Аңдатпа! Дәстүрлі «Ер жігіт 2014» байқауы өтеді



Дата08.07.2016
өлшемі14.32 Kb.
#185699



Еуразия ұлттық университеті

Баспасөз қызметі

Тел.: +7 (7172) 709-548, 709-500 (вн.31-116,)


Аңдатпа!
Дәстүрлі «Ер жігіт - 2014» байқауы өтеді

2014 жылы 13 мамыр күні сағат 17.00-де Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде дәстүрлі ІҮ «Ер жігіт-2014» сайысы өтеді. Басты мақсаты – жігіттердің бойындағы ержүректілік пен батырлықты, мәдениет пен эстетикалық тәрбиені, салт-дәстүрді насихаттау. Аталмыш конкурста оқу орнының 13 факультетінен іріктелген жігіттердің жігіті бақ сынайды: сайыстың шешуші кезеңіне 6 азамат жолдама алып отыр. Олар: ақапараттық технологиялар, заң, журналистика және саясаттану, тарих, филология факультеттерінің студенттері.

Ақтық кезеңге жолдама алған жігіттер Шешуші кезең сайысында «Бейне ролик көрсету», «Шығармашылық шәне спорттық байқау», «Сұрақ-жауап», «Ер жігіт бейнесі» секілді сындардан сүрінбей өтуге тура келеді.

«Ер жігіт-2014» сайысына ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары – Бақытжан Ертаев, Бақытбек Смағұл, Абай Тасболатовтар құрметті қонақ ретінде шақырылып отыр. Ал ҚР еңбегі сіңген қайраткер, белгілі театр сыншысы Әшірбек Сығай, актер Нұрлан Әлімжанов, олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев, белгілі сатирик, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Көпен Әмірбек, КВН Одағының президенті Ескен Елеукен қазылық жасайды.

Сондай-ақ сайыс арасында белгілі эстрада жұлдыздары ән шырқап, «Самұрық» шоу балеті, «Дала сазы» оркестрі өз өнерлерін паш ететін болады.

Ұйымдастырушы:

Л.Н.Гумилев атындағы

Еуразия ұлттық университеті,

Өткізу орны: Қажымұқан 5, УЛК, концерт залы

Өткізу күні: 2014 жыл, 13 мамыр. Басталуы: сағат 17:00.

Аккредитациядан өту үшін, ЕҰУ баспасөз- қызметіне хабарласыңыздар

+7 (7172) 709 -548



+7(7172) 70-95-00 (31-116,31-118 внутр)

+ 7 702 363 60 05, lyaka-tompi@mail.ru – Ләйлә Рахманова

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет