларды жою бойынша шаралар қабылдау (қабылдау әсерін төмендету)

Ауданның шағын кәсіпкерлігін дамытуға әсер ететін факторлардың нашарлауы (әкімшілік кедергілер, адам ресурстары, заңнамалар және т.б.)

Әкімшілік кедергілерді жою шараларын орындамау салаларынан

кәсіпкерлікті дамытудың төмендігі, бәсекеге қабілеттілігінің төмендеуі



Бизнесті дамытуға әсер ететін факторларға тұрақты мониторинг жүргізу, оларды жою жөнінде шаралар қабылдау

Экономикалық ақпаратты жинау, талдау, өңдеу кезінде нақты емес деректерді алу қаупі

Жоғары тұратын инстанцияларға ұсынылатын экономикалық көрсеткіштерді бұрмалауы

Аталған бағыттағы нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін бастамашылық жасау

Банктердің кепілдік саясатының қатаңдауы, кепілдік заттардың нарықтық бағасының төмендеуі

Жоспарланған жобаларды жүзеге асыру бойынша міндеттерді орындамау кәсіпкерліктің динамикалық дамуының төмендеуіне әкеледі

«Несиелік қызмет туралы» ҚР заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін бастамашылық жасау



5. Нормативтік құқықтық актілер
Стратегиялық жоспарды жасауға негіз болған бағдарламалық және нормативтік құқықтық актілер тізбесі.

«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының заңы




  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы

  2. «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заң;

  3. 2007 жылғы 15 мамырдағы еңбек кодексі;

  4. «Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» 2006 жылғы 23 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңы;

  5. «Инвестиция туралы» 2003 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңы;

  6. «Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңы

7. Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 2 шілдедегі «Қазақстан Республикасының 2003-2015

жылдарға арналған индустриялық-инновациялық дамуының стратегиясы туралы» № 627 жарлығы;



  1. «Қазақстанның 30 корпоративті көшбасшысы» Бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 қарашадағы № 1097 қаулысы;

  2. «Ішкі сауда ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 сәуірдегі № 371 қаулысы;

  3. «Шекаралық сауда ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 сәуірдегі № 272 қаулысы;

  4. Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 6 наурыздағы Жолдауын (Жол картасы) жүзеге асыру бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылға аралған іс-өимылдар жоспары;

  5. «Шығыс Қазақстан облысының және орта кәсіпкерлігін дамытудың кезекті мәселелері туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 25 қарашадағы № 212 қаулысы.


6. Бюджеттік бағдарлама

























Бағдарлама атауы

Есеп кезеңі

Жоспар кезеңі

2008 ж.

2009 ж. (ағымдағы жоспар)

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

1

2

3

4

5

6

7

8

«Катонқарағай ауданының кәсіпкерлік бөлімі» бойынша барлығы

2583

3182

4155

4786

4858

4858

4858

Ағымдағы бюджеттік бағдарлама






















001- Кәсіпкерлік бөлімінің қызметін қамтамасыз ету

2583

3052

4155

4786

4858

4858

4858

009-«Мемлекеттің органның материалдық – техникалық жабдығы»




130





















Бюджеттік бағдарламаның әкімгері

469 – «Катонқарағай ауданының кәсіпкерлік бөлімі» ММ



Бюджеттік бағдарлама

0031- Кәсіпкерлік бөлімінің қызметін қамтамасыз ету

Сипаттама

3 бірлік мемлекеттік қызметшілерді ұстау;

Тауарлар мен қызметті сатып алу;

«Жылдың ең үздік кәсіпкері»сайысын өткізу;

Техникалық құралдар, шығыс материалдарын, жиынтықтармен қосалқы бөлшектерді сатып алу;

Есептеу техникасы құралдарына қызмет көрсету;

Ақпараттық жүйелермен веб-сайтқа ілесу жасау;

Ұсынушы шығындар;





Стратегиялық бағыт (бағдар)


1. Экономиканың өндіруші саласын дамыту;

2. Индустриялық-инновациялық дамыту;

3. Сауданы дамыту;

4. Кәсіпкерлікті дамыту;

5. Инвестициялық ынтымақтастықты дамыту;





Мақсаты

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің экономикалық саясатын өнеркәсіп сауда, кәсіпкерлікті дамыту салаларында жүргізу, мемлекеттік қызметшілердің 3 штат бірлігін ұстау. Мемлекеттік органдарды материалды-техникалық қамсыздандыру.




Міндеті




Кәсіпкерлік бөлімі аппаратын ұстау;

Ауданның индустрия, өнеркәсіп, сауда және кәсіпкерлік салаларындағы мемлекеттік реттеуін жүзеге асыру;

Ауданның өнеркәсібін, саудасын, кәсіпкерлігін тұрақтандыруға, дамытуға жәрдемдесу;

Мақсатты лицензиялық және инвестициялық саясат жүргізу;

Басшылық жасайтын салаларда әлеуметтік-экономикалық жағдайға ақпарат жинап, оны талдау, болжау;

Жаңа ақпараттық технологияларды енгізу;

Бөлім жұмысын қамтамасыз ету үшін негізгі құрал-жабдықтарды алу;

Шекаралық мемлекеттермен сыртқы экономикалық байланысты дамыту;









Көрсеткіш атауы


Өлшем бірлігі


Есеп кезеңі

Жоспар кезеңі







2008



2009



2010

2011

2012

2013

2014

Көлем (сан) көрсеткіштері

Бөлім аппаратын ұстау

Адам

3

3

3

3

3

3

3




Заңды тұлғалардың түсті және қара металлдардың сынығын және қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, өндеуі және сатуы қызметіне берілген лицензиялар саны

Бірлік

-

-

-

-

-

-

-




Инвестицияларды тарту түрлері мен әдістері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу жөніндегі семинарлар мен іс-шаралар саны

Бірлік

0

3

4

4

4

4

4

Нәтиже көрсеткіштері

Жаңа жұмыс орындарын ашу

Бірлік

520

624

750

800

850

900

950




Кәсіпкерлердің инвестицияларды тартуға білім деңгейін арттыру

























Бағдарламаны іске асырудағы шығын




мың теңге

2583

3182

4155

4786

4858

4858

4858


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет