2011 жылы Шемонаиха ауданының бюджетін орындау туралы АҚпарат



Дата25.02.2016
өлшемі27.96 Kb.
#24129
2011 жылы Шемонаиха ауданының бюджетін орындау туралы

АҚПАРАТ

2011 жылға Шемонаиха ауданының бюджеті табыс бойынша 2381986,3 мың теңгеге, шығындар бойынша 2408381,6 мың теңгеге бекітілген. Табыстар бойынша бюджетті орындау 105,9%. Жоспар кезінде 1408212,0 мың теңге, нақты түскені 1491556,5 мың теңге. Асыра орындау сомасы 83344,5 мың теңге. Негізгі салық төлеушілер – «Қазақмыс» корпорациясының мыс-химиялық комбинаты, «Ертіс сирек – жер компаниясы» АҚ, Казтеміржолы Защита дистанциясы, «ЕХМЗ» АҚ, «Қашық байланыс» Қазақтелеком АҚ, ірі ауыл шаруашылығы қалыптастықтары.

Облыстық бюджеттен 710306 мың теңге сомасында субвенция алынған, ол аудандық бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің жұмыс берушілерінің жарнасына, еңбекақы төлемдерін төлеіге жұмсалды.

165187,1 мың теңге сомада нысаналы трансферттер түсті, ол ҰОС қатысушыларының мүгедектеріне, шағын қамтылған отбасылардың балаларын оқытуға, көпбалалы аналарға, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген зейнеткерлерге материалдық көмек ретінде жұмсалды, ауыл көшелерін жарықтандыруға, абаттандыру мен көгалдандыруға, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеуге, Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының іс-шараларын жүзеге асыруға, ауылдық елді мекендердің әлеуметтік саласындағы мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын жүзеге асыруға, үйде оқитын мүгедек баларды бағдарламалық жабдықтармен қамтамасыз етуге, физика, химия, биология кабинеттерін оқу жабдықтарымен жарақтандыруға, қамқоршыларға ай сайын ақшалай қаражат төлеуге, мектеп оқытушыларына және мектепке дейінгі мекемелер тәрбиешілерінің біліктілік санаттарына қосымша ақы қосуға, эпизоотикаға қарсы іс-шараларды жүргізуге жұмсалды.

98281,2 мың теңге сомадағы дамытуға арналған нысаналы трансферттер Первомайский кентіндегі су құбыры жүйелерін және су тоғаны ғимараттарын қайта қалпына келтіруге, мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорынан пәтер сатып алуға, Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының аясында инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымдарды дамытуға жұмсалды.

Ауылдық елді мекендердің әлеуметтік саласындағы мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын жүзеге асыру үшін құрылыс немесе пәтер сатып алуға жұмсалған қарыздар 3986 мың теңге.

2011 жылғы шығындар 2408312,6 мың теңге сомада қаралды. 2399072,7 мың теңге сомадағы орындау 99,6% құрады. Орындалмаған сома 9725,9 мың теңге, оның ішінде трансферттер 6675,5 мың теңгені құрады.

2011 жылға бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен күтілетін бюджеттік қаражаттарды игеру 99,6%. Игерілмеген қаражаттар сомасы 9725,9 мың теңге, оның ішінде трансферттер 6675,5 мың теңге:


415,2 мың теңге - тұрғын үй сатып алуға кредит алу үшін мамандардан түскен өтінімдер;

3639,6 мың теңге - қамқорға алынған балаларға жағбдықтар сатып алудан түскен үнемдеу, категориялы білім беру мамандары санының азаюы;

641,2 мың теңге - малдарға екпе егу;

1979,5 мың теңге - шағын бизнес объектілеріне инженерлік- коммуникациялық инфрақұрылым.

Ағымдағы бюджеттік бағдарламалар 3050,4 мың теңге, оның ішінде:

500 мың теңге - Шемонаиха қ. 5-ықшамауданына СЖҚ;

1057,4 мың теңге - Барашки, Конека ауылдарының су құбырларына

Шемонаиха қаласының Теміржол кентінде 2- тігіндегі сорғы станциясына СЖҚ;

1493,0 мың теңге - мемлекеттік сатып алу бойынша үнемдеу, пайдаланудың табиғи көлемінің өзгеруі,

мың теңге қаржыландыру.

2012 жылғы 01 қаңтардағы жағдайда кредиторлық қарыз 273,9 мың теңге. Бұл арнайы әлеуметтік көмек қарызы, төлеу мерзімі 2012 жылдың қаңтар айы. Шемонаиха қаласы Урицкий көшесінің жолын жөндеу бойынша 2009 жылы «Алтай» ЖШС орындалмаған жұмысқа «Шемонаиха қаласы әкімінің аппараты» ММ бойынша дебиторлық қарыз 2098 мың теңгені құрайды.

Жергілікті атқарушы органы резервіндегі нақтыланған жоспар бойынша ТЖ жою үшін 2200 мың теңгенің 2198 мың теңгесі орындалған. Қаражаттар қар борасыны кезінде жолаушыларды орналастыруға және оларды екі мәрте тамақтандыруға, Рулиха ауылына трансформатор сатып алуға және орнатуға, Сугатовка, Кенюхов, Горкунов ауылдарындағы өттерді өшіруге, Горкунов ауылының су жырып кеткен кіреберісінің жолын жөндеу жөніндегі қайта қалпына келтіруге жұмсалды.



Шемонаиха ауданының

қаржы бөлімінің бастығы Н.Крузмягина

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет