Информатикадан оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыратын критериалды деңгейлік бағалау тапсырмаларын жасау
МИОК 211 Амангелді Әсем
Функционалдық сауаттылық – білім берудің жеке тұлғаны қалыптастырудағы әлеуметтік бағдарлануы. Қазіргі тез өзгермелі әлемде функционалдық сауаттылық – оқушының әлеуметтік мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық фактор.
Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламада анық көрсетілген.Функционалдық сауаттылық - тұлғаның нақты мәдени ортада өмір сүру қызметін іске асыру үшін қажетті және әлеуметтік қатынаста ойдағыдай қызмет етуін қамтамасыз ететін білімі, ептілігі, дағдылары.
Функционалдық сауаттылықты дамыту білім – түсіну – қолдану – жүйелеу және жинақтау сияқты критерийлер бойынша оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа тәсілдерін талап етеді. Мұндай жүйе әлемдік тәжірибені жан-жақты зерттеу арқылы енгізіледі. Олар ұлттық және халықаралық бағалау жүйелері арқылы жүргізіледі. Ұлттық жүйе арқылы бағалау – жыл сайын өтетін оқу жетістіктерін ішкі бағалау мен Ұлттық бірыңғай тестілеу. Халықаралық бағалау жүйелері – PISA (Programme for International Student Assessment), TIMSS (Trends in Mathematics and Science Study) және PIRLS сияқты халықаралық зерттеулер.
Оқушынның ақпараттық мәдениеттілігін, сауаттылығын, алгоритмдік ойлауын қалыптастыру және эмоциялық қабылдау түрлері мен есте сақтауын дамыту.Компьютерлік сауаттылық-бүгінгі уақыттағы басты мәселе. Осыдан кейін туындайтын мәселелердің бірі-жастарға сапалы білім, саналы тәрбие орта мектепте білім беру ісін оқытудың жаңа инновациялық әдістерімен толықтыру, оқытудың жаңа технологияларын іздестіру, оқушыны ақпаратты талдай білуге, ақпараттық технологияларды тиімді пайдалана білуге үйрету.Информатика сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын үш негізгі міндеттерді шешу арқылы қалыптастыру мүмкіндігі бар:
1. Оқушының әлеуетіне сәйкес келетін білімдік деңгейге және жеке тұлғаның одан әрі дамуын қамтамасыз ететін және білім беруді іске асыру мүмкіндігіне, оның ішінде өзіндік білім алу жолымен жету.
2. АКТ құралдары мен өз қабілеттерін іске асыруда әр оқушыда шығармашылық әлеуметтік мәнді қызмет тәжірибесін қалыптастыру.
3. Оқушыларда гуманистикалық қарым-қатынастардағы қатынас пен өзара әрекет тәжірибесін жинақтау.
Тапсырмалар
• IP-адресті, оның бөліктері мен классын анықтайды
• IP-адрес пен домендік атауды ажыратады
• DNS мақсаты мен оның жұмыс жасау принципін
сипаттайды
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі
Орындау уақыты 20 минут
Суретте жергілікті желінің (LAN) физикалық топологиясы көрсетілген. LAN сегменттерге бөлінген.
Келесі құрылғылар үшін сәйкес келетін IP-адрес ұсыныңыз:
А арқылы белгіленген Router1 үшін
_______________________________________________________________________
B арқылы белгіленген Router1 үшін
_______________________________________________________________________
C арқылы белгіленген компьютердің желілік картасы үшін
_________________________________________________________________
IP-адрес - бұл 32-разрядты сан, мысалы: 205.123.4.192
IP-адрестің бір бөлігі желі нөмірі үшін, ал бір бөлігі хост нөмірі үшін қолданылады.
Келесі ұғымдарды түсіндіріңіз:
Желі нөмірі: ____________________________________________________________
_______________________________________________________________________
Хост нөмірі: ____________________________________________________________
_______________________________________________________________________
IP-адрестердің көпшілігі үш кластың біріне тиісті болып табылады:
егер 32-биттік адрес 0-ші биттен басталса, онда бұл А класстың адресі.
егер 32-биттік адрес 10-ші биттен басталса, онда бұл В класстың адресі.
егер 32-биттік адрес 110-ші биттен басталса, онда бұл С класстың адресі.
IP-адрес қай классқа жататынын анықтау жолын сипаттаңыз.
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
Бірінші бағанда берілген мәліметтер URL, домендік атау немесе IP-адрестің қайсысына жататынын анықтаңыз, жалауша белгісін қойыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |