Қаулының жобасы қылмыстық-атқару инспекциясының пробация



Дата16.06.2016
өлшемі15.23 Kb.
#139623
ҚАУЛЫНЫҢ ЖОБАСЫ

Қылмыстық-атқару инспекциясының пробация

қызметінің есебінде тұрған тұлғалар үшін,

сонымен қатар бас бостандығынан айыру

орындарынан босатылған тұлғалар және

интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған

түлектері үшін жұмыс орындарының

квотасын белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақс-тан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7-бабының 5-5) тармақшасына сәйкес, қылмыс-тық-атқару инспекциясының пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларды, сонымен қатар бас бостандығынан айыру орындарынан боса-тылған тұлғаларды және интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған тү-лектерін, жұмыс іздеуде қыйындықтары бар тұлғаларды әлеуметтік қорғау мақсатында, оларды жұмыспен қамтамасыз ету үшін, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінің есебін-де тұрған тұлғалар үшін, сонымен қатар бас бостандығынан айыру орында-рынан босатылған тұлғалар және интернат ұйымдарының кәмелетке тол-маған түлектері үшін жұмыс орындарының жалпы санынан бір пайыз мөл-шерінде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.

2. 2010 жылғы 9 қарашадағы № 9389 «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернат ұйымдарының кәмелет-ке толмаған түлектері үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу тура-лы» әкімдіктің қаулысының күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-1-151 тіркелді, 2010 жылғы 11 желтоқсанда № 151 «Рудный Алтай», 2010 жылғы 10 желтоқсан-да № 151 «Дидар» газеттерінде жарияланды).

3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.Қ. Нұрғазиевке жүктелсін.

4. Осы қаулы күшіне оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.



Өскемен қаласының

әкімі С. Тәукебаев

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет