2011 жылғы Бесқарағай ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы
бойынша қорытынды анықтама
2011 жылға ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерін орындау бойынша жоспар-тапсырмалар ұсынылып, жыл аяғында белгіленген көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша бөлімнің жұмысына баға бере аламыз.
Бюджет
2010 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда түсімдер 201,6 млн.теңгені немесе 100,9 пайызды құрады немесе 2011 жылға жоспар-тапсырма өсуі 104 пайыз көлемінде, онда 2011 жылдың аудандық бюджетке өзіндік кірістерден түсімдер 264,4 млн.теңгеге немесе 105,5 пайыз, үйлесім бойынша 62,8 млн.теңге орындалды.
2011 жылдың аудан бюджеті түсімдер бойынша 1817,9 млн.теңгені құрады, жоспарды орындау 100,8 пайызды құрады, 2010 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бюджет кірісі 1620,8 млн. теңгені, жоспарды орындау 100,4 пайызды құрады.
2011 жылдың аудан бюджеті шығыс бөлігі бойынша 1825,6 млн.теңгеге немесе 100,0 пайызға орындалып, 2010 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1603,3 млн.теңгені немесе 98,8 пайызды құрады.
- құрылыс, сәулет және қалақұрылысы бөлімі бойынша игерілмеу күтілуде –болжамды сома 353,0 мың теңге.
Өндірістік өнімінің көлеміне жоспар-тапсырма 401,8 млн.теңге көлемінде жеткізілді, ал 2011 жылда орындау 495,2 млн.теңгені құрады, бұл өткен жылдың деңгейінен 2,2 пайызға артық.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 2011 жылы 6597,6 млн. теңгені құрауы керек, 2011 жыл ішінде 7929,4 млн теңгеге жетті, болжамдық өсім бойынша 6,7 пайыз, былтырғы жылмен сәйкес келетін өсім бойынша 143,5 пайызды құрады.
Өңдірістік өнеркәсіпте өндірілген тауарлық өнімнің көлемі 469,6 млн.теңгеге жетті, өткен жылдың өсімінсіз.
Ірі қара мал басы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,9 пайызға артып, 303 мың басты құрады.
Мал басының кемуі Долон, Сосновка, Семияр және Малая -Владимировка ауылдық округтерінде байқалды.
Асыл тұқымды мал бастарын арттыру жұмыстары жүргізілуде, осы мақсаттар үшін ауданда 125 асыл тұқымды мал басы сатып алынды, оның ішінде:
-Долон ауылдық округінде 8 бас;
-Малая- Владимировка ауылдық округінде 13 бас;
-Беген ауылдық округінде 2 бас;
-Басколь ауылдық округінде 3 бас;
-Глуховка ауылдық округінде 94 бас;
-Семеновка ауылдық округінде 3 бас;
-Сосновка ауылдық округінде 2 бас;
Жайылым алқаптары бойынша дәнді-дақылдар алқабы жоспар-тапсырмасы 20,7 мың га, нақты жиналғаны -17,6 мың га, күйіп кеткен астықты шығынға шығару есебінен 3,1 мың га төмендеді. Нәтижесінде орташа түсім 1500 мың тоннаны құрап, физикалық көлемінің индексіне кері әсерін тигізді.
Картоптың егістік алқабы 0,75 мың га, бақшалық өнімдер 0,14 мың га, көкөністер 0,36 мың га құрады, бірақ 2,614 мың га көлемде жайылым алқаптар шығынға шығарылды, оның ішінде:
-күнбағыс 2,51 мың га;
-картоп 0,104 мың га.
Ауыл шаруашылық, ветеринария және жер қатынастары бөлімінің 2011 жылға арналған Стратегиялық жоспарына байланысты бір қатар іс-шаралар жоспарланған болатын, бірақ нәтижелеріне қол жеткізуге мүмкіндік болмады:
- ДУК автомобилінің 1 бірлігін, 1 «Нива» автомобилін сатып алу 2012 жылға ауыстырылды;
-мал бордақылайтын алаңдарын құру бойынша жоспар-тапсырма -18 болса, іске енгізілгені -1;
-3 сүт-тауарлы фермаларының құрылысы 2013 жылға ауыстырылды;
-3 қолдан ұрықтандыру пунктінің құрылысы 2013 жылға ауыстырылды;
-2 көкөніс сақтау орнының құрылысы бойынша қазіргі уақытта тек «Стелла» шаруа қожалығы 1 көкөніс сақтау орынын құрды.
Инвестицияның негізгі капиталы 2011 жылы 840,7 млн.теңгені құрады, бұл 2010 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 72,0 пайызға жоғары, оның ішінде:
-республикалық бюджет есебінен 297,0 млн.теңге;
-жергілікті бюджет есебінен 47,1 млн.теңге;
-өзіндік қаражаттар есебінен 496,6 млн.теңге;
Салынған инвестицияның негізгі үлесін бюджет қаражаты құрайды.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 2011 жылға 30,9 пайызды немесе 230,5 млн.теңгені құрады, 2011 жылға орындау болжамы 100 пайызды құрап, 743,6 млн.теңгеге орындалады, бүгінгі күнге орындау 95 пайызды немесе 706,42 млн.теңгені құрайды.
Құрылыс бөлімінің 2011 жылға арналған Стратегиялық жоспарына байланысты тұрғын үйді енгізу көлемі 1,6 шаршы метрге жоспарланған. 2011 жылдың қорытындысы бойынша алаңы 2422 шаршы метрге тұрғын үйді енгізу қамтамасыз етілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 24,1 пайызға жоғары.
2012 жылғы 1 қантардағы жағдай бойынша шағын бизнес субъектілерінің тіркелген кәсіпорындар саны – 48 бірлікті құраса, өткен жылмен салыстырғанда 11,1 пайызға төмен, іске енгізілгені -25 бірлік, 2010 жылмен салыстырғанда 16,7 пайызға төмен, белсенді-21 бірлік, бұл өткен жылмен салыстырғанда 25 пайызға төмен.
Тұтыну бағасының индексі қаңтар-желтоқсан айлары ішінде 105,6 пайызды құрады, республиканың орташа деңгейінен 0,6 пайызға төмен және 2010 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 0,1 пайызға жоғары.
Жоғарыда айтылғанның негізінде азық-түлікке бағалардың өсуіне өңірдегі баға жағдайына бақылаудың төмендігі мен әкімдердің өз уақытында, әрі нақты шаралардың қолданбауы, бұл жыл қорытындысына әсерін тигізеді.
Бөлшек тауар айналымы бойынша орындау 2011 жылдың 12 айы ішінде 111,6 пайызды құраса, жоспар-тапсырма 2409,9 млн.теңгеге жеткізілді.
Жұмыссыздық деңгейі 2011 жылда 0,7 пайызды құраса, болжамды орындау 0,7 құрады. 2011 жылдың жоспар-тапсырмасы бойынша жұмыссыздық деңгейі 4,3 пайызға жоспарланды. Тіркелген жұмыссыздар саны 84 адамды құрады немесе көрсеткіштер 2010 жылмен салыстырғанда өзгеріссіз қалуда.
Кедейлік деңгейінен төмен өмір сүретін азаматтар саны 2010 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,8 пайызға қысқартылып, 1553 адамды құрады.
Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде қайта оқытуға 50 адам және біліктілігін арттыруға 3 адам жіберілді. Мемлекеттік тапсырыс бойынша кәсіптік және техникалық білім алу үшін 91 адам жіберілді.
Кәсіпкерліктің негізін оқудан 20 адам өтті.
2012 жылдың 1 қаңтарына білім беру саласында 34 шағын-орталық, 1 бала бақша жұмыс істейді.
Ағымдағы жылдың 1қаңтарына мектеп алды біліммен балаларды қамту 1120 құрап, жыл басымен салыстырғанда 23,2 пайызға (909) артты.
Мектеп алды біліммен қамту жұмыстары жүргізілуде, бірақ қолданылып жатқан шараларға қарамастан облыстың орташа көрсеткішінен төмен.
Денсаулық сақтау саласында әлеуметтік маңызды көрсеткіштердің тұрақтандырылуы байқалуда. 2010 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бала туу 16,9 пайызға артып, 1000 халыққа шаққанда 14,2 құрайды. Ана өлімі тіркелген жоқ, сәби өлімі 24,5 пайызға төмендеп, 1000 тірі туғандарға шаққанда 17,1 құрайды (2010 жыл-21,8).
Жалпы денсаулық сақтау саласын дамыту қарқыны бойынша өңірлер бойынша кері жағдайлар байқалады.
Туберкулезбен ауыру жағдайы 2011 жылдың 12 ай ішіндегі көрсеткіш 2010 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 42,3 пайызға төмендеп, 100,0 мың халыққа шаққанда 141,3 құрайды (2010 жыл-179,8), бірақ туберкулез ауруына шалдыққандар саны облыстың орташа көрсеткішінен жоғары (100,0 мың халыққа шаққанда 118,8 құрайды).
2010 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда туберкулезден қайтыс болу жағдайы 69 пайызға төмендеп, 100,0 мың халыққа шаққанда 17,1 құрайды (2010 жыл-29,9), бірақ осы көрсеткіш облыстың көрсеткішінен жоғары (100,0 мың халыққа шаққанда 13,2). Туберкулезден қайтыс болудың 4 жағдайы төмендегі ауылдық округтерде тіркелді:
-Малая Владимировка -2;
-Бесқарағай-1;
-Сосновка-1.
Онкологиялық ауруларға шалдыққандар көрсеткіші 6,2 пайызға жоғарлап, 100 мың халыққа шаққанда 241,8 құрады (2010 жыл-226,9).
Ішкі өңірлік рейтинг бойынша аймақтардың әлеуметтік-экономикалық даму динамикасы бойынша ауданымыз орташа даму динамикасына жатады.
2011 жылы әлеуметтік-экономикалық дамудың динамикасы бойынша Бесқарағай ауданының рейтингтік бағаларының қорытындысы:
1 тоқсан- 1 орын
2 тоқсан- 1 орын
3 тоқсан- 1 орын
10 ай – 1 орын
11 ай – 1 орын
2011 жылдың 4 тоқсаны бойынша біздің аудан 3 орынды иеленді
Ағымды жылдың қаңтар-желтоқсан айлары ішінде орташа айлық еңбекақының көрсеткіші 52002 теңгені құрап, 20,4 пайызға артты.
Экономика, қаржы және кәсіпкерлік
бөлімі бастығының м.а. М.Скакова
Достарыңызбен бөлісу: |