2011 жылғы облыстық бюджетті атқару туралы ақпараты облыстық бюджеттің түсімдер бойынша атқару



Дата23.02.2016
өлшемі135 Kb.
#7947
2011 ЖЫЛҒЫ ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТТІ АТҚАРУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТЫ

Облыстық бюджеттің түсімдер бойынша атқару
2012 жылдың 1 қаңтарына облыстық бюджетінің түсімдері толықтай жоспар 85 553,6 млн. теңге болғанда, 82 533,8 млн. теңгеге немесе 96,5 пайызға атқарылды.
млн. теңге

 

жоспар

Нақты

Жоспарға атқару, %

Түсімдер

85553,6

82533,8

96,5

Кірістер, оның ішінде:

24740,6

21977,5

88,8

Салықтық түсімдер

24030,7

21236,4

88,4

Салықтық емес түсімдер

709,9

941,0

104,4

Негізгі капитал сатудан кірістер

0

0

0

Трансферттер түсімі, соның ішінде:

55525,4

55265,8

99,5

Субвенция

13983,9

13983,9

100

Нысаналы трансферттер

41541,5

41281,9

99,3

Бюджеттік кредиттерді өтеу

1281,5

1284,5

100,2

Қарыздар түсімі

3242,2

3242,2

100

Бос қалдықтар

763,8

763,8

100

Өз кірістері бойынша түсімдер (салықтық, салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды сатудан түсімдер) болжам 24 740,6 млн.теңге болғанда, 21 977,5 млн.теңге немесе 88,8%.

Республикалық бюджеттен облыстық бюджетке 13 983,9 млн.теңге субвенция (облыстық бюджеттен жергілікті бюджетке берілетін бюджеттік қаражаттар) қарастырылды және алынды.

Нысаналы ағымдағы трансферттер бойынша жоспар 41 541,5 млн.теңге, 41 281,9 млн.теңге түсті, бұл 99,3% құрайды. Облыстық бюджетке облыстардан 1500,0 млн.теңге қаржылық көмек түсті.

Сонымен қатар, республикалық бюджеттен облыстық бюджетке 3242,2 млн.теңге сомасында қарыздар түсті.

Есепті кезеңге бюджеттік кредиттерді өтеу бойынша атқарылу жоспар 1284,5 млн.теңге болғанда, 1281,5 млн.теңгені құрады.

2011 жылдың 1 қаңтарына бюджеттік қаражаттардың бос қалдықтары 763,8 млн.теңгені құрады.

2010 жылмен салыстырғанда толықтай түсімдер 7688,7 млн. теңгеге қысқарды.





Облыстық бюджет кірістерінің құрылымы


2010-2011 жылдардағы кірістер құрылымының негізгі көздері – трансферттер түсімдері және салықтық түсімдер, олар 2010 жылы облыс бюджеті кірістерінің жалпы үлесінің 66,7% және 33,0% пайызын құраса, 2011 жылы 71,5% және 27,5% пайызын құрады.

Облыстық бюджеттегі салықтық түсімдердің құрылымы төмендегідей:




Облыстық бюджеттің салықтық түсімдерінің құрылымы


2011 жылдың нәтижесі бойынша облыстық бюджеттің салықтық түсімдер құрылымындағы салықтың негізгі түрлері жеке табыс салығы және әлеуметтік салықтар, немесе еңбек ақы қорынан есептелетін салықтық түсімдердің жалпы үлесінің 90,8 пайызы. 2010 жылмен салыстырғанда қоршаған ортаға эмиссия үшін төлем үлесі 30,0%-дан 9,1%-ға дейін азайтылған.
Облыстық бюджеттің шығыстар бойынша атқару
Шығыстар бойынша облыстық бюджет 85 553,6 млн. теңгені құрады. Атқару 96,5% немесе 82 533,8 млн. теңгені құрады.

Республикалық трансферттер бойынша игерілу 18 726,8 млн. теңгені немесе 91,2% құрады, соның ішінде ағымдағы – 8151,1 млн. теңге, даму – 10 575,7 млн. теңге.



Олардың ішінде, Бизнестің жол картасы-2020 бойынша жоспардағы 1212,4 млн. теңгеден игерілу 714,3 млн. теңгені немесе 58,9% құрады. Жұмыспен қамту-2020 бағдарламасы бойынша жоспардағы 814,6 млн теңгенің 813,0 млн.теңгесін немесе 99,8 пайызын құрады.




Әлеуметтік сала
Әлеуметтік сала бойынша шығыстар 4 функционалдық топтан құралады, атап айтсақ, білім беру; денсаулық сақтау; әлеуметтік қамту және әлеуметтік көмек; мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік.

Толықтай, 2011 жылы әлеуметтік сала бойынша атқару 61219,2 млн.теңгені құрады, бұл облыс бюджетінің шығыстар бойынша жалпы атқаруының 61,8 пайызын құрады.
Білім беру

Білім беру бойынша шығындар 35 467,6 млн.теңгені немесе 98,3 пайызды құрайды.

Республикалық бюджеттен бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттер жоспар 1774,1 млн. теңге болғанда, атқарылу 1735,5 млн. теңге немесе 97,8% құрады.

Қаржаттар бағытталды:



  • 27 лингофонды, мультимедиялық және 30 биологиялық кабинет сатып алуға;

  • 360 шеберлерге техникалық және кәсіптік білімге өндірістік оқытуды ұйымдастырғаны үшін үстеме ақы тағайындауға;

  • 10845 мектеп мұғалімдері мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілерінің сыныптамалық дәрежесі үшін үстеме ақыға;

  • үйден оқитын 104 мүгедек балаларды бағдарламамен қамтамасыз етуге;

  • «БҚО Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты» МКҚК-нің 9 кабинетіне педагог кадрлардың біліктілігін арттыру үшін оқу жабдықтарын алуға;

  • оқу-өндірістік шеберхананы, техникалық және кәсіптік білім беру орындарын дәнекерлеу ісі және автомеханика бойынша 2 кабинетпен жаңғырту және қайта жабдықтауға;

  • мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында білім беру тапсырысын іске асыруға;

  • жетім балаларды және ата-ананың қарауынсыз қалған балаларды ұстаушы қамқоршысына (қамқорлыққа алушысы) айлық ақшалай қаражат төлеміне.

Жұмыспен қамту-2020 бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Облыстық ақпараттандыру орталығы» МКҚК-нда, 3 колледжде, 16 кәсіптік лицейлерде, 2 орталықта -790 адам біліктілігін арттырудан және қайта даярлаудан өтті, 9 және 11 сыныпты бітірушілердің қатарынан 700 адам оқуын жалғастыруда. Бұдан басқа, 2009-2010 жылдары қабылданған 1435 адам мемлекеттік тапсырыс бойынша білімін жалғастыруда.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен көктемгі су тасқыны салдарын жою бойынша шаралар өткізу мақсатында бөлінген нысаналы ағымдағы трансферттер бойынша білім беру нысандарын жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына 1310,6 млн. теңге бөлінді. 1170,9 млн теңге немесе 89,3% атқарылды. 7 білім беру нысанына ( 1 мектеп, 2 жазғы демалыс лагері, 2 қосымша білім беру орталығы, 2 туристік-сауықтыру және балалар кешені) күрделі жөндеу жүргізілді. Ағымдағы жөндеу 6 мектеп және 1 балабақша бойынша жүргізілді. Он нысан бойынша төменгі сомаға шарт жасау есебінен 139,7 млн. теңге көлемінде үнем. Жасалған жұмыстардың нәтижесінде 14 білім беру нысанының жағдайы жақсартылды.

Республикалық бюджет есебінен 4 балабақша (Орал қаласы Самал шағын ауданындағы, Бөрлі ауданы Қызыл тал ауылындағы және Орал қаласы 5 шағын ауданындағы 2 балабақша) және 1 Зеленов ауданы Асан ауылындағы 230 орындық жалпы білім беретін мектеп салынып, пайдалануға берілді. Облыстық бюджет қаражаттары есебінен Казталов ауданы Казталов ауылында 280 орындық балабақша, Бөкей ордасы ауданы Бөрлі ауылындағы 10 орындық балабақшаның жапсаржайы, Тасқала ауданы Тасқала ауылында 300 орындық мектеп және 100 орындық мектеп жанындағы интернат, Бөрлі ауданы Ақсай қаласындағы 150 орындық ЖБМ-нің жапсаржайы салынды. Бөрлі ауданында 70 орындық спорт залы бар 2 қабатты әкімшілік ғимаратты қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді.
Денсаулық сақтау

Денсаулық сақтау бюджеті 14 722,9 млн.теңгені құрады, жылға атқару 14 438,8 млн,теңге немесе 98,0%.

Республикалық бюджеттің трансферттері есебінен 5 мекемеге («Ивушка» облыстық балалар туберкулездік санаторийі, облыстық кардиологиялық орталық, Зеленов ауданы Факел ауылындағы емдеу бөлімшесі, Зеленов ауданы Чувашинское ауылындағы емдеу бөлімшесі, Тасқала ауданы Кузнецово ауылындағы емдеу бөлімшесі) күрделі жөндеу жүргізілді, 190,0 млн теңгеге 29 мекеме (қан орталығы, 12 орталық аудандық аурухана, 4 аудандық аурухана, 5 емхана, перинаталдық орталық, №2 перзентхана, облыстық аурухана, облыстық тубдиспансер, «Ивушка» облыстық балалар туберкулездік орталығы, онкологиялық диспансер, облыстық кардиологиялық орталық) материалдық-техникалық базаны нығайту бойынша жарақтандырылды, сондай-ақ санитарлық автокөлікпен санитарлық авиация қызметі жоспар 989,1 млн. теңге болғанда 800,3 млн. теңгеге жарақтандырылды (игерілмеу иммунологиялық тексерулер үшін автоматтандырылған кешеннің толық жеткізілмеуі және бюджетте қаражаттың болмауына байланысты).

Денсаулық сақтау нысандарын дамыту бюджеттік бағдарламалары бойынша игерілу жоспар 806,4 млн. теңге болғанда 768,2 млн теңгеге игерілді немесе 95,3% -ды құрады. Оның ішінде республикалық бюджеттен нысаналы ағымдағы трансферттер денсаулық сақтау нысандарын салу және қайта құру жобасы шеңберінде облыс бойынша 7 нысан («Ивушка» облыстық балалар туберкулез орталығы» ММ, Маштакова ауылындағы емдеу бөлімшесі, «№1 қалалық аурухана» ШЖҚ МКҚК, «Орал» ауданаралық туберкулесзге қарсы аурухана» ММ үшін кәріздік желімен септиктер, «Орал» ауданаралық туберкулесзге қарсы аурухана» ММ-нің монша-кір жуғыш кешені, Зеленов ауданы Достық ауылында бір күнде 35 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулатория, Зеленов ауданы Октябрьское ауылының емдеу бөлімшесі, «Ивушка» облыстық балалар туберкулездік санаторийі) жүзеге асырылды, олар бойынша қаражаттар 99,4% немесе 491,9 млн.теңгеге атқарылды.

Денсаулық сақтау нысандарының құрылысына облыстың өз қаражаттары бойынша 276,3 млн. теңге немесе 88,7 % бағытталды.

Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету

2011 жылға әлеуметтік бағдарламалар бойынша бюджет жоспар 4869,2 млн. теңге болғанда, атқару 4712,2 млн.теңге немесе 96,8%.

Республикалық бюджеттен бөлінген 385,5 млн. теңге сомасындағы трансферттер бойынша игеру 379,9 млн. теңге немесе 98,5 %-ды құрады. Қаражаттар бағытталды:


  • арнайы әлеуметтік қызметтер стандарттарын енгізу;

  • медициналық-әлеуметтік мекемелердің күндізгі ауысымды бөлімдер желісін дамыту;

  • үкіметтік емес секторда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру;

  • «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының шеңберінде жеке кәсіпкерлікті қолдау;

  • Жұмыспен қамту-2020 бағдарламасының шараларын жүзеге асыру.

2011 жылы кәсіптік оқытуға республикалық бюджеттен барлығы 617,8 млн.теңге бөлінді, 616,8 млн.теңге толықтай игерілді.

2011 жылы кәсіптік оқытуға жолданған 700 адам оқуларын 2012 жылы жалғастыра береді. Қайта даярлыққа жолданған 350 адам және біліктілігін арттыруға жолданған 240 адам 2011 жылдың қараша-желтоқсан айларында оқуларын аяқтады, оның ішінде 59 адам жұмысқа орналасты. 2009-2010 жылдардың Жол картасы бағдарламасы шеңберінде оқуға жолданған 1635 адамнан 131 адам оқуын аяқтады, олардың ішінен 2011 жылдың аяғында 55 адам жұмысқа орналастырылды.

Зеленов және Казталов аудандарында кәсіпкерлік негіздеріне 274 адам оқытылды, оның ішінде 161 адам кредит алды, шағын кредиттеуге бөлінген 200 млн.теңге толықтай игерілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві есебінен қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы типтегі Орал емдеу-әлеуметтік орталығына 81,0 млн. теңгеге, яғни 100% күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Жергілікті атқарушы орган есебінен табиғи сипаттағы зардапты жою үшін Көшім емдеу-әлеуметтік мекемесіне 10,5 млн. теңге бөлінді, игеру 10,4 млн. теңгені немесе 99,0%-ды құрады.


Мемлекеттік басқару органдары

Жергілікті атқарушы органдар қызметін қамтамасыз етуге арналған шығындар 99,1%-ға атқарылды, жоспардағы 5757,6 млн. теңгеден атқару 5705,9 млн. теңгені құрады. Жол картасы шеңберінде әлеуметтік сала мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын жүзеге асыруға 94,9 млн. теңге бағытталды, игерілгені 84,8 млн. теңге немесе 89,3%. Ауылдық жерлерге жолданған 684 маманға көтерме жәрдемақы төленді.

«Жергілікті атқарушы органы резервінің қаражаты есебінен соттардың шешімдері бойынша жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін орындау» бағдарламасы бойынша игеру 100%-ды құрады, жоспардағы шығын 28,2 млн. теңге, игерілгені 28,2 млн. теңге.
Қорғаныс

2011 жылға облыс бойынша қорғанысқа арналған шығындар жоспардағы 264,5 млн. теңгенің 246,6 млн. теңгесі немесе 93,2% атқарылды.

Аудандық және облыстық масштабтағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мақсатында шығындар жоспардағы 73,7 млн. теңгенің 85,2%-ын немесе 62,8 млн. теңгесін құрады. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін жергілікті атқарушы органның төтенше жағдайлар резервінен шаралар өткізуге 40,6 млн теңге сомасында қаражат бөлінді, атқарылу 100% құрады.

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мақсатында БҚО жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасы төмендегідей іс-шаралар өткізді:

- құтқару жұмыстарын жүргізу үшін, су тасқынының зардаптарын жою үшін жанар-жағармай материалдары сатып алынып, қор жасақталды;

- апаттық жұмыстарды өткізу үшін, уақтытша қорғаныс бөгетін құру үшін 2-қабатты жартылай пропилен мөшектері сатып алынды;

- аспалы өрт сөндіргіш сатып алынды;

- жару бригадасының кезекшілігі ұйымдастырылды және мұз жиналуын жою бойынша жару жұмыстары өткізілді;

- өрт ошақтарын ерте анықтау мақсатында облыс аумағында космостық мониторинг өткізу шаралары ұйымдастырылды;

Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, соттық, қылмыстық- атқарушы қызметтер

Облыс бойынша құқық қорғау қызметтеріне арналған шығындар жоспардағы 3407,6 млн. теңгенің 3387,0 млн. теңгесіне немесе 99,4% атқарылды.

Мемлекеттік органдардың күрделі шығыстары 95%-ға атқарылып, жоспардағы 338,1 млн. теңгенің 321,2 млн. теңгесін құрады. Бөкей Орда, Тайпақ және Қаратөбе ішкі істер бөлімінің, Ақжайық аудандық ішкі істер бөлімінің полиция бөлімшесінің жылыту жүйесіне жөндеу жүргізілді. Автошеберхана, өндірістік база қазандығына жөндеу жүргізілді. Ішкі істер органдарының нысандарын дамыту бойынша қаражаттар 100%-ға игерілді немесе 15,1 млн теңгені құрады. Жол қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шығындар жоспардағы 80,6 млн. теңгенің 96,9% ын құрады, 78,1 млн. теңгеге атқарылды.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

Облыс бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына барлығы жоспар бойынша 11095,7 млн. теңге қарастырылды, 10364,6 млн. теңгеге немесе 93,4% атқарылды. Аталған шығыстар тұрғын үй және коммуналдық шаруашылыққа, елді мекендерді абаттандыруға бағытталды.

2011 жылы үй салуға және алуға аудан бюджеттерін несиелендіруге республикалық бюджеттен 2614,0 млн. теңге бөлінді. Аталған қаражатар есебінен:


  • Орал қаласы Астана шағынауданындағы тұрғылықты алаңы 5,4 мың ш.м. 90 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы және 90 пәтерлі 4 тұрғын үй, 80 пәтерлі 2 тұрғын үй, 157 және 160 пәтерлі тұрғын үйлер құрылысы бастамасы қамтамасыз етілді, аяқталу мерзімі 2012 жыл;

  • Жұмыспен қамту-2020 бағдарламасы бойынша Бөрлі ауданына экономикалық әлеуеті төмен жеке ауылдық аймақтардан Ақсай қаласына азаматтарды көшіру үшін Бөрлі ауылындағы 60 бір пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы

Орал қаласы Астана шағын ауданында 75 пәтерлі тұрғын үй, Бөрлі ауданы Ақсай қаласында 40 пәтерлі тұрғын үй, облыстың 11 ауданында жалпы ауданы 8,3 мың ш.м. 15 бірпәтерлі және 6 екіпәтерлі тұрғын үйлер салынып, пайдалануға берілді.

Тұрғын үй құрылысы нысандарына инженерлік инфрақұрылымды дамыту және жайғастыру бойынша қаражат 98,9%-ға немесе 1200,6 млн. теңгеге игерілді, соның ішінде республикалық бюджеттің трансферттері бойынша жоспардағы 1125,0 млн. теңгеден 1120,3 млн. теңгеге немесе 99,6%-ға игерілді.

Газдандыруға және сумен қамту нысандарының құрылысына 1821,8 млн. теңге және тиісінше 476,8 млн. теңге қаражат бағытталды, атқарылу пайызы сәйкесінше 90,8% және 76,3% құрады. Жәнібек ауданы Ақоба аулына газ құбыры салынды, Бөрлі ауданының оң жақ бөлігіндегі елді мекендер газдандырылды, Бөкей Ордасы ауданы Бисен ауылы және Теректі ауданы Шалқар ауылы мен Сарыөмір ауылы , Сырым ауданы Алғабас ауылы, Ақжайық ауданы Жайық өзенінің сол жағалауы Жанама ауылы газбен қамтылды. Су құбырларын қайта жаңғыртуда жалпы су құбыры жүйесінде жөндеуді қажет ететін су құбырлары үлесін азайту және апаттың санын желі ішінде 1 км азайту мақсатында 10,5 км су құбырлары желісі қайта жаңғыртылды, 46800 адам орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтылды, олардың ішінде 38700 адам – Орал қаласындағы №5,6,7,8,9 шағын аудандардың тұрғындары.

Коммуналдық шаруашылық нысандарын дамытуға республикалық бюджет қаражаты есебінен 269,3 млн. теңге немесе 100,0% жолданды. Орал қаласы Еуразия көшесіндегі ұзындығы 1,4 км өздігінен ағатын кәріздік коллекторды қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді, Орал қаласы Ет комбинаты-Затон ауданында ұзындығы 5,9 км. жылу желілері қайта жаңғыртылды.

Жұмыспен қамту-2020 бағдарламасы шеңберінде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға Республикалық бюджет қаражаты есебінен 84,0 млн. теңге немесе 100% жолданды. Осы қаражаттардың есебінен Бөрлі ауданында 60 бірпәтерлі кредиттік тұрғын үйлерге инженерлік коммуникациялар салынды, соның ішінде 2,1 км. газ құбыры тартылды, ұзындығы 1,5 км., 10 киловатты күшті жоғары вольтты электр тасымалдаушы желі, 4 киловатты күшті жоғары вольтты электр тасымалдаушы желі салынды, су құбыры жүргізілді.

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде республикалық бюджеттің нысаналы ағымдағы трансферттер есебінен кәсіпкерліктің негізін оқытуға 8,8 млн. теңге жолданды. Халықаралық Бизнес-орталықпен Келісім шеңберінде Зеленов ауданында Дарьинск және Переметное ауылында және Казталов ауданының Казталов және Жалпақтал ауылында жұмыссыздар, кәсіпкерлер бастамамен жақтар, бастаушы және әрекет етуші кәсіпкерлер қатысатын оқытушы семинар жүргізілді. Кәсіпкерліктің негізімен 274 адам оқыды, бөлінген қаражат толықтай игерілді.


Мәдениет, туризм, спорт, ақпараттық кеңістік

Мәденит, спорт, ақпараттық кеңістік бюджеті 6691,1 млн. теңгені құрады.

Жыл бойына атқарылу 6600,0 млн. теңгені және 98,6% құрады.

Республикалық бюджеттен бөлінген спортта дарынды балалар үшін мектеп-интернаттың мұғалімдерінің біліктілік категориясына үстеме ақыны үлкейту көлеміне арналған нысаналы ағымдағы трансферттер бойынша атқару жоспардағы 0,4 млн. теңгенің 0,4 млн. теңгесін немесе 100%-ын құрады. Үстеме ақы мектептің 26 мұғаліміне жүргізілді.

Көктемгі су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайлардың салдарын жою мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен бөлінген нысаналы ағымдағы трансферттер бойынша мәдени нысандарды жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына 78,2 млн. теңге бөлінді, 53,2 млн. теңге немесе 68,0% атқарылды. 5 мәдениет нысанына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді, оның ішінде 4 ауылдық клуб және Орал қаласындағы мәдениет және демалыс саябағы.

Мәдениет нысандарының құрылысы бойынша 2011 жылы облыс бюджетінде 10,3 млн. теңге қарастырылды, игерілгені – 3,5 млн. теңге немесе 34,0%.

Спорт нысандарының құрылысына 2011 жылы облыс бюджетінде 214,0 млн. теңге қарастырылды, нақты игерілгені 160,9 млн. теңге немесе жоспардың 75,2%-ы.

Жылу-энергетикалық кешен және пайдалы қазбалар

Жылдық жоспарда 821,7 млн. теңге сомасында, игеру 815,8 млн. теңге немесе 99,3%. Орал қаласындағы 16МВА 2 трансформаторы бар қуаты 110/35/10кВ «Зашаған» кіші станциясын салуға бөлінген қаражат 800,0 млн. теңге толығымен игерілді. Кіші станция 2011 жылы пайдалануға берілді.


Ауыл шаруашылық

Ауыл шаруашылығы бойынша жоспар 5541,1 млн. теңге, атқару 5222,9 млн. теңге немесе 94,3%.

Ауыл шаруашылығын дамытуға және қолдауға 1943,6 млн. теңге бағытталды, игерілгені 1719,7 млн. теңге немесе 88,5%.

Эпизоотияға қарсы шараларға жоспардағы 278,0 млн. теңгенің 276,2 млн. теңгесі жолданды.

Сумен қамту нысандарының құрылысы бойынша жоспардағы 2208,7 млн. теңгенің 97,3%-ы немесе 2149,5 млн. теңгесі атқарылды, соның ішінде республикалық бюджеттің трансферттері 1935,8 млн. теңге немесе 100,0%. 2011 жылы республикалық бюджет трансфертерінің есебінен облыстың 5 ауданындағы (Ақжайық, Казталов, Қаратөбе, Теректі, Шыңғырлау) 7 сумен қамту нысандарының құрылысы аяқталды және 11 сумен қамту нысандары бойынша жобалық-сметалық құжаттама дайындалды. Ақжайық ауданының Есенсай, Бударино және Мергеново ауылдарында, Қаратөбе ауданының Ханкөл ауылында су құбырлары салынды, Теректі ауданы Шағатай ауылында және Казталов ауданының Жұлдыз ауылында су құбырлары қайта жаңғыртылды, Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылына су асты су құбыры салынды.

Қоршаған ортаны қорғау нысандарының құрылысына республикалық бюджет қаражаттары есебінен (1кезекте Орал қаласындағы кәріздік тазалау құрылысын қайта жаңғыртуға) 271,1 млн. теңге жолданды, олар толықтай игерілді.


Өндіріс, сәулет және құрылыс қызметтері

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою, саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақты қауіп төндіретін жағдайлардың алдын алу бойынша даму шығындарына арналған шаралар өткізуге – Орал қаласы №5 шағын ауданындағы 1200 орындық мектептің құрылысына 644,9 млн. теңге бөлініп, толықтай игерілді.

Қазақстан Республикасының шұғыл шығындарға арналған резерві есебінен шаралар өткізуге білім беру нысандарының құрылысына 460,0 млн. теңге және коммуналдық меншіктің су шаруашылығы нысандарын қайта жаңғыртуға және қалпына келтіруге 654,1 млн. теңге бөлінді, сәйкесінше 402,4 млн. теңге және 654,1 млн. теңге игерілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше жағдайлар резервінен шаралар өткізуге Зашаған ауылындағы «Арман» шағын ауданының кәріздік насостық станциясын күрделі жөндеуге 49,9 млн. теңге бөлінді, 49,6 млн. теңге игерілді.


Көлік және коммуникация.

Жылдық бюджет 3757,1 млн. теңгені құрайды, оның 3203,2 млн теңгесі немесе 85,3%-ы игерілді. Көлік инфрақұрылымын дамытуға 464,8 млн. теңге қарастырылды, атқару 391,6 млн. теңгесін немесе жоспардың 84,3%-ын құрады, соның ішінде республикалық бюджет қаражаты есебінен 379,5 млн. теңге қарастырылды, 315,0 млн. теңге немесе 83%-ға атқарылды. Автомобиль жолдарын жұмыс істеуін қамтуға барлығы 2338,7 млн.теңге қарастырылды, оның ішінде 1991,7 млн.теңге автожолдардың күрделі жөндеуіне және су тасқыны салдарынан бұзылған жолдарды қайта қалпына келтіруге бағытталған республикалық бюджет нысаналы трансферттері құрайды.









Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет