«2010 2012 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджеті туралы» 2009 жылғы 24 желтоқсандағы №211 шешіміне



Дата03.03.2016
өлшемі37.68 Kb.
#36624



«2010 - 2012 жылдарға арналған Ақтөбе

қаласының бюджеті туралы» 2009 жылғы

24 желтоқсандағы № 211 шешіміне

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95 Бюджеттік кодексінің 9 бабының 2 тармағына, 106 бабының 2 және 4 тармақтарына және «2010 - 2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 232 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» облыстық мәслихаттың 2010 жылғы 9 сәуірдегі № 293 шешіміне сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1. Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 21 қаңтардағы № 3-1-126 санымен тіркелген, 2010 жылғы 3 ақпандағы № 17-18 «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған «2010 - 2012 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджеті туралы» Ақтөбе қалалық мәслихатының 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 211 шешіміне (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 9 наурыздағы № 3-1-129 санымен тіркелген, 2010 жылғы 26 наурыздағы № 40-41 «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған, «2010 - 2012 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджеті туралы» 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 211 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Ақтөбе қалалық мәслихатының 2010 жылғы 17 ақпандағы № 235 шешімімен оған енгізілген өзгерістер мен толықтырулар ескеріліп) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) 1 тармақтағы:

1) тармақшадағы:

кірістер «19 502 013» сандары «22 593 118» сандарымен ауыстырылсын, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша «9 956 869» сандары «10 126 869» сандарымен ауыстырылсын;

салықтық емес түсімдер бойынша «595 870» сандары «675 870» сандарымен ауыстырылсын;

трансферттер түсімдері «7 234 274» сандары «10 075 379» сандарымен ауыстырылсын;

2) тармақшадағы:

шығындар «18 593 030,1» сандары «21 564 135» сандарымен ауыстырылсын;

4) тармақшадағы:

қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо «60 000» саны «180 000» сандарымен ауыстырылсын, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу «60 000» саны «180 000» сандарымен ауыстырылсын;

5) тармақшадағы:

бюджет профициті «848 982,9» сандары «848 983» сандарымен ауыстырылсын;

6) тармақшадағы:

бюджет профицитін пайдалану «-848 982,9» сандары «-848 983» сандарымен ауыстырылсын.

2) 6 тармақтағы:

1 азат жол бөлігінде:

«124 468» сандары «131 227» сандарымен ауыстырылсын;

5 және 6 азат жолдары келесідей редакцияда жазылсын:

«129 981 мың теңге Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына орай Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, сондай-ақ оларға теңестірілген, оның ішінде майдандағы армия құрамына кірмеген, 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 3 қыркүйек аралығындағы кезеңде әскери бөлімшелерде, мекемелерде, әскери-оқу орындарында әскери қызметтен өткен, запасқа босатылған (отставка), «1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгенi үшiн» медалімен немесе «Жапонияны жеңгені үшін» медалімен марапатталған әскери қызметшілерге, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда кемінде алты ай жұмыс істеген (қызметте болған) адамдарға біржолғы материалдық көмек төлеуге»;

«11 328 мың теңге Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына орай Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері бойынша, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жол жүруін, сондай-ақ оларға және олармен бірге жүретін адамдарға Мәскеу, Астана қалаларында мерекелік іс-шараларға қатысуы үшін тамақтануына, тұруына, жол жүруіне арналған шығыстарын төлеуді қамтамасыз етуге»;

7 азат жол бөлігінде:

«5 695» сандары «6 458» сандарымен ауыстырылсын;

және келесі мазмұндағы азат жолымен толықтырылсын:

мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға – 149 921 мың теңге.

3) 11 тармақтағы:

келесі мазмұндағы азат жолымен толықтырылсын:

жаңа білім беру объектілерін салуға – 459 028 мың теңге.

4) 12 тармақтағы:

4 азат жол бөлігінде:

«50 000» сандары «350 000» сандарымен ауыстырылсын;

5 азат жол бөлігінде:

«100 000» сандары «300 000» сандарымен ауыстырылсын;

7 азат жол бөлігінде:

«150 000» сандары «446 038» сандарымен ауыстырылсын;

8 азат жол бөлігінде:

«200 000» сандары «1 059 200» сандарымен ауыстырылсын;

10 азат жол бөлігінде:

«55 513» сандары «55 687» сандарымен ауыстырылсын;

13 азат жол бөлігінде:

«139 000» сандары «160 000» сандарымен ауыстырылсын;

және келесі мазмұндағы азат жолдармен толықтырылсын:

бюджет саласының қызметкерлеріне еңбек ақы төлеуге – 246 454 мың теңге;

«Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» облыстық жастар марафон-эстафетасын жүргізуге – 127 212 мың теңге;

елді мекендерді абаттандыруға – 14 500 мың теңге;

спорт объектілерін дамытуға – 89 413 мың теңге;

жолдарды жөндеуге – 70 000 мың теңге.

5) Көрсетілген шешімдегі 1 қосымша осы шешімдегі 1 қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.



2. Осы шешім 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Ақтөбе қалалық мәслихатының Ақтөбе қалалық сессия төрағасы мәслихатының хатшысы

В. Друзьяк С. Шынтасова




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет