2011 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзiмдi әскери қызметке азаматтардың кезектi шақырылуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкiмдiгiнiң 2011 жылғы 28 наурыздағы N 101 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әдiлет департаментiнiң Жарма аудандық әдiлет басқармасында 2011 жылғы 29 сәуiрде N 5-10-114 тiркелдi
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағы 8) тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi № 74 «Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы» Заңының 19, 20, 22, 23 баптарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2011 жылдың 3 наурыздағы № 1163 «Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында кезектi мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығын және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 11 наурыздағы № 250 «Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында кезектi мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығын iске асыру туралы» қаулысын басшылыққа ала отырып, Жарма ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Шақыруды кейiнге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегiзден жиырма жетi жасқа дейiнгi ер азаматтар, сондай–ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жетi жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтiң белгiленген мерзiмiн өткермеген азаматтар 2011 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзiмдi әскери қызметке шақырылсын.
2. Аудандық шақыру комиссиясының құрамы (қосымшаға сәйкес) бекiтiлсiн.
3. «Жарма ауданының № 1 медициналық бiрлестiгi» ҚМКҚ директоры Т. Брынзова (келiсiм бойынша) төмендегi ұсынылсын:
1) медициналық куәландыруды өткiзу үшiн қажеттi мөлшерде дәрiгерлер мен орта буын медициналық қызметкерлерiн бөлу;
2) қосымша тексеру үшiн жатып емделетiн, емдеу-сауықтыру мекемелерiнде бос орындар ұстау;
3) мерзiмдi әскери қызметке шақыру өткеннен кейiн, емдеудi қажет ететiн әскерге шақырылушылардың тiзiмiн және қай емдеу мекемелерiне тiркелгенi туралы мәлiметтерiн, емделгендердiң келесi әскери қызметке шақыруға келуiн қамтамасыз ету.
4. Аумақтық бiрлiк әкiмдерi әскерге шақырылушыларды ауданның қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмiне шақырылғандығы туралы хабарландырсын және олардың дер кезiнде келуiн ұйымдастырсын.
5. «Жарма ауданының жұмыс қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы А. Өмiрзақовке ұсынылған тапсырысқа сәйкес 2011 жылдың 1 сәуiрiнен қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмге жұмысшылар қоғамдық жұмысқа жолдасын.
6. Жарма ауданының iшкi iстер бөлiмiнiң бастығы Ұ. Шәрiповке (келiсiм бойынша) ұсынылсын:
1) бұрын сотталған немесе жазасын өтеп жүрген, қоғамға жат әрекеттерi мен қылмыстары үшiн тергеуде жүрген, тiркелуге тиiстi азаматтар туралы қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмге хабарлау;
2) Қазақстан Республикасының «Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы» Заңын орындаудан жалтарып жүргендердi iздестiрудi және ұстауды өз құзыретi шегiнде жүзеге асыру;
3) шақыру медициналық комиссиясының жұмысы кезiнде тәртiптi сақтау үшiн полиция нарядын бөлу.
7. Жарма ауданы әкiмдiгiнiң 2010 жылғы 23 сәуiрдегi № 150 «2010 жылдың көктемiнде және күзiнде мерзiмдi әскери қызметке шақыруды» (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2010 жылдың 7 мамырдағы № 5-10-98 болып тiркелген) қаулысының күшi жойылды деп танылсын.
8. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкiмiнiң орынбасары С. Брынзовқа жүктелсiн.
9. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Жарма ауданының әкiмi Т. Қасымжанов
Келiсiлдi:
Жарма ауданының қорғаныс
iстерi жөнiндегi бөлiмiнiң бастығы Ғ. Дайрабаев
24.03.2011 ж.
Жарма ауданының iшкi
iстер бөлiмiнiң бастығы Ұ. Шәрiпов
24.03.2011 ж.
«Жарма ауданының № 1
медициналық бiрлестiгi»
ҚМҚК директоры Т. Брынзова
24.03.2011 ж.
Жарма ауданы әкiмдiгiнiң
2011 жылғы 28 наурыздағы № 101
қаулысына қосымша
1984-1993 жылы туған азаматтарды әскерге шақыру жүргiзу
жөнiндегi аудандық комиссияның құрамы
Ғалымсерiк Битемiрұлы Дайрабаев
|
ауданның қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмнiң бастығы, комиссия төрағасы (келiсiм бойынша)
|
Томпаков Мейiрқан Бейсембайұлы
|
қаржы-шаруашылық жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдай бойынша бөлiмнiң бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары
|
Комиссия мүшелерi:
|
Тоқтағанов Болатбек Өзбекұлы
|
ауданның iшкi iстер бөлiм бастығының орынбасары (келiсiм бойынша)
|
Шайза Рафағатқызы Даирова
|
Жарма ауданы бойынша № 1 медицина бiрлестiгiнiң дәрiгерi (келiсiм бойынша)
|
Ахметова Айжан Қасымбайқызы
|
Жарма ауданы бойынша № 1 медицина бiрлестiгiнiң медбикесi (келiсiм бойынша)
|
Достарыңызбен бөлісу: |