2011 жылғы 1 сәуірдегі облыс бюджетінің атқарылуы туралы
2011 жылдың 1 сәуір айында облыс бюджетіне 35604,8 млн.теңге болжаммен 36972,7 млн.теңге түсті, соның ішінде 25502,7 млн.теңге сомасын республикалық бюджеттен берілген субвенция мен нысаналы трансферттер құрады.
Меншік кірістер 115,1%-ға орындалды. Барлық бюджеттердің деңгейлері жоспарды орындады.
2011 жылдың бірінші тоқсанында болжам азаматтарға пәтерлер сатудан түскен түсімдерден (37,26%) басқа, барлық кіріс көздері бойынша жоспар орындалды.
Облыстық бюджетке 2011 жылғы 1 сәірдегі жағдай бойынша 2905,6 млн.теңге болжаммен 3645,9 млн.теңге меншік кірістері немесе 125,5%-ға орындалды.
Республикалық бюджеттен алынған нысаналы трансферттерді ескере отырып, барлық деңгейдегі бюджеттерде бекітілген бағдарламаларды іске асыруға 34396,5 млн.теңге жұмсалды.
Облыстың мемлекеттік мекемелерін ағымдағы ұстауға 29235,5 млн.теңге, даму бюджеттік бағдарламаларына 5161,0 млн.теңге бағытталды.
Облыстың білімі беруіне 11704,9 млн.теңге немесе 98,8% жұмсалды, оның ішінде:
мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету және қолдау көрсетуге – 598,9 млн.теңге;
- облыстың қалалары мен аудандарындағы жалпы білім беруге – 7890,4 млн.теңге, соның ішінде мектеп, гимназиялар, лицейлер, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру профильді мектептер, мектептер-балбақшаларға – 7384,1 млн.теңге, анайы білім беру оқу бағдарламалары бойынша жалпы білім беруге - 264,4 млн.теңге, мамандандырылған білім ұйымдарына дарынды балаларға жалпы білім беруге - 241,9 млн.теңге;
- техникалық және кәсіптік білім беруге – 1025,3 млн.теңге.
2011 жылғы 4 айында білім беру жүйесін ақпараттандыруға 22,8 млн.теңге жұмсалды.
Облыстық бюджеттен жетімдерді, ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды әлеуметтiк қамсыздандыруға (балалар үйлер, баспаналар, отбасы үлгісіндегі балалар ауылдары, патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) ұстау) ағымдағы кезеңде 216,2 млн.теңге жұмсалды, ол 98,5%-ды құрады.
2011 жылға денсаулық сақтау бойынша түзетілген бюджет 30888,9 млн.теңгені құрады. Ағымдағы жылдың 1 сәуірдегі жағдай бойынша облыстың денсаулық сақтау мекемелері бойынша атқарылу 7766,4 млн.теңгені құрады, жоспар бойынша есеп беру кезеңінде 8450,2 млн.теңге немесе немесе 91,9%. Шоттардағы қаражат қалдықтары 683,8 млн.теңгені құрады, оның ішінде 415,1 млн.теңгесі – даму бюджеттік бағдарламалары бойынша, 268 млн.теңгесі – ағымдағы бағдарламалары бойынша, оның 107,1 млн.теңгесі республикалық бюджеттен берілген трансферттер, 161,6 млн.теңгесі – жергілікті бюджет қаражаты. Республикалық бюджет бойынша 104,5 млн.теңге - дәрілік құралдарды сатып алу бойынша конкурсты ұйымдастырушы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі болып табылады, (оның ішінде 57,7 млн.теңгеге конкурс өтпей қалды; 32,8 млн.теңге – конкурстық рәсімдерден үнем). ЖБ бойынша – 161,6 млн.теңге, оның ішінде 93,4 млн.теңге материалдық-техникалық жарақтандыру (88,6 млн.теңгеге конкурс өтпей қалды; 4,8 млн.теңге - конкурстық рәсімдерден үнем); 35,4 млн.теңге атқарылған жұмыс актілерінің жоқтығынан дәрілерді қамтамасыз ету бойынша; 23,2 мл.теңге - өртке қарсы іс-шаралар бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілді, шарттар тіркелу сатысында.
2011 жылы жекелеген санаттағы қажет ететін азаматтарға жәрдемақылар төлеу жүзеге асырылуда: тұрғын үй көмегі – 60,2 млн.теңге, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегі – 111,6 млн.теңге, оның ішінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен 101,2 млн.теңге, 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар – 142,9 млн.теңге, оның ішінде жергілікті бюджет есебінен 130,8 млн.теңге көмек қарастырылды.
Жұмыспен қамту бойынша игеру 94,9 млн.теңгеге 99,8%-ды құрады.
2011 жылы білім объектілерін дамытуға республикалық және облыстық бюджттер қаражаттары есебінен 4768,2 млн.теңге қарастырылды, оның есебінен
2011 жылы республикалық бюджеттен берілетін трансферттер мен облыстық бюджет қаражты есебінен білім объектілерін дамытуға 4830,4 млн.теңге қарастырылды, олардың есебінен Өскемен қаласындағы және Жарма ауданындағы балабақша, Үржар, Глубокое, Күршім аудандары мен Семей қаласының орта мектебі құрылыстары жалғастырылатын болады. Сондай-ақ, Зырян ауданы Зырян қаласында, Өскемен қаласы сәтпаев даңғылы бойынша жаңа балабақша салу және Ұлан ауданы Молодежный кентіндегі жаңа мектеп салу жалғастырылды.
Сондай-ақ, республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен Өскемен қаласындағы Қан орталығы мен Семей қаласының облыстық онкологиялық диспансердің радиологиялық орталықтары құрылысы жалғастырылатын болады, оған 2242,6 млн.теңге жоспарланды. Облыстық бюджет қаражы есебінен Семей қаласындағы көп бейінді қалалық аурухана құрылысы, Семей қаласының балалардаң туберкулез ауруханасының құрылысына, Семей қаласының облыстық онкологиялық диспасердің радиологиялық орталығының құрылысына және Глубокое ауданы Глубокое кентіндегі балалардың емханасының құрылысына, «Семей қаласының паталоанатомиялық бюросы» КМҚК ғимаратына жапсаржайсалуға 625,5 млн.теңге жоспарланды.
Есеп беру жылы әлеуметтік қамсыздандыру объектілерін дамытуға 499,0 млн.теңге, оның ішінде Глубокое ауданы Зимовьев интернат-үйінің, Зимовьев психоневрлогиялық МӘМ құрылысы, Зырян ауданы Серебрянск медициналық-әлеуметтік мекемесіне изоляторды жалғай салу және Ұлан ауданы Бозанбай ауылындағы психоневрлогиялық МӘМ-дағы бұрынғы аурухананы қайта жаңарту, Шемонаиха ауданы Выдриха ауылындағы «УБА» шипажайына қосымша құрылыс салу, Серебрянск қаласының МӘМ изоляторына жапсаржай салу жоспарланды.
2010 жылы көктемгі су тасқынынан зардап шеккен Тарбағатай ауданы тұрғындарының өмір сүру жағдайын жақсарту мақсатында мәдениет объектілерін дамыту бағдарламыс бойынша облыстық бюджетте Тарбағатай ауданы Жәнтікей және Көкжыра ауылдарындағы мәдениет үйлерінің құрылысына 235,9 млн.теңге сомасында қаражаттар қарастырылды, сонымен қатар Өскемен қаласының қазақ драма театрының құрылысына және Семей қаласының Абай атындағы Әмбебап кітапханасының ғимаратын қайта жаңартуға 9,7 млн.теңге жоспарланды.
Ішкі істер органдарының базаларын дамыту үшін 421,8 млн.теңге қарастырылды, оның есебінен Семей және Зырян, Өскемен қалаларында уақытша ұстау изоляторлары салынатын болады.
Қаражаттардың басым бағыты облыстың елді мекендерінің сумен жабдықтау жүйесін дамыту болып табылады. Ағымдағы жылы сумен жабдықтау жүйесін дамытуға республикалық бюджеттен трансферттер бөлу біршама ұлғайды, ағымдағы жылы 2010 жылға қарағанда 3567,5 млн.теңгеге артық жоспарланды, яғни 4850,0 млн.теңге сомасында нысналы трансферттер жоспарланды, олардың есебінен Зайсан, Риддер және Өскемен қалаларындағы, Абай, Бесқарағай, Глубокое, Катонқарағай, Үржар және Тарбағатай аудандарында сумен жабдықтау жүйелеріне қайта жаңарту жұмыстары жүргізілген болатын. Сонымен қатар, жоғарыда аталған аудандардың сумен жабдықтау объектілерін дамытуды қоса қаржыландыру облыстық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен 947,5 млн.теңге қарастырылған.
Тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасы бойынша және «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен берілетін трансферттер мен кредиттер есебінен 6000,6 млн.теңге сомасында қаражат бөлу жоспарланды, оның есебінен коммуналдық және ипотекалық тұрғын, сондай-ақ инженерлік-коммуналдық инфрақұрылым үй салу жоспарлануда.
Ағымдағы жылы облыстық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорын және инженерлік-коммуналдық инфрақұрылым дамытуды қоса қаржыландыруға 995,5 млн.теңге қарастырылды.
Облыстың көлік инфрақұрылымын жақсарту мақсатында 2011 жылы республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен Күршім ауданы Қарақаба өзені арқылы көпірдің құрылысын аяқтауды және «Семей-Қайнар» автожолдарын қайта жаңартуды, сонымен қатар Өскемен қаласының Самар тас жолындағы темір жол арқылы өтетін автомобиль жолын салуды жалғастыруды, «Шыңқожа-Мыңбұлақ-Акшауле» автожолын қайта жаңартуды, «Голубой залив» демалыс орнына кіреберіс автожолын жаңалауға, Өскемен қаласынан Зыряновск қаласына шығу автожолын салуды жоспарлап отыр.
Семей қаласында қазіргі жылумен жабдықтау жүйесін қайта құру және жаңғырту бойынша жұмысты жалғастыруға республикалық бюджеттен 7164,0 млн.теңге сомасында транфсерттер бөлу қарастырылды, есеп беру кезеңінде жоспарланған қаражат толығымен игерілді (1164,2 млн.теңге).
Курчатов қаласының № 4 қазандығын қайта жаңартуға облыстық бюджет қаражаты есебінен 129,1 млн.теңге жоспарланды.
2011 жылға нысаналы ағымдағы трансферттер мен дамытуға арналған трансферттер қарастырылған, 36 363,0 млн.теңге облыстық мәслихат сессиясының 2010 жылғы 24 қаңтардағы № 26/310-IV шешімімен облыстық бюджетте 36298,8 млн.теңге бекітілген, оның ішінде 16 600,0 млн.теңге нысаналы ағымдағы трансферттер, 19 763,3 млн.теңге дамытуға арналған трансферттер, сонымен қатар 2 586,4 млн.теңге тұрғын кредит.
Облыстық мәслихат сессиясының 2011 жылғы 11 наурыздағы №27/336- IV шешімен жол картасы бойынша трансферттер ескере отырып, республикалық трнасферттер көлеміне өзгертулер енгізілді, сонымен қатар республикалық трансферттер көлемі 48 813,0 млн.теңгені құрады. .
2011 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша республикалық бюджеттен облыс үшін 6548,2 млн.теңге сомасында нысаналы ағымдағы трансферттер мен дамуға арналған трансферттер қарастырылды, нақты 6417,1 млн.теңге түсті, оның 5872,6 млн.теңгесі немесе 91,5% есеп беру кезеңінде игерілді.
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға 180,7 млн.теңге, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлікті қолдауға кадрларды даярлау және қайта даярлау бойынша – 87,2 млн.теңге, Көші-қон полициясының қосымша штат санын ұстау, материалдық-техникалық жарақтандыру, оралмандарды құжаттандыруға, сондай-ақ оралмандарды уақытша орналастыру орталығын ұстауға – 2,6 млн.теңге, вакциналарды және басқа да иммунобиологиялық препараттарды сатып алуға – 778,4 млн.теңге, тегін медициналық көмекті қамтамасыз ету және кеңейтуге – 432,6 млн.теңге, әлеуметтік қызмет стандарттарын енгізуге – 63,7 млн.теңге, медициналық-әлеуметтік мекемелерде күндіз болу бөлімшелерінің желісін дамытуға – 13,9 млн.теңге, Семей қаласының жылумен жабдықтауды жаңғырту жүйесін жаңғырту және қайта жаңартуға 1164,3 млн.теңге, сумен жабдықтау жүйесін дамытуға – 1068,2 млн.теңге жұмсалды.
Достарыңызбен бөлісу: |