2011 жылғы 24 наурыз № 32/3 кезектен тыс XXХII сессия
«Аумақтық, округтік және
учаскелік сайлау комиссияларын
сайлау туралы» 2009 жылғы
24 сәуірдегі № 15/19 шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 10 және 19 бабтарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Өскемен қалалық мәслихатының «Аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» 2009 жылғы 24 сәуірдегі № 15/19 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері міндеттерінен босатылсын:
№ 9 «Әділет» партиясынан Маржан Канатбековна Журтбаева;
№ 19 «Нұр Отан» партиясынан Шалкар Советович Калиев;
№ 20 ҚПП Людмила Николаевна Круль;
№ 30 «Феникс» ҚБ Анель Бакткановна Баянова;
№ 37 «Фейт» ҚБ Назира Нурбековна Искакова;
№ 57 «Нұр Отан» партиясынан Мадрахимов Медгат Мадрахимович;
№ 61 ҚПП Мурзамухамбет Торгаевич Дюсупов;
№ 69 «Книголюб» ҚБ Ольга Юрьевна Мутасова;
№ 80 «Нұр Отан» партиясынан Вера Васильевна Чубакова.
№ 102 «Феникс» ҚБ Наталья Валерьевна Кляузер.
2. Осы шешім қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы М. Ұрынтаев
Қалалық мәслихаттың хатшысы В. Головатюк
Достарыңызбен бөлісу: |