2011 жылғы қаңтар-маусымда Шемонаиха ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы



Дата24.02.2016
өлшемі129.54 Kb.
#12490
2011 жылғы қаңтар-маусымда Шемонаиха ауданының

әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы

ақпарат


  1. Өнеркәсіп

Аудан экономикасында өнеркәсіп үлесі 50 % құрайды. Салада 5000 адам немесе аудан экономикасында жұмыс істейтіндердің жалпы санынан 45%.

Үстіміздегі жылғы 6 айдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі 9,7 млрд. теңге, 2010 жылғы деңгейден 1,9 есе жоғары. Жоспарлы тапсырма 93,2 % (10,4 млрд. теңге) орындалды. Физикалық көлем индексі– 94,8 %.

Өнеркәсіптегі еңбек өнімі – 1 жұмыспен қамтылғанға 2,2 млн. теңге, жоспарлы тапсырмадан 2,0 есе жоғары.



Тау-кен қазба саласының көрсеткіштері - 5,65 млрд. теңге, 2010 жылғы деңгейде (3,4 млрд. теңге) – 166,1 %, физикалық көлем индексі 93,0 %.

Сала бойынша физикалық көлем инексінің төмендеу себебі:

  • Артемьев кенішіндегі кенде қорғасын-мырыш кендерінің басымдығына, осыған байланысты мыс-мырыш кені қазба жұмыстарының қысқаруы.

  • Кәсіпорынмен жаңа технологиямен байытуды қолдануы, концентраттағы мыстың құрамы – 80 % дейін, қорғасын – 88% дейін.

Өңдеу саласы: өнім көлемі – 3,5 млрд. теңге, ФКИ 110,7 %, 2010 жылғы көлемге (1,88 млрд. теңге) – 186,1 %.. Сала кесінінде: азық-түлік өнімі өндірісі – ФКИ – 107,3 %. Химиялық өнеркәсіп өнімдерінің табиғи көрсеткіштердегі өндіріс көлемі (178,6 %), ет және субөнімдері (2,7 есе), күнбағыс майы (118 %), ұн (127 %), жарма мен жем (149%), астық (103,6 %), жұмыс киімдері (123 %) ұлғайды.

«Электрмен жабдықтау, газ, бу және ауа желдеткіші» және «Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтарды бөлу және жинау» электр қуаты, жылу және су шығындарын қысқартуға оң беталыс бар.



Өнеркәсіп өнімінің көлемін арттыру жөніндегі шаралар индустрияландыру картасы аясындағы жобаларды іске асыруды көздейді:

Іске асырылатын жоба

Іске асырылатын жоба - «Триумф Агро» АӨК «Дәнді, майлы және бұршақ дақылдарын өндіру, өңдеу, сатып алу. Өсімдік майын, ұн-жарма және қоспажем өнімдерін өндіру». Жобаны іске асыруға бағытталған қаржының жалпы сомасы – 410,0 млн. теңге, оның ішінде қарызға алынғаны – 150,0 млн. теңге, 260,0 млн. теңге – өз қаржысы. Жобалық қуаты – тәулігіне 30 тонна май (5,7 млн. теңге).

Үстіміздегі жылы тамыз айында пайдалануға енгізу жоспарланды.

Бүгінгі күні кәсіпорынға 54 адам қабылданды, жартыжылда – 4 млн.теңге салық түсті.


Жоспарланған жобалар

1. «Вавилонское» кен орнындағы полиметалл кендерін бірлесіп барлау және өндіру, «Сугатовское» кен орнын бірлесіп барлау және алтын өндіру жобалары - Қазақстан Республикасының жер қойнаулары және жер қойнауларын пайдалану бойынша заңнамасының өзгеруіне байланысты жоғарыда аталған заңнамалық актілер қызметіне жатқызылатын, шешілген құжаттарды беру тоқтатылған болатын. Келісімшарт және тиісті лицензиялар «ӘКК ҰК «Ертіс» АҚ (Семей қ.) арқылы берілетін болады. Осыған байланысты жоба бастамашысы – «Metal Trade Company» ЖШС – мәселе Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде пысықталды.

2. «Выдриха кен алаңының шығыс қапталындағы полиметалл кендерін барлау және өндіру» жобасы – Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің бірінші вице-министрі деңгейінде келісілді. 2011 жылғы 17 наурызда Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі және «Ертіс АӨК» АҚ «ФОК-УК» АҚ-на «Выдрихинское» кен орнына қойнауларын пайдалану құқығын беру туралы келіссөздер хаттамасына қол қойылды. Қазіргі уақытта «ФОК-УК» АҚ қойнауларды пайдалану жобасын әзірлеу бойынша жұмыстар жасалуда. Келесі кезең – тарихи шығындарды төлеу, қыркүйекте егістік жұмыстарын бастау жоспарланды, барлау бойынша негізгі жұмыстар – 2012 жылдың наурызынан басталады.

Сондай-ақ Первомайский к. іс-қимылдағы кәсіпорындарда көрсеткіштерді арттыру бойынша жұмыс жүргізілуде: «Востоксельхозпродукт» ЖШС айына күнбағыс майын 40-тан 50 тоннаға дейін өндіру қуаттылығын ұлғайту мақсатында технологиялық желісі жаңартылды, 30 жаңа жұмыс орны құрылды. «Ертіс сирек жер компаниясы» ЖШС айына жобалық қуаты – 120 тонна шикізат шығаруға қосылды өткен жылғы көрсеткіші 40 тонна, 100 жаңа жұмыс орны құрылды..



«2020 жол картасы бизнесі» бағдарламасы бойынша:

Іске асырылатын жоба: «ШҚО Шемонаиха қ. Советский көшесі 148 шекараға жақын аймақтар ынтымақтастығы үшін агроөнеркәсіп, көлік логистикалық орталығы (бас жоспар, инженерлік желілер)». Жобаның жалпы құны – 719 729 мың теңге, оның ішінде 162 729 мың теңге - «Жаңа бизнес-бастамашылықты қолдау» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша: Өндірістік инфрақұрылымды дамыту – республика бюджетінен сумен жабдықтау, кәріз, энергиямен жабдықтау желілерін салуға және абаттандыруға қаражат бөлу. 2011 жылғы 1 маусымға мынадай жұмыстар жүргізілді: Энергетика және коммуналдық шаруашылығы басқармасымен конкурс өткізілді, мердігермен келісімшарт жасалып, 30 пайызда (48 819 мың теңге) аударылды, ү.ж. мамырдан объектіде жұмыс басталды. Жыл соңына дейін көкөніс сақтау қоймасы мен қойма жайларын салу бойынша жұмыстар аяқталады. Аталған жоба аясында 2012 жылғы жылыжай салу, болашақта – көкөніс консервілерін өндіру бойынша цех ашу жоспарлануда.

Бағдарламаның екінші бағыты бойынша «Кәсіпкерлік секторын оңалту» - Банк несиелері бойынша проценттік ставканы субсидиялау және бюджетке салық төлемі және (төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығынан басқа) басқа міндетті төлемдер бойынша мерзімін ұзарту – «Завод оцинкованной посуды» ЖШС банкроттықтан сақтау бойынша жұмыс жүргізілуде. 2011 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша мынадай жұмыс атқарылды: «Центркредит» (Семей қ.) банкінің филиалына қажетті құжаттар пакеті ұсынылды, банк шешім қабылдағаннан кейін, құжаттар өңірлік үйлестіру кеңесінде қаралады.

2. Ауыл шаруашылығы
Аудан ауыл шаруашылығында жұмыс істейтіндердің саны 4000 астам адам. Бұл саланың аудан экономикасына қосатын үлесі – жыл сайын 40%.

2011 жылдың 1 жарты жылдығы қорытындысы бойынша жалпы өнімнің физикалық көлем индексі 102 % құрады. Жемде тұрған сиырдан алынған сүттің артуынан және ауыл шаруашылық малдарының орта тәуліктік салмағының ұлғаюынан жарты жылғы қорытынды бойынша ет өндірісі 106 % артты, сүт өндіру төмендеген жоқ. Маусымда аудан әкімі мал шаруашылығымен айналысатын, барлық ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшыларымен жұмыс жағдайында кездесті. Кездесу барысында бруцеллезге қарсы вакцинация жасалған жағдайда табынды өсіру бойынша жұмысқа дайындықтары туралы пікірлерін айтты.

Ауданда 8 шілдеде АШМ ӨК облыстық аумақтық инспекцияның бастығы К.А.Тоқтасыновтың қатысуымен бруцеллез бойынша ауданның нашар шаруашылықтарын сауықтыру жөніндегі үйлестіру кеңесі өткізілді, нәтижесінде штаб құрылып, әрбір шаруашылық бойынша сауықтыру іс-шараларының жоспары әзірленді.

Ауыл шаруашылығы көрсеткіштерін жақсарту жөніндегі шаралар:

Өсімдік шаруашылығы:


  1. Күнбағыс егістігін азайту есебінен, баламалы майлық дақылдарын

енгізу есебінен (рапс, софлора) егістік алаңдарының құрылымын оңтайландыру.

Агротехнологияны бұзумен және жерді тиімсіз пайдаланып жұмыс

істейтін шағын ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін айқындау бойынша жұмыс жүргізу.

Ауданда тұқым шаруашылығының санын ұлғайту.



  1. Жаңа аудандастырылған сұрыптар мен гибридтерді енгізу, жаңа

тұқым тазартқыш техника мен жабдықтарды сатып алу есебінен тұқымның сапасын жақсарту.

  1. Ауданның ауыл шаруашылық тауар өндірушілерімен ауыл шаруашылығы дақылдары өнімділігін ұлғайту үшін жыл сайын 2 ц/га есебінде, ол 10-14 мың тоннадан кем емес азотпен, фосформен және калиймен тыңайтылған құрамды минералдық тыңайтқыштарды енгізу қажет.

  2. Ылғалды сақтау технологиялары бойынша егістік алаңын ұлғайту.

7. Ауданның ауыл шаруашылық құрылымдарында голландиялық технология бойынша картоп отырғызу алаңын ұлғайту және көкөніс қоймаларын салу.

8. Лизинг бағдарламасының және өз қаражатының есебінен комбайн және машина-тракторлық парктерін жаңарту.





9. Шағын шаруа қожалықтарын ірілендіру.

Мал шаруашылығы:

  1. Бруцеллез бойынша нашар шаруашылықтарды сауықтыру.

  2. Аудан ауыл шаруашылық құрылымдарында сиыр басын арттыру есебінен сүттің жалпы өндірісін ұлғайту.

3. Мал азығы дақылдары егістігін ұлғайту есебінен мал азығы базасын жақсарту.

Малды сатып алу жөніндегі қолданыстағы бағдарлама есебінен ауыл

шаруашылығы мал басын ұлғайту бойынша аудан жұртшылығымен түсіндіру жұмыстарын жүргізу.


  1. Ауданның ауыл шаруашылық құрылымдарында шошқа басын ұлғайту.

6. «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында тұрғындардың шаруашылықтарында ІҚМ және шошқа басын ұлғайту.

Мал сатып алуға 34 шағын несие беру жоспарлануда, ІҚМ – 200 басқа, шошқа – 500-ге дейін.

7. Жеке сектордағы ауыл шаруашылық малдарына жасанды ұрықтандыруды енгізу есебінен асыл тұқымды ірі қара мал басын арттыру.

2011 жыл қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің физикалық көлем индексі 108,5 %, оның ішінде мал шаруашылығы бойынша – 102,1 %, өсімдік шаруашылығы – 129,0 %.
3. Инвестициялар және инфрақұрылым кешені
Жарты жыл қорытындысы бойынша аудан экономикасына 1489,5 млн. теңге инвестиция тартылды, ФКИ – 106,4 %. Жоспар – тапсырма (1666,5 млн. теңге) 89,4 % орындалды. Ортақ қаражат көлемінен - 90,0 % немесе 1246 млн. теңге – шаруашылық субъектілерінің өз қаражаты екенін айта кету қажет.

6 айда - 5900 шаршы метр немесе 2010 жылғы деңгейге 189,5 % тұрғын үй енгізілді. Жоспар-тапсырма (5890 шаршы метр) 100,2%-ға орындалды.

Құрылыс-жөндеу жұмыстарының көлемі 306 млн.теңгені құрады, 2010 жылғы деңгейден 5 есе жоғары.
4. Шағын бизнес
Ауданда 229 шағын кәсіпорын тіркелген (2010 жылғы деңгейге 100,4 %), оның ішінде қолданыстағы 146 (жалпы санынан 63,7 %, 2010 жылғы деңгейге – 102,8 %, +2).

146 шағын кәсіпорынның 117 белсенді іс-әрекетте (2010 жылғы деңгейге 102,6 %). Жыл қорытындысы бойынша белсенді кәсіпорындардың саны 130 дейін ұлғаяды, өсу қарқыны 105,6 % деңгейінде болады.

6 кәсіпорын қызметінің уақытша тоқтауынан белсенді кәсіпорындардың өсу қарқыны баяулады, бүгінгі күні оларды оңалтуда жұмыс жүргізілуде, бұдан басқа жаңадан тіркелген 14 кәсіпорын бойынша олардың қызметінің бірінші айында статистика органдарына есептері берілген жоқ, жыл қорытындысы бойынша ШКС деректері белсенді кәсіпорындар санына кіреді.

2011 жылғы 6 айдың қорытындысы бойынша шағын кәсіпорын субъектілерінен салық түсімдері көлемі (заңды және жеке тұлғалар, шаруа қожалықтары) 252,3 млн. теңге немесе 2010 жылдың ұқсас кезеңіне 159,4 %.


4. Бюджет

Өз кірістері бойынша аудан бюджеті қаңтар-маусымда 112,6 % орындалды, 637,9 млн. теңге жоспарда нақты түскені 718,2 млн. теңге. Жоспарлы тапсырма – 110,2 % - 2,2 пайызға артығымен орындалды. Талдау кезеңінде қосымша кіріс көздерін іздестіру бойынша алгоритмдерді орындаудағы жұмыс нәтижесінде 10,3 млн. теңге түсті (2010 жылы – 4,4 млн. теңге).

Жарты жыл қорытындысы бойынша жан басына шаққанда аудан бюджетінің өз кірісінің көлемі – 14,9 мың теңге, 2010 жылғы 1 жарты жылдыққа өсу қарқыны – 108,6 %. Мемлекеттік бюджетке салық және салықтық емес түсімдер көлемі – 23,4 мың теңге, 2010 жылғы деңгейге өсу қарқыны – 126,6 %.


Бюджеттің шығыс бөлігі 98,2 % орындалды: 1266,3 млн. теңге жоспарда нақты игерілгені 1243,9 млн. теңге. Тапсырма-жоспар – 100,0 %, - тармақтың 1,8 пайызы.

6. Халықтың жұмыспен қамтылуы.
Ресми түрде тіркелген жұмыссыздардың саны – 234 адам (2010 жылғы деңгейге 94,7 %), 127 жаңа жұмыс орындары құрылды (100,0%), жұмысқа орналасу мәселесі бойынша келгендері – 387 (69,0%), жұмысқа орналастырылғаны– 220 адам немесе келгендердің 56,8 % (2010 жылы – 56,0%). Жол картасы бағдарламасы бойынша 90 жұмыс орны құрылды, жоспарлы тапсырма 65,7 % орындалды.

«Бизнестің жол картасы 2020» іске асыру аясында «Тігін өндірісі және киімді сәндеу» тобы құрамында 15 адам оқуды жалғастыруда, жастар тәжірбиесінде 8 адам жұмыс істейді.

«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында мынадай жұмыстар атқарылды:

1. Шағын несие алуға 28 жоба іріктеліп, қаралды, 4 қаралуда.

2. «Тракторист-машинист» мамандығы бойынша оқуға топтар құрылуда, сабақ тамызда басталады, «техник-электрик» және «дене шынықтыру пәнінің оқытушысы» мамандықтары бойынша 3 жылғы мерзімге дейін оқуға – 30 адам.

7. Білім беру
Ү.ж. 1 шілдесіндегі жағдай бойынша ауданда мектепке дейінгі жастағы 3938 бала бар, оның 1549 немесе 81,3 % мектепке дейінгі тәрбиемен және оқумен қамтылған. Өсу қарқыны – 115,4%.

Осығын ұқсас кезеңмен салыстырғанда аталған көрсеткіш тармағы 8,5 пайызға жақсарды, ағымдағы жыл басымен салыстырғанда - 6,8%. Мамыр-маусым аралығында қолданыстағы балабақшаларында 100 баланы қамтумен 4 топ ашылды. Жыл соңына дейін тағы 4 топ ашылады (100 бала).

9 айдың және 2011 жылдың қорытындысы бойынша балалардың мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылуының болжамы 86,5 %. Өсу қарқыны – 113,8%.

Шемонаиха қаласында балалардың мектепке дейінгі мекемелерінде орындардың қажеттілігі бар, мектеп жанында шағын-орталықтар мен балабақшалардың ашылуы ауданның ауылдық елді мекендеріндегі БМБ қажеттілігін толық қамтуға мүмкіндік берді.

Ауданда соңғы 20 жылда білім беретін бірде-бір объект салынбаған. Қазақстан Республикасының білім министрлігіне облыстық білім беру басқармасы 280 орынға арналған балабақша салуға қаражат бөлу туралы өтінім жіберді. Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқумен толық қамту үшін «Светлячок» балабақшасын коммуналдық меншікке қайтару бойынша жұмыс жүргізілді. Ү.ж. 1 қыркүйегіне дейінгі мерзімде ғимаратты қалпына келтіруге арналған жобалық-сметалық құжаттамалары дайындалады.

Бұдан басқа Егер «Светлячок» балабақшасы қалпына келген және жаңа балабақша салынған жағдайда ауданда БМБ қажеттілігі толық көлемде қамтылады.

2009-2010 оқу жылында Қазақстан Республикасының ЖОО мемлекеттік білім беру тапсырыстары бойынша 68 түлек оқуға түсті, жалпы санынан 24,1 %. 2010 – 2011 оқу жылы болжам бойынша – 60, 22,5 %. Өсу қарқыны – 88,2 %. Мемлекеттік білім беру тапсырыстары бойынша ЖОО түсетіндер санының азаюы – 2011 жылғы түлектердің білім сапасының төмендеуінен, 2010 жылмен салыстырғанда ҰБТ көрсеткіштерінің төмендеуі - 78,9, орта облыстық көрсеткіштен 11,3 бағдарда төмен және 2009-2010 оқу жылғы аудандық көрсеткіштерден 1,4 бағдарда төмен.

Қабылданып жатқан шаралар:

- үздік және «Алтын белгі» аттестатына үміткерлердің деректер банкін құру;

- негізгі орта мектепті үздік бағамен бітірген түлектердің мониторингі;

- түлектердің ортааралық сынақ тестілері нәтижесінің мониторингі;

- күрделі тестілік тапсырманы талдау бойынша пәннен сабақ беретін мұғалімдердің шығармашылық топтарының жұмысын ұйымдастыру;

- жас мұғалім мектебін ұйымдастыру, әрбіріне педагог-тәлімгерді бекіту;

- 10-11 сынып мұғалімдерінің базалық білім деңгейін бағалау бойынша педагогтарды кезеңмен тестілеуден өткізу;

- педагогтар мен түлектерге көмек ретінде виртуалды әдістемелік сайт құру.



8. Денсаулық сақтау
Жарты жыл қорытындысы бойынша туберкулез ауруының деңгейі 69,4 деңгейінде қалыптасты, ол 2010 жылдың 1 жарты жылдығы көрсеткішінен 109,8 % жоғары. Өсу себебі: профилактикалық тексеру санының 2010 жылмен салыстырғанда 2200 адамға ұлғаюынан, тиісті тексеруден ұзақ уақыт өтпегендер - 3500 адам.

Қабылданып жатқан шаралар: ұзақ уақыт тексеруден өтпеген және «қатерлі топтағы» адамдарды флюрографиялық тексеруге тарту, аурудың толық диагностикасын өткізу. Оңалту кезеңінде тұрған туберкулезбен ауырған адамдарға әлеуметтік қолдау көрсету үшін аудан бюджетінде 1,137 млн. теңге жоспарланған.

Қабылданып жатқан шаралар туберкулездың асқынған жағдайларын болдырмау және осы себептен өлімді бодырмауға мүмкіндік берді.

Жарты жыл қорытындысы бойынша 291 адам туылды, немесе 2010 жылғы деңгейге 97,0 %, 9 айдың қорытындысы бойынша күтілетін көрсеткіш – 436, жылына – 538 (2010 жылғы деңгейге 88,4 %). Жаңадан ашылатын балабақша жобасында бөбек жасындағы топтарды ашу жоспарланды, бұл тууды арттыруға ынталандырады.

Жарты жылдың қорытындысы бойынша 410 қайтыс болды, немесе 2010 жылғы деңгейге 120,2, 9 айдың қорытындысы бойынша күтілетін көрсеткіш – 615, жылына – 812 (2010 жылғы деңгейге 94,0 %). Өлім-жітім құрылымында қан айналымы жүйесі аурулары басым, содан кейін жарақаттардан және онкологиялық аурулардан қайтыс болғандар.



Қабылданып жатқан шаралар: денсаулық сақтау мамандарының алдын алу жұмыстарын күшейту, СӨС насихаттау, ауруды ерте, сапалы айқындау.

9. Дене шынықтыру және спорт
2009 жыл қорытындысы бойынша дене шынықтыру және спортпен айналысатын азаматтардың үлес көрсеткіші 9,6 % деңгейінде қалыптасты, 2010 жылы - 11,5 %, 2011 жылдың 1 жартыжылдығында – 17,0%, 2011 жылы – 17,5%.

Дене шынықтыру және спортпен айналысатындардың санын арттыру мақсатында Шемонаиха ауданының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасының аясында ауданның барлық округтерінде қазіргі заманғы спорт алаңдарын салу жоспарланды.

Ауданда палаткалы спорттық-сауықтыру лагері жұмыс істейді. Жазғы спорттық-сауықтыру лагерін салуға жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде.

Келесі жылы ауданда футбол мен волейболдан екі облыстық аймақтық жарыстарды өткізу жоспарланды. Үстіміздегі жылдың күзінде ат спорты бойынша жарыс өткізіледі.




9. Құқық тәртібін сақтау
Аудан аумағында 302 қылмыс тіркелген, ол 2010 жылғы деңгейден 16,6%, + 43 жоғары. Қылмыстың жалпы санынан ауыр және өте ауыр қылмыс төмендеді (41/44). Қылмыстың жалпы саны ұсақ ұрлық, тонау және бұзақылық есебінен өсті 63,3 %, 233,3 %, 128,5 %. Ұрлық жасау қылмыстың жалпы көлемінде 59 %.

Қылмысты ашу көрсеткіші 85,1 % деңгейінде қалыптасты, ол 2010 жылғы ұқсас кезеңнен 0,7 пайызға төмен.

Үстіміздегі жылғы 1 тоқсан қорытындысымен салыстырғанда құқық тәртібін сақтау бойынша аудан позициясы бұрынғы деңгейде қалды.

Қабылданып жатқан шаралар:

- мүлік ұрлау бойынша қылмысты алдын алу іс-шаралары;

- бекітіліп берілген әкімшілік учаскелерінде құқық бұзушылықтың алдын алу және ескерту бойынша полицияның учаскелік инспекторларының, қоғамдық қауіпсіздік қызметі қызметкерлерінің жұмысын белсендету;

- ішкі істер органдарында есепте тұрған тұлғаларды, сондай-ақ бейберекет отбасыларын тексеру бойынша полицияның учаскелік инспекторларының, қоғамдық қауіпсіздік қызметі қызметкерлерінің жұмысына ведомстволық бақылауды күшейту;

- кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықты ескерту, әсіресе мектептерде және ауданның басқа оқу орындарында маскүнемдік пен нашақорлықты ескертуге ерекше назар аудару бойынша жұмысты күшейту;

- ауданның барлық оқу орындарын мектептік полиция инспекторларымен қамтамасыз ету;

- кешкі және түнгі уақытта кафе және басқа жастар мен оқушылардың топталып жиналатын орындарына рейдтер ұйымдастыру.



Құқық қорғау органдары басшыларының қатысуымен құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы үстіміздегі жылдың 24 маусымында өткізілді, онда тиісті тапсырмалар берілді.






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет