2012 жыл бойынша Жуалы ауданы әкімдігі қызметiнiң тиiмдiлiгiн бағалау қорытындысы Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiне жыл сайынғы бағалау жүргiзу жүйесі туралы»



Дата04.03.2016
өлшемі81.07 Kb.
#38421



2012 жыл бойынша Жуалы ауданы әкімдігі қызметiнiң тиiмдiлiгiн бағалау қорытындысы
Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiне жыл сайынғы бағалау жүргiзу жүйесі туралы» нөмері 954 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін бағалау 6 бағыт бойынша жүргізілді. Бірінші бағыт бойынша облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасымен, үшінші бағыт – облыс әкімдігінің қаржы басқармасымен, қалған төрт бағыт – облыс әкімі аппаратының тиісті бөлімдерімен жүргізілді.

1. «Қадағаланатын саладағы/аядағы/өңірдегі стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және іске асыру» бағыты бойынша бағалау келесі критерийлер арқылы жүргізілді :

  1. Өңірлерді дамыту бағдарламасының сапасы мен талдаудың толықтығы;

  2. Өңірлерді дамыту бағдарламасының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу.

Бағалау жүргізу үшін қолданылған мәліметтердің негізгі көздері төмендегідей:

  • Жуалы ауданының 2011-2015 жылдарға арналған аймақтық даму бағдарламасы (2010 жылы 24 желтоқсанда № 35-4 аудандық маслихаттың шешімімен бекітілген);

  • бағдарлама бойынша 2012 жылдың есебі.

Бағалаудың бірінші критерийінің қорытындысы бойынша ауданның дамыту бағдарламасының талдауында 11 сала бойынша негізгі мәселелер анықталған, 5 сала бойынша негізгі мәселелер анықталмаған, нәтижесінде бірінші критерий бойынша аудан қорытындысы 0,81 коэффициентті құрады.

Екінші критерийдің қорытындысы бойынша ауданның даму бағдарламасында 2012 жылы 20 мақсатты индикатордың 18-і орындалған, 2 индикатор орындалмаған. Бұл өлшем бойынша ауданның нәтижесі 0,99 коэффициентін құрады.

Есептілікте берілген мәліметтерді қайта тексеру нәтижесіндегі салыстырмалы тексеру актісі бойынша 12 көрсеткіштің жылдық мәліметтері статистикалық мәліметтер мен дәлелдейтін құжаттармен сәйкес еместігі анықталды, нәтижесінде мемлекеттік органдар қызметі тиімділігінің жалпы бағасынан 2,4 балл шегерілді.

Жуалы ауданының қызметінiң тиiмдiлiгiн бағалаудың бірінші бағыты бойынша қорытындысы 93,0 баллды құрады.



2. Актілер мен облыс әкімінің, оның орынбасарларының және облыс әкімдігінің тапсырмаларын орындау сапасын бағалау бағыты бойынша бағалау келесі критерийлер арқылы жүргізілді:

1) орындау толықтығы, актілер мен тапсырмалардың сапалы және мерзімінде іске асырылуын, соңғы орындаушыға жүктелген іс-шаралардың актілер мен тапсырмаларда қойылған міндеттерге сай келуі;

2) мерзімінде орындау, іс-шарлардың белгіленген мерзімде, мемлекеттік орган - орындаушы бастамасымен актілер мен тапсырмалардың орындау мерзімін ұзартпаған, орындау мерзімдерін бір рет ұзарту, екі немесе одан да көп рет ұзарту жағдайлары орын алмаған.

Бірінші критерий бойынша 2012 жылы аудан әкімі аппаратына барлығы 227 тапсырма, оның ішінде, облыс әкімдігінің 15 қаулысы, облыс әкімі өткізген кеңестер хаттамаларында 149 тапсырма және 52 азаматтардың өтініштері орындауға берілген. Берілген тапсырмалардың 2-еуі толық орындалмаған. 2-ші критерий бойынша ауданға 2012 жылы 1 тапсырма мерзңмңнен кешіктіріліп орындалған. Нәтижесінде бұл бағыт бойынша жалпы қорытынды 94,1 балды құрады.



3. Бюджет қаражатын басқару жөніндегі қызметінің тиімділігін бағалау төмендегі 12 критерий бойынша жүргізілді:

  1. тиісті қаржы жылына бөлінген қаражатты игеру;

  2. мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының тексеру қорытындылары бойынша бюджеттік және өзге заңнаманы бұзушылықтардың болмауы;

  3. мемлекеттік қаржылық бақылау органдары енгізген ден қою актілерін орындау бойынша қабылданған (іске асырылған) шаралар;

  4. мемлекеттік органның ішкі бақылау қызметінің қызметі;

  5. шығыстардың бекітілген көлеміне бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қайта бөлінген қаражатының көлемі;

  6. бюджетті атқару жөніндегі ұйымдастыру шаралары;

  7. бюджеттік бағдарламаның тікелей нәтижелеріне қол жеткізу;

  8. бюджеттік бағдарламаның тікелей нәтижелерінің серпіні;

  9. бюджеттік бағдарламалардың нәтижелігінің көрсеткіштерін жоспарлау сапасы;

  10. бюджеттік бағдарламаларды орындаудың тиімділігі;

  11. дебиторлық берешектің болмауы;

  12. кредиторлық берешектің болмауы.

Бағалау 2 бюджеттік бағдарлама әкімшісінің 5 даму бюджеттік бағдарламалары бойынша жүргізілді.

«Тиісті қаржы жылына бөлінген қаражатты игеру» критерийі бойынша ең жоғары бағалау көрсеткіші 12 балл болса, нақты 0 баллмен бағаланды. «Бюджеттік бағдарламаның тікелей нәтижелеріне қол жеткізу» критерийі бойынша ең жоғары бағалау көрсеткіші 18 балл болса, іс жүзінде 15,8 баллмен бағаланды. Есепті кезеңде бағалауға жататын 4 даму бюджеттік бағдарламаларының 4 бағдарламасы бойынша тікелей нәтижеге 100% қол жеткізілген, 1 бағдарлама бойынша тікелей нәтижелерге қол жеткізілмеген.

Нәтижесінде Жуалы ауданы әкімдігінің бюджет қаражатын басқару жөніндегі қызметі тиімділігінің жалпы бағасы 66,8 баллды құрап отыр.

4. «Мемлекеттік қызмет көрсету» бағыты бойынша бағалау төмендегі 8 критерий бойынша жүргізілді:

1) Мемлекеттік қызметтер көрсетудің регламенттерін бекіту;

2) Мемлекеттік қызметтер бағасының ашықтығы;

3) Мемлекеттік органның интернет-ресурсында мемлекеттік қызметтер көрсетудің стандарттары, электрондық қызметтер көрсетудің регламенттері және пайдаланушылар үшін электрондық қызметтер нұсқаулықтары болуы;

4) Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы;

5) Мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерінің сақталуы;

6) Мемлекеттік қызметтерге шағымдану;

7) Мемлекеттік органмен (ведомстволық бағынысты мекемемен) «электрондық үкімет» және ведомстволық портал арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер алушыларының үлесі;

8) Алушылардың мемлекеттік органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызметтеріне қанағаттануы.

Әкімдікте жүргізілген бағалаудың нәтижелеріне сәйкес әкімдіктің көптеген қызметтері карточкалармен толтырылған.

Сонымен қатар, әкімдіктің мемлекеттік қызметтерді электронды үлгіге ауыстырудағы тиімділігі төмен.

Жалпы бұл бағыт бойынша аудан қорытындысы 55,53 құрады (100 балл мүмкіндігінен).



5. «Персоналды басқару» бағыты 5 критерийді бағалау арқылы жүргізілді:

  1. персоналды іріктеу тәртібі;

  2. адам ресурстарын пайдалану тиімділігі;

  3. мемлекеттік қызметшілерді кәсибилендіру деңгейі;

  4. мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлықтың белең алу деңгейі;

  5. мемлекеттік қызметшілерді уәждеу деңгейі.

2012 жылы 33 қызметкер жұмыстан босатылғандығына байланысты «Адам ресурстарын пайдалану тиімділігі» өлшемі бойынша 33 баллдан 17,38–і құрады. «Мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлықтың белең алу деңгейі» өлшемі бойынша 15 баллдан 6,66–ы құрады, себебі 2012 жылы сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасағаны үшін ауданның 8 қызметкері тәртіптік жазаға тартылған.

Бұл бағыт бойынша ауданның жалпы қорытындысы 70,6 баллды құрады (100 балл мүмкіндігінен).



6. Әкімдіктің ақпараттық технологияларды қолдану бағыты 6 критерийді бағалау арқылы жүргізілді:

- «Интернет-ресурстың тиімділігі»;

- «Іс жүргізуде электрондық құжат айналымы жүйесін пайдалану»;

- «Мемлекеттік органдардың Интернет-порталын пайдалану»;

- «Мемлекеттік орган функцияларын автоматтандыру»;

- «Қолданыстағы ведомстволық ақпараттық жүйелердің нәтижелілігі»;

- «Ведомстволық ақпараттық жүйелердің ықпалдастыру үлесі».

Ауданда Интернет ресурстарды жаңғырту бойынша берілген ұсыныстар толығымен орындалмағандығының себебінен «Интернет-ресурстың тиімділігі» критерийі мүмкін болған 20 баллдан 9 балл қойылды.

«Мемлекеттік органдардың Интернет-порталын пайдалану» ішкі критериі бойынша әкімдікке мүмкін болатын 5 баллдың ішінен 2 балл беріледі.

Бұл бағыт бойынша ауданның жалпы балы 47,84 балға тең (мүмкін болған 100 балдан).

Жалпы бағаның төмен болуының себебі аудан әкімдіктерінде ақпараттық технологияларды қолдану бойынша жоспарланған шаралардың және аудан әкімдіктерінде ақпараттық технологияларды дамытуға, құруға және сүйемелдеуге жауапты қызметкердің (немесе қызметкерлер тобының) жоқтығы болып табылады.

Әкімдіктің қызметінің тиімділігін бағалау нәтижесі бойынша қызметін жақсартуға төмендегідей ұсыныстар беріледі:

«Қадағаланатын саладағы/аядағы/өңiрдегi стратегиялық мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу және іске асыру» бағыты бойынша:

- ауданның даму бағдарламасын мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттарына сәйкестендіру, нысаналы индикаторлар мен тікелей нәтиже көрсткіштерін Елбасының Жолдауына сәйкес өзектендіру;

- мақсатты индикаторлар мен тікелей нәтижелік көрсеткіштерге талдау жүргізіп, нәтижесінде жыл қорытындысы бойынша объективті себептермен олардың орындалмайтыны белгілі болған жағдайда бағдарламаға тиісті өзгерістер енгізу;

- алдағы уақытта нысаналы индикаторлар мен тікелей нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша шаралар қабылдап, олардың орындалуын қамтамасыз ету;



«Актілер мен облыс әкімінің, оның орынбасарларының және облыс әкімдігінің тапсырмаларын орындау сапасын бағалау» бағыты бойынша:

  • берілген тапсырмаларды толық және көрсетілген мерзімінде орындауды қамтамасыз ету.

«Бюджет қаражатын басқару» бағыты бойынша:

  • бюджет қаражаттарын уақтылы және толық игеруді қамтамасыз ету;

  • бюджеттік бағдарламалар бойынша тікелей нәтижелерге қол жеткізуді қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жандандыру;

  • бюджеттік бағдарламаларды орындаудың тиімділігін арттыру бойынша шараларды қабылдау;

  • объектілерді белгіленген мерзімде беру (іске қосу) бойынша пәрменді шараларды қабылдау;

  • дебиторлық берешектерді болдырмау.

«Мемлекеттік қызмет көрсету» бағыты бойынша:

  • бағалау шеңберінде ұсынылатын есептік мәліметтердің жинақтылығының, нақтылығының және толықтылығының сапасын қамтамасыз ету;

  • мемлекеттік қызметтерді көрсетуге келіп түскен шағымдардың себебіне талдау жасау және оның нәтижелері бойынша сәйкес шараларды қабылдау.

«Персоналды басқару» бағыты бойынша:

  • аудандардағы кадрлардың тұрақтылығын жақсарту, және алмасушылықтың деңгейiн азайту;

  • «орталық-өңір», «өңір-орталық» бағдарламасы бойынша ауысқан қызметшiлердiң саны көбеюі үшін тиісті шара қолдану;

  • аудан қызметкерлерiн марапаттауды немесе материалдық көтермелеудi және еңбек нәтижесін үлгiдегi әдiстемеге сәйкес жүргізу;

  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң бұзушылықтары жою үшін іс-шараларды өткiзу бойынша жұмыс жүргізу;

  • жүйелi түрде мемлекеттiк қызметшiлердiң уәждеу жұмыстарын жүргізу: сауалнамалар өткiзу әдiсімен, қосымша оқуға бағыттау, түбегейлi нәтиже көрсеткен қызметкерлерді конференциялар мен тренингтерге қатыстыру немесе мадақтау әдiсiмен.

«Мемлекеттік органда ақпараттық технологияларды қолдану бойынша:

- «электрондық үкімет» веб-порталына сілтемелер орналастырумен мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы құрылымдық ақпаратты; мемлекеттік қызметтерді көрсету стандарттарын және электрондық қызметтер пайдаланушылары үшін нұсқаулықттарды интернет-ресурста толық көлемде болуын қамтамасыз ету»;

- әкімдік қызметкерлерінің анықтамалығын уақытылы өзектендіру;

- талдау қорытындылары бойынша 2013 жылы әкімдіктің функцияларын автоматтандыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу.




Жамбыл облысының әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы


Баубеков Ж.Н.







Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет