2010 жылы округтің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2011 жылға арналған перспективалары



Дата23.02.2016
өлшемі59.64 Kb.
#8939
Петровка селолық округінің әкімі С. Некібаевтың “2010 жылы округтің әлеуметтік-экономикалық

дамуының қорытындылары және 2011 жылға арналған перспективалары” туралы селолық округ тұрғындары алдындағы

есептік баяндамасы
Есепті кездесу барысында, мен Сіздерді селолық округтің 2010 жылдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша жетістіктердің нақты нәтижелерімен таныстырғым келеді.

Петровка селолық округінің әкімі аппаратымен мемлекеттік және аумақтық бағдарламаларды орындаудағы мәселелер бойынша жоспарлы ұйымдастыру саясатты жұмыстары жүргізілуде.

Аграрлық кешенде жақсы нәтижелер жетілдірілді, кіші және орта бизнес және басқа салалар дамуы бізге білім, мәдениет, денсаулық және тұрғындарды әртүрлі әлеуметтік қорғау бағдарламасы бойынша әлеуметтік бағдарламаларды өркендетуді жүзеге асыруға мүмкіндік берді.

Ауыл шаруашылығы:

Селолық округ аумағында 27 агроқұрылымдар жұмыс атқарады, олардың ішінде 6 ЖШС, 1 мм (№9 КЛ) 19 шаруа қожалықтары және 1 фермалық шаруашылық, олардың қарамағында 22671 га шаруашылық егістік жерлер, соның ішінде 20088 га егістік егу жері.

Өсімдік өндірісі – ауыл шаруашылығының жетекші саласы, ол бұл құрылымның жалпы өнімдерінің 82,3 пайызын құрайды.

Село экономикасының дамуының негізі болып саналатын, бәсекеге төтеп беретін дәндідақылдар және дәндідақылдардың өндірісінің келешекте жетілдіруі, бұл саланың басымды бағыты.

Округтің егістік көлемін 2010 жылы 18477 га құрады, соның ішінде 13619 га дәндідақылдар.

Дәнді дақылдардың басымды алымы, жетілдірілгеннен кейін, 158520 цн. құрады. 2010 жылы гектарынан 8,6 центнер астық алынды.

“Ауыл шаруашылықты қолдау қоры” АҚ арқылы 2 үй шаруашылықтарына жеке меншік шаруашылығын дамыту үшін 800 мың теңге шағын кредит берілді.

Мал шаруашылығы:

Мал шаруашылығы – селолық округтІң негізгі саласының және аграрлық аясының келешектегі ішкі салалық дамуының бағыттарының бірі.

Округте мал басының саны: қара мал – 1321 бас, соның ішінде 575 бас сиыр, 486 бас жылқы, соның ішінде 218 бие, 700 бас шошқа, соның ішінде аналығы 55, 2577 қой және ешкі, соның ішінде аналығы 976 және 6039 бас құс.

2010 жыл бойынша 4153 тонна сүт, 854 тонна ет, 7,8 тонна жүн өн-діріліп, 132 тонна ет, 381 тонна сүт, 552 тонна тері өнімдерді сатып алынды, 1400 бас төл алынды, 1350 мал ұрықтандырылды, соның ішінде 154 бас жасанды ұрықтандырылды.

Селолық округтің тұрғындарының өз шаруашылық өнімдерін Петропавл қаласында өтетін ауыл шаруашылық жәрмеңкесінде сатуға мүмкіншіліктері бар.

2010 жылдың ішінде жоспар бо-йынша жәрмеңкеге қатысып, онда қара мал еті, сүт, жұмыртқа, қой еті, құс еті, 2,7 млн. теңгеге сатылды.

Селолық округ аумағында асыл тұқымды мал шаруашылығымен “Столыпинское” ЖШС-де қазақ ақбасты тұқымының 362 басы бар. Сатылған сүт пен ет үшін бұл мекеме 3522605 теңге және 141 ұрықталған мал үшін 141000 теңге субсидий алды, барлығы ұрықтандырылған мал саны 1350 бас

Қой өсірумен “Есильсельхоз-продукт” ЖШС-сы айналысады, осы уақытта 1000 бас қой саналады. Өнеркәсіп:

Селолық округте балық өнімде-рін өңдеу, тұшпара цехы, 2 жем үгу цехтары бар. Ауыл шаруашылық техникасын жөндеу бойынша агроқұрылымдарда 3 жөндеу шеберханасы бар.

“Столыпинское” ЖШС-де наубайхана жұмыс атқарады, бұл жұмысшыларға арзан нан сатып алуға мүмкіншілік туғызып отыр, бүгінгі күні нанның бағасы 40 теңге, барлығы 2010 жылда 45 тонна нан өндірілді. Кәсіпкерлік:

2010 жылы округте 27 шағын кәсіпкерлер тіркелген, соның ішінде 6 ЖШС, 1 ММ (№ 9 КЛ) 19 шаруа қожалығы, 1 фермерлік шаруа, 20 шағын және орта бизнес кәсіпкерлігі бар, бұнда 380 адам жұмыс істейді. 2010 жылы В.Блинов шаруашылық тауарлар дүкенін ашты. Сауда, қызмет көрсету саласы:

Округте 1 азық-түлік және өндіріс тағамдарын сатумен айналы-сатын 10 дүкені, 1 кафе-бар,1 шаштараз, 1 дәріхана пункті, 1 балық өңдеу цехы, 1 жолаушыларды тасу, 1 отын дайындау 1 ағаш өңдеу цехы, 4 ет сатып алу сауда орындары бар. Сумен жабдықтау:

Елді мекенді сумен қамтамасыз ету көкейкесті мәселелердің бірі болып есептеледі. Негізгі су көздері Есіл өзені және жерасты сулары болып табылады. Округте 3 су скважинасы және РМК “Есіл-Су” арқылы жіберілетін 1 су босату пунктісі бар, бұлар бекітілген күн тәртібі бойынша жұмыс істейді.

2010 жылы қоғамдық құдықтар-дан судың құрамын зерттеу жұ-мыстары жүргізілді, өкінішке орай бұл құдықтардың суы қажетті стандартқа сәйкес емес болып шықты. Округте тұрғындарға су тасымалдау жұмыстары ұйымдастырылған.

Бірлік және Мәдениет селолары жерасты суларымен, су скважинасы арқылы қамтылған. Жолдар:

Петровка селолық округі аумағынан төмендегідей ауыларалық жолдар өтеді:

Оседлое-Петровка - 20 км., Бірлік-Петровка - 22 км., Петровка-Жекекөл - 25 км., Петровка-Мәдениет - 5 км.

Ауыларалық жолдарды жөндеу жұмыстары жергілікті қаржы және агроқұрылымдар басшыларының демеушілік көмегімен жүргізіледі.

2010 жылы 30 км жолға тегістеу жұмыстары жүргізілді, соның ішінде Оседлое селосы -14 км, Бірлік селосы - 5 км., Жекекөл селосы -11 км., және 5 км жолға 10 тонна құм мен 60 тонна тас қоспасы төселді. 3,0 км қашықтықта жол шеттеріндегі шөптерді және талдарды шабу жұмыстары жүргізілді.

Байланыс, электрлік жабдық-тау, телефон желісі:

Округте 301 жеке тұлғалардың және 16 заңды тұлғалардың телефондық абоненті бар.

Селолық округтің барлық елді мекендері көшені жарықтанды-румен қамтамасыз етілген: Бар-лығы 33 шам орнатылды, соның ішінде Петровкада -20, Бірлікте -3, Оседлое селосында - 4, Мәдениетте -1, Жекекөлде -5.

Бір пошта бөлімі бар, бұнда 3 пошташы жұмыс істейді.

Әлеуметтік сала, білім:

Селолық округте 4 мектеп бар, соның ішінде орта - 1, мұнда барлығы 214 оқушы оқиды, оның мемлекеттік тіл мектебінде 85 оқушы, негізгі -1, мұнда барлығы 35 оқушы оқиды бастауыш - 2, мұнда барлығы 18 оқушы оқиды. 2010 жылы округтің мектептерінде шағын орталықтар ұйымдастырылды, мұнда барлығы 63 бала. Барлық мектептерде және шағын орталықтарда қазақ тілінде оқу жүргізіледі.

Петровка орта мектебінде интернат жұмыс істейді, мұнда ауданымыздың барлық округтерінен 18 бала тұрады. Селолардан интернатқа оқушыларды тегін тасу қамтамасыз етілген.

Барлық округ мектептері Ин-тернет желісіне қосылған, соны-мен қатар Интернет желісіне 80 пайыз жеке тұлғалар қосылған.

Петровка селолық округінің ау-мағында кәсіптік лицей орналасқан, мұнда 7 кәсіп бойынша білікті мамандарды дайындайды. Лицейде барлығы 257 оқушы оқиды, олар тегін тамақ және жатақханамен қамтамасыздандырылған. Денсаулық:

Округте 4 денсаулық мекемесі бар, соның ішінде 1 ДЕ, 3 МП, мұнда 1 жалпы тәжірибелі дәрігер терапевт, 5 жалпы тәжірибелі медбике жұмыс атқарады.

Барлық медицина қызметкерлерінде біліктілігін жоғарылату курстарынан өткендігі туралы сапа куәліктері бар. Бір дәріхана пункт жұмыс істейді, мұнда халық, қолжетерлік бағамен, қажетті дәрідәрмек ала алады.

Дәрігерлік мамандармен тубер-кулездің алдын алу жұмыстары бекітілген бағдарлама бойынша жүр-гізілді.

Мәдениет және спорт:

Спорт жағы округте белсенді дамуда. Біздің спортшылар аудандық, облыстық және республикалық жарыстарға қатысады, бұл оларға аудандық және облыстық спорт командаларының құрамына кіруге жағдай жасады.

Округ мектептерінде және №9 КЛ да спортзалдары бар, бұлар күн сайын кешкі сағат 22.00-ге дейін жұмыс істейді. Спорт жұмыстарын білікті денешынықтыру мамандары атқарады, әрдайым спортпен 54 адам айналысады.

Округте “Салауатты өмір салты” бағдарламасын орындау бо-йынша жұмыстар әрдайым жүргізіледі. Сонымен қатар құрамы 48 оқушылардан тұратын балалар спорттық мектебі қызмет атқара-ды.

Петровканың №9КЛ-ында қысқы мезгілде хоккей ойынының алаңы ұйымдастырылған, мұнда тек жасөспірімдер ғана емес, сондайақ үлкен азаматтар да спортпен айналысады.

Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау:

“Кедейлік және жұмыссыздықпен күрес” бағдарламасына сәйкес 2010 жылы 151 адам жұмысқа орналастырылды, соның ішінде 10 тұрақты, ал 141 адам мерзімді жұмыс орнына, қоғамдық жұмысқа 13 адам жіберілді.

Қазақстан Республикасының “Мемлекеттік адрестік әлеуметтік көмек туралы” Заңына келісті 2010 жылы аз қамтылған азаматтарға 511757 теңге, ал 18 жасқа дейінгі балары бар отбасыларына 1416039 теңге әлеуметтік көмек көрсетілді.

Жаңа жұмыс орындарын және азаматтарды жұмысқа орналастыру ауылшаруашылық басшыларымен бірлесе жүргізілуде, ауылшаруашылық басшыларының сұрауымен10 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Үлкен жұмыс қайырылымды-лық бойынша жүргізілді: барлығы 2010 жылы 344 адамға 367500 теңге көлемінде көмек көрсетілді, соның ішінде 236 адамға 186500 теңге ақшадай, 378 дана киімкешек жиналып, азқамтылған отбасыларға таратылды, мектептерде ыстық тамақ және шағын орталық-тарды ұйымдастыру үшін 90500 теңге көлемінде көмек көрсетілді. Ауыл шаурашылық басшыларымен және халықпен шіркеуді күтіп ұстау үшін 59206 теңге ақшалай және отын-көмірдей көмек көрсе-тілді.

ҰОС және еңбек ардагерлері-мен қарт адамдарды қолдау бойынша үлкен жұмыстар жүргізілуде, оларға 131200 теңге ақшалай және 15000 теңге көлемінде азық-түлік сөмкесі ретінде көмек көрсетілді. 2010 жылы 38 көпбалалы аналардың құжаттары рәсімделіп аудан әкімдігіне жіберілді, қазіргі уақытта олардың барлығы көпбалалы аналар белгілерін алды.



Біздің окрутгтің 2010 жылдың салық базасы:

170125 теңгеге жер салығы, 47125 теңгеге мүлік салығы, 1 194604 теңгеге көлік салығы және 31082 теңгеге біржолға таллон бойынша салық жиналды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет