«2011-2015 жылдарға арналған Зайсан аудандық білім беру жүйесінің дамыту бағдарламасының» 2013 жыл бойынша орындалуы



Дата24.02.2016
өлшемі48.78 Kb.
#16505
«2011-2015 жылдарға арналған Зайсан аудандық білім беру жүйесінің дамыту бағдарламасының» 2013 жыл бойынша орындалуы
Ауданда 28 мектеп: оның 18-і орта, 8-і негізгі орта, 2-і бастауыш мектеп, 7 балабақша: оның 3-і жекеменшік. Аудан бойынша 2013 жылдың желтоқсан айында 1 жастан 5 жасқа дейінгі бала саны – 2272. Бүгінгі күні 7 балабақшаға – 628, 21 шағын орталыққа – 1095, барлығы – 1723 бала мектепке дейінгі дейінгі мекемелерге тартылып отыр.

Мектепке дейінгі мекемелермен қамту орнының тапшылығын жою мақсатында 2013 жылы Зайсан қаласында 140 орындық балабақшаның құрылысы басталды. 2014 жылы Зайсан қаласындағы М.Дәуленов атындағы орта мектептің балансында тұрған 125 орындық бұрынғы «Балауса» балабақшаның ғимараты жөнделіп, жаңа балабақша ашу жұмыстары жүргізілуде. 2014 жылы Біржан ауылындағы бұрынғы кеңшар кеңсесіне жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, 50 балаға арналған жекеменшік балабақша, сонымен қатар Айнабұлақ ауылындағы бұрынғы «Балауса» балабақшаның ғимаратын қайтару, 50 орындық балабақша ашу жұмыстары жоспарлануда.

Аудан бойынша 5 мектептен тыс қосымша білім беру мекемелері жұмыс істейді, оған 1546 бала тартылған. Қосымша білім берудің желісін кеңейту мақсатында Дайыр, Қаратал ауылдарынан музыка мектебінің филиалдары ашылса, Зайсан қаласында жас натуралистер орталығы ашылды.

Аудан мектептері бойынша оқушы контингенті 5917 баланы құрайды.. 2013-14 оқу жылының І жарты жылдығын 50,5 пайыз сапамен аяқтады. Оқушылардың 954-і үздік, 1688-і екпінді. Үлгерім-100% .

Мектеп бітіруші 517 түлектен Ұлттық Бірыңғай тестілеуге сұраныс берген 472 оқушы қатысты. Бұл барлық мектеп түлектерінің 91,3 %-ы. Аудан бойынша орташа балл-71. 43 түлек дәстүрлі емтихан тапсырса, 2 түлек денсаулығына байланысты мемлекеттік емтииханнан босатылды.

Аудан деңгейінен жоғары орташа балды Гагарин орта мектебі, орташа балы-78,1, Сарытерек орта мектебі, орташа балы- 75,9, Ауезов- 73,5, Қаратал орта мектебі-73,1, Айнабулақ орта мектебі- орташа балы- 73, Көгедай орта мектебі-72,3, М. Дауленов атындағы орта мектебі орташа балы -71,7,Кеңсай орта мектебі-71,5.

ҰБТ қорытындысы бойынша «Алтын белгі» аттестатына үміткер 44 мектеп бітірушіден -8 бекітіп, бұл 16% пайызды құрады, Үздік аттестатқа 11 үміткерден бірде бір мектеп бітіруші өз білімдерін бекіткен жоқ. «Алтын белгі» бекіткен түлектердің орташа балы- 111. «Алтын белгіге» үміткер 3 түлекке Білім және ғылым министрлігінің 9 шілде 2010 жылғы № 369 бұйрығы негізінде бір балл жетпей қалғанына байланысты Үздік аттестат берілді.

Ең жоғарғы балды-116, Черікбаева Арайлым Алмазбекқызы- М. Ломоносов ОМ, Болатбекова Жанерке Болатбекқызы- М. Әуезов ОМ мектеп түлектері көрсетті.

100 және 100 ден жоғары балды аудан бойынша 47 мектеп бітіруші жинаған, 5 пән бойынша 50 балдан төмен 70 мектеп бітіруші алған, конкурстық балл бойынша 171 түлек шектік деңгейден өте алмады.

2 мектепке күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізуге «Тірек ауылы» бағдарламасы бойынша 104822,0 мың тенгеге бөлінді, 1 мектепке республикалық бюджеттен ағымдағы жөндеуге 1980,0 мың тенге бөлінді. 6 мектепті күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізуге жергілікті бюджеттен 72981,0 бөлінді. 5 мектептің жылу қазандықтарын ауыстыруға 4028,0 мың тенге бөлінді. Зайсан қаласында 600 орындық мектеп жатаханасымен және 140 орындық балабақшаның құрылысы (337,2 млн теңге) басталды.




Мектептердің материалдық- техникалық базасын нығайту, жаңа модификациялы пәндік кабинеттермен жарақтандыру мақсатында жергілікті бюджеттен 2 кабинет (химия)-8194,0 мың тенге, республикалық бюджеттен 2 химия кабинеті -8194,0 мың тенге бөлінді. Сонымен қатар оқушыларды сапалы тасымалдаумен қамту , автобустар паркін жаңарту мақсатында жергілікті бюджеттен


УАЗ автокөлігі (2500,0 мың тенге) және автобус (5117,0 мың тенге) алынды.

Биылғы жылы аудан мектептерін 20 жыл бұрын бітірген түлектер оқыған мектептеріне 5333000 тенге көлемінде сынып кабинеттерін, спорт инвентарьларын, музыкалық аппаратура, стол орындықтарды ескерткіш- сыйлық ретінде тапсырды

Елбасының 1-4-сынып оқушыларын, аз қамтылған отбасы балаларын толық ыстық тамақпен қамтамасыз ету тапсырмасы бойынша 2350 бастауыш және 1817 аз қамтылған отбасы балалары, арендаторлар, жеке кәсіпкерлер есебінен есебінен 267, мектеп –интенрнаттың барлық161 баласы 100 пайыз тегін ыстық тамақпен қамтылған, аптасына 4 рет бал, 2 рет Зайсан сүт зауытынан сүт беріледі.

Мукарама, Қазақстан, Кеңсай, Гагарин, М. Әуезов, Абай, М. Ломоносов орта мектептері жылыжайлар ұйымдастырып, балалардың тамағына қыс айлары мен ерте көктемде көкөніс берілді. Ыстық тамақтың сапасын арттыру мақсатында 3 жақты 47 меморандум жасалынып, бір оқушыға берілетін ыстық тамақ бағасы 120 тенге айланды, оның 70 тенгесі жергілікті бюджет есебінен.

Облыстық пән олимпиадасына 4-11 сынып аралығында қатысқан 38 оқушының 13-і жүлделі ІІ, ІІІ орындардың жеңімпазы атанды. Олимпиаданың республикалық кезеңіне қатысқан мектеп түлегі ІІІ орынды жеңіп алып, Президент стипендиаты атанды.

5-7 сыныптар аралығында математикадан облыстық «Сәйгүлік» олимпиадасына Зайсан ауданынан 9 оқушы қатысып, барлығы жүлделі І, ІІ, ІІІ орындарды жеңіп алып, облыс бойынша командалық І орынға ие болса, «Жас математик», «Жас физик» олимипиадасына ауданымыздан 8 оқушыдан құралған команда қатысып, облыс деңгейінде жас математиктер командасы І орын, жас физиктер командасы-ІІІ орындарды иеленді.

Облыстық ғылыми жоба қорғау жарысында ауданның 5 оқушысы жүлделі І, ІІІ орындарды жеңіп алып, 2 оқушы республикалық жарысқа жолдама алды.

Аудан оқушылары тек білім саласында ғана емес, сонымен қатар өнер де де өз қабілеттерін көрсетіп жүр. .

Балалар музыка мектебінің «Гүлдер» би тобы Астана қаласында өткен республикалық «Сәлем, Астана» байқауында І дәрежелі диплом иегері атанды.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің жұмыс жоспарына сәйкес жалпы білім беретін оқу орындарының оқушыларының арасында аудандық Абай,Шәкәрім және Махамбет оқуларынан әр бөлім бойынша жүлделі І орындарды жеңіп алған 7 оқушы облыстық кезеңге жолдама алды. Облыстық Махамбет оқуларында І орынды жеңіп алған Қаратал орта мектебінің оқушысы республикалық кезеңге қатысып жүлделі ІІІ орынды иеленді.

Биыл үшінші рет өткізіліп отырған балауса ақындардың жыр мүшайрасына аудан оқушылары белсене қатысып, жүлделі орындарды жеңіп алды.

Спорт саласында да аудан мектептерінің оқушылары биік белестерден көрініп жүр. Ұлы Жеңістің 68 жылдығы қарсаңында Халық Қаһарманы Қасым Қайсеновтың 95 жылдығына арналған бокстан облыстық турниріне қатысқан Сарытерек орта мектебінен 3 оқушы күміс, 3 оқушы қола медальдарды жеңіп алса, жас өспірімдер арасындағы шағын футболдан өткен обыстық біріншілігіне қатысқан Зайсан ауданының оқушылар командасы жүлделі ІІ орынды иеленді. Қол күресінен жастар және жасөспірімдер арасында өткен облыс біріншілігіне қатысқан Зайсан құрама командасынан алтын, күміс, қола медальдарды жеңіп алған 7 оқушы Қазақстан Республикасы чемпионатына қатысуға жолдама алды. «Сәулетай» ойындарының бағдарламасы бойынша облыс деңгейінде футболдан өткен жарыста қыздар командасы жүлделі ІІІ орынды иеленді.

Аудан әкімінің жүлдесіне арналған IX аудандық балалар «Сәулетай» ойыны қорытындысы бойынша 42 оқушы облыстық кезеңіне қатысуға жолдама алып, обыс деңгейінде ІІІ орынды жеңіп алды.

Сонымен қатар мектеп оқушыларының жазғы сауықтырылуы білім бөлімінің басты назарында.



Ауданы бойынша 1-10 сыныпта 5590 оқушы бар. Оның 5420-ы жазғы демалыспен, сауықтырылумен және жұмыспен қамтылды. Бұл 97 %-ды құрайды. 2248 бала 28 мектеп жанындағы лагерлерде, 570 бала қала сыртындағы «Бәйтерек» сауықтыру орталығында сауықтырылды.

«Туған ел- алтын бесігім» акциясы аясында туристтік саяхаттың жоспары жасалып, Астана қаласына саяхат ұйымдастырылды. Шілікті, Берел қорғандарына, Жидебайға арнайы бекітілген маршруттар бойынша мектеп оқушылары саяхаттап қайтты.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет